Астана агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы


Астана агломерациясының рекреациясын дамытуға арналған орындар



жүктеу 2,4 Mb.
бет17/22
Дата11.01.2020
өлшемі2,4 Mb.
#26267
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Астана агломерациясының рекреациясын дамытуға арналған орындар

72 кесте

№р/с

Рекреациялық нысан

Орналасқан жері

Сипаттама

Перспективті туризм түрлері

1

Жақсы-Қоянды таулары

Целиноград ауданы. Астанадан солтүстік-шығысқа қарай 35 шақырым жерде. Софиевка селосынан 5 шм және Павлодар тас жолынан 2 шм жерде орналасқан.

«Астана-Павлодар» тас жолының оң жағы бойынша 3 шақырымға созылған аласа төбелер қатарынан тұрады. Ең биік нүктесі – 452 метрді құрайды. Шағын сайларда қайыңды-көктеректі орман бар. Жақсы-Қояндының аумағы табиғи, әсіресе ішкі туризмді дамытуда үлкен қызығушылық тудырып отыр. Астанаға жақын орналасқандығы, тасжолдың болуы, Қоянды су қоймасының, сонымен қатар, Қоянды және Софиевка ауылдарының жақын болуы – мұның барлығы туризмнің жергілікті инфрақұрылымын дамытудың айқын алғышарттары болып табылады. Тас жол көпірі және Софиевка ауылының арасындағы жерде «Қызыл жар» палеонтологиялық ескерткіші бар.

Велотуризм, жылқы туризмі, жаяу жүріс, сауықтыру, дельтапланеризм, парапланеризм, кайтинг, фото аңшылық, су водный туризмі (Қоянды су қоймасында), судағы ойын-сауықтың әртүрлі түрлері, демалыс күнгі жаяу-су саяхаттары, бүркітпен аң аулау, тазымен аң аулау, балық аулау турлары, яхтинг, рафт-дайвинг, таудан шаңғымен және шанамен сырғанау. Қоянды су қоймасында су саяхаттары, балық аулау-су, яхтамен жүзу, виндсерфингпен, вейкбордингпен, кайтингпен айналысу, сонымен қатар, әртүрі су шоуларын ұйымдастыру сияқты бірнеше рекреациялық-туристік шараларды қолға алуға болады.

2

Ақжар өзені

Целиноград ауданы. Приречное селосына жақын орналасқан.

Өзеннің ең қызықты жері - Жаңа-Владимировка және Приречное селоларының арасындағы бөлігі.


Турбазаны орналастыруды Майдан бұзылған елді мекенінен жоғары орналасқан бөгет орнына немесе судағы демалыс түрлері мен балық аулауға бағдарлана отырып, өзеннің төменгі бөлігінде тоғанның жағасында жүзеге асыруға болады.

3

Ақмола шатқалы

Целиноград ауданы Қосшы және Тайтөбе селоларына жақын орналасқан.

Ақмола шоқысына іргелес жатқан аумақ табиғи, әсіресе ішкі туризмді дамытуға негізделген. Астананың жақын орналасуы, тас жолдың болуы, сонымен қатар Қосшы мен Тайтөбе селоларының жақындығы - мұның барлығы туризмнің жергілікті инфрақұрылымын дамытудың айқын алғышарттары болып табылады.

Велотуризм, жылқы туризмі, дельтапланеризм, парапланеризм, су туризмі (Нұра өзені), судағы ойын-сауықтың әртүрлі түрлері, демалыс күнгі жаяу-су саяхаттары, бүркітпен аң аулау, тазымен аң аулау, балық аулау турлары, таудан шаңғымен және шанамен сырғанау.

4

Үлкен және Кіші Сарыоба көлі

Аршалы ауданы

Көлдер бір-бірімен Төртқұлақ тармағымен жалғасқан. Үлкен Сарыобаның суы мөлдір, жағалауы құмды. Кіші Сарыоба – лайсаң және шағын көл.

Үлкен Сарыоба жағажай демалысына таптырмас орын болып саналады. Кіші Сарыоба балық аулауға бағдарланған.

5

Бектау шатқалы

Шортанды ауданы. Шортанды аудан орталығынан 20 шақырым қашықтықта, Бектау және Конкрынка селоларына жақын орналасқан.

Бектау және Конкрынка селолары жапырақты ормандарға бай. Ауылдар арасында үлкен тоған бар. Сонымен қатар, Бектау селосының шетінде карьерлік көл орналасқан. Шатқал жалаңаш, еңіс бөктерлері бар, құрылыс тұрғысынан шағын тау шаңғысының турбазасына ыңғайлы.

Велотуризм, жылқы туризмі, сауықтыру жаяу жүрісі, дельтапланеризм, парапланеризм, бүркітпен аң аулау, тазымен аң аулау, таудан шаңғымен және шанамен сырғанау.

6

Ключевское су қоймасы

Шортанды ауданы.

Су қоймасы Ключи және Апполоновка ауылдарының арасындағы Селеті өзенінде орналасқан.



Орташа тереңдігі шамамен 3 метрді құрайды. Бас жағында 7 метрге дейінгі терең жерлер кездеседі. Су қоймасы шортан, тұқы, көксерке, мөңке балық,

торта балықтарына бай.



Су қоймасы жағалауына туристік-балық аулау кешенін салуға ыңғайлы. Ол үшін Ключи селосы жағындағы сол жақ жоғары жағалау жақсы келеді. Перспективті туризм түрлері: велотуризм, жылқы туризмі, тазымен аң аулау, су туризмі, судағы ойын-сауықтың әртүрлі түрлері, демалыс күнгі су саяхаттары, балық аулау турлары, яхтинг, вейкбординг, каякинг.

Қазақстанда қалыптасып кеткен жер өңдеу мен мал шаруашылығын дәстүрін ескере отырып, туризмнің келешегі зор бағыттарының бірі агротуризм болып табылады. Агротуризм қазіргі заманғы адамның ең аз деген қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатын (көлік инфрақұрылымының, магистральды су құбырының, ғаламтордың және т.б. болуы) рекреация жағынан тартымды елді мекендерде дамуы мүмкін. «Астана-Бурабай» халықаралық тас жолының бойында орналасқан Шортанды және Ақкөл аудандарының ірі елді мекендері тап осы талаптарға сай келеді.



Аршалы ауданында келесі туризм түрлері ұсынылады:

– Спорттық туризм. Спорттық туризм аясында келесі қызмет түрлерін дамыту қажет: желкенді және қайық есу спорты, балық аулау, жылқы туризмі, велобағыттар.

– Экотуризм. Экотуризм аясында қоршаған табиғи ортаны зерттеу мақсатындағы саяхаттар ұсынылады.

– SPA-туризм. SPA-туризм шеңберінде ағзаны сауықтыру және жасартуға бағытталған әртүрлі бағдарламалар ұсынылады.

Аталмыш туризм түрін ұйымдастыруға арналған алғышарт ретінде аймақта: Вячеславское су қоймасының орман алаптарының, емдік балшықтың болуы саналады.
Аршалы ауданында рекреациялық кешендерді құру негіздемесі

73 кесте


Туризм түрі

Ұсынылатын туризм түрінің негіздемесі (аталмыш туризм түріне арналған табиғи ресурстар мен табиғи шарттардың сипаттамасы)

SPA-туризм

Вячеславское су қоймасы (Михайловка селосының аймағы), Константиновка селосы (ауыл жанындағы орман алабы)

Экотуризм

Белоярка селосы

Спорттық туризм

Белоярка селосы – жылқы туризмі

Аталмыш туризм түрлерін ұйымдастыру Аршалы ауданының елді мекендерінде келесі инфрақұрылым нысандарын құруды талап етеді:

– Михайловка селосында 60 орынға арналған қонақүй құрылысы;

– Константиновка с. 60 орынға арналған қонақүй құрылысы;

–Вячеславское селосында 60 орынға арналған туристік базаның құрылысы.

– Белоярка с. 60 орынға арналған туристік базаның құрылысы.

Талап етілетін ресурстардың қажеттілік есебі төмендегі кестеде берілген.

.

Аршалы ауданы туристтік қызметтерінің инвестициялық,



еңбектік, энергетикалық ресурстары

74 кесте

Жобаның атауы 

Елді мекен



Инвестициялар, млн. тг.

Сыйымдылық

Ресурстарды тұтыну

Өлшем бірлігі

Көлемі

Жер бөлімінің ауданы га

Электр энергиясы, жылына кВт

Су, м.куб

Жұмыскерлер саны

Қонақүй

Михайловка с.

75,2

адам

60

4,5

60000

10000

50

Қонақүй

Константиновка с.

75,2

адам

60

4,5

60000

10000

50

Туристік демалыс базасы

Вячеславское ское с.

46,5

адам

60

5

27000

6000

13

Туристік демалыс базасы

Белоярка с.

46,5

адам

60

5

27000

6000

13

Барлығы

143,4




240

19

174000

32000

126

Кестеде келтірілген есептеулерге сәйкес, Аршалы ауданындағы туризмді дамыту үшін қажетті инвестициялардың жалпы көлемі 143,4 млн теңгені құрайды. Туризм инфрақұрылымының нысандары үшін талап етілетін жер бөлігінің жиынтық аумағы 19 га құрайды. Электр энергиясының қажеттілігі жылына 174000 кВт болса, су қажеттілігі 32000 куб метрді құрайды. Құрылған жұмыс орындарының саны 126-ға тең. Аталған туристік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, қатты жабынды жолдарды салу қажет.



Шортанды ауданында келесі туризм түрлері ұсынылады:

– Спорттық туризм. Спорттық туризм аясында келесі қызмет түрлерін дамыту қажет: балық аулау, тау-шаңғы туризмі, жылқы туризмі, велобағыттар.

– Экотуризм. Экотуризм аясында қоршаған табиғи ортаны зерттеу мақсатындағы саяхаттар ұсынылады.

Аталмыш туризм түрін ұйымдастыруға арналған алғышарт ретінде аймақта: Ключевски тоғанының, Бектау және Рамадан тауларының, Талқара өзенінің болуы саналады.


Шортанды ауданында рекреациялық кешендерді құру негіздемесі

75 кесте

Туризм түрі

Ұсынылатын туризм түрінің негіздемесі (аталмыш туризм түріне арналған табиғи ресурстар мен табиғи шарттардың сипаттамасы)

Экотуризм

Ключев тоғаны, Бектау тауы, Рамадан тауы, Талқара өзені

Спорттық туризм

Бектау тауы, Рамадан тауы

Аталмыш туризм түрлерін ұйымдастыру Шортанды ауданының елді мекендерінде келесі инфрақұрылым нысандарын құруды талап етеді:

– Ключи с. 60 орынға арналған қонақүй құрылысы;

–Дамса өзенінің аумағында (с. Дамса) 60 орынға арналған туристік базаның құрылысы.

Талап етілетін ресурстардың қажеттілік есебі төмендегі кестеде берілген.
Шортанды ауданының туристік қызметтерінің инвестициялық,

еңбектік, энергетикалық ресурстары

76 кесте


Жобаның атауы 

Елді мекен



Инвестициялар, млн. тг.

Сыйымдылық

Ресурстарды тұтыну

Өлшем бірлігі

Көлемі

Жер бөлімінің ауданы га

Электр энергиясы, жылына кВт

Су, м.куб.

Жұмыскерлер саны

Қонақүй

Ключи с.

75,2

адам

60

4,5

60000

10000

50

Туристік демалыс базасы

Дамса с.

46,5

адам

60

5

27000

6000

13

Барлығы

121,7




120

9,5

87000

16000

63

Кестеде келтірілген есептеулерге сәйкес, Шортанды ауданындағы туризмді дамыту үшін қажетті инвестициялардың жалпы көлемі 121,7 млн теңгені құрайды. Туризм инфрақұрылымының нысандары үшін талап етілетін жер бөлігінің жиынтық аумағы 9,5 га құрайды. Электр энергиясының қажеттілігі жылына 87000 кВт болса, су қажеттілігі 16000 куб метрді құрайды. Құрылған жұмыс орындарының саны 63-ке тең. Аталған туристік қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін, қатты жабынды жолдарды салу қажет.

Целиноград ауданында келесі туризм түрлері ұсынылады:

- Спорттық туризм. Спорттық туризм аясында келесі қызмет түрлерін дамыту қажет: яхтинг, дайвинг, балық аулау, тау-шаңғы туризмі, жылқы туризмі, велобағыттар.

- Экотуризм. Экотуризм аясында қоршаған табиғи ортаны зерттеу мақсатындағы саяхаттар ұсынылады.

- Этникалық туризм, Этнотуризм аясында әртүрлі халықтардың тарихы және дәстүрлерімен танысу ұсынылады.

- SPA-туризм. SPA-туризм шеңберінде ағзаны сауықтыру және жасартуға бағытталған әртүрлі бағдарламалар ұсынылады.

Аталмыш туризм түрін ұйымдастыруға арналған алғышарт ретінде аймақта: Қоянды су қоймасының (Қоянды өзенінің аумағында), Ақжар, Селеті, Нұра өзендерінің, Шұбар орман алабының, Жақсы-Қоянды тауларының, Ешкіөлмес шатқалының болуы саналады.


Целиноград ауданында рекреациялық кешендерді құру негіздемесі

77 кесте

Туризм түрі

Ұсынылатын туризм түрінің негіздемесі (аталмыш туризм түріне арналған табиғи ресурстар мен табиғи шарттардың сипаттамасы)

Спа-туризм

Қоянды су қоймасы (Қоянды селосының ауданы), Шұбар орман алабы, Ақжар өзені

Экотуризм

Приречное селосы, Жақсы-Қоянды таулары, Ешкіөлмес шатқалы

Спорттық туризм

Селеті өзені, Нұра өзені, Жақсы-Қоянды таулары

Ескерту – сарапшы мәліметтері бойынша жасалды

Аталмыш туризм түрлерін ұйымдастыру Целиноград ауданының елді мекендерінде келесі инфрақұрылым нысандарын құруды талап етеді:

- Қоянды селосында 100 орынға арналған қонақүй кешенінің құрылысы;

- Приречное селосында 60 орынға арналған туристік базаның құрылысы;

- Жақсы Қоянды таулы аймағында шаңғы көтергіштері мен 60 орынға арналған туристік базаның құрылысы.

Талап етілетін ресурстардың қажеттілік есебі төмендегі кестеде берілген.



Целиноград ауданының туристік қызметтерінің инвестициялық,

еңбектік, энергетикалық ресурстары

78 кесте

Жобаның атауы 

Елді мекен

Инвестициялар млн. тг. 

Сыйымдылық

Ресурстарды тұтыну

Өлшем бірлігі

Көлемі

Жер бөлімінің ауданы га

Электр энергиясы, жылына кВт

Су, м.куб

Жұмыскерлер саны

Қонақ үй кешені

Қоянды с.

125,3

адам

100

5,5

90000

16000

60

Туристік демалыс базасы

Приречное с.

46,5

адам

60

5

27000

6000

13

Туристік демалыс базасы

Жақсы Қоянды таулы аймағында

46,5

адам

60

5

27000

6000

13

Шаңғы және шана көтергіштері (6 құрылыс)

Жақсы Қоянды таулы аймағында

13,9

адам

60

6

9792

2000

5

Барлығы

232,2







21,5

153792

31000

91

Кестеде келтірілген есептеулерге сәйкес, Целиноград ауданындағы туризмді дамыту үшін қажетті инвестициялардың жалпы көлемі 232,2 млн теңгені құрайды. Туризм инфрақұрылымының нысандары үшін талап етілетін жер бөлігінің жиынтық аумағы 21,5 га құрайды. Электр энергиясының қажеттілігі жылына 153792 кВт болса, су қажеттілігі 31000 куб метрді құрайды. Құрылған жұмыс орындарының саны 91 тең. Аталған туристік қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін, қатты жабынды жолдарды салу қажет.




    1. Табиғатты оңтайлы пайдалану, қорларды қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау шаралары

Су шаруашылығын дамыту. Астана агломерациясының территориясы ұсақ шоқылы аумақ бойынша шығыстан батысқа қарай өтетін Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Бұл аумақ орталығында – Есіл, оңтүстігінде Нұра және солтүстігінде Селеті өзендері орналасқан үш ірі өзен жүйесімен тұрады.

Зерттеліп отырған аудан айқын жеткіліксіз ылғалданбаған аудандарға жатады. Жер бетіндегі су негізінен еріген қар суы есебінен құралады. Жауын-шашын тек су тасқыны кезінде қар суын толықтырады. Жаздың күндері жауын-шашын жер бетіндегі суды құрауда аса маңызға ие болмайды.

Аймақтың негізгі су арнасы ретінде, солтүстігінде Көкшетау тауларынан келетін ірі ағындар және оңтүстігіндегі Ұлытау тауларының сілемдерімен жалғасатын, Есіл өзені табылады.

Есіл өзенінің суы Астана қаласы мен іргелес жатқан аумақты сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын Астана су қоймасымен реттеледі.


Астана су қоймасының сипаттамалары

79 кесте

Су қоймасы айнасының ауданы

ҚТД кезінде 54,3 шм2 (403,0м)

Су жинайтын орынның ауданы

5310 шм

Су қоймасының орташа тереңдігі

7,2 м

Су қоймасының максималды тереңдігі

25 м

Су қоймасының ұзындығы

11,2 шм

Су қоймасының максималды ені

9,8 шм

Реттеу режимі

Көп жылдық

Су қоймасының көлемі

410,9 млн м3

95% қамтамасыз ету кезінде су беруі

67,2 млн. м3/жыл (184,1 мың. м3/тәу.)

2013 жылы Есіл өзенінен (оның ішінде, Астана су қоймасынан) Астана қаласын сумен қамтамасыз ету үшін барлығы 236,66 мың. м3/тәу, оның ішінде, шаруашылық-ауыз сулық сумен қамтамасыз ету үшін - 189,2 мың. м3/тәу су алынған (Есіл СБИ мәліметтері).

Бүгінгі таңда, Астана су қоймасы өзінің мүмкіндіктері шегінде жұмыс істейді, және жаңбырсыз жаз маусымы туындаған жағдайда, Астана қаласын сумен қамтамасыз ету проблемасы пайда болуы мүмкін.

Қарастырылып отырған аумақтың қалған бөлігі Нұра өзені бассейнінің тұйық су облысына жатады. Қос өзеннің бастауы агломерацияның шегінен тыс орналасқан.



Нұра-Есіл каналы. 1974 жылы қаланы сумен қамтамасыз ету мақсатында, Нұра өзенінен Астана қаласына ұзындығы 25 шақырымды құрайтын Нұра – Есіл каналы салынды. Канал басындағы судың есептік шығыны – 12,3 м3/с. Канал жылына 255 млн м3 су береді деп есептелген, оның ішінде:

  • қаланың қажеттіліктері – жылына 78 млн. м3

  • сүзгіден өткізуге кететін шығындар – жылына 46,6 млн. м3

  • санитарлық қажеттер – 119,7 млн. м3

  • суару – жылына 10,7 млн. м3

Қазіргі таңда Нұра – Есіл каналы Нұра өзенінің жағынан жабық тұр, сондықтан, каналда орналасқан және тәулігіне 200 мың м3 есептік жобалық өнімділікке ие су жинау құрылыстары Есіл суын жинау және оны қаланың ұзындығы 9,5 шақырымды құрайтын сүзгіден өткізу станциясына жіберу үшін пайдаланылады.

Су қоймалары. Өзендердің сирек кездесетін желісімен қатар, аймақ гидрографиясының айқын ерекшелігі ретінде, тек көктемгі қар еруі кезінде пайда болатын уақытша су ағындарының салыстырмалы түрде көп болуы табылады. Уақытша су ағындары әртүрлі мөлшерге ие. Олардың ішіндегі ең ірілері 3000 шм2 су жинау алаңдарында 100-150 шақырым ұзындыққа дейін жетеді.

Қарастырылып отырған аумақта көптеген көлдер кездеседі. Пайда болуына қарай көлдер шұңқырлы және өзендердің аңғарына құйылған ескі көлдер болып бөлінеді. Көлдердің тереңдігі 1 метрден 5 метрге дейін жетеді. Олардың басым бөлігі жауын-шашыны аз жылдары тартылып қалады.

Аршалы ауданында 27 көл, 7 өзен, 2 тоған, 8 бөгет, 1 су қоймасы (Астана) бар, оның ішінде, 27 нысан табиғи түрде пайда болған және 10 нысан жасанды түрде пайда болған.

Целиноград ауданында 24 көл, 15 өзен, 6 тоған, 1 су қоймасы бар, оның ішінде 38 нысан табиғи түрде пайда болған және 8 нысан жасанды түрде пайда болған.

Шортанды ауданында 11 көл, 4 өзен, 8 тоған, 3 бөгет, 12 су қоймасы бар. Яғни, нысан табиғи түрде және 17 нысан жасанды түрде пайда болған.

Ақкөл ауданында 15 көл, 1 өзен, 11 бөгет, 2 тоған, 3 су қоймасы бар, оның 16-сы табиғи және 16-сы жасанды жолмен пайда болған.

Астана агломерациясында орналасқан көлдерде, тоғандарда, бөгеттерде және су қоймаларында 983,3 млн. м3 жерүсті сулары шоғырланған. Астана қаласын сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын (410,9 млн. м3) Астана су қоймасын есепке алмағанда, агломерацияның су қоймаларындағы су көлемі шамамен 572,4 млн. м3 құрайды.

2013 жылы Астана агломерациясы бойынша сумен қамтамасыз ету мақсатында, 87,541 млн. м3 (су қоймаларында жинақталған жалпы су көлемінің 8,9 % - 983,3) жерүсті сулары алынды, оның ішінде, Астана қаласын сумен қамтамасыз ету үшін 86,38 млн. м3 су жиналды. Агломерацияның басқа нысандарынан 1,16 млн. м3 жерүсті суы алынды.

Осылайша, 571,2 млн. м3 су қажетсіз болып қалады, оның бір бөлігі құзыретті органдармен келісе отырып, халық шаруашылығында пайдалану үшін ұсынылуы мүмкін.

Жерүсті сулары. Көрсетілген аумақтың гидрогеологиялық шарттары ландшафтық, табиғи, геоморфологиялық және геологиялық шарттардың салдарынан аса күрделілігімен және өзгергіштігімен ерекшеленеді. Барлық төрт аудан Орталық Қазақстан гидрогеологиялық аймағына жатады, оның ішінде І реттік екі гидрогеологиялық аймақ бөліп қарастырылады:

Есіл өзенінің оң жағалауындағы аумақтың солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігін қамтитын, І реттік жерүсті суларының Шыңғыс-Көкшетау Бассейні.

Негізінен Есіл өзенінің сол жақ жағалауы бойынша аумақтың оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігін қамтитын жерасты суларының Теңіз-Қорғалжын Бассейні.

Көрсетілген аумақтағы жерасты суларының негізгі коллекторлары ретінде келесі су сақтау кешендері табылады:



  • Төрттік кезеңнің аллювиальды құмды-қиыршық тасты шөгінділерінің сулы деңгей жиегі (aQI-IV).

  • Турней қабатының төменгі тас-көмір жыныстары жарықтарының сулы деңгей жиегі(CIt)

  • Фамен-турней жыныстары жарықтарының сулы деңгей жиегі(D3 fm- C1t)

  • Ордовик жыныстары жарықтарының сулы деңгей жиегі(O1-2)

  • Палеозой дәуірінің интрузивті жыныстары жарықтарының сулы деңгей жиегі ( Pz).

Астана агломерациясы аумағындағы жерасты суларын пайдалану қорлары

2014 жылғы жағдай бойынша Шортанды, Целиноград, Аршалы және Ақкөл аудандарының аумағында Қазақстан Республикасының қорлары бойынша мемлекеттік комиссия мен ҚР қорлары бойынша аумақтық комиссиясымен бекітілген жерасты суларының 38 орыны барланды. Олардың ішінде 10 нысан пайдаланылады. Бекітілген қорлардың жалпы саны 141,03 мың. м3/тәу құрайды.

Көрсетілген орындардан алынатын су көлемі аудандар бойынша 0,6% (Целиноград) 87,3 % (Аршалы) дейін өзгереді.

Аталған орындар Астана агломерациясының 21 елді мекенін сумен қамтамасыз ету көзі болып табылады.

Қалған елді мекендер бекітілген қорлары бар жерлерден алынатын сумен қамтамасыз етіледі.

Астана агломерациясының (Астана қаласын есепке алмағанда) шаруашылық-ауыз су қажеттілігі, суды тұтынудың заманауи нормаларына (бір адам басына 150 литр/тәу) орай, 23,9 мың. м3/тәу (бекітілген қорлардың 17 %) құрайды.

2013 жылы жерасты суларын тұтынудың нақты көлемі (4,31 мың м3/тәу) бекітілген қорлардың 3,1 % құрайды.

Осы деректерге орай, қазіргі таңда Астана агломерациясында ауылдық елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларын бұрын барланған кен орындары мен бөлімдердің негізінде жерасты суларын жинайтын орындарды салу немесе тікелей суды тұтынушының маңайынан сумен қамтамасыз етудің жергілікті көздерін іздеу бойынша қосымша іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу жолымен шешу үшін барлық алғышарттар бар деп айтуға болады.

Кейбір жағдайларда Нұраның топтық су желілеріне ұқсас жерасты су көздерінің базасында топтық және жергілікті су желілерінің құрылысын жүзеге асыру немесе қайта салу бойынша жұмыстарды жүргізу талап етіледі. Енді бір жағдайларда тұщыландыратын қондырғыларды пайдалану оңтайлы болып саналады.

Әрбір елді мекенді сумен қамтамасыз ету мәселесін әр нақты жағдайға дербес амал жасау арқылы шешу талап етіледі.

Қазіргі кезде орталықтандырылған су бұру жүйесі тек ірі елді мекендерде, аудан орталықтарында – Аршалы, Ақмол, Ақкөл, Шортанды, сонымен қатар, Қосшы, Ижевское, Жолымбет, Научный, Дамса елді мекендері мен Төңкеріс станциясында ғана кездеседі.

Агломерацияның қалған елді мекендеріндегі су бұру жүйесі дербес және ұжымдық септиктерде, және ұйымдаспаған түрде жер бедерінде жүзеге асырылады.

Есіл СБИ 2013 жылғы есебіне сәйкес, ағын сулар халық шаруашылығында пайдаланылмайды.

Астана агломерациясындағы жерүсті суларының ресурсын тұтынудың болжалды көлемі су деңгейі орташа жылда 0,14 шм3 (140 млн. м3/жыл) құрайды. Ылғал аз жылдары - 0,038 шм3/жыл (38,0 млн. м3/жыл).

Астана агломерациясының жерүсті суларының ресурстарын тұтыну мүмкіндігінің модулі құрайды:

- су деңгейі орташа жылда – 1 га - 77,6 м3/жыл на 1 га.

- ылғал аз жылы – 1 га - 21,1 м3/жыл.

Келтірілген есептер аймақтың жерүсті суларымен жеткілікті түрде қамтамасыз етілмегендігі туралы тезисті нақтылайды.



№ р\с

Аудан атауы

Ауыл тұрғындарының саны

Барлық елді мекендер

Оның ішінде, орталық.сумен қамтамасыз ету

Ұңғымалардан орталықтан-маған сумен қам.ету

Құдықтар есебінен

Тасымалданатын су

блок-модульдер

Су сапасының сәйкестігі

ШАС арналған жерасты суларын алу көлемі,

м3/тәу



жерасты суларын меншікті пайдалану, 1 адамға м3/тәу

ШАС арналған жерүсті суларын алу көлемі,

м3/тәу



жерүсті суларын меншікті пайдалану, 1 адамға м3/тәу

Жерасты сулары есебінен (жергілікті су жинау)

Нұра ҚС

Жерүсті сулары есебінен

Сәйкес келеді

Сәйкес келмейді

Мәлімет жоқ

1

Аршалы

28010

30

26




3




 

1

 

21

9




2020,0

0,072

0,0

0,0

2

Целиноград

101758

52

16

 5




4

12

1

14










810,0

0,008

0,0

0,0

3

Шортаны

29623

29

22




4




1

1

1

ұсынылмаған

1493,4

0,05

240,3

0,008




Ақкөл

21345

16

10







3

2

1







1004,5

0,049










Барлығы

180736




74

5

7

7

15

4

15










5327,9

0,027













%




57,7

4,5

6,3

3,6

11,7

2,7

13,5

























Барлығы




127

орталықтан. 76 АЕМ (68,5%)

орталық-маған 35 АЕМ (31,5%)






















Астана агломерациясының елді мекендерін сумен қамтамасыз ету құрылымы

80 кесте
2014 ж. Астана агломерациясы елді мекендеріндегі судың сапасы

81 кесте

№ р/с

Ауданның атауы

Сумен жабдықтау көздерінің жалпы саны

су сапасының сәйкестілігі

сәйкес келеді

сәйкес келмейді

мәліметтер жоқ

1

Аршалы

71

70

1

-

2

Целиноград

23

22

1

-

3

Шортанды

117

102

15

-

4

Ақкөл 4 округ (Ақкөл, Кеңес, Еңбек, Урюпинск)

46

42

4

-




барлығы

257

236

21

-



– Төрт ауданда және Астана қаласында суды қажеттілікке жарату




 

 

 










 

 

 

82 кесте

№ п/п

Облыс, аудан

Қажеттілікке жарату

барлығы

Шар.ауыз су және суару/тұрғын

өндірістік

оның ішінде, су жүйесінде

а/ш сумен қам.ету

жиі суару

лиманды суару

шабындыққа құю

Жайылымдарды суландыру

Балық шаруашылығы

басқа қажеттіліктер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Ақмола облысы

1

Aршалы ауданы

928,0

213,6

144,6

0,0

410,4

159,4

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

2

Целиноград ауданы

822,7

3,5

4,2

0,0

261,2

553,8

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

3

Шортанды ауданы

1 458,1

273,8

706,4

0,0

367,0

110,9

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

4

Ақкөл ауданы

652,1

200,0

110,3

0

289,7

52,1

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Аудандар бойынша барлығы

3860,8

690,9

965,7

0,0

1328,3

876,2

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Астана қаласы

79 125,8

53 897,6

24 654,0

18 621,1

0,0

574,2

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Барлығы

82 986,6

54 588,5

25 619,7

18 621,1

1618,0

1450,4

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

 






Су шаруашылығын дамыту бойынша ұсыныстар

Сумен қамту, суландыру және басқа да халық шаруашылығы қажеттіліктері үшін әрекеттегі каналдардың жүйесі қолдағы су ресурстарын арттыру мақсатында ағындардың бассейн ішілік және бассейн аралық қайта бөлу үшін қолданылуы мүмкін.

Сайып келгенде, қолдағы су ресурстарын арттырумен байланысты су шаруашылық шаралар жиынтығына кіретіндер: өзен ағынын реттеу, су ресурстарын оңтайлы және тиімді қолдану, басқа бассейндерден судың қосалқы көлемдерін тарту.

1. Жер асты сулары есебінен сумен қамту көзі ретінде тарту үшін айтарлықтай келешегі бар 48 мың м3/тәу. бекітілген қоры бар жер асты суларының Нұра кен орны болып табылады.

Сонымен бірге, инфильтрациялық тоғандардың (жағалау маңындағы) құрылысы мүмкіндігін анықтау кезінде жер асты суларының қоры бірнеше есеге артылатынын ескеру қажет. Осылайша Нұра өзенінің барлық ағынын 753,4 мың м3/тәу. мөлшерде 75 % қамсыздықпен сумен қамтуға, оның ішінде Астана қ. бағыттауға болады.

Бұдан басқа, қорларды арттыру үшін Нұра өзеніне арынды платиналарды құру мүмкін, ол қорларды арттырумен қатар, тұщы тасқынды сулардың есебінен жер асты суларының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

2. Ақмола облысының оңтүстігінің ауылшаруашылық өңірін қайта құру үшін жер асты суларының Атбасар-Есіл жағасы, Атбасар және Нұра кен орындарын өзара байланыстыратын су жүргізетін жүйесін қайта қалпына келтіру талап етіледі. Артылған суды Астана қ. сумен қамту үшін бағыттау керек.

Сонымен бірге, Атбасар ЖСК жер асты суларының қорын арттыру және Атбасар-Есіл жағасы кен орындарының С2 санатынан С1 (В) санатына 35,0 мың м3/тәул. мөлшерде жер асты суларының қорларын ауыстыру мәселелерін шешу қажет.

С2 санатынан өнәркәсіптік санатқа қорларды ауыстыру кезінде Атбасар-Есіл жағасы кен орындарындағы қорлардың артуын есепке алумен, Астана қ. сумен қамту үшін тексерілген әлеуетті жарамды қорлар мөлшері 196,3 мың м3/тәу. дейін өседі.

Астана қ. ағынды сулардың суын тарту Талдыкөл жинаушы-булағышта жүргізіледі.

Астана қ. тазалау құралдары Астана қаласының оңтүстік-батысынан 3-4 шақырымда Есілдің сол жағалауында орналасқан және қаланың шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіптік ағынды суларын тазалау үшін тағайындалған. Жинаушы жобасын «Казводоканалпроект» институты 1964 жылы жасады. Талдыкөл көлінің жинаушы-булағышындағы шартты тазаланған ағынды суларының шығарылуының жалпы көлемі 27-28 млн. м3/жыл (76,0 мың м3/тәу.) құрайды.

Барлық мүдделі тараптардың келісімі бойынша тазартылған ағынды сулардың шығарылуы Астана қ. төмен Есіл өз. жүргізілу жоспарланады. Астана қ. ЖЭС техникалық қажеттіліктеріне тазартылған ағынды суларды жинау және қаланың жасыл көшеттерін суару Астана қ. жоғарыдағы Тельман атындағы ауданда жоспарлануда.

Жоба авторларының пікірі бойынша тазартылған суды екінші рет қолдануды ұйымдастырумен Есіл өз.табиғи су көзіне қайта келтіру жолымен Астана қ. тазартылған ағынды суларын пайдалану келесі нәтижелерді береді:

- Астана қ. сол жағалауындағы жер асты суларының көтерілуін тоқтату.

- 7500 га шамасындағы батпақтанған аудандарды біртіндеп кептіру.

- Талдыкөл жинаушы ауданындағы жер асты суларының табиғи гидравликалық режимін қалпына келтіру.

- құрылыс алаңдарында суды төмендету бойынша шараларды 10-15% әлеуетті қысқартудан жаңа нысандардың құрылысы кезіндегі үнемдеу.

- Астана қ. санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту.

- техникалық су ретінде және Астана қ. жасыл көшеттерін суаруға тазартылған ағынды суларды екінші рет қолдану.

Одан тереңдетілген тазартылған ағынды сулардың шығарылуы есебінен Есіл өз. ағысының жылдамдығын арттыру, бұл су аз жылдардағы Есіл өз. бойынша келісілген кепілдендірілген жіберуді қамсыздандыруды жақсартады.


жүктеу 2,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау