АқШ зейнетақы жүйесі


Әлемде зейнетақы төлемейтін мемлекеттер де бар



жүктеу 24,49 Kb.
бет6/11
Дата17.01.2022
өлшемі24,49 Kb.
#33050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
aksh zeinetak zhuiesi

Әлемде зейнетақы төлемейтін мемлекеттер де бар

Бұл тізімде ең бірінші орында –Танзания мемлекеті.

Біздің елде еңбек етіп, тұтынуға қажетті ақша-қаражаттардан бөлек, зейнетке шыққанда пайдаланатын ақша жинақтау міндетті. Қарттық келгенде зейнетақыны жұмыс өтіліңізге байланысты мемлекет бекітеді. Қазақстан Республикасында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, базалық зейнетақы төлемі 15 724 теңгені, ал ең төменгі зейнетақы 33 745 теңгені құрады. Көбіне, біз өзіміздің зейнетақы жүйесін дамыған мемлекеттермен салыстырамыз. Сондай-ақ, кейде наразылық білдіреміз. Алайда зейнетақы мөлшерлемесі төмен немесе зейнетақы мүлдем төленбейтін мемлекеттердің бар екенін білесіз бе?

Әлемде зейнетақы төленбейтін мемлекеттер санаулы. Бұл тізімде ең бірінші орында —Танзания мемлекеті. Танзанияның зейнет жасындағы адамдарының 95% өз-өздерін асырау үшін соңғы демі қалғанша жұмыс жасауға мәжбүр.

Иракта да зейнет жасындағылар мемлекеттің көмегіне арқа сүйей алмайды, себебі мемлекет қарттарға зейнетақы төлемейді, оның үстіне өмір сүру ұзақтығы бойынша ең төменгі мемлекет. 200 мемлекеттің ішінде 136 орында. Мұнда адамдардың басым бөлігі 70 жасқа жетпестен өмірден өтеді.

«Аспан асты елі» деп аталатын Қытайда егер сіз мемлекеттік қызметкер болсаңыз ғана мемлекет зейнетақы төлейді. Аспан асты елінде «балаларының моральдық және азаматтық парызы — өз қарт ата-анасын асырау тиіс» деп есептеледі. Егер ата-анасын асыраудан бас тартатын болса, қоғам алдында қысымға ұшырауы ғажап емес.

Ал Таиландтағы әрбір бесінші адам зейнетақының мүлде төленбейтініне, тіпті жоқ екеніне сенеді. Өйткені зейнетақы туралы біздегідей түсінік жоқ. Бірақ бұл елде зейнетақы қоры бар. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында мемлекет түбегейлі зейнетақы қорында модернизациялау жүрді және ол 3 деңгейден тұрды. 

Алғашқы деңгейі— мемлекеттік қызметкерлерге бұрыңғы зейнетақы қорлары бойынша мемлекет зейнетақымен қамтамасыз етеді, қалған зейнеткерлер әлеуметтік сақтандыру бойынша зейнетақымен қамтамасыз етеді. Екінші деңгей — мемлекеттік зейнетақы қоры және жинақтаушы қорлар. Үшінші деңгей — жеке қордан немем ерікті негізде төленеді. Егер жұмыс өтілі 15 жылдан аз болса Таиландта біздің теңгемізбен — 7 280 теңге көлеміндегі ең төменгі зейнетақы беріледі.

Индия азаматтарының да басым бөлігі зейнетақы алмайды. Тек зейнеткерлердің 12%-ы зейнетақымен қамтамасыз етілген. Әрі Қытайдағыдай зейнетақы тек мемлекеттік қызметкерлерге қарастырылған. Өйткені бұл екі елде де адам саны миллиардтан асады. Олардың бәріне зейнетақы төлесе бюджеттің шақ келмейтінін ескеру керек. 

Индияда зейнетақы алмайтын азаматтар қаржылық қамтамасыз етуді өз отбасыларынан, әлеуметтік бағытталған бағдарламалардан және жеке, діни қорлардан алады немесе зейнетақысын өз беттерінше жинайды. Бұл мемлекетте кәрілер саны жылдан жылға өсуде, бүгінде 100 миллион адамнан асады.



Әлем елдерінде ерлер мен әйелдердің зейнет жасы қандай?

Ұлттық экономика министрлігі, Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2018 жылғы есеп бойынша Қазақстанда 2 192 549 зейнеткер бар. Ал зейнетақының орташа мөлшері - 54 387 теңге болса, зейнетақының ең төменгі мөлшері - 33745 теңге




жүктеу 24,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау