Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет28/92
Дата25.05.2018
өлшемі5,08 Kb.
#17303
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   92

 
63
203.  Электронды  құжат  айналымы  шағын  жүйесінің  жұмыс  істеуін 
қамтамасыз  ететін  қауіпсіздік  бөлімшесінің  жəне  ақпарат  технологиясы 
бөлімшесінің негізгі міндеттері: 
1) пайдаланушыларға деректер базасына кіруге сертификаттар беру; 
2)  шалғай  жұмыс  орындарына  сертификаттардың  анықтамалықтарын 
жіберу; 
3) пайдаланушылардың ашық кілт сертификаттарын шығару, есебін жүргізу, 
сақтау жəне қайтып алу; 
4) қауіпсіздік журналын жүргізу болып табылады.  
 
§ 1. Бірегейлендіру жəне сəйкестендіру 
 
204. 
Электронды 
құжат 
айналымы 
шағын 
жүйесінің 
əрбір 
пайдаланушысының шағын жүйеге кіру үшін өзінің аты жəне паролі болады. Шағын 
жүйеге  кіру  үшін  пайдаланушы  атын  жəне  паролін  енгізеді,  деректер  базасын 
басқару жүйесіне қосу арқылы шағын жүйенің дұрыс екенін тексереді.  
205.  Пайдаланушының  паролі  операциялық  жүйеде  қолданылатын  жүйелік 
кестелердегі  серверлерде  кодталған  түрде  сақталады.  Егер  Пайдаланушы  өзінің 
атын жəне қосу паролін ұмытып қалған жағдайда, онда шағын жүйені басқарушы 
парольді ауыстыра алады. 
206. Электронды құжат айналымының шағын жүйесінде парольді рұқсатсыз 
пайдалану  мүмкіндігін  азайту  үшін  пайдаланушының  кез  келген  уақытта  өзінің 
паролін өзгертуге мүмкіндігі бар. 
207.  Шағын  жүйені  басқарушы  пароль  жүйесіне  арналған  парольдің  ең  аз 
көлемін, пароль жұмыс істеген уақытта (күнде) латын немесе орыс символдарына 
ғана тəн шектеулер белгілей алады: 
 
§ 2. Кіру құқығына шектеулер қою 
 
208. 
Электронды 
құжат 
айналымының 
шағын 
жүйесінде 
пайдаланушылардың 
құқықтары 
туралы 
ақпарат 
бар 
шағын 
жүйені 
пайдаланушылардың деректер базасы жүргізеді. Шағын жүйе  пайдаланушыларға 
белгіленген  құқықтарға  сəйкес  олардың  шағын  жүйе  қызметіне,  тіркеу 
журналдарына жəне электронды сақталатын құжаттарға енуін бақылайды. Шағын 
жүйені  басқарушы  пайдаланушылардың  шағын  жүйенің  қызметіне,  сондай-ақ 
тіркеу журналына  кіру құқығын шектегені үшін жауап береді.  
209. Уəкілетті бөлімше орталық аппараттың мүдделі бөлімше басшысының, 
филиалдарда  –  филиал  басшысының  өтініші  бойынша  пайдаланушының 
құжаттарға кіру деңгейін белгілейді.  
210.  Пайдаланушы  шағын  жүйеге  кіретін  кезде  шағын  жүйенің  кіру 
деңгейімен  рұқсат  етілген  шағын  жүйенің  қызметіне  жəне  тіркеу  журналдарына 
ғана кіре алады.  
211.  Шағын  жүйеге  кіруге  бақылау  жасау  шағын  жүйенің  əкімшілігіне 
жүктеледі. 
212. Тіркеу журналдарында сақталатын құжаттарға кіру екі деңгейдегі нобай 
бойынша реттеледі: 
1)  бірінші  деңгейде  құжаттың  тіркеу  карточкасындағы  ақпаратқа  кіру 
реттеледі; 
2) екінші деңгейде – құжаттың мəтініне кіру реттеледі.  
213.  Электронды  құжаттарды  өңдеу  мен  өткізу  техникалық  құрал-
жабдықтары  орналастырылған  үй-жайға  кіру  тəртібін,  сондай-ақ  осы  үй-жайға 


 
64
кіруге  рұқсаты  бар  адамдардың  құрамы  Мекеменің  тиісті  нормативтік  құқықтық  
актілерімен белгіленеді.  
 
§ 3. Хаттама жасау 
 
214.  Шағын  жүйеде  электронды  қол  қоюды  пайдалануды  қоса  алғанда, 
жасалатын барлық іс-қимыл автоматты түрде жасалатын іс-қимылдар журналына 
белгіленеді. 
Электронды 
құжат 
айналымының 
шағын 
жүйесінде 
электронды 
құжаттардың қозғалыстарының бəріне хаттама жасалады. 
Пайдаланушылардың  құжаттардың  электронды  үлгілеріне  берілген 
өтініштердің  бəрі электронды құжат айналымының шағын жүйесінде құжаттардың 
электронды  үлгілеріне  берілген  өтініштердің  журналында  хаттама  жасалынады. 
Электронды  құжат  айналымының  шағын  жүйесінде  жасалған  құжаттардың 
көшірмелерінің есебі жүргізіледі.  
 
§ 4.  Ақпараттың тұтас жəне дұрыс болуы 
 
215. Деректерді апаттан жəне істен шығу кезіндегі бүлінушіліктерден ерекше 
қолданылатын  техникалық  жəне  жүйелік  бағдарламалық  құрал-жабдықтармен 
қорғайды. Серверлер кепілдік берілген электр қуатымен қоректендірілуі тиіс.  
216.  Шағын  жүйенің  əкімшілігі  машина  тасымалдаушыларына  арналған 
резервтік  көшіру  операцияларының  уақтылы  жəне  жүйелі  жүргізілуіне  жауап 
береді.  Деректер  базасын  резервтік  көшіру  операциясы  деректер  базасының 
басқару  жүйесінің  құрал-жабдықтарымен,  ал  құжаттардың  электронды  мұрағатын  
– операция жүйесінің құрал-жабдықтарымен жүргізеді.  
Электронды мұрағат ауысымдық тасымалдаушыларда (СD, DVD, MOD жəне 
басқалары)  ақпаратты  электронды  құжат  айналымының  шағын  жүйесіндегі 
құжаттар  серверінен  (бұдан  əрі  –  Құжаттар  сервері)  ауыстыру  негізінде 
ұйымдастырылады.  
Құжаттар  серверінде  электронды  құжаттар  мұрағатына  берілгенге  дейін 
электронды құжаттар сақталады. 
Шағын жүйе басқарушысы сессиялық режимде электронды құжаттарды ұзақ 
уақытқа сақтауға ауыстырады.  
Электронды  мұрағатқа  көшірілген  электронды  құжаттардың  көшірмелерін 
шағын жүйе басқарушысы Құжаттар серверінен алып тастауға міндетті.  
Бөлімшенің электронды құжаттарының электронды мұрағатқа дұрыс, толық 
жəне уақтылы көшірілуіне шағын жүйе басқарушысы  жауап береді. 
217.  Электронды  қол  қою  механизмін  пайдалану  есебінен  ақпараттардың 
шынайы  болуына  кепілдік  беріледі.  Шағын  жүйеде  жасалынатын  тапсырмаларға, 
тапсырмаларды,  құжаттарды  орындау  жөніндегі  ақпараттарға,  сондай-ақ  іс-
əрекеттерге пайдаланушының электронды қолы қойылады.  
218. Электронды құжат айналымының шағын жүйесіне сырттан кіру кезінде 
міндетті түрде байланыс арнасын шифрлеу қолданылады.  
219.  Қауіпсіздік  бөлімшесі  ақпарат  бөлімшесімен  бірлесе  отырып, 
криптографиялық қорғау құралдарына қойылатын талаптарды белгілейді.  
 
13-тарау. Қазақстан Республикасының Президенті Əкімшілігінен,  
Парламентінен, Үкіметінен келіп түсетін нормативтік құқықтық 
 актілердің есебін жүргізу  жəне сақтау тəртібі 
 


жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау