Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет72/92
Дата25.05.2018
өлшемі5,08 Kb.
#17303
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   92

 
178
 
5.  Орындаушы  құжатпен  жұмыс  істей  отырып,  оған  жауап 
дайындайды,  содан  кейін  басшының  қол  қоюына  ұсынады  (жауапты 
дайындау кезінде пайдаланған ілеспе құжаттармен бірге). 
 
6.  Хатшы  (қажет  болған  жағдайда)  құжаттың  орындалуына 
бақылау жасайды. 
 
7. Хатшы орындаушыдан бастама тудырған хатты (инициативное 
письмо)  алып,  оны  бұдан  əрі  сақтау  жəне  пайдалану  үшін  тиісті  іс 
папкасына тігеді, ал жауапты адресатқа жібереді. 
Бұл  аталғандарды  тұжырымдап  айтсақ,  ұйымның  құжаттама 
қызметі  кіріс  құжаттары  бойынша  төмендегідей  операцияларды 
атқарады: 
1) құжаттарды қабылдау жəне экспедициялық өңдеу; 
2) құжаттарды тіркеу; 
3) құжаттарды ұйым басшысына қарауға тапсыру; 
4) құжаттарды орындауға тапсыру; 
5) құжаттардың мерзімінде орындалуын бақылау. 
Құжат салынған конверттер құжаттама қызметінде ашылып, оның 
дұрыс  жеткізілгендігі,  құжаттар  орамының  бүтіндігі  тексеріледі.  Егер 
құжаттар  толық  болмай  шықса  немесе  бүлінген  жерлері  болса,  онда 
соңғы  парағының  төменгі  бөлігіне,  сондай-ақ  тіркелімдік  есепке  алу 
формасының  «Ескертпе»  бағанына  тиісті  белгі  салынып,  бұл  туралы 
жіберуші жаққа мəлім етіледі. Жіберуші жаққа жолданатын хабарлама 
қағаз  акті  түрінде  еркін  формамен  үш  дана  етіп  жасалады.  Бірі 
жіберушіге  бағытталса,  екіншісі  –  ұйымның  құжаттама  қызметінде 
қалады, үшіншісі – орындаушыға (орындаушыларға) беріледі. 
Жіберушінің  мекен-жайын,  жіберілген  жəне  құжаттың  алынған 
күнін  (уақытын)  анықтауда  қажеттілігі  болмаса  кіріс  құжаттары 
салынған  конверт  жойылуға  тиіс.  Азаматтардың  өтініші  жəне  жеке 
құжаттар салынған конверттер сақталады. 
Алынған  құжаттарға  тіркеу  мөртабаны  қойылады.  Тікелей 
құрылымдық  бөлімшелерге  немесе  лауазымды  тұлғаларға  арналған 
құжаттар өз мекен-жайына тапсырылады. 
«Жеке  өзіне»  («Лично»)  деген  белгісі  бар  конверттер 
ашылмайды, жіберілген иесіне сол күйі беріледі. 
Жаңылыс  келген  корреспонденциялар  пошта  бөлімшесіне 
қайтарылады. 
Құжаттама  қызметі  келіп  түскен  құжаттарды  мазмұнына  сəйкес 
ұйым  бойынша  белгіленген  функциялық  бөліністерге,  қызметкерлер 
арасындағы  міндеттер  мен  өкілеттілік  сипаттарына  қарай  тарату  үшін 
алдын-ала қарап шығады. 
Алдын-ала  қараудың  бірінші  кезеңінде  келіп  түскен  пошта 
тіркелетін жəне тіркелмейтін құжаттарға сортталады. Бұл іс Құжаттама 
қызметінде тіркелмейтін  құжаттар  тізбесіне  сəйкес  жасалады.  Мұндай 
тізбені əр ұйым өзінше, қызмет түрінің ерекшеліктеріне қарай жасайды 


 
179
(Тізбе Іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа қосымша тіркелгені 
жөн). Мұнан соң тіркелетін құжаттар мынадай топтарға бөлінеді: 
1)  басшылық  атына  жіберілген  немесе  құрылымдық  бөлімше 
атаулары көрсетілмей жолданған құжаттар; 
2) азаматтар өтініштері;  
3) құрылымдық бөлімшелерге жолданған құжаттар. 
Тіркелмейтін 
құжаттар 
ұйымның 
тиісті 
құрылымдық 
бөлімшелеріне (тиісті лауазымдық тұлғаларға) тапсырылады. 
Тіркеуден  өткен  құжаттардың  негізгі  бөлігі  ұйым  басшысына 
қарауға  беріледі.  Мынадай  орындардан  жолданған  құжаттар  ұйым 
басшысына міндетті түрде қарауға берілуі тиіс: 
1) Қазақстан Республикасы Президент Əкімшілігінен; 
2)  Қазақстан  Республикасы  Парламент  Сенаты  Аппаратынан, 
Қазақстан Республикасы Парламент Мəжілісі Аппаратынан; 
3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен; 
4) орталық атқару органдарынан; 
5) мəслихаттардың аппараттарынан жəне əкімдерден; 
6) жоғарғы органнан келген құжаттар; 
7)  ұйым  қызметінің  принциптік  мəселелері  туралы  ақпараты  бар 
немесе  жемқорлық  фактілері  жайлы  жазылған  азаматтар  өтініші  мен 
арыз-шағымдары; 
8) басшылықтың шешімін талап ететін құжаттар. 
Азаматтардың  тіркелген  өзге  өтініштері  ұйымның  тиісті 
құрылымдық  бөлімшелеріне  (тиісті  лауазымдық  тұлғаға),  азаматтар 
өтініштері бойынша жұмыс жүргізуге жауапты кісілерге жолданады.   
Құрылымдық  бөлімшелерге  жолданған  құжаттар  тіркеуден  өткен 
соң сол бөлімшелердің басшыларына табыс етіледі. 
Құжаттарды 
қарау 
қорытындылары 
ұйым 
басшысының 
бұрыштамасынан  көрініс  табады.  Орындалуы  бірнеше  құрылымдық 
бөлімшелерге  жүктелген  құжаттардың  көшірмелері  атқарушыларға 
кезегімен  немесе  бəріне  бір  мезгілде  беріледі.  Ал  сол  құжаттардың 
түпнұсқалары  қарарда  бірінші  аталған  жауапты  атқарушы  тұлғаларға 
тапсырылады.   
Құжат  атқарылуға  келіп  түскен  күні беріледі.  Тез  арада  орындау 
қажет  болған  жағайда  атқарушының  құжатпен  басшылық  қарамай 
тұрып танысып шығуына болады. 
Егер  құжат  құрылымдық  бөлімшеге  немесе  орындаушыға 
құжаттама  қызметіне  соқпай  келіп  түскен  болса,  ол  ұйым  тəртібіне 
сəйкес тез арада тіркеуге берілуі тиіс. 
Электрондық құжат айналымы жүйесі жұмыс істейтін ұйымдарда 
қағаз  негізде  келіп  түскен  құжаттар  тіркеу  алдында  сканерленеді. 
Электронды  түрде  келіп  түскен  құжаттар  электрондық  қолтаңба  мен 
пакет  референсінің  сəйкестігі  тексерілгеннен  кейін  барып  тіркеледі. 
Электрондық  қолтаңбасы  жоқ  немесе  электрондық  қолтаңбаның 
сəйкестігі  тексерілмеген  электрондық  құжаттар  тиісті  қолдары 


 
180
қойылған,  заң  жүзінде  дұрыс  ресімделген  қағаз  негіздегі  құжаттары 
болғанда  ғана  электрондық  құжат  айналымы  жүйесіне  тіркеуге 
алынады.  
Электрондық  құжаттың  алынғандығын  куəландыру  ол  туралы 
жіберушіге куəлік жолдау арқылы жүзеге асырылады. Өз кезегінде бұл 
да электрондық құжат болып табылады.  
Электрондық  құжаттың  алынғандығы  туралы  оны  жіберушіге 
куəлік  жолданбайынша  ол  құжат  алынған  жоқ  деп  есептеледі.  Егер 
құжат  жіберушіге  куəлік  үш  күнге  дейін  келмесе  бұл  жөнінде  құжат 
алушыға  мəлімделуі  тиіс.  Сөйтіп  оны  қашан  алуы  қажет  екендігі 
жөнінде уақытын көрсетуі керек.   
Егер  куəлік  жіберушінің  алушыға  жолдаған  мəлімдемесінде 
көрсетілген  мерзімде  де  келмесе  құжат  жіберілмеген  деп  есептеледі. 
Куəлік белгіленген уақытта келмеген жағдайда жіберуші алушыға өзге 
байланыс  құралдары  арқылы  электрондық  құжаттың  ақпараттарын 
хабарлайды. 
 Жүйедегі 
электрондық 
құжатты 
тексеру 
сол 
жүйеде 
қолданылатын  электрондық  цифрлық  қолтаңба  құралдары  арқылы 
атқарылады.  Бұл  процесс  оларды  пайдалану  құжаттарына  сəйкес 
жүргізіледі жəне мынадай іс-шараларды қамтиды: 
1)  электрондық  құжат  деректемелерінің  белгіленген  форматқа 
сəйкестігін тексеру; 
2) 
электрондық 
құжаттағы 
электрондық 
цифрлық 
қолтаңбалардың түгел түпнұсқалығын тексеру; 
3)  электрондық  цифрлық  қолтаңба  тіркеу  куəлігінің  растығын 
тексеру; 
4)  электрондық  құжатқа  электрондық  цифрлық  қолтаңба  қоюшы 
барлық тұлғалардың өкілеттілігін тексеру. 
 Электрондық құжатты тексеру оңды нəтиже берген жағдайда, ол 
орындауға қабылданады немесе одан əрі өңделеді. 
Электрондық құжатты тексерудің кері нəтижесі конфликті жағдай 
деп  есептеледі.  Бұл  жағдайды  реттеу  куəландырушы  орталықтың 
қатысуымен жəне ақпарат саласындағы өкілетті мемлекеттік органның 
нормативтік  құқықтық  актілерінде  қарастырылған  тəртіп,  ереже 
бойынша  жүзеге асырылады. 
Келіп  түскен  электрондық  құжаттардың  компьютерлік  вирустері 
бары-жоғы міндетті түрде тексерілуі керек. 
 
5.2.4. Жіберілетін құжаттарды əзірлеу жəне тіркеу 
 
Жіберілетін 
жаттарды 
деу кезе дері 
 
1.  Жіберілетін  құжатты  Бөлімшедегі  (құжат  жобасы  жасалатын 
немесе  келісілетін)  Орындаушы  дайындайды.  Негізінен  Орындаушы 
құжатты өзсі ресімдейді, хатшы оның дұрыс ресімделуін тексереді. 


жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау