Ашық аспандағы қара бұлттар Қазақстан және атыс қаруы Николас Флоркин, Дәурен Әбен және Тахмина Каримова «Атыс қаруына шолу»



жүктеу 1,18 Mb.
Pdf просмотр
бет9/33
Дата01.01.2020
өлшемі1,18 Mb.
#25673
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

16  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  17

Азаматтық атыс қаруы: бақылау астында

бірақ сұраныс бар

Бұл бөлімде халық қолындағы қару-жарықтың таралуы мен оның көздері 

қарастырылады, оларды бақылау үшін билік қолға алатын шаралары 

талқыланады және олардың Қазақстан ішінде қауіпсіздіктің болмауында 

ойнайтын рөлі бағаланады. Жалпы алғанда, халық қолындағы қару-

жарақтың мөлшері аз және билік оны мұқият бақылайтыны көрінеді. 

Дегенмен, қару-жарақтарға қол жеткізу мүмкіндігі және осыған қатысты 

қауіпсіздік мәселелері қалалық мекендерде көбірек алаң тудырады. 

Қылмыстық  іс-әрекеттерде  қару-жарақтар  сирек  қолданылғанына 

қарамастан, қару-жарақ қолданылған кісі өлтіру және тонау оқиғалары 

2006

–2010 жылдары аралығында артты.



Азаматтық сектордағы атыс қаруы

Жалпы халық

Үйлерге барып сауалнама жүргізу респонденттерінің шамамен 4.4 пайызы 

отбасы мүшелерінің кем дегенде біреуі қару-жараққа ие екенін көрсетті, 

солайша орташалағанда әрбір 100 отбасында бес қару бар (ЦИОМ, 2010). 

Қолдағы қару-жарақтардың ең жиі кездесетін түрлері аңшы мылтықтары 

(қаруға ие отбасыларды 61 пайызы), пистолеттер немесе револьверлер 

(22 пайыз), пневматикалық пистолеттер (6 пайыз), газ пистолеттері 

(4 пайыз) және пневматикалық мылтық (4 пайыз) болды; қалған қарулар 

басқа қару-жарақтар (1 пайыз) және белгіленбеген қару-жарақтар (2 пайыз) 

болып анықталды (ЦИОМ, 2010). Бұл нәтижеге сәйкес, Қазақстанның 4,15 

отбасына есептелгенде елдегі халық қолында 207 500 немесе сауалнаманың 

сенімді интервалын есепке алғанда шамамен 190 мың–225 мың қару-жарақ 

бар

11

. Демек, әрбір 100 қазақстандыққа 1,3-тен аз қару-жарақ келеді; бұл 



көрсеткіш төмен болып саналып, Қазақстанды халықаралық рейтингте 

142


-ші орынға қояды (Атыс қаруына шолу, 2007). 


16  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  17

 Халық арасында жүргізілген сауалнама респонденттері қару-жарақтың 

болуы сияқты құпия мәселелер туралы айтпауы мүмкін болғанына 

қарамастан, басқа дереккөздерге сәйкес 190 мың–225 мың саны Қазақстандағы 

халықтың қолындағы қару-жарақтың шамамен алғандағы дұрыс мөлшері. 

Бұған дейін жасалған зерттеулер де Қазақстанның 16,6 млн. халқының 

қолындағы қару-жарақ аз екенін тапқан. Бұдан бұрын жасалған талдауда 

100


 мың–300 мың қару-жарақ диапазоны ұсынылған болатын (Атыс қаруына 

шолу, 2007). 2010 жылы Ішкі істер министрлігі (ІІМ) 139 мың-нан астам 

қару-жарақ иесін тексергенін мәлімдеді (ІІМ, 2010a)

12

.



 Сауалнамада қару-жараққа ие болудың себебі анықталып, қалалық 

және ауылдық мекендер арасындағы айырмашылықтар көрсетілді. 

Ауылдық мекендерде респонденттердің тек 16 пайызы мекендеріндегі 

адамдардың қару ұстауға бірінші үш себеп ретінде қылмыс істеу мақсатын 

көрсетсе, 74 пайызы аң аулауды көрсеткен

13

. Бұған қарама-қарсы, қалалық 



мекендердегі респонденттердің 45 қылмыс істеу мақсатын бірінші үш 

себеп ішінде көрсетті, ал аң аулауды тек 37 пайызы атаған (ЦИОМ, 2010). 

Сауалнама жауаптарына сәйкес қару-жараққа қол жеткізу мүмкіндігі 

ауылдық мекендермен салыстырғанда қалалық мекендерде жоғарырақ 

болады (4-ші суретті қараңыз). 

Оңай


Мүмкін

Қиын


Білмеймін/жауап беруден бас 

тартамын


0

10

20



30

40

50



60

4-ші сурет 



«Сіз қалай ойлайсыз, Сіздің қалаңызда / ауылыңызда оқпен 

атылатын қаруды сатып алу жеңіл ме?» деген сауалнама сұрағына 

берілген жауаптар (жауап берушілер саны — 1500)

 Қалалық   Ауылдық

Ескертпе: Әр жолақтағы сызықтар сәйкес сенімді интервалды білдіреді.

Дереккөз: ЦИОМ (2010)


18  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  19

Жеке-меншік күзет компаниялары

Алғашқы  жеке-меншік  күзет  компаниялары  Қазақстанда  1990-шы 

жылдардың басынан ортасына дейін пайда болды, бірақ оларға қатысты 

заңды үкімет тек 2000 жылы қабылдады, атап айтқанда Күзет қызметі 

туралы  заң  (Баекенов,  2004;  ҚР,  2000b).  Ол  жеке-меншік  күзет 

компанияларына күзет қызметтерін атқару үшін Мемлекеттік күзет 

қызметінен (ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен оның аймақтық 

бөлімшелері құрамында) лицензия алу талабын қояды (ІІМ, 2004).

 Қазақстан Республикасының күзет ұйымдары ассоциациясының мәліметі 

бойынша 2010 жылы Қазақстанда шамамен 3 мың жеке-меншік күзет 

компаниялары болды, оларда 60 мың-ға жуық адам қызмет ететін; бұл 

көрсеткіш 2001 жылмен салыстырғанда үш есе өскен (Ташимов, 2010; 

Васильева, 2002). Ал ІІМ болса, бұл салада шамамен 77 500 күзетші, оның 

ішіндегі 21 500 қызметкер екі компанияда, яғни темір жол операторы 

«Қазақстан темір жолы» компаниясында (14 мың) және «ҚазМұнайГаз» 

компаниясында (7500) жұмыс істейтінін мәлімдеді (Vesti.kz, 2010; Foster, 

2010

). Бұл сандарға сүйенсек, Қазақстанда жеке-меншік күзетшілердің 



саны полиция қызметкерлерінің санымен бірдей екенін анықтауға болады, 

себебі полиция қызметкерлерінің саны 2008 жылы 69 529 болатын (БҰҰЕҚБ, 

датасыз).

 Заң талаптарына сәйкес жеке-меншік күзет компаниялары қызметкерлерін 

қаруландыруға құқықты, бірақ үкімет «Қазақстан темір жолы» мен 

«ҚазМұнайГаз» компанияларының күшті қарсылығына қарамастан 2010 

жылдың желтоқсан айында бұл құқыққа кейбір шектеулер енгізді (Foster, 

2011


). Енді жеке-меншік күзет компанияларына иір ойықты ұзын және 

қысқа оқпанды қару-жарақты пайдалануға тыйым салынады және олар 

тек  тегіс  оқпанды  қару-жарақты  немесе  адамды  өлтірмейтін 

(«травматикалық») патрондармен оқпансыз қаруларды ғана қолдана 

алады. Сондай-ақ, олар «электр» қаруларды қолдануға құқылы (ҚР, 2000b; 

2010


b). Бұл өзгерісті енгізуден бұрын жеке-меншік күзет компанияларының 

қолында шамамен 7 мың иір ойықты қару-жарақ болды (Foster, 2011).

 Шетелдік күзет компанияларына Қазақстанда жұмыс істеуге тыйым 

салынады, ал шетелдік заңды тұлғалар мен басқа ел азаматтарына күзет 

қызметтерін  көрсетуге  немесе  Қазақстанда  жеке-меншік  күзет 



жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау