Қашықтықтан оқыту жүйесі – отандық білім беру саласындағы инновациялық бағыт



Дата21.11.2018
өлшемі48 Kb.
#23404

Наралиева Рахила Турсыновна,

Әл-Фараби атындағы Қазақ



ұлттық университеті
Қашықтықтан оқыту жүйесі – отандық білім беру саласындағы инновациялық бағыт

Әлемдік білім-ғылым кеңістігінде қашықтықтан оқыту жүйесі қарқынды түрде дамып келеді. Қашықтықтан оқыту жүйесі – қазіргі таңда оқу-ағарту саласында білім алушының өзін-өзі өсіру мен тұлға ретінде дамытуға мүмкіндік беретін сала. Дамыған елдерде қашықтықтан оқыту жүйесі жақсы жолға қойылған. Мысалы, АҚШ-та жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту жүйесін белсенді түрде пайдаланады. Біздің елімізде қашықтықтан оқыту жүйесі жаңадан қанат жайып келе жатқан білім беру саласындағы инновациялық бағыт болып табылады. Қашықтықтан оқыту саласы бүгін ғана пайда болған оқу үдерісі емес. Қашықтықтан оқыту үдерісі – қазіргі уақытта күннен-күнге дамып келе жатқан жаңа оқу бағдарламасы. Осы салада біздің университет те белсенді түрде жұмыс істеуде. Қашықтықтан оқыту жүйесінің арнайы департаменті құрылған. Бұл департамент әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, МООК-тың инновациялық отандық бағдарламасын жасады. «МООК – это новый способ удовлетворить потребности в образовании» [1,б.1] атты айдармен әртүрлі мамандық салалары және жекелеген пәндер бойынша ашық онлайн курстар жүйесі университет сайтында ұсынылған. Университеттің сайтында онлайн курсты ұйымдастырушылар, қашықтықтан оқу бағдарламасын жасау жұмысы 2013 жылдан басталды. Оқу үдерісіне 2015 жылы енгізілді. Қашықтықтан оқыту жүйесінің дәстүрлі жүйеден басымдығы: онлайн сабақты кез келген адам қалауына қарай мекенжайына тәуелсіз кез келген жерден тіркеліп, қалаған пәні бойынша білім ала алады. Қашықтықтан оқыту жүйесі – бұл бұрынғы сырттай оқу бөлімін толықтай алмастыра алатын және мазмұнды білім бере алатын қолайлы жүйе. Қазіргі уақытта отандық білім беру нарығында қашықтықтан оқыту жүйесі қарқынды түрде өркендеп келеді. Себебі қалаған мамандығы немесе пәні бойынша күндізгі бөлімде білім алуға кез келген талапкердің қолы жете бермейді. Ал бұл оқу жүйесі осы үлкен мәселені шеше алады, талапкерге оқу орындарынан қай жерде, қандай шалғайда тұрса да, кез келген пән бойынша толыққанды білім алуына мүмкіндік береді. Онлайн оқыту саласының дәстүрлі оқыту жүйесінен өзіндік артықшылықтары бар. Мысалы, білім алушы жеке дара оқи алады, қатып қалған сабақ кестесі бойынша емес, белгіленген уақытта оқи алады. Немесе сабақ кестесін өзіне ыңғайлап құра алады, қалаған кезінде, бос уақытында оқи алады, тілек білдірушілердің – оқығысы келетіндердің бәрінің қол жететін оқу жүйесі, әлеуметтік тараптан алғанда, онлайн білім алушылар өзге күндізгі, кешкі бөлімдей іштей оқитын білім алушылармен бірдей тең құқыққа ие. Сонымен қатар онлайн курстың тыңдаушысы жырақта болса да, өзіне қажетті білім ресурстарын пайдалана алады және де оқытушымен тікелей байланыса алады, оқу барысында түсінбеген сабақтың тұстарына, мазмұнына қатысты сұрақтарын сол сәтте-ақ қоя алады, сабаққа қатысты туындаған өзекті мәселелерді бірлесе отырып шеше алады. Қашықтан оқыту жүйесін онлайн немесе оффлайн түрінде ұйымдастыруға болады. Мысалы, қыс кезінде еліміздің кейбір аймағында табиғаттың қаталдығына байланысты және тағы да басқа себептермен орта мектептерде сабақ кейде уақытша үзіліп қалады. Осындай кездерде де сабақты тоқтатпай онлайн не оффлайн жүйесімен оқытуға болар еді. Әрине, қашықтықтан оқу үдерісі – мемлекет пен билік тарапынан материалдық-моральдық тұрғыдан қолдауды және білім мекемесінен жағдайға орай ұйымдастыруды қажет ететін оқу жүйесі.

Онлайн оқу үдерісінде жекелеген және жалпы пәндерден білім алумен қатар білім алушы өзінің білімін тереңдете отырып, өзін-өзі өсіру, жеке тұлға ретінде дамыту мүмкіндігіне қол жеткізе алады. Онлайн оқытудың басты ерекшеліктері:

1) оқытудың онлайн форматы,

2) оқудың практикаға бағытталуы,

3) өзіндік ізденіске жетелейтін кеңес-бағдар беруі болып табылады.

Онлайн оқыту жүйесінің дәстүрлі оқыту саласынан өзіндік артықшылықтары да бар. Білім алғысы келген кез келген талапкер жас ерекшелігіне қарамастан өзінің мүмкіндігіне қарай және қалауы бойынша таңдаған пәні, мамандығы бойынша білім ала алады. Онлайн оқытуда адам бойындағы әлдебір ерекшеліктеріне қарамастан шектеусіз білім ала алады. Меңгере алмаған тақырыбын өз қалауынша бірнеше рет қайталап оқиды. Адам қалауына қарай: кез келген уақытта, кез келген жерде оқи алады, ал онлайн сабаққа әрқашан ғаламтор ғана қажет. Арнайы бейімделген сайт ресурсы білім алушының қондырғысының рұқсатымен орналастырылады және сан алуан экрандармен/дисплейлермен ыңғайлы жұмыс істеуді жүзеге асыра алады.



Онлайн оқытуда білім алушы қалай оқитынын өзін шешеді. Жеке дара білім алуға немесе топпен бірге білім алуыңызға болады. Жеке дара оқу жүйесінде оқытушы тек бір ғана тыңдаушымен тікелей жұмыс істейді, оқудың жоспары тек бір ғана адамға арналады, білім алушы ешкімнен де қысылып-қымтырылмай көкейінде туындаған мәселелерді ашық айта алады. Сонымен бірге топта бірлесіп оқу жүйесі де өзіндік артықшылықтарға ие. Мысалы, тыңдаушы басқа білім алушылармен бірге оқи отыра, олармен қарым-қатынасқа түсе алады. Басқа сабаққа қатысушылардың көмегіне жүгіне алады. Бір-біріне көмектесіп, алған білімдерімен алмаса отырып, бір-бірінің білім деңгейін бағалай және өзгелермен өзінің нәтижесін салыстыра алады.

Қашықтықтан оқыту жүйесі басты екі сала бойынша жүзеге асырылады. Онлайн және оффлайн жүйелері бойынша оқу бағыты ұйымдастырылады. Енді осы екі оқу жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталсақ. «Онлайн» термині ағылшын тілінің «to be on line» – желіде болу деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан[2,б.52]. Бұл термин ғаламтор жоқ кезде-ақ, яғни компьютер коммутаторлық телефонмен немесе желілік модем қосылатын уақытта пайда болған. Бұндай электронды (BBS) тақтаға осылайша қосылып, өздеріне жіберілген хабарламаны оқып, оған жауап беретін және пікір алмасатын еді. Байланыс үзілген жағдайда (BBS) тақтасын пайдаланушылар оффлайн жағдайына ауысатын. «Онлайн» термині барлық жағдайда екіжақтың тікелей байланысуы, пайдаланушылардың ғаламторда ашық қарым-қатынасқа түсуі болып табылады, ал оффлайнда бұндай мүмкіндік жоқ. «Оффлайн» термині де ағылшындардың «off line» сөзінен шыққан, мағынасы желіден үзілген, автономды деген мағынаны білдіреді. Мысалы, оффлайн – перифериялық қондырғы, ол пайдаланушының компьютеріне қосылмаған. Бірақ сайттың қажетті ақпаратын, парағын өз компьютеріне сақтау арқылы, ғаламторға кірмей-ақ, автономды – оффлайн жүйеде қолдануға болады. Арнайы оффлайн-браузерлер бар, бұндай браузерлер сайтты толығымен жүктеп алуға мүмкіндік береді. Оффлайн түрінде оқыту дегеніміз – сабақты алдын-ала жазып дайындап, сайт салып қою. Онлайн жүйесі әрқашан қол астында ғаламтордың болуын қажет етеді. Ғаламтор жоқ жерде оқи алмайды. Оффлайнның артықшылығы ғаламтордың үнемі болуын қажет етпейді. Оффлайн сабақ алдын-ала дайындалады, сондықтан ұйымдастырудың барлық сәттерін ұтымды ету мүмкіндігіне ие, алайда, кемшілігі байланыс тікелей емес. Бүгінгі білімді студент – ертеңгі білікті маман. Адам өз арманына, таңдаған мамандығына тек біліммен, арнайы кәсіби білім алумен ғана қол жеткізеді. Бұрын арнайы білім ордаларына келіп оқып, дипломды маман болу мүмкіндігіне бәрінің бірдей қолы жете бермейтін еді. Ал енді кез келген адам өз мүмкіндігіне қарай жоғары немесе арнайы орталау білімді оқу орнына қажетті саласына қатысты қашықтықтан оқу үдерісі бойынша арнайы академиялық білім ала алады. Қашықтықтан оқыту саласы – талайдың арманын жүзеге асыруына мол мүмкіндік беретін жаңа бағыттағы оқу жүйесі.

Пайдаланған әдебиеттер



1. kaznu.kz. сайты, негізгі бет. Б.1;

2. Мир науки и техники/3 Июнь, 2013 - 19:52.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау