8
Астана, 13 мамыр, 2011ж.,
- «KAZENERGY» мұнай-газ
ұйымдары мен энергетикалық
кешендерінің Қазақстандық ас-
социациясы, «ҚазМұнайгаз ҰК»
АҚ, өз жұмыстарын Қазақстан
Республикасында жүргізіп
отырған үш ірі мұнайгаз опера-
торы - «Қарашығанақ Петролиум
Оперейтинг Б.В.» (КПО), «Норт
Каспиан Оперейтинг Компани
Б.В.» (НКОК) «Теңізшевройл»
ЖШС (ТШО) бүгін Астана-
да қамтушылардың «Кешенді
жабдықтар мен қосалқы
бөлшектер өндірісі» жөніндегі
бірлескен форумын өткізді.
Форум жұмысына 50-ден
астам қазақстандық маши-
на құрылысы мен инженерлік
кəсіпорындардың, 40-тан астам
шетелдік өндірісшілердің,
сондай-ақ ҚР мұнай жəне газ
Министрлігінің, ҚР индустрия
жəне жаңа технологиялар
Министрлігінің, Қазақстан маши-
на құрылысшылары Одағының,
Батыс Қазақстан, Маңғыстау
жəне Атырау облыстарының
өкілдері қатысты.
Бірлескен кəсіпорынның басты
мақсаты - мұнай-газ өнеркəсібіне
қажет кешенді жабдықтар мен
қосалқы бөлшектер саласын-
да отандық нарықты одан
əрі дамытуға, шетелдік жəне
қазақстандық кəсіпорындар ара-
сында серіктестік қарым-қатынас
орнатуға ықпал ету, сондай-ақ
Қазақстандағы мұнай өндірісіне
қажет жабдықтар мен қосалқы
бөлшектер өндірісін ынталанды-
ру.
Форум ұйымдастырушылары
Қарашығанақ, Солтүстік Каспий
жəне Теңіз кен алаңы жобалары-
на шолу жасап, қатысушыларды
АСТАНАДА БІРЛЕСКЕН ФОРУМ ӨТТІ
«Кешенді жабдықтар мен қосалқы бөлшектер өндірісі жөнінде»
Осы жылдың маусым айын-
да КПО-ның химиялық лабо-
раториясына 25 жыл толады.
1984 жылдың қазан айында
Қарашығанақ Орынбор қайта
өңдеу зауытына алғаш рет өнім
берді. Беріліп отырған конден-
кешенді жабдықтар мен
қосалқы бөлшектер жөніндегі
қажеттіліктермен таныстыр-
ды. Қамтушылар сондай-ақ
алдын ала дəрежелеу, жергілікті
қамту, жабдықтарды сипаттау
жөніндегі операторлар талапта-
рымен таныстырды.
KAZENERGY қауымдас-
тығының атынан сөз сөйлеген
Қазақстандық үлес пен қызметтік
жобаларды дамыту жөніндегі
Үйлестіру Кеңесінің төрағасы
Ұзақбай Қарабалин былай деді:
«Қазақстандық үлесті есептеудің
жаңа тəсілі, бір жағынан,
қазақстандық өндірушілердің та-
уарына деген талапты күшейтіп,
түрлі айла-амалдарға балта шап-
са, екінші жағынан, тапсырма
берушілер мен өндірушілердің
бір-бірімен табысуына жағдай
жасап, ынтымақтастыққа серпін
береді. Отандық өндірушілермен
бірлесіп жұмыс істеу мұнайшылар
үшін тиімді. Қазақстандық маши-
на өндірушілердің өнімін пайда-
лану мұнай-газ операторларының
құрал-жабдыққа жұмсалатын
шығынын азайтады.
Əдетте құрал-жабдыққа
жұмсалатын қаражат мұнай жо-
басы құнының 50-70 пайызын
құрайды, ал қазақстандық техника
шетелдік баламасына қарағанда
үш-төрт есе арзан. Бұлайша
үнемделген ақша қазір əсіресе
қажет. Себебі көмірсутектердің
бағасы дағдарысқа дейінгі
бағадан да төмен».
«ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ-ның
сервистік жобалар жөніндегі бас
менеджері Димаш Бижанов өз
сөзінде: «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ
қазақстандық қамтуды дамыту
жөніндегі міндеттері шеңберінде
жүйелі де, мақсатты жұмыстар
жүргізуде. «ҚазМұнайГаз» бағасы
мен сапасы бойынша импорттық
тауарларға бəсекелес бола ала-
тын жабдықтардың заманауи
түрлерін шығаратын отандық
тауар өндірушілерге басты назар
аударады», - деп мəлімдеді.
«Қарашығанақ Петролиум
Оперейтинг Б.В.» компаниясының
қазақстандық үлесті дамыту
жөніндегі менеджері Қайрат
Қапашов өз сөзінде: «Жергілікті
қамтушылардың мүмкіндігін ба-
рынша көбірек пайдалану – КПО
қызметінің басым бағыттарының
бірі болып табылады. Компания
жергілікті тауарлар мен қызмет
нарығын дамытуға қызығушылық
танытуда, бұл - барлық қа-
зақстандық өндірісшілер үшін
тұрақты да, оңды экономикалық
ахуал туғызады», - деді.
НКОК компаниясының Келі-
сім-шарт жасау жəне сатып алу
істері бойынша бас менеджері
Майкл Пекарски: «НКОК жəне
Агент-Компаниялар əлемдік
деңгейдегі жобаны жүзеге асы-
руда жəне басқаруда. Біз өз
жұмысымызды Қазақстан
экономикасының аймақтық жəне
ұлттық деңгейде тұрақты дамуы
үшін айтарлықтай мүмкіндіктер
туғызып отыр деп білеміз».
Ол Консорциум жергілікті
қамтуды дамытуға тұрақты да,
ұзақ мерзімді көзқарас танытып
отырғандығын атап өтті. «2010
жылы аталған бағдарламаны
жүзеге асыру нəтижесінде опера-
тор мен Агент-Компаниялардың
жергілікті тауарлар мен қызмет
түрлеріне төлемі 900 мил-
лион АҚШ долларынан (2010
жылғы курс бойынша шама-
мен 130 миллиард теңге) асты.
Консорциумның 2005-2010 жыл-
дар аралығындағы жергілікті
тауарлар мен қызмет түрлеріне
қаржылай шығыны шама-
мен 7 миллиард АҚШ доллары
деңгейінде болды», - деді Майкл
Пекарский.
«Теңізшевройл» ЖШС бас
директорының орынбасары
Əнуарбек Жəкиев: «Қазақстан
Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Əбішұлы Назар-
баев шетел инвесторлары
Кеңесінің 20-шы пленарлық
мəжілісінде сөйлеген сөзінде:
«…инвестициялық жəне
операциялық шығындарда, еңбек
ресурстарында қазақстандық
қамтуды арттыру бойынша
табысты еңбек етіп жатқан
Қазақстандағы шетелдік инве-
сторлар Қазақстан экономикасын
дамытудағы тағы бір маңызды
буын болып қалмақ» деп атап
өтті. «Теңізшевройлдың» басым
бағыттарының бірі - қазақстандық
бизнес қуаты мен мүмкіндігін
нығайту болып табылады. ТШО
Қазақстан мен бизнестің тұрақты
дамуын қолдау мақсатында
қазақстандық тауарлар мен
қызмет түрлерін пайдалану-
ды жалғастыруды көздеп отыр.
Жəне де біз аталған форумның
отандық қамтушыларға кешенді
жабдықтар жəне қосалқы
бөлшектер өндірісі сияқты
маңызды бағытта дамуына үлкен
күш береді деген үміттеміз».
Шара ұйымдастырушылары
аталған форумның шетел ин-
вестициясын тартуға жəне
де ішкі қаржы салымына дем
беретіндігіне, жаңа техноло-
гиялар тартуға, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы мұнай-
газ өнеркəсібіндегі қазақстандық
қамтуды дамытуға жаңаша күш
беретіндігіне сенімді.
сат пен газдың сапасын анықтау
үшін химиялық анализ жасай-
тын лабораторияның қажеттігі
туындады. Сөйтіп 1986 жылы
қаңтарда лаборатория ашылды.
Оның бастығы Тиунова Лидия
Васильевна жас мамандар үшін
ең беделді, ең білгір тəлімгер
болды. Лидия Васильевнаны
сол кездегі жас, қазір өмірлік
жəне өндірістік тəжірибелері
бар адамдар жиі еске алып,
əңгімелейді. Ол жұмыс жасауды,
өз жұмыстарының қажеттілігі мен
маңыздылығына сенуді үйретті
деп есептейді.
Алғашқы лаборант қыз-
меткерлер Надежда Шевченко,
Балсара Нұқаева, Нина Шепе-
лева, Бакиза Қазыбаева, Ирина
Анохина, Наталья Лизуновалар
болды.
1997 жылдың қараша
айында Өнімді бөлісудің
түпкілікті келісіміне (ӨБТК)
қол қойылғаннан кейін барлық
бөлімдердегі сияқты химиялық
лабораторияда да өзгерістер
болды. Бүгінгі Қарашығанақ кен
орнындағы заманауи ғылыми
техникалық лаборатория. Жəне
ол газ, көмірсутегі, су, май-
лау материалдары, отын мен
қоршаған орта бойынша игеру
мен жаңа аналитикалық техно-
логияны енгізуге арналған құрал-
жабдықтардың озық үлгілерімен
жабдықталған жəне заманауи
жаңа ғимаратта орналасқан. Сол
сияқты лаборатория қызметінде
зауыттың немесе экспорттағы
тұрба желісінде табылған тасын-
ды немесе қара шлам сияқты
проблема туындататын белгісіз
химиялық заттарды зерттейді.
КПО-ның лабораториясын-
да шетелдік мамандардың
басшылығымен негізінен Қа-
зақстанның азаматтары жұмыс
жасайды. Олардың барлығы
да өз істерінің білгірлері. Жаңа
ғимаратқа көшумен жəне ең за-
манауи құрал - жабдықтарды
алумен байланысты лаборато-
рия кешенді тексерулердің бəрін
де жасай алады. Яғни газ бен
конденсаттың құрамын бақылау,
күкіртті сутек, метанолдық,т.б.
мөлшерін анықтау, конденсаттың
құрамында парафин мен ас-
фальтты смолалық заттардың
мөлшерін анықтау. Лаборатория
сол сияқты өнімнің молекулярлық
массасын, оның меншікті
салмағын, хлорлы тұздардың
құрамын анықтайды, судың
құрамына тексерулер жасайды.
Лаборатория ашылғаннан
бері жасап келе жатқан көптеген
қызметкерлер Италиядан кəсіби
біліктіліктерін көтеру курстарынан
өтіп келді. Басты нысандардың
пайдалануға берілуіне байланы-
сты жұмыс көлемі айтарлықтай
өсті, бірақ та лаборатория
ұжымы өздеріне жүктелген
міндеттерді толықтай атқарып,
ең жауапты міндеттердің өзін
сауатты түрде орындап жүр.
Кен орнының барлық нысанда-
ры химиялық лабораторияның
бақылауында.
КПО-ның химиялық лабораториясына 25 жыл
9
Осы жылдың мамыр айында КПО компаниясының спорттық
өмірінде тұңғыш рет ұлттық спорт түрі – қазақша күрестен Жеңіс
күніне арналған турнир болып өтті. Бұл жарыс Чех қалашығының
спорт залында өткен еді. Аталмыш турнирдің Ерлан Қоянбаев
пен Ақан Каримов сияқты КПО қызметкерлерінің бастамасымен
өткізілгенін атап өткен жөн. Олар КПО кəсіподағының қолдауымен
осы турнирді өткізу үшін колдан келгеннің бəрін жасады десе бо-
лады. Қазақша күрестің тарихы өте тереңде жатыр, ол кезде біздің
халқымыз түркі халықтары деп аталған. Күрестің осындай түрлерін
түркі халықтарынан əлі күнге кездестіруге болады.
Қазақша күреске шыққан палуандар үстеріне қатты матадан тіккен
белбеулі күртеше сияқты арнаулы киім киеді. Белдесу барысында
белбеуден не одан жоғары ұстап жасайтын барлық айла -тəсілдерге
рұқсат етіледі. Белдесудің басты мақсаты – қарсыласының жауы-
рынын жерге тигізу. Қазақша күрестің басқа күрестерден өзіндік
ерекшелігі сонда – ептілік пен əдіскерлік қара күш пен шапшаңдықпен
үйлесім тапқанда ғана жеңіске жетуге болады. Қарсыласын кілемге
алып ұрған бойда белдесу тоқтатылады, өйткені күресу үшін тік тұру
керек.
Қазақша күрестің техникасында аяқтан шалып лақтыру əдісі,
жамбасқа салу, төстен асыра лақтыру, арқасынан асыра лақтыру т.б.
бірталай айла-тəсілдер бар. Қазақша күрестің палуандары дзю-до,
самбо сияқты басқа да күрес түрлеріне қатыса береді.
Жарысқа КПО қызметкерлері арасынан 30 балуан қатысты. Олар
арнайы салмақ өлшену процесінен кейін 6 салмақ категориясына
біріктірілді: яғни 57, 60, 66, 74, 85 жəне 90 келіден жоғары.
Жарыс қорытындысы бойынша турнир жеңімпаздары болып
танылғандары: 57 келі салмақ категориясы бойынша – маркетинг
департаментінің бюджет жəне есеп маманы Роман Аглаков. 60 келі
салмақ категориясы бойынша – КПК электригі Бекжан Башаров.
66 келі салмақ категориясы бойынша – ақпараттық технологиялық
қолдау маманы Ильяс Нусанов. 74 келі салмақ категориясында –
қорғаныш жабындылары инспекторы Махамбет Досалиев жəне
техникалық аудармашы Талаптан Абдрахманов. 85 келі салмақ ка-
тегориясы бойынша – КИПиА технигі Руслан Хасанов жəне өндіру
операторы Дархан Шамғонов. 90 келілік салмақ категориясы бойын-
ша арнаулы жобаларды бақылау инспекторы Ерген Есқалиев жəне
жобаның инженері Еркебұлан Мыңбаев.
Жарыстың барлық қатысушыларын КПО-ның кəсіподақ комитеті
төрағасының орынбасары Сайын Сағынұлы Досмаилов құттықтады.
Турнир аяқталысымен оның жеңімпаздары КПО кəсіподағының гра-
моталары мен ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.
Біз газетіміздің өткен сандарында КПО компа-
ниясы жылдың «ең үздік экологиялық ұсынымы»
байқауын жариялағаны туралы жазғанбыз. Байқау
5 маусым – Бүкілəлемдік қоршаған ортаны қорғау
күніне арналған. Байқауға қатысуға КПО-ның барлық
қызметкерлері шақырылған болатын. Байқаудың
шарттары бойынша, ең үздік деп танылған
ұсынымдар бағалы сыйлықтармен марапатта-
луы тиіс. Байқаудың мақсаты – қоршаған ортаның
жағдайын жақсартуға арналған жақсы ұсыныстар
Жылдың ең үздік экологиялық ұсынымы
енгізу арқылы компания қызметкерлерінің наза-
рын қоршаған ортаны қорғау мəселелеріне аудару.
Компания қызметкерлерімен кері байланыс ор-
нату ЕҚ, ҚТ жəне ҚОҚ жүйесін басқару тиімділігін
жақсартуға жəне қоршаған ортаны қорғау біздің
арқайсымыздың ісіміз екенін түсінуге мүмкіндік
береді. 2010 жылғы ұсынымдардың көпшілігін
бүгінгі таңда біздің компаниямыз өндіріске тиімді
енгізуде. Өткен жылы бұл конкурс өте табысты өтті
деуге болады, оған ұсынылған жұмыстардың
көптігі дəлел бола алады.
Байқауға қатысушылардың жұмысын тəуелсіз
төралқа мүшелері қарады. Байқау қорытындысын
шығарарда, идеяның жаңашылдығы мен
ерекшелігі есепке алынды. Оның өміршеңдігі,
егжей-тегжейлі түсіндірілуі (ұсыным барынша
кеңінен түсіндірілсе құба-кұп). Cол сияқты аталған
экологиялық ұсынымдардың КПО компаниясында
жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылды.
Ең үздік 3 жұмыс бағалы сыйлықтармен ма-
рапатталды. Байқау қорытындысы 5 маусымда
жарияланды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді
марапаттау рəсіміне бас директор Джузеппе Пази
бастаған КПО-ның басшылары қатысты.
Қазақша күрес
Осы жылдың мамыр айында Ақсай қаласында
каратэден балалар мен жасөспірімдер турнирі
болып өтті. Турнир КПО кəсіподағының
демеушілік көмегімен өтті жəне оған «Батыс
Қазақстан облыстық Каратэ Шинкиокушин-
кай Федерациясы» қоғамдық бірлестігінің
оқушылары қатысты.
Медалдар комплектісі ойналып, мынадай
нəтижелер белгілі болды: Орынбек Райымбек II
орын, Маким Бекарыс II орын, Исатаев Райым-
бек III орын, Давлетов Бахтияр II орын, Закарян
ҚПО-ның мақсаты өндірістік жарақаттарды
мүлдем болдырмау. Бірақ соңғы кезде Қарашығанақ
кен орнында апатты оқиғалар санының ғана
емес, сонымен қатар алған жарақаттың ауырлық
деңгейінің өсуі де байқалады. Кез-келген қатерлі
оқиғалардың алдын алу жəне ауыр жарақат алуға
немесе адам өліміне душар етуі мүмкін жұмыстарды
жүргізу барысында əрбір жұмысшының ҚТ негізгі
ережелерін бұлжытпай орындауын еске салу
мақсатында ҚПО-да өмірді сақтаушылар атты ҚТ
бағдарламасын енгізудеміз.
Life Savers (Өмірді сақтаушылар) – ҚПО-да аса
қауіпті болып саналатын 8 жұмыс түрін қауіпсіз
жүргізуге арналған ең аз міндетті талаптарды
қамтиды:
• Көлік тасымалы;
• Еңбекті қорғау;
• Жабық кеңістіктегі жұмыс;
• Кукірттісутек (H2S);
• Биіктіктегі жұмыс;
• Жүк көтеру жұмыстары;
• Жер қазу жұмыстары;
• Электр қауіпсіздігі.
ҚПО-ның əрбір қызметкері, мердігері жəне
қосалқы мердігері осы құжатта баяндалған
Life Savers (Өмірді сақтаушылар) ережелерін
орындауға міндетті.
Барлық менеджерлер Life Savers (Өмірді
сақтаушылар) ережелерінің ҚПО-ның жəне мердігер
ұйымдардың əрбір қызметкеріне жеткізілуін жəне
бұлжытпай орындалуын қадағалауы тиіс.
Джузеппе Пази
КПО Бас директоры
Құрметті əріптестер!
Жеңіс күніне арналған турнир
Вадим I орын, Агаев Рамиль II орын, Мищенко
Руслан I орын, Лагунов Артем II орын, Чмырь
Руслан II орын, Каменко Антон I орын, Шабаев
Никита I орын, Копылов Роман I орын.
Турнирдің аяқталуына орай «Батыс Қазақстан
облыстық Каратэ Шинкиокушинкай Федера-
циясы» 1 дан қара белбеу иесі Нұрлан Назар-
баев турнирге қолдау көрсеткендері үшін КПО
кəсіподақ комитетінің төрағасы Т.К.Кеңесовке,
№4 мектептің директоры М.К.Махауоваға, КПО-
ның демеушілік комитетіне алғыс айтты.
2011 жылы Қазақстан Республикасы тəуелсіздік алғанына 20
жыл болады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы ғасырлар
бойы сақталып келген мəдениеті мен тарихының арқасында
тəуелсіз əрі егеменді мемлекет ретінде бүкіл əлемге танымал.
2011 жылдың маусым жəне қазан айлары аралығында Бөрлі
ауданының мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі мекемелер,
өндіруші кəсіпорындар жəне ұйымдар арасында өтетін «Тəуелсіздік
- тұғырым» атты аудандық фестивалін өткізеді жəне қызуғышылық
танытқан КПО қызметкерлерін қатысуға шақырады.
Қатысу шарттары:
• Кешке əртүрлі ұлт өкілдері қатыса алады.
• Халықтық немесе ұлттық стильде өнер көрсету бастамасын
қолдаймыз.
• Кешке жеке орындаушылар немесе топтар қатыса алады.
• Орындау ұзақтығы 10 мин. дейін.
• Музыкалық аспаптарды қолдануға болады.
Бағалау критерийлері
• орындалатын бағдарламаның əртүрлілігі,
• орындаушының шеберлігі, киімі, музыкалық сүйемелдеуі,
артистизмі,
• сахнадағы мəдениеті, фонограмманың күйі.
Марапаттау
Үздік орындаушылар келесіге ие болады:
- фестиваль лауреаты атағы,
- фестиваль дипломы,
- бағалы сыйлықтар.
Фестиваль қазыларының шешіміне сəйкес үздік орындаушы-
лар Орал қаласында өтетін галаконцертке жолдама алады.
«Тəуелсіздік-тұғырым»