ҚашықТЫҚтан оқыту факультеті



жүктеу 0,84 Mb.
бет1/11
Дата04.06.2022
өлшемі0,84 Mb.
#38849
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Асанов курсовая работа


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФАКУЛЬТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК КАФЕДРАСЫ
Пәні: Кәсіпкерлік
Тақырыбы «Қазіргі экономикадағы шағын және орта кәсіпкерлік»

Орындаған: Э-20-1ж/бқ студенті


Асанов Жақсылық Қамашович

Тексерген:_________________


ҚАРАҒАНДЫ 2021


МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ 4
1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Шағын және орта бизнес экономикалық маңызы және мәні 7
1.2 Қазіргі жағдайда ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі 9
1.3 Шет елдердің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесі 14
2 ӨҢІРДЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ТАЛДАУ 17
2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайын талдау 17
2.2 Қарағанды облысындағы шағын және орта бизнесті талдау 24
2.3 «Грандстрой» ЖШС мысалында аймақтағы шағын және орта бизнестің негізгі мәселелері 29
3 ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 34
3.1 Қарағанды облысындағы шағын және орта бизнестің дамуындағы негізгі мәселелер 34
ҚОРЫТЫНДЫ 41
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 43




КІРІСПЕ


Шағын және орта бизнес – кез-келген экономиканың тірегі болып табылады. Ғаламдық COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдайды жариялағаннан кейінгі шағын және орта бизнесті қолдау өте өзекті және маңызды шешім екені сөзсіз.
Қазақстанда 1 млн 300 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі бар. Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен халықты, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаветың тапсырмасымен ҚР Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі бірқатар жедел іс-шаралар қабылдады.
Сондай-ақ елімізде коронавирус пандемиясына жол бермей, бизнесті қаржылық жағынан қолдау және қарызға батып қалмауы үшін дағдарысқа қарсы қосымша шаралар қабылданып жатыр. Мысалы, елдегі төтенше жағдайға байланысты шағын және орта бизнесті қолдау үшін жеңілдікпен кредиттеу қамтамасыз етілді.
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев «Коронавирустан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп шағын және орта кәсіп иелерінің айналым капиталы үшін 8% мөлшерлеме бойынша 1 жыл мерзімге 600 млрд тг сомаға жеңілдетілген несие беруді тапсырамын», - деп жазды Тоқаев интернет желісіндегі парақшасында [1].
Оның айтуы бойынша Ұлттық банк қарыз алушыға қаражатты берудің нақты тәсілін ұсынуға міндетті.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, зерттеу тақырыбының өзектілігі ретінде инновациялық типтегі экономикаға өту жағдайында әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін табысты шешуде шағын және орта бизнестің (бұдан әрі – ШОБ) рөлінің өсуінің объективті процестері себеп болып, бұл шағын және орта бизнесті мемлкеттік қолдау тетіктерінің мәнін түсіну мәселелерін жатқызамыз.
ШОБ-ті мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру мәселесі стратегиялық маңызды болып табылады, өйткені экономика эволюциясының заманауи кезеңінің негізгі тренді экономикалық өсудің ең маңызды ресурсы ретіндегі адам капиталы рөлінің жоғарылауымен байланысты, ал адам капиталының жетекші элементтерінің бірі - тек тиісті жағдайлар болған кезде кәсіпкерлік қызмет үшін оң стимулдар тудыратын қоғам үшін маңызды экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған, кәсіпкерлік белсенділік нысанында жүзеге асырылуы мүмкін болатын кәсіпкерлік талант болып табылады.
З ерттеулерге сәйкес қазіргі уақытта Қазақстанда, Ресейде және басқа да посткеңестік елдерде кәсіпкерлік әлі де жете дамымаған. Мәселен, егер дамыған елдерде елдің ЖІӨ-гі ШОБ-тің үлесі 40-дан 90%-ға дейін құраса, Қазақстанда ол шамамен тек 27%-ға, ал Ресейде - 20%-ға тең. Шағын және орта бизнестің даму деңгейінің төмен болуының тағы бір себебі – оған халықтың тарапынан теріс көзқарастың басым болуы.
ШОБ халықтың өз бетімен жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ете отырып, жалдамалы жұмыскерлер үшін жаңа жұмыс орындарын құра отырып, тек экономикаға ғана емес, әлеуметтік салаға да елеулі үлес қосуға қабілетті. Ол әлеуметтік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған экономикалық белсенділік тәсілі бола отырып, нарықты қажетті тауарлармен және қызметтермен толықтыруға ықпал етеді.
ШОБ-ті дамытуды жылдамдату мақсатында Қазақстанда көптеген іс-шаралар жүзеге асуда. Олардың қатарында: шағын және орта бизнес еліміздегі жұмыссыздықты азайтудың негізгі нысаны. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарлама жүзеге асқалы бері, елдімекен тұрғындарының табысы 6% артты. Кедейшілік деңгейі 5,9% дан 3,8%- ға қысқарды; Мемлекет тарапынан қаржы-несиелік және инвестициялық климат жасалып, шағын және орта бизнеске қаржы-несиелік және инвестициялық тұрғыдан қолдау жүргізілуде; Шағын және орта бизнесті жетілдіру жолында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қызмет атқарып жатыр; Ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамытуға көңіл бөлінуде. Бұл шараларды «Ауыл шаруашылықты қаржылық қолдау қоры» АҚ, «Казагрофинанс» АҚ жүзеге асыруда. Осы аталғандар негізінде кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жақсарту; ШОБ субъектілерінің қаржы ресурстарына, оның ішінде жеңілдікпен қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту; ШОБ субъектілерін акселерациялау, сондай-ақ кәсіпкерлікті дәріптеу сияқты басым мақсаттар қойылған.
Сондықтан, экономика үшін стратегиялық маңызды бағыттарда ШОБ-ті мемлекеттік қолдау жүйелерін жетілдіру жолдарын зерттеу қажеттілігі теориялық және практикалық тұрғыдан да маңызды және өзекті проблема болып табылады.
Зерттеудің өзектілігі жаһандану мен ақпараттандыруға байланысты қазіргі заманғы проблемалар ескі және жаңа пайда болған проблемаларды жедел шешуді, сол арқылы оларды «үлкен мәселеге» айналдырмауды, сондай-ақ әрекет етуші сүбъектілердің тиімділігін арттырудың жолдарын іздеуді талап етуімен расталады.
К.Ж. Альжаханованың, А.С. Васильевтың, А. Гайнетдиновтың, А.С. Махимовтың, А.С. Нурмаганбетовтың, С.С. Сейтжановтың, Ш.А. Тлеубергеновтың зерттеулері бизнесті қолдаудың институционалдық аспектілеріне арналған.
Алайда қазіргі таңда ШОБ-ті мемлекеттік қолдаудың көптеген аспектілері шешілмей қалып отыр, сол себепті зерттеу үшін осы тақырып таңдап алынды.
Осы курстық зерттеудің мақсаты - шағын және орта бизнестің жағдайы мен дамуын талдап, оны мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру бойынша теориялық қағидалар мен практикалық ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- шағын және орта бизнестің орта бизнес түсінігі, мемлекет экономикасындағы рөлін қарастыру;
- шағын және орта бизнесті қолдаудың шетел тәжірибесінің ерекшеліктерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау жүйесінің қалыптасуы қазіргі жағдайын талдау;
- Қарағанды облысындағы кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы мен даму көрсеткіштерін талдау;
- «Грандстрой» ЖШС-нің табыстылық көрсеткіштерін талдау
- шағын және орта бизнес субъектілерінің экономикалық дамуын ынталандыру жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі – Қарағанды облысы мен «Грандстрой» ЖШС.
Зерттеу пәні – ШОБ-тің басым бағыттарын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру барысында қалыптасатын экономикалық және басқару қатынастарының жиынтығы.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы – өңірдегі шағын және орта бизнестің басым бағыттарын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру бойынша теориялық қағидаларды негіздеу және практикалық ұсыныстар әзірлеуден тұрады және келесідей жағдайлармен орын алды:
- «Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау» ұғымының авторлық анықтамасы;
- ШОБ субъектілерін мемлекеттік қолдаудың даму жолдары банк секторының, сот органдарының, құқықтық жүйенің және жалпы экономиканың институционалдық ортасының сапасын арттыру жолымен ШОБ субъектілеріне қолдау көрсетуді жақсарту жолымен негізделген.
Курстық жұмыс құрылымы: жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау