- Пұсырманов Нұрбек Серікұлы
- Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 6D050200 – Саясаттану мамандығының 2 курс докторанты
- КІРІСПЕ
- 1 ҚОҒАМ ТОПТАСТЫРУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ
- ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- 1.1 «Ұлттық идея» ұғымы, мәні мен қызметі
- 1.2 Қазақстанның ұлттық топтасу мәселесіндегі ұлттық идея
- элементтері мен негізгі құрамдас компоненттері
- 2 ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ САЯСИ ТОПТАСУЫ:
- ЖАЙ-КҮЙІ МЕН БОЛАШАҒЫ
- 2.1 Қоғам топтастыру процесі: ұлттық идея және рухани жаңғыру
- қатынасында
- 2.2 Ұлттық идеяны жүзеге асыру инфрақұрылымдары
-
- ҚОРЫТЫНДЫ.
- Ұсынымдар
- Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- Біз қайда бара жатырмыз?
- Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс.
- Куда мы идем?
- Казахстан к 2050 году должен находиться в тридцатке самых развитых государств мира.
- Where are we going? Goals of the New political course
- By 2050 Kazakhstan must enter the top 30 club of most developed states in the world.
- «Қазақстан – 2050 стратегиясы»
- «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
- «Қазақстан-2050» Стратегиясы
- «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты
- 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауы
- 2017 жылғы 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің
- билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері
- жөніндегі үндеуі
- 2017 жылғы 12 сәуірде «Егемен Қазақстан» жалпыұлттық республикалық
- газетінің №70 (29051) санында жарияланған «Болашаққа бағдар:
- рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы
- Саясат үнемі әрі үздіксіз уақыт шақыртуына сәйкес келуді талап етеді. Осы бағытта бүгінгі мемлекеттік саясат қоғамдық сананың түбегейлі өзгерісі және саяси жүйені жандандыру кезеңінде орналасып отыр.
Жобаның мақсат-міндеттері - Зерттеудің мақсаты Қазақстандық қоғамды ұлттық топтастырудың факторы ретінде ұлттық идеяны кешенді саяси талдау.
- Осы мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер негізінде шешу ұмтылысы жасалынды:
- ұлттық идея ұғымен анықтау;
- ұлттық идея мәні мен қызметін белгілеу;
- Қазақстанның ұлттық бірігуі мәселесіндегі ұлттық идея элементтерін айқындау;
- Қазақстанның ұлттық бірігу контекстінде ұлттық идеяның негізгі құрамдас компоненттерін нақтылау;
- қоғам саяси топтастыру процесіндегі ұлттық идея және рухани жаңғыру қатынасын талдау;
- ұлттық идеяны жүзеге асыру инфрақұрылымдарын саралау.
- Отандық ізденушілермен
- орындалған 8 диссертацияның ішінде, саяси ғылым үлесінде – 3, филология - 3, философия ғылымына тиесілі – 2:
- «ҰМҒТСО» АҚ-да 32 іргелі ғылыми жоба есептері, оның ішінде аралық және қорытынды мәліметтері мемлекеттік тіркелген.
- 2004 ж.– 1 жоба «Ұлттық идея және жаһандану жағдайындағы Қазақстан дамуының тұрақтылығы мәселелері» (жауапты ұйым – ФСДИ, жетекшісі –
- Ә.Н. Нысанбаев)
Зерттеу әдістері. Апробациядан өтуі. - Зерттеу әдістері.
- Антропология, этнос мәселесін қарастыруда этнографиялық, тарихи сабақтастыруда ретроспективті әдіс, этнопсихология.
- Жүйелік, моделдеу, контент талдау әдістері кешенді қолданылды.
- Контент-талдау әдісі QDW Miner және WordStat бағдарламасының функционалды ерекшеліктеріне сәйкес бастауыш, анықтауыш, және де кейбір есімдік сөздері сұрыпталды. Кілт сөздер бойынша зерттеудің негізгі тірек мәні, мазмұны нақтыланды. Талдауда (контент-талдау) қайталану жиілігі бар сөз/сөз топтарының қайталану саны (құжатты талдау жиынтығының барлық қайталамадағы саны) 45-тен кем емес жиілікті құрайды.
-
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен ұсынылған жарияланымдар тізімінде – 1, халықаралық ғылыми –практикалық конференцияларда – 6 (Алматы, Астана, Ақтөбе және Семей қалаларында).
ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ТУРАЛЫ - Интернет желісінде жүргізілген контент талдауға сәйкес ағылшын тілінде «National Idea» сөзі - 19 300 000, «National Ideas» сөзі - 663 000 000 . Орыс тілінде «Национальная идея» - 2 020 000, түрікше «ulusal fikir» - 7 650 000, қазақ тілінде «ұлттық идея» - 208 000, жалпыұлттық идея - 81 700 жиілікке ие. Басымдық бойынша ағылшын тілінде жоғары жиілік сақталады. Оны бірнеше елдердің мемлекеттік тілі ретінде және қалыптасқан өзіндік тарихи дамуды еңсерумен байланыстыруға болады.
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері бойынша:
- Өзбек «milliy g'oya» - 746 000,
- әзірбайжан тілінде «milli fikir» - 680 000,
- украин тілінде «національна ідея» - 670 000,
- қырғыз тілінде «улуттук идея» - 582 000,
- грузин тілінде «ეროვნული იდეა» - 430 000,
- армян тілінде «ազգային գաղափար» - 123 000,
- беларусь тілінде «нацыянальная ідэя» - 107 000 жиілікте көрініс тауып отыр.
ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? | | | | - Шетелдік конструктивизм өкілі Э. Геллнер қазіргі кезеңде ұлт идеясын екі жағдаймен түсіндіреді:
- 1. Екі адам бір ұлттың өкілі болып оларды идеялар жүйесі, шартты белгілер, байланыстар, жүріс-тұрыс және қарым-қатынас әдістері арқылы бір мәдениет біріктірген жағдайда ұлт идеясы табылады.
- 2. Екі адам бір ұлттың өкілі болып өздері іштей сол топқа мүше болуын мойындаған жағдайда ұлт идеясы орналасады. Басқа сөзбен айтқанда, ұлтты адамның өзі жасайды, ұлт - бұл адам ойының, сенімінің жемісі [34-бет, Gellner E. Nаtion аnd Nаtionаlism. – Oxford, 1991. – 471 р. ].
| - Тарихшы, ғалым Х.Әбжанов ұлттық идеяны ұлт ұғымымен қатынаста қарап, мынадай ой білдіреді: «ұлтты сақтайтын ұлттық идея болуы керек. Ол ұлттың өмір сүруі, тілегі, ниеті, ойы дегенге саяды. Сондықтан да ұлттық идеяны ұлт мұраты деп қабылдасақ, мәселенің тоқ етерін тапқанымыз»
- [Әбжанов Х.М. Ұлттық идеясы бұлыңғыр ел оңай қателеседі// Саясат. -2011.-13 маусым].
| | | | | - Э. Смит: «... ұлттық қауымдастықты құратын адамдар өз идеяларында, өзіндік санасында өткенге үнемі оралатындығы, этникалық өткен тарихымен өзінің сабақтастығын сезінеді» [Смит Э.Д. Национализм и историки// Нации и национализм. – 2002., 258 б.].
| - К.Л. Сыроежкин: «коммунистік идеологияның күйреуі, өзіндік идеологиялық вакуумның пайда болуы жағдайында қоғамдық өмірде едәуір этностық аспектінің жоғарылауының нәтижесі ретінде ұлттық құндылықтар мен идеяларға заңды түрде қайта оралу болды» [Сыроежкин К.Л. Государственность и проритеты переходных обществ// Казахстан на пути к устойчивому развитию. – Алматы. Ғылым, 1996. – c. 368].
| ҰЛТТЫҚ ИДЕЯНЫ ҰҒЫНУ, ЗЕРТТЕУ КӨРІНІСІ - Шетел тәжірибесі:
- ұлттық мүдде/мақсаттар – экономика мен әскери салада басым қолданады;
- Этносаясатта “ұлтшылдық” идеологиясы ретінде қарайды;
- Ұлт тұрғысында ұлттық бірегейлік деп тұжырымдалады.
- _______
- ТМД кеңістігі:
- саяси мәдениетпен тығыз байланысты;
- идеология;
- титулды ұлт құру;
- өзін-өзі тану;
- халықты сәйкестендіру;
- ұлтты біріктіру;
- саяси-қоғамдық жүйе құралы;
- руханилық пен менталитет көрінісі;
- құндылықпен байланысты.
- _______
Ұлттық идея – дүниетанымдық сипаттағы бағдар, құндылықтар, идеалдар кешені, қоғамдағы түрлі саяси көзқарастардың қанағаттанарлық (Status Quo) қиылу нүктесінде ортақ мүдде, мақсаттарға біріктіретін, прогрессивті дамуға ұйымдастыратын, келісімді топтастыру жүйесін құраушы прагматикалық бағыттағы рухани күш. - Біздің пайымдауымыз бойынша
Ұлттық идея мәні – бүгінгіні қайта құру арқылы болашаққа бағдарлануы (ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру) - Қазақстан қоғамының идеялық платформасының үш кезеңі
Ұлттық идеяның негізгі атқаратын қызметі - 1. Біріктіру қызметі (ішкі саяси бағыт) – тәрбиелеу, ынталандыру, қабілеттендіру, нормативтік-реттеушілік, бейімдеу, әлеуметтендіру, т.б.
- 2. Қорғаныс тетігін ұйымдастыру қызметі ретінде (саяси психологиялық бағыт) – коммуникациялық, құрылымдық, сүзгілеу, т.б.
- 3. Ықпал ету қызметі – әлемдік қауымдастықта мемлекеттің орнын белгілеу мен абыройын нығайту, ұлттық мүдде мүмкіндігін кеңейту бағыты (ынтымақтастыру, т.б.).
Ұлттық идея компоненттері Ортақ тарих Бәсекеге қабілеттілік Тең мүмкіндік - Ұлттық идеяның базалық элементтері (құндылық)
Бағдарламалық мақала бойынша - Жүргізілген контент-талдауға сәйкес бағдарламалық мақаланың мемлекеттік тіліндегі нұсқасында барлығы - 3871 cөз бар, оның 31>10 (он реттік қайталамадан артық), 2078<10 (он реттік қайталамадан кем), жиілік қайталанатыны 2109 сөз. Ал, орыс тіліндегі нұсқасы барлығы – 3685 сөзден құралған. Оның 39-сі 10 реттен артық қайталанады (39>10), 1726-і 10 реттен төмен қайталамаға ие (1726<10). Барлық қайталама сөздер саны 1765.
КІЛТ СӨЗДЕР - жоғары жиілікке ие сөздер тізбесі (тілдік нұсқа бойынша)
САЛЫСТЫРМАЛЫ САНДЫҚ ТАЛДАУ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАР БОЙЫНША: саяси терминдердің қолданылуы (енгізілуі) | - Ұрпақтар кезеңі, сипаты
- Тәрбиенің негізі, әсер етуші идеялық ықпал
| | - ХХ ғасыр басы – «ұлттық түлеудің жандануы». Алаш арыстары, «зияткерлік әлеуетті күш» еңбегімен сипатталады. Шынайы дәстүрлі қазақы тәрбие, «Алаш-қазақ» еркіндік идеясы.
| | - 1930/40 жж. – Большевиктер саясатының алғашқы саяси жемісі.
- Индустрияландыру – көшпелі дәстүр жүйесін бұзуға әкелді, отырықшыландыру негізінде өндіріс күшіне адам еңбегін пайдалануға тырысты. Жаппай ашаршылыққа ұшырату сипатымен ерекшеленеді. Ұжымдастыру саясаты – «тапаралық күрес» - руаралық қақтығысты күшейтті. «Ұлт фабрикасын құру» – әліппені өзгерту, сауатсыздандыру жол ашты. «Социализм» идеологиясы, «Коммунизм» дүниетанымы.
| | - 1960 жж. ІІ д.ж. соғыстан кейінгі кезең. «Жылымық кезеңі» КСРО билігі тарапындағы жетекшілерінің өзара саяси қайшылығы Қазақ даласында әдебиет және өнер саласында жаңа «ұлттық рухты түлетуге» мүмкіндік қалыптастырды. Ал, тарих саласын бақылаумен шектелді. Қазақ рухын қайта түлету латентті күрес жолымен сипатталады. Әдебиет және өнер саласындағы ұлттық идеялық тұтастық жалғасты.
| | - 1990 жж. – қайта құрулар, Желтоқсан оқиғасы, КСРО-ның құлауы кезеңі, бос идеологиялық кеңістікпен сипатталады. Саяси сана әлсіреуі, Президенттің тұлғасы, «тәуелсіздік» идеясы.
| | - 2015 жж.– Тәуелсіздік кезең алғашқы ұрпағы. Пісіп жетілуі – 2025/30 жыл шамасы
- «Мәңгілік ел» идеясы.
| - Ұрпақтар сабастастығының идеялық-тәрбиелік көрінісі
ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫ- ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ӨЗЕГІ - Ішкі түйсікті күшейту мен жаһандық сын-қатерде ұлттық кодымыздың шайылмауына тосқауыл орнату әрбір Қазақстан азаматының туа біткен патриоттық миссиясы болып табылады.
- Бұл ретте, саяси жүйеде ұлттық идеяның өз функциясын иеленуі ғылым жетістігі дәлелдегендей қоғамдық салалардың барлығында жаңғыртуға әсер етеді.
- Латын графикасы – жаңа тұрпатты мемлекеттің тәуелсіз әліпби жазуы. Кез келген тәуелсіз мемлекет өз символдарын анықтау, бекіту және жариялауы заңды құбылыс. Сондықтан Елбасының “Латын графикасы” жобасын бекітуі осы тұрғыда табиғи талпыныс.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫ САЯСИ ИДЕЯЛЫҚ ТОПТАСТЫРУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ МОДЕЛІ (жоба) - Ұлттық идеяның атқаратын рөлі
| | - Өлшемге тиісілік бойынша қоғамдағы идея
| | - Інжу маржандарды іздеу, мұраларды түгендеу
| | | | - Бүгінгі саясатты келісімді жүргізу
| - Республикалық немесе ұлттық
| | | - Болашақ бағдарын құрастыру
| | | - Қорғаныш тетігін ұйымдастыру
| Ұлттық идея инфрақұрылымдары - Мемлекеттік тіл кешенді қатынас құралы;
- Білім-тәрбие негіздері ұлттық рухты енгізу;
- Спорт – салауатты әрі шыдамды ұрпақты әзірлеу.
ТҰЖЫРЫМ - Ұлттық идеяның құрамдас компоненттері Қазақстан Республикасының Конституциядағы принциптер айналасында белгіленіп, элементтері ретінде осы компоненттерден туындайтын түйінді бірлік, қоғамдық келісім, теңдік және әріптестік, толеранттылық, ортақ тарих, консенсус, тең мүмкіндік ұғымдарымен тығыз байланыстылығы түйінделді. Көрсетілген кілт сөздер тұтас Қазақстандық арман өзегін құрайды.
- Мемлекет Басшысының «Болашақ бағдары – рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына қоғамды идеялық топтастырудағы кілт сөздерді анықтау мақсатында контент талдау жүргізілді. Нәтижесінде, рухани жаңғырудағы қоғамдық сананы ұлттық идеяның әлеуетін қолданудағы қажетті компоненті ретінде қарастырады. Өзекті идеяның ұлттық кейіпке енуі үшін алдымен қоғамдық сананың жаңғыруы процесінің айналымы керектігі негізделеді.
- Бүгінгі рухани жаңғыру туралы іс-шаралар кешені болашақ ұрпақтың рухани жаңғыруының алғышарттары екендігі түйінделді. Жаңа ұрпақтың қалыптасуы шамамен 2025/2030 жылдарға сәйкес келеді.
- Ұлттың рухани жаңғыру – ұлттық идеяның өзегі ретінде тұжырымдалды. Қуатты ұлт мемлекет тұрақтылығының негізі.
-
ҰСЫНЫМДАР - А) мемлекеттік қызметке алғаш келгендерді қайта даярлау және үш жылда бір рет тиісті біліктілік арттыруда елдің идеология және этносаясат саласындағы идеялық конструкциялау жұмыстарынан арнайы курстар ұйымдастыру (ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне). Нәтижесінде осы саладағы мамандар практикалық ғана емес теориялық, түпкі мәндегі мемлекеттік саясат басымдықтарын білу міндеті жүзеге асады. Бұл өз кезегінде кәсіби мемлекеттік аппарат түбірін нығайтады.
- Б) Жоғары білім беру ұйымдарындағы «Мәңгілік Ел» курстарын тарихшы мамандар емес идеология және ұлттық идея, саяси мәдениет жалпы салалық зерттеу жүргізген мамандар (саясаттанушы) ғана өткізуі және оқытуы керек (ҚР Білім және ғылым министрлігіне). Өз кезегінде бұл құзыреттілікті анықтап, сапалы білім мен білікті күшейтеді. Жастар санасын мемлекеттік рухта тәрбиелеуде де оң өзгерістер күтуге болады.
- С) ҚР идеялық және идеологиялық бағытындағы патриоттық жұмыстарды сапалы өткізу мен ұйымдастыру аясында облыстар мен жергілікті әкімдіктерге басшылыққа алуына ыңғайлы көмекші құрал ретінде әдістемелік құрал жасау (Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық келісім институты). Нәтижесінде сандық жұмыстар сапаға бағытталады. Өйткені, облыс және жергілікті деңгейде кәсіптік техникалық білім деңгейіндегі қызметшілердің бар екендігі (оқытылатын пәндер тізбегінде саясаттану, әлеуметтану, т.б. жоқ) және жоғары оқу орындарын сырттай оқыған мамандардың білік, дағдысын қалыптастыруда қиындықтарды жеңеді.
- Д) Қоғамдағы бірегейлік бастауы мемлекеттік тілден басталады. Сондықтанда осы бағытта темір жол, әуе көлігі және жол қозғалысы ұйымдарындағы іс-қағаз айналымы мемлекеттік тілге практикалық көшіру қажет (үлгі құжаттары орыс тілінде, мысалы, пойыз кешіккені үшін шығынды өтеу үшін жазылатын өтініш үлгісі т.б.) және жергілікті жерлерде орнатылатын мерекелік жарнамалардағы жазуларды латын қарпімен жазу. (ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп). Нәтижесінде, тілдік міндеттеу немесе мәжбүрлеу шегі жойылады, екіншіден, латын қарпіне бұқара санасы қалыптаса бастайды.
10>
Достарыңызбен бөлісу: |