Климат. Астана агломерациясы аймағының өзгеше ерекшелігі минус 51,6 0С бастап плюс 41.6 °С дейін абсолютті максималды және минималды ауа температурасы арасындағы біршама амплитудада және жауын-шашынның аз мөлшерімен сипатталатын күрт континенттілігі болып табылады.
Астана агломерация аймағында жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 275-375 мм шегінде ауытқиды..
Аймаққа 3 негізгі түрдегі: арктикалық, полярлық, тропиктік ауа массалары келеді. Астананың метеостанциясының мәліметтері бойынша 2012-2014 жж. кезеңінде ауданда 31% оңтүстік бағыттағы жел басым болды.
Аршалы метеостанциясының мәліметтері бойынша 2012-2014 жж кезеңінде ауданда сәйкесінше 23%, 18%, 18% оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бағыттардағы желдер басым болды. Шортанды метеостанциясы мәліметтері бойынша ауданда 26% оңтүстік-батыс бағыттағы жел басым болды.
Атмосфералық ауа. ҚР қолданыстағы әдістемелерімен сәйкес атмосфералық ауаның бар ластануларын бағалау көрсеткіші ретінде төрт айтарлықтай кең таралған ластаушы заттар қабылданған және олардың топтарының қосындысы 83 кестеде келтірілген.
Айтарлықтай кең таралған ластаушы заттар және олардың топтарының қосындылары
83 кесте
ЛЗ
коды
|
Заттың атауы
|
Максим.
бір реттік
ШРК,
мг/м3
|
Орташа-тәуліктік
ШРК,
мг/м3
|
Қауіптілік класы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
2907
|
Бейорганикалық шаң: 70% артық кремний қос тотығы
|
0.15
|
0.05
|
3
|
2908
|
Бейорганикалық шаң: 70-20% кремний қос тотығы
|
0.3
|
0.1
|
3
|
2909
|
Бейорганикалық шаң: 20% төмен кремний қос тотығы
|
0.5
|
0.15
|
3
|
0301
|
Азот (IV) диоксиді
|
0.2
|
0.04
|
2
|
0330
|
Күкірт диоксиді
|
-
|
0.125
|
3
|
0337
|
Көміртегі оксиді
|
5
|
3
|
4
|
6009
|
Азот диоксиді, күкірт диоксиді
|
0.2
|
0.04
|
2
|
Агломерация аймақтарындағы ластайтын заттардың қалдықтарының мөлшері келесі 84 кестеде көрсетілген.
- Агломерация аймақтарындағы
ластайтын заттардың қалдықтарының мөлшері
84 кесте
Көздері
|
Барлық ластайтын заттардың қалдықтары
мың т
|
Негізгі ластайтын заттардың қалдықтары,
мың т
|
Барлығы
|
83.9
|
75.8
|
О.і. ЖЭО 1
|
11.2
|
10.7
|
О.і. ЖЭО 2
|
53.2
|
51.1
|
Агломерация
|
19.5
|
14.0
|
Астана агломерациясының ауа бассейніндегі атмосфералық ауа сапасы үш тәсілмен зерттелген:
Атмосфераның ластану деңгейін математикалық модельдеу;
Шаң сынамасын алумен атмосфералық ауадағы ЛЗ концентрациясын тікелей аспаптық өлшеу;
Қардың сынамасын талдау мәліметтері бойынша қатты және дымқыл жауын-шашынды атмосфералық ауадан ластаушы заттардың түсуін бағалау.
РНД 211.2.01.01-97 «Кәсіпорын қалдықтарының құрамындағы зиянды заттардың атмосфералық ауадағы концентрациясын есептеу әдістемесі» талаптарына сәйкес ластаушы заттардың шашырауына математикалық модельдеу жүргізілді. Ластаушы заттардың жер маңындағы концентрациясы жер бетінен жоғары екі метрлік қабатында есептеледі. Атмосфераның ластану деңгейін математикалық модельдеу үшін шашырауды есептеу бағдарламасына Астана агломерациясы аймағында орналасқан атмосфераның негізгі ластаушы көздері бойынша мәліметтер енгізілген болатын.
Астана агломерациясының атмосфералық ауасына мейлінше ықпал ететін негізгі ластаушы зат электр станциялары, қазандықтар және карьерлер шығаратын 70-20% SiO2 бар бейорганикалық шаң болып табылады. Есептеулер осындай шаңдардың максималды концентрациясы Астана қ. ЖЭО 2 ауданында байқалатыны және 8,43 шекті-рұқсат етілген концентрацияны (ШРК) құрайтыны анықталды. Агломерацияның аталмыш заттардың шығарылуы жүретін басқа аудандарында (Шортанды п., Аршалы п., Николаевка п., Петровка с., Сарыоба с., Бектау с., Новоишимка с., Ақкөл п., Жалтыркөл п.) қалдық көздерінде ШРК мәні 1,23 бастап ШРК 6,74 дейін ШРК құрайды.
Астана агломерациясы аймағының 41 нүктесінде есептік көрсеткіштерді тексеру үшін атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың концентрациясын аспаптық өлшеу жүргізілген болатын. Өлшеу ең қуатты шығару көзі ЖЭО 2 төрт бағытынан Аршалы п., Ақмол, Шортанды және Новомарковка бағыттарына жүргізілді, онда көрсетілгендер:
қалалар, поселкелер және Астана агломерациясының қоныстанбаған аймақтарының атмосфералық ауасындағы ластаушы заттың құрамы тұрғылықты жерлер үшін белгіленген шекті-рұқсат етілген концентрациядан аспайды;
Астана агломерациясы аймақтары шегіндегі атмосфералық ауаға кәсіпорынның өндірістік қызметінің ықпалы және аталмыш аймақтағы атмосфералық ауаның жалпы әрекеттегі жағдайы шекті деп бағаланады;
агломерация инфрақұрылымын дамыту, қолданысқа жаңа кәсіпорындарды енгізу қолданыстағы экологиялық заңнаманы сақтаумен қарастырылады, сондықтан 2030 жылға дейінгі келешекте агломерацияның барлық аймақтарында атмосфералық ауаның бар сапасын сақтау болжанады.
Қазіргі күні қабылданған станционарлы метеорологиялық бекеттердегі ауаның ластануын тікелей қадағалау жүйесі атмосфераның ластануының кеңістіктік құрылымын картаға түсіру үшін қажетті рұқсат етілген қабілетті бола алмайды. Шаңмен және уландырғыш элементтермен ластанудың кеңістік таралуының негізгі заңдылығын анықтау үшін, ластану дәрежесі бойынша қала аймақтарын аудандастыру үшін ұзақ мерзімді уақыт ішінде ластануды жинақтайтын қар жамылғысын сынау кең қолданылады.
Қар суынан сүзілген шаңды зерттеудің талдамалы мәліметтері бойынша шаңның түсу мөлшерін және 1 м² бетіндегі, 1 ш2 бетіндегі шаң құрамындағы элементтерді және тұтастай агломерация аймақтарын бейнелейтін қорытқы кестелер мен диаграммалар құрастырылған.
Қар сынамаларын зерттеу мәліметтері бойынша өнеркәсіптік орталықтардан алыс агломерация аймақтарында шаңның түсуі 34,1 кг/ш.ш. бастап 251,1 кг/ш.ш. дейін өзгереді, бұл атмосфералық ауадан шаңның бедерлі түсу мәніне сәйкес келеді. Атмосфералық ауадан шаңның түсуінің максималды мәні Аршалы п. – 5183,8 кг/ш.ш. белгіленген. ЖЭО 2 белсенді нүктесінде шаңның түсуі 1719,2 кг/ш.ш. құрайды.
Атмосфералық ауадан шаңмен бірге ауыр металдар: кобальт, хром, марганец, никель, фосфор, ванадий және мырыш түсетіні анықталған. Атмосфералық ауаның шаң сынамасынан өзге ауыр металдар мен басқа да ластаушы заттар табылмады немесе талдау тәсілінің сезімталдығынан кем мөлшерде болды.
Келешекке болжам. 2030 ж. дейінгі келешекте атмосфералық ауаның ластануын бағалау үшін 164 айрықша ірі кәсіпорындардан (141 қолданыстағы және 23 жобаланған) атмосфералық ауаға эмиссиялары ескерілген. Жобалық ережеге атмосфералық ауаның ластану көздерінің тізімі есептің 25 қосымшасында келтірілген. 2030 жылға дейінгі келешекте есептеулерге сәйкес бейорганикалық шаңнан басқа, NO2, SO2, CO негізгі ластаушы заттар концентрациясы айтарлықтай өзгермейді. Орналастыру арналары бойынша жобаланатын кәсіпорындарды орнатумен байланысты Астана агломерациясы аймағында ластаушы заттардың таралу аймағы ғана көбейеді.
Атмосфералық ауаның ластануының жаңа алаңдары жобаланған индустриалды өнеркәсіптік аймақтардың: Бозайғыр, Аршалы, Жайнақ ст. байланысты болады. Қабанбай батыр п. жобаланған индустриалды аймағында 5,04 ШРК мәніне дейін шаң шығарылу артуы мүмкін. Аталмыш заттардың шығарылуы жүретін басқа да агломерация аудандарында (Аршалы п., Талапкер п., Қосшы п., Софиевка п.) дереккөздерінде ШРК мәні 1,43-2,69 ШРК құрайды.
Басқа ластаушы заттар бойынша ластану деңгейі өзгермейді.
Өнеркәсіптік құрылыстың, көліктің, энергетика кәсіпорындарының жалпы артуымен байланысты жылыжай газдары эмиссиялары артуы мен 2030 жылда орташа жылдық температура 0,7-1,00С көтерілуі күтіледі, климаттың өзгеруінің анағұрлым жағымды жақтарының бірі бойынша бұл Астана агломерациясы шегінде қоршаған орта құрауыштарына айтарлықтай әсер етпеуі керек.
Нағыз мәселе көзі Талдыкөл жинаушысының түпкі лайлары және ағынды сулары болатын газ қоспаларымен ауадан ластанулардың бөлінуі болып табылады. Соңғы зерттеулер мәліметтері бойынша осындай иістердің көздері Есіл өзені алқабындағы (Бұзықты мен Әулиетас) көлдердің лайлары, Шағын Талдыкөл лайлары мен Целиноградтың тазаланбаған ағынды сулары жіберілген сүзгілеудің көне өрістеріндегі лайлар болып табылады.
Астанадағы жағымсыз иістің таралу көзін жоюға бір-бірін толықтыратын және тізбектей қолданылуы керек екі әдіспен қол жеткізуге болады:
Ағынды суларды жинаушы Талдыкөл жоюдың қолданыстағы жобасында қарастырылған бірінші әдіс – бұл аталмыш түпкі лайды табу және оны тыңайтқыш ретінде қолдану мүмкіндігімен пайдалану.
Екінші әдіс – күкіртті сутек ықпал ететін қоректену ортасындағы бактериялар штаммасын анықтау, бактериялар биомассасын ылғалды лайларға енгізу және 2-3 жылу маусымы ішінде арнайы технология бойынша бөліктерін өңдеу (микроферментті биотехнология).
Егер түпкі лайларды жою мәселесі шешілсе, 2018 жылда күкіртті сутектің бөліну қарқындылығын төмендетуді болжауға болады. Астана қ. мен қала маңындағы аймақта ауа сапасын жақсарту мәселелерін түбегейлі шешу үшін 2030 жылға дейін Астана агломерациясын қалыптастыру мен дамыту жоспарына ұсынылатын жұмыстарды кіргізу керек.
Су ресурстарымен байланысты мәселелер
Астана агломерациясы аймақтарындағы су ресурстары аймақтық мәндегі экологиялық қауіпсіздік мәселелерімен байланысты.
Маңыздылығы мен жітіліктігі бойынша бірінші экологиялық мәселе Астананың батысында орналасқан Талдыкөл аймағының жинауышындағы тасқынды, жауынды және биологиялық тазаланған ағынды сулармен су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Су деңгейінің көтерілуі қаланың шетін қамтитын Ильинка және Көктал поселкелерінің аудандарында байқалады.
Екінші мәселе жер үсті мен жер асты суларының сапасымен байланысты. Төмендегі келесі 78 кестеде судың ластануының қауіпсіздік класын көрсетумен агломерацияның кейбір су нысандарының ластану индексі келтірілген.
Жер үсті және жер асты суларының ластану
индекстерін есептеудің жинақталған нәтижелері
85 кесте
Су қоймасының, тоғанның атауы
|
Судың ластану индексі (СЛИ)
|
Су сапасы класы
|
Ластану дәрежесі
|
Жер бетіндегі сулар
|
Астана бөгені
|
0.42
|
II
|
Таза
|
Есіл өз., Көктал п.
|
1.30
|
III
|
Орташа ластанған
|
Есіл өз., «Г» ығысу нүктесі
|
5.31
|
V
|
Ластанған
|
Талдыкөл жинауышы ауданындағы бедер суы
|
8.42
|
VI
|
Өте батпақты
|
Тасқынды кезеңдегі жер асты сулары, Есіл өз.алқабы
|
3.45
|
IV
|
Ластанған
|
Есіл өз. алқабы (қыс)
|
7.86
|
II
|
Өте батпақты
|
Шенет көлі, Целиноград ауд.
|
3.29
|
IV
|
Ластанған
|
Қарабидайық жинауышы
|
3.16
|
IV
|
Ластанған
|
Жер астындағы сулар
|
Интернациональный п. 1 ұңғ.
|
0.66
|
II
|
Таза
|
Мичурино п. 1 ұңғ.
|
0.63
|
II
|
Таза
|
Шенет п. 334 ұңғ.
|
0.94
|
II
|
Таза
|
Анар ст. 1 ұңғ.
|
0.20
|
II
|
Таза
|
Жалтыркөл п. 1 ұңғ.
|
0.20
|
II
|
Таза
|
Берсуат п. 1 ұңғ.
|
0.40
|
II
|
Таза
|
Арнасай п. 1 ұңғ.
|
0.53
|
II
|
Таза
|
Ақкөл қ. 1 ұңғ.
|
9.28
|
VI
|
Өте ластанған
|
Ақкөл қ. 2.2. ұңғ.
|
8.24
|
VI
|
Өте ластанған
|
Түпкі лайлармен ластанған Дамсинск су бөгені (Шортанды ауданы) тоғанының ауыз суы, Ақкөл қ. №2 тоғанының және №1 ұңғыманың бериллиймен ластанған суы ауыз су сапасы талаптарын сай келмейді.
Өзен суы талаптарына Астана қ. төмен бөлігіндегі Есіл өзені, Талдыкөл қаласының ағынды сулар жинауышы ауданындағы өзендер сәйкес келмейді. Бұл мәселелерді өзен арнасын тереңдету мен жол тартумен, жағалауларын бекітумен, тасқынды суларды тастау үшін плотина мен айналма канал салумен Есіл өзенінің реттемелі ағысын ұйымдастыру бойынша шаралар жиынтығымен шешуге болады.
Ақкөл қ. тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін сапалы жер асты суларын барлауды жүргізу, жаңа тоғандарды салу жобаларын жасау және жүзеге асыру қажет. Сонымен қатар, төрт кәріздік сорғы станциялары 40 жыл бұрын салынған, ал ағынды суларды жинауыш-булағыш бөгеттері сияқты тазалау құрылғылары жоқ Ақкөл қ. ағынды суларының суын тарту мәселесін шешу қажет.
Дамсинск тоғанының мәселелерін шешу үшін су қоймасын түпкі лайлардан тазартуды жүргізу және мембраналық технологиясы бойынша жұмыс жасайтын сүзгіш станция блогының жұмысын қамтамасыз ету керек.
Есіл өзені алқабы телімдерінің және Астана қ. батысына жақын жатқан аймақтарының су деңгейінің көтерілуі мен су басу мәселелерін шешу әлдеқайда күрделірек.
Жинауыш Есіл өзені алқабында орналасқан, ол 8 бастап 12 метрге дейін жалпы қуаттылықты аллювиалды төменгі төрттік-заманауи қабаттармен қатталып салынған. Аңғар телімі Талапкер п. ауданында шектеулі ағыспен қабаттарда төмендеуді көрсетеді. 8 шақырымға дейін жалпақ аңғарда өзен аңғары жоқ, шыбын-шіркей ордасы болып табылатын, жағымсыз иісі бар, тоқыраулы суы бар Әулиетас, Бұзықты көлдері түзілді.
Қазіргі таңда, оның ішінде жинауыш әсерінен де қабаттың төмендетілген бөліктері батпақтанған қамыс өсіп кеткен.
Есіл өзені аңғарының, оның ішінде Әулиетас, Бұзықты көлдеріндегі тоқыраулы, өте лас суларды өзен аңғарындағы жер асты суларының қозғалысын күшейту есебінен тазартуға болады. Бұл үшін батпақта және өсіп кеткен қамыстардан толықтай жоғалып бара жатқан Есіл өзені аңғарын тереңдету және жол тарту қажет.
Астана агломерациясының су ресурстарымен байланысты экологиялық мәселелерді шешу үшін жоғарыда келтірілген материалдарды жалпылай келе, келесі қорытындылар мен ұсыныстарды жасауға болады:
Зертханалық зерттеулер нәтижесіне сәйкес ауыз су үшін пайдаланылатын ұңғымадағы су бериллиймен ластанған Ақкөл қ. тоғандағы су сапасынан басқа, Астана агломерациясының барлық аймақтарындағы жер асты сулар сапасы санитарлық ережелер талаптарына (18.001.2012 ж. №104 ҚР ӨК) сәйкес келеді.
Астана (Вячеславский) су қоймасының суы ауыз су мақсатында пайдаланылатын суларға қойылатын санитарлық талаптарға сай келеді.
Су қоймасының түбінің батпақтануына байланысты Дамсинск жер үсті тоғанының (Шортанды ауданы) ішу мақсатында пайдаланылатын суы санитарлық ережелерге сәйкес келмейді.
Өзен суларымен байланысты Астана агломерациясының экологиялық мәселелері:
4.1. Аймақта су деңгейінің көтерілуі мен су тасу мәселелерін шешу мақсатында жоба жасау және Көктал п. – Талапкер п. телімдерінде Есіл өзені аңғарын түзулеу және тереңдету жолымен Есіл өзені реттемелі ағып кетуді ұйымдастыру бойынша жұмыстарды орындау қажет. Жобада өзен жағалауларын бекіту, шлюздерді орнату және су ағынын жеңілдету базисі ретінде Талапкер және Воздвиженка поселкелерінен төменірек жасанды көл жасау бойынша жұмыстарды қарастыру.
4.2. Келешекте Есіл мен Нұра өзендерінің өзара байланысқан екі су ағындарының реттемелі су тарту жүйесін ұйымдастыру ұсынылады. Нұра өзенінен Есіл өзеніне су бифуркациясы жүретіндіктен, Қорғалжын қорығындағы су қорын толтыру үшін Нұраға суды қайтаруды қарастыруы мүмкін.
5. 2030 жылға дейін Астана агломерациясының барлық аймағында ауыз су сапасын сақтау және техногенді-ластанған өзен суларының сапасын жақсарту бойынша жағымды болжамды тек Астана агломерациясын құру мен дамыту жоспары жобасында ұсынылған шараларды орындаған жағдайда ғана жасауға болады.
Астана агломерациясы аймағында топырақ жабынын өзгерту болжамы
Топырақты зерттеу нәтижелері бойынша 2030 жылға дейінгі бар көрсеткіштермен салыстыру бойынша топырақтың ауданы мен химиялық ластану концентрациясы артпайды деп ұйғаруға болады. Бұған кірмейтіндер, Астана агломарециясы аймағындағы салу жоспарланған айналмалы және радиал көлік жолдар бойындағы топырақтар бөліктері мен топырақтар «урбанозём» ерекшелігіне ие болуы мүмкін агломерация «орталықтарында» өнеркәсіптік құрылыс бөліктері болып табылады. Шамамен мұндай Астана агломерациясы аймақтарындағы телімдер ауданы 1 – 2 % аспайды.
Сыналатын аймақтағы топырақтарды ұтымды пайдалану бойынша зерттеулер топырақтың құнарлылығының (дегумификация) нашарлағанын анықтады. Он жылдық кезеңде құрамында қарашірігі төмен топырақтың артуы 2,1 % құрады.
Ақмола облысының ауылшаруашылық жерлерінің сапасының
орташа салмақталған шамасы (Ақмола облысы
бойынша «Зем ҒӨО» департаменті мәліметтері бойынша)
86 кесте
Аудандар
|
Суарылмайтын
егістіктер
|
Суарылатын
егістіктер
|
Шабындық
|
Жайылым
|
А/ш
алқап
|
Ақкөл
|
32
|
-
|
18
|
17
|
23
|
Аршалы
|
32
|
35
|
25
|
18
|
25
|
Целиноград
|
30
|
30
|
13
|
15
|
24
|
Шортанды
|
37
|
40
|
26
|
25
|
34
|
Жердің максималды сапасы – 100 балл мүжілу үдерістерімен бұзылмаған сілтісіз қара жері бар. Жыртылмаған жер жағдайларында қара жер мен қызғылт топырақтар топырақ сапасы 30-60 балл болады.
Орталық Қазақстанның жоғары радиациялық белсенділігі, күшті желі, жайылма судың екпінді ағыны және жазда нөсер жауыны бар күрт континетті климаттың өзіндік ерекшеліктері су және жел мүжілуі үдерістерінің өзара өтуі үшін жағдай тудырады.
Жайылма су әрекеті бөктерлердің беттерінің жарылуына, жылғалық жырындылардың, ой-шұңқырлардың, шұңқырлардың пайда болуы мен тереңдеуіне, суат құдықтарының аңғарларының санының артылуына, шыңдардың аңғарларының өсуін туындауына алып келеді. Беті кеуіп және топырақты өңдеу басталған сәттен ақ майда бедерлердің қалақтануы, бетін техникамен тегістеу, атыздарды, жырындыларды, шұңқырларды толтыру басталады. Бір уақытта бөктерлердің маңын өңдеу кезінде аса маңызды бөктерлер маңы жерлерін техногенді жылжыту (ағатын жылғаға су бөлінуден бастап) және домалату мен сальтациямен жылжытуға қабілетті дефляциялық-қауіпті түйірлері өлшеміне дейін жердің беткі қабатының ұсақталуы жүреді.
2030 жылға дейінгі келешекте даланың шөлге айналуының күшеюі мен топырақ жабынының құлдырауы болмашы дәрежеде жүруі мүмкін. Жерді жақсарту, жердің мүжілу үдерістері салдарларының алдын алу мен жою бойынша шараларды уақытылы және сапалы орындаған кезде жердің құлдырау үдерісінің қарқындылығын төмендетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |