34
Мекемелер мен кəсіпорындарда басқаруды құжаттамалық
қамтамасыз ету жүйесін дұрыс ұйымдастыру үшін ұйым ішінде
құрылымдық бөлімшелер мен мамандардың қызметінде пайдалануы
үшін нормативтік-əдістемелік база – ұйымдық, нұсқаулық, əдістемелік
сипаттағы құжаттар:
● іс қағаздарын жүргізу нұсқаулығы;
● басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі туралы
ереже;
● қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары;
● ішкі еңбек тəртібі;
● таратылуы шектелген құжаттармен жұмыс жүргізу ережесі жəне
басқа да ішкі нормативтік актілер əзірленіп, бекітіледі.
Шағын кəсіпорындарда іс қағаздарын, əдетте, хатшы-референт,
басшының көмекшісі немесе директордың орынбасары жүргізеді. Бұл
қызметкерлер алдымен іс қағаздарын жүргізудің жұмыс жоспарын,
содан кейін іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты дайындайды.
Іс ағаздарын ж ргізуді лгілік ж мыс жоспары
«Арқау» ЖШС
«Арқау» ЖШС-де
іс қағаздарын жүргізу
жөніндегі нұсқаулық
БЕКІТЕМІН
Директор
___________ Н. Асанов
Жұмыстар атауы
Орындалу
мерзімі
Жауаптылар
1. Құжаттау
1. Кəсіпорын жұмысына қажетті құжаттардың
негізгі түрлерін анықтау. Басы артық жəне
ескірген құжаттарды айналымнан шығару.
2.
Құжаттардың
негізгі
түрлерін
ҚР
Мемстандарттарына сəйкес жетілдіру
3. Фирмалық бланкілердің нысандарын əзірлеп,
бекіту, көбейту
4. Кəсіпорындағы негізгі құжаттар түрлерінің
үлгілерін жасау
5. Кəсіпорын қызметкерлерін аталған үлгілерді
пайдалана
отырып
құжаттарды
ресімдеу
ережелерімен таныстыру
2. Құжаттармен жұмысты ұйымдастыру
1. Іс қағаздарының номенклатурасын жасау
2. Құжаттардың папкаларын бірыңғай нысанда
ресімдеу
3. Құжаттарды тіркеу, өткізу жəне сақтау тəртібін
белгілеу
4. Құжаттардың орындалуын бақылаудың
бірыңғай тəртібін енгізу
35
5. Басшының бекітуіне жататын құжаттардың
тізбесін жасау
6. Тіркеуге жатпайтын құжаттардың тізбесін
жасау
7. Іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты
жасау
8. Коммерциялық құпия құжаттармен жұмыс
жүргізудің бірыңғай ережесін енгізу
Директордың орынбасары
____________
Н. Оспанов
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар іс қағаздарын жүргізу кезінде
бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашада
қабылданған № 107-II «Əкімшілік рəсімдер туралы» заңы (4-8, 12-14,
16-20-баптар) жəне 2003 жылы 7 қаңтарда қабылданған № 370-II
«Электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы»
заңы, Қазақстан Республикасының СТ 1042-2001 «Ұйымдық-өкімдік
құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар» атты
мемлекеттік стандарты (Астана, 2002. -38 б.), 2003 жылғы 29 сəуірде
ҚР Мəдениет, ақпарат жəне қоғамдық келісім министрлігі Мұрағаттар
мен құжаттаманы басқару комитеті төрағасының № 33 бұйрығымен
бекітілген « аза стан Республикасы мемлекеттік +йымдарында
+жаттау мен +жаттаманы бас аруды т+рпатты ережелері»
талаптарын басшылыққа алулары тиіс.
Электрондық негіздегі құжаттар бойынша жүргізілетін жұмыстар
2004 жылғы 17 сəуірде ҚР Үкіметінің № 430 қаулысымен бекітілген
« аза стан Республикасы мемлекеттік органдарыны электронды
+жат айналымы ережесіне» сəйкес жүзеге асырылады.
Құжаттармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыруда кəсіпорында іс
қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық (ереже) ерекше маңызға ие.
Мекеменің меншік нысанына, көлеміне, атқаратын қызметінің
ерекшеліктеріне орай іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар да
əр түрлі болады. Дегенмен олардың барлығына бірдей ортақ сипат –
құжаттарды
əзірлеуге,
іс
қағаздарын
жүргізуге
қойылатын
қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарын ескере
отырып, мекемеде құжат айналымы жүйесін ұйымдастырудың тəртібін
белгілеу. Сондықтан да біз бұл ретте құрамында көптеген құрылымдық
бөлімшелері, филиалдары мен өкілдіктері бар мемлекеттік мекеме
үшін əзірленген іс қағаздарын жүргізу жөніндегі ереженің көлемді əрі
толық үлгісін қарастырып көруді жөн көріп отырмыз. Келтіріліп отырған
ереженің үлгісі ұйым ішінде құжат айналымы жүйесін ұйымдастырудың
қыр-сыры жайында толығырақ мəлімет алуға мүмкіндік береді.
Іс ағаздарын ж ргізу ж ніндегі ережені лгісі
36
____________________
Мекеменің атауы
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік мекемесінің
2007 жылғы «___» __________
№ ___ қаулысымен
бекітілген
Тіркеу № _____
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік мекемесінде іс қағаздарын
жүргізу ережесі
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің
Ақпарат жəне мұрағат комитетінің
Орталық сараптау-тексеру комиссиясы
2007 жылғы «___» __________
№ ___ хаттама
Алматы
2007
МАЗМҰНЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
§1. Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар
2-тарау. Уəкілетті бөлімше
3-тарау. Құжаттарды жасау жəне ресімдеу тəртібі
§1. Құжаттардың деректемелері, деректемелерге қойылатын
талаптар
§2. Құжатты əзірлеуге жəне ресімдеуге қойылатын талаптар
4-тарау. Мекеменің басқару құжаттарын əзірлеу,
күшіне енгізу жəне сақтау тəртібі
§1. Басқару құжаттарының жобаларын əзірлеу жəне қол қою тəртібі
§2. Басқару құжаттарын күшіне енгізу, сақтау жəне бөлімшелерге
жіберу
5-тарау. Мекеменің нормативтік құқықтық актілерді, басқару құжаттарын
жəне басқа да құжаттарды мемлекеттік тілден орыс тіліне жəне орыс
тілінен мемлекеттік тілге аудару тəртібі
6-тарау. Құжаттарды тіркеу
§ 1. Келіп түскен хат-хабарларды тіркеу тəртібі
§2. Жіберілетін жəне ішкі хат-хабарларды тіркеу тəртібі
7-тарау. Келіп түскен құжаттарды қабылдау, өңдеу жəне өткізу тəртібі
§1. Келіп түскен хат-хабарларды қабылдау жəне өңдеу тəртібі
§2. Келіп түскен хат-хабарларды өткізу тəртібі
8-тарау. Жіберілетін жəне ішкі құжаттарды əзірлеу жəне өткізу тəртібі
Достарыңызбен бөлісу: |