111
18.1. Егер осы жарғының ережелерінің бірі жарамсыз болса, онда оның
қалған ережелерге қатысы болмайды. Осы Жарғының жекелеген ережелерінің
жарамсыздығы оның қалған бөлігін тұтастай жарамсыз етпейді. Жарамсыз ереже
заң жол беретін жəне тиісті қатынастарды реттейтін ережеге ауыстырылады.
18.2. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін Жарғыға
өзгерістер мен толықтырулар акционерлердің жалпы жиналысының шешімі
бойынша енгізілуі мүмкін.
18.3. Осы Жарғыда көрсетілмеген Қоғам қызметіне қатысты мəселелер
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен реттеледі.
19. КҮШІНЕ ЕНУ
19.1. Осы Жарғы мемлекеттік тіркелген сəттен бастап күшіне енеді.
Акционерлердің Жалпы жиналысының 2007 жылғы «20» маусымдағы
Хаттамасының негізінде Қоғам акционерлерінің атынан
Атқарушы директор _____________________________
4.1.2. Штаттық кесте
Кез келген заңды тұлғаны (компанияны, кəсіпорынды, ұйымды,
фирманы) құрарда əуелі оның ұйымдық құрылымы мен штатын
айқындап алу керек. Бұл мəселені дұрыс əрі дер кезінде шешу заңды
тұлға (бұдан əрі – компания) құрылтайшыларына, олардың қандай
ұйымдық-құқықтық формалар мен меншік түріне жататындығына
қарамастан,
жоспарланған
экономикалық
көрсеткіштерге
қол
жеткізуіне мүмкіндік береді.
Ең алдымен ішкі нормативтік актілерге қатысты ұғымдарды
нақтылап алайық.
Компанияны +йымды +рылымы деген ұғымға келсек, бұл сол
компанияны дербес заңды тұлға ретінде ұстап тұрған барлық
бөлімшелердің, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктердің жиынтығы
жəне олардың иерархиялық сипаты (тік бағыныстылық жəне көлденең
өзара байланыс) болып табылады. Құрылымдық бөлімшелердің
атаулары иерархия (бағыныстылық) бойынша (басшылық, негізгі
қызмет орындары, көмекші қызмет орындары, қызмет көрсету
салалары т.б.) немесе топтарға бөлініп көрсетіледі.
Компанияны штат м7лшері немесе компания штаты
дегеніміз – компаниядағы жалдамалы қызметкерлер лауазымдарының
тізбесі жəне сандық мөлшері. Тізбеде құрылымдық бөлімшелер
(ұйымдық құрылымдар) бойынша лауазымдық жалақылар (таривтік
ставкалар), қосымшалар мен сыйақылар (пайыздық мөлшері немесе
жалпы сомасы) немесе еңбекке ақы төлеудің өзге де жүйелері,
сондай-ақ айлық жалақы қоры көрсетіледі. Ұйымдық құрылым сипаты
жазылып, штаттық кесте берілген құжат мəтіні, əдетте, кесте
112
формасында жасалады. Штат кестесіне енген лауазым атаулары
(штат бірліктері) жұмыс жəне жұмысшы кəсібі туралы Бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығында, Еңбек жəне халықты əлеуметтік
қорғау министрлігінің 2002 жылғы 22 қарашадағы № 273 бұйрығымен
бекітілген Басшылар, мамандар жəне 7зге де ызметтік лауазымдар
біліктілік аны тамалығында көрсетілген атаулармен сай келуі керек.
Таңдап алынған кандидаттарды белгілі бір лауазымға тағайындау
кезінде Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2005
жылғы 27 қаңтардағы № 43 бұйрығымен бекітілген Техникалы жəне
ызмет к7рсету кəсіптері (маманды тары) бойынша кəсіби
дайынды
пен
біліктілік
дəрежесін
куəландыру
ережелерін
басшылыққа алу қажет.
Компанияның ұйымдық құрылымы мен штат саны негізгі
ұйымдық-құқықтық құжаттар қатарына жатады. Оларды міндетті түрде
мемлекеттің өкілетті органы немесе компанияның өзі бекітіп,
елтаңбалы мөрмен куəландыруы тиіс. Аталған нормативтік актілерді
бекіту «БЕКІТІЛДІ» немесе «БЕКІТЕМІН» деген гриф қою арқылы
немесе бұйрық (қаулы,өкім т.б.) шығару арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік кəсіпорындарды жəне жарғылық капиталы толықтай
немесе едəуір бөлігі мемлекеттікі болатын компанияларды құру
кезінде бұл мəселе бұрын əзірленіп қойылған тұрпатты ұйымдық
құрылымдар (бұлар, əдетте, министрліктер (комитеттер, агенттіктер)
туралы ережелерге қосымша ретінде тіркеледі) мен штат санының
белгіленген лимиттері негізінде шешіледі. Мəселен, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі «Штат саныны
лимиттерін бекіту туралы» № 1433 қаулысымен 2000 жылғы 1
қаңтардан бастап республика министрліктерінің, агенттіктері мен
ведомстволарының, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының штат
санына байланысты лимиттері бекітілді. Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы
Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің территориялық
органдарын құру туралы» № 1920 қаулысымен олардың штат саны
жөніндегі жалпы лимиті 520 бірлік мөлшерінде болып белгіленді.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
жөніндегі агенттік төрағасының 2006 жылғы 4 тамыздағы № 188-ОД
бұйрығымен (Əділет министрлігінде 2006 жылғы 6 қазанда тіркелген,
№ 4375) Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің жалпы
мөлшері нормативтерін бекіту туралы ережелер бекітілді.
Ұйымдық құрылым мен штат санын белгілеу мəселелерінің
шешімі жеке меншік формадағы компанияларда күрделірек. Бұларда
ұйымдық құрылыммен тікелей басшының өзі немесе оның тапсырмасы
бойынша бухгалтерлердің, кадр қызметкерлерінің, заңгерлер мен
экономистердің шұғылдануына тура келеді. Тəжірибе көрсетіп
отырғандай, ұйымдық құрылым мен қызметкерлер саны көбіне-көп
стихиялы түрде белгіленеді. Диагностикалық жұмыстар (басқару
Достарыңызбен бөлісу: |