ҚашықТЫҚтан оқыту факультеті


Қазіргі жағдайда ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі



жүктеу 0,84 Mb.
бет3/11
Дата04.06.2022
өлшемі0,84 Mb.
#38849
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Асанов курсовая работа

1.2 Қазіргі жағдайда ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі


Бастапқы кезеңде ШОБ-тің өміршеңдігінің төмен болуы көбіне эндогенді және экзогенді факторлармен байланысты. Негізгі эндогендік фактор бизнесті құрушының және оның командасының өзінің бизнес жобасын жүзеге асыруға даярлық деңгейінің жеткілікті болмауы, ол нормативтік құқықтық, нарықтық заңдар мен жағдаяттарды, басқару құзыретінің негіздерін жете білмеуден байқалады. Экзогенді факторларға: сыртқы орта компоненттерінің өзгергіштігі, ұзақ мерзімді инвестициялау үшін қаржыландыруға қолжетімділіктің шектеулі болуы немесе болмауы; ШОБ және технологиялық институттар мен ғылыми зерттеу мекемелерінің арасында байланыстың болмауы немесе әлсіздігі; ШОБ, сатып алушылар және жеткізушілердің арасындағы ақпараттар мен байланыстардың ашық болмауы; нарықтық ақпаратқа және нарықтық білімдерді әзірлеуге қолжетімділіктің шектеулі болуы; сервистік және сұранысқа бағдарланған бизнес ұйымдар мен мекемелерді қоғамдық қолдаудың болмауы немесе әлсіздігі; төрешілдік және бизнес экологиялық кедергілер жатады.
Аталған проблемаларды еңсермей шағын кәсіпорындардың пайда болуы және қарқынды дамуы, ал одан кейін олардың орта кәсіпорындар санатына өтуі мүмкін емес. Бұл ретте «өтпелі» компаниялар ретінде ұсынылған орта бизнес кәсіпорындары ірі бизнеске өтпеуі де, ал кейбір жағдайларда нарықтағы өз позицияларын жоғалтып алуы да мүмкін. Осыған байланысты нақ осы ШОБ кәсіпорындары тіршілік ету циклінің барлық кезеңдерінде: құру, қалыптастыру, жұмыс істеу және даму мемлекеттік қолдауды қажет етеді (1 кесте) [6, 60 б.].
Сонымен қатар кейбір елдерде ШОБ жаңа және шағын кәсіпорындарға үйлесімсіз соққы берген және ШОБ пен ірі фирмалардың арасындағы еңбек өнімділігіндегі алшақтықты елеулі ұлғайтқан 2007-2008 жылдардағы ғаламдық дағдарыстың ұзақ әсер етуімен әлі күресіп келеді. ЕО елдерінің ШОБ-не ҚР-на қарсы экономикалық санкциялар аса күшті залалын тигізді. Бұл алшақтық теңсіздіктің, оның ішінде көптеген елдерде жалақыдағы теңсіздіктің өсуінің маңызды факторы болып табылады[7].
Біздің ойымызша, ШОБ-ті мемлекеттік қолдаудың мәні ШОБ-ті қолдаудың мемлекеттік саясаты және ШОБ-тің дамуын мемлекеттік реттеу сияқты ұғымдар арқылы ашылады.
ШОБ субъектілерін мемлекеттік қолдаудың мәні ШОБ субъектілерін мемлекеттік қолдау және ШОБ дамытуды мемлекеттік реттеу сияқты тұжырымдамалар арқылы толық ашылады.
ШОБ қолдаудың мемлекеттік саясатына сәйкес шағын және орта бизнес секторында ұлттық мүдделерді көрсететін мақсаттар жиынтығын, мемлекеттік басқарудың стратегиясы, тактикасын және міндеттерін, басқару шешімдерін және шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі атқарушы билік органы әзірлеген және іске асыратын әдістерді түсіну қажет.
ШОБ-ті мемлекеттік қолдау саясаты дамыған және дамып келе жатқан елдерде де жүзеге асырылады. КСРО кезінде басталған нарықты жекешелендіру және қайта реттеу, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың және өсіп келе жатқан әл-ауқат технологиясының дамуы және тауашалы нарықтың дамуы, сондай-ақ бәсекеге қабілеттіліктің шешуші көзі ретіндегі экономиканың маңызының төмендеуі дамыған елдерде ШОБ-ті қолдау саясатын әзірлеуге және жүзеге асыруға алғышарт болды.
Дамып келе жатқан елдер жағдайында ШОБ-ке көмек көрсетуге бағытталған саясат, өнеркәсіп саясатының маңызды аспектілері және БҰҰ, АДБ, ЕҚҚДБ және басқа да халықаралық институттардың тарапынан көмек көрсетудің көпжақты бағдарламалары болды.

1 кесте
ШОБ кәсіпорындарының тіршілік жасау кезеңдері



Көрсеткіш

STARTUP

Өсу

Жетілу

Әртараптандыру

Өсудің шешуші факторлары

-Бизнес идея

-Сату және маркетинг
-Өндіріс
-Ресурс сатып алу

-Менеджмент
-Ішкі бақылау

-Жаңа нарықтарды айқындау

Мәнмәтіндік сипаттама

-Жас кәсіпорын

-Өсіп келе жатқан кәсіпорын

- Өсіп келе жатқан кәсіпорын

-Жетілген фирма

Құрылымдық сипаттамалары

-Қарапайым ұйымдастырушылық құрылымы
-Нысандандыру деңгейінің төмендігі -Мамандандырудың төмен деңгейі
-Орталықтандырудың жоғары деңгейі

-Функционалдық ұйымдастырушылық құрылым
-Нысандандырудың дамуы
-Мамандандырудың орташа деңгейі-
-Орталықтандырудың жоғары деңгейі

-Функционалдық ұйымдастырушылық құрылым
-Нысандандырудың дамуы -Мамандандырудың жоғары деңгейі-
-Орталықтандырудың жоғары деңгейі

-Дивизионалды ұйымдастырушылық құрылым
-Нысандандырудың жоғары деңгейі
- -Орталықтандырудың төмен деңгейі

Кәсіпкердің дағдылары

Мүмкіндіктерге қырағылығы

Мотивация

Басқарушылық қабілеттері

Кәсіпкердің мінез-құлқы

Мүмкіндіктерді айырып тану Мүмкіндіктерді пайымдау/визуалдандыру

Мүмкіндіктерді пайымдау/визуалдандыру
Мүмкіндіктерді меңгеру

Мүмкіндіктерді меңгеру
Бизнесті шоғырландыру

Бизнесті шоғырландыру Стратегиялық тетіктер
Мүмкіндіктерді айырып тану

Е с к е р т у – Дереккөз [8, 12 б.].

Егер мемлекеттік саясат «оларға жетуге бағытталған және сол мемлекеттің және оның органдарының орталықтардағы және жер-жерлердегі, елдегі және шетелдегі жолын, бағытын, мақсаттары мен міндеттерін және қызметтің өзін анықтаудан тұратын болса» ал ШОБ-ті мемлекеттік қолдау саясаты, біздің ойымызша, ШОБ-тің дамуы үшін атқарушы билік әзірлеген және жүзеге асырған ШОБ саласындағы ұлттық мүдделерді көрсететін мақсаттардың, мемлекеттік басқару стратегияларының, тактикалары мен міндеттерінің, басқару шешімдері мен оларды жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы.


Сонымен қатар, мақсаттар, стратегиялар, тактикалар, міндеттер мен әдістер әлемдік және ұлттық экономикадағы жағдаятқа сүйене отырып қайта қаралуы мүмкін.
ШОБ экономикада маңызды функциялар атқарады. Кәсіпкерлік функциялары оның маңызды қасиеттерін көрсетеді: инновациялық (творчествалық) – жаңа коммерциялық идеялар туғызу және жүзеге асыру; ресурстық – материалдық, қаржылық, еңбек, ақпараттық ресурстарды жұмылдыру; әлеуметтік және экономикалық (2 сурет)


2-сурет. Шағын және орта бизнестің функциялары


Кәсіпкерлікті дамыту факторларының ықпал ету тетігі бойынша әлеуметтік-психологиялық, ұйымдастыру-құқықтық және қаржылық-экономикалық деп бөлінеді. Факторлардың үш түрі де өзара байланысты және өзара ықпалының үлкен болуымен сипатталады.


ШОБ-тің бәсекеге қабілеттілігін арттыру нақты алғышарттар мен өзара байланысты араласуды қажет етеді (2 кесте). ШОБ-тің соңғы екі онжылдықтың ішіндегі дамуын зерделеу тәжірибесі келесі фактілерді анықтауға мүмкіншілік берді:

2 кесте
Бәсекеге қабілеттікті анықтаушы факторлар



Деңгей

Сипаттама

Жағдай

Микродеңгей




- тиімділікті, сапаны, икемділікті, жауапкершілікті жақсарту бойынша фирмаішілік күш салу;
- бизнес стратегия
- ресми және бейресми ынтымақтастық, желілер, қауымдастықтар, ұжымдық оқыту

Мезодеңгей

Индустрияның бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған саясат

-өнеркәсіптік саясат;
-білім саласындағы саясат;
-технологиялық саясат;
-қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат;
-өңірлік саясат;
-экспортты ілгерілету саясаты;
-экономикалық ілгерілеу;
-жергілікті саясат; -инфрақұрылым

Макродеңгей

Бәсекелестікке бағдарланған тұрақты, макроэкономикалық, саяси, құқықтық жағдайлар

-трестке қарсы саясат; -сауда саясаты;
-тұтынушыларды қорғау;
-валюта алмастыру саясаты;
-монетарлық саясат;
-бюджеттік саясат

Метадеңгей

Саяси және экономикалық құрылымның дамуына бағдарланған

-бәсекелік экономикалық жүйе;
-оқытуды және өзгерістерді қамтамасыз ететін құндылықтар жүйесі;
-болжамдар мен стратегияларды анықтау әлеуеті;
-ұжымдық жады;
-әлеуметтік ұйымшылдық;
-әлеуметтік саясат;
-кәсіпкерлердің әлеуметтік мәртебесі

Е с к е р т у – автор құрастырған

ШОБ-ті мемлекеттік қолдау саясатын жүзеге асырудың қолданбалы аспектісі ШОБ-ті дамытуды мемлекеттік реттеу құралдарында көрініс табады. Мемлекеттік реттеудің мақсаты – ШОБ-ке, ол мемлекеттің саясаттың бағытымен анықталған мақсаттардың шегінде дамитындай тікелей және жанама әсер етумен тұжырымдалады.


Кәсіпкерліктің тиімді дамуы келесі негізгі факторлармен қамтамасыз етіледі:
Мемлекеттің кәсіпкерлікті дамыту жағдайларын қалыптастыруы. Қолайлы институционалдық орта құру кәсіпкерлік субъектілері санының өсуінің, ШОБ-ке инвестициялардың түсуінің және ШОБ субъектілерінің экономикалық белсенділігін күшейтудің алғашқы кезектегі шарты болып табылады. Осы нәтижелердің барлығы, өз кезегінде, ШОБ-тің жұмыс істеуінің қолайлы экономикалық ортасын қалыптастырады.
Экономиканың жағдайы, кәсіпкерлікті дамыту үшін ресурстардың болуы және қолжетімділігі. Сонымен қатар, ШОБ субъектілері экономикаға оң ықпал ете отырып қосылған экономикалық құнды түрлендіреді, олар экономикалық жағдаятқа тәуелді болады, өйткені ол олардың өнімдеріне (көрсетілетін қызметтерге) сұраныс қамтамасыз етеді, сондай-ақ инвестициялық капитал тарту жағдайын анықтайды.

жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау