Қосымша Ә2.
ҰЕҰДЭ тұлғалық сауалнамасының жауап кілті
Ө - өтірік берілген жауап шкаласы
0-7 – төмен
8-15 – орта
16-23 – жоғары
Қосымша Б.
Студенттің проблемасы.
(Ертегі терапиясы)
Бұл оқиға ертеректе болған,... әрі өтірік. Отыз тоғызыншы аймақта, отыз оныншы патшалықта бір студент өмір сүрді. Ол өте қайғысыз, мұңсыз болды. Ол институтта ғылым қуып оқыды, ал егер де қандай да бір мереке, болмаса демалыс күні, әйтеуір бір жақсы күн болып қалса оны – үйінен де , институттан да таба алмайсың. Өйткені студент музыканы қатты тыңдағанды, дискотеканы, билегенді, өте жақсы көрді. Достарымен әңімелескенше сол жаққа кетіп қалатын. Оның достары өте көп еді. Ол барлығымен әңгімелескенді, өз жаңалықтарымен бөліскенді ұнататын. Осылайша студент өмір сүріп жатты, ол өз өміріне дән риза болды.
Сіздерге айта кететіндей бір тарихи оқиға болды. Жайлап қиын бір кезең жақындай түсті – ол сессия еді. Студент өзін күтіп тұрған қиын сәттерді білді және де сол қиындықтардың жарым жартысын басқаға аударғысы келді. Барлығы да өз кезегімен жақсы өтіп жатты, бірақ ол ойланбаған күтпеген жерден бір бойжеткен сұлуды кездестірді. Олқыз дүниедегі ең сұлу, ең ақылды, ең сүйкімді қыз еді. Студент ол қызыды алыстан көрді, ол институтқа кіріп келе жатқан болатын. Ол бойжеткен қызға жақындап бірдеңе айтқысы келді, бірақ сасқанынан ештеңе айта алмады. Бойжеткен қыз студентке қарап күлімсіреді, оның күлімсірегеніін көргенде студенттің бүкіл денесі қатып қалғандай болды. Міне олар бір-бірімен осылайша танысты. Осы күннен бастап студент өзінің институты туралы ойлауын мүлдем қойды. Ол өзінің әрбір бос секундын бойжеткенге қоңырау шалуға, оған хат жазуға немесе ол туралы ойлауға арнады. Ол бойжеткенді күнде күнде көргісі келді де тұрды. Ол оны үйінің жанынан күтіп алатын, жұмысына дейін шығарып салатын, кешке қайта күтіп алатын. Осы сәтте студентке достары қол ұшын бермесе, оның сессияны қалай тапсыратыны таңқаларлықтай жағдай еді.
Студенттің институтта үлгермей жүргенін көрген достары ол үшін лекция жазды, есептерін алып, қажетті семинарлары туралы хабарлып тұрды. Бұл жағдай ұзаққа созылмады. Бір қатал доцент студенттің сабаққа келмей жүргенін, қиын бақылау жұмыстарын жазбай жүргендерін, семинарларға қатыспай жүргенін байқап қалды. Доцент студентті тәрбиелегісі келді. Ол оған бір шарттпен есеп берді, егер ол есепті шығара алмаса деканға хабарлап стипендиясын бергізбеуге және институтпен қоштасатынын айтты.
Студент қатты қайғырды. Ол доценттің өзіне қырын қарағанын түсінді. Стипендиясыз болмайтынын, есепті шығара да алмайтынын ол түснді. Ол проспектілердің және көпірдің арғы жағындағы жатақханада басқаларға әрқашан көмектесетін, барлық істі шеше алатын Аспирант тұратынын естіді. Ол аспирантты іздеуге шықты. Студент жатаққананы іздеп таба алғанымен, ондағы этаждар мен есіктердің көптігі соншалық, Аспирантты қайдан табам деп қайғырды. Іздеудің де мәні жоқ еді. Өйткені барлық есіктерді ашып, барлық қабаттарға көтеріліп жүрем дегенше, уақытта бітіп, күнің де қалмайтын еді.
Студент айнаның алдында не істерін білмей дағдарып тұрды. Сол кезде студенттің есіне жолда кездескен Бойжеткеннің мүмкін емеснәрсені де кішкентай баланың ақылымен де шешуге болатынын айтқаны есіне түсті. Жан-жағына қарап тұрған студент жатақханаға келген адамдардың алдымен бір есікке кіретінін, содан соң керек жаққа өтетінін байқады.
О, Ғажап! Сыртқы есікті ашқан ол қайда қалай бару керек екенін айтып тұрған мейірімді вахтерді көрді. Әрине вахтер Аспирантты білетін еді, бірақ оған баратын жол жақын емес еді. Қандай жағдай болмасын, студент Аспирантты тапты, Аспирант оның есптерін шығарып, жақсылап түсіндіріп берді. Студент үйіне қайтып келе жатқанда жол қысқарып кеткендей болды. Ол жүріп келе жатқан жоқ, ол ұшып келе жатты. Жолда ол бойжеткенге кіріп, өз істерін айтып кетуді ұмытпады.
Студент доценттің айтқан мерзіміне үлгерді. Доцент оны күтіп отырды, достары да қатты қобалжыды. Студент институтқа ескі сумкасымен шыққан болатын, есеп шешуі сумкадан жолда түсіп қалыпты. Студент қайғырды, достары да қобалжыды. Мұндай жабырқауды көрген доцент қуанды. Доцент студенттің жағымсыз іс-әрекеттерін деканға айтуға бара жатқан кезде, қу және жалқау курстасы келіп қалды. Ол курстасын ешкім ұнатпайтын және оның келгеніне ешкімкөңіл аудармады. Бірақ ол курстас доцентке барып, студенттің Аспиранттан әкелген есебінің шешуін берді, ол есептің шешіміндетек өзінің атын жазған.Не істерін білмеген студент қатты састы. Дәл сол мезетте студенттің жанына баяғы бойжеткен келді, ол өз ақылын айтты. “Студент , өзіңді-өзің ұста! Сен соншалықты қиындықтарды басыңнан өткердің. Сен күресуге тиіссің! Саған стипендиясыз қалуға болмайды ғой”. Бойжеткенді студенттің достарыда қолдады. “Студент, сен есептің шешімін білесің ғой. Аспирант саған жақсылып түсіндірді. Доцентке ауызша айтып бер, курстасыңның алдын ора.” Доцент студентке сенбеді. Ол қалай сенсін, студент лекцияларға қатыспаған, семинарларды оқымаған ғой. Доцент кім есептің шешімін екіншісіне қарағанда жақсырақ айтса, сол студенттікі рас болады деп шешті.
Жарыс басталды. Доцент алдымен есептің шешімін курстастың айтуына ұсынды.Курстас есептің тек жауабын білетін еді, басқа ештеңе білмейтін, студент есептің шешімін неғұрлым қысқа жазуға тырысты. Кезек студентке келгенде оның дәлелін бөліп жіберуден барлығы қорқып, үндемей тыңдады. Ол жауапты нақты түсіндіріп бере алды, өйткені Аспирант оған өте тыңғылықты түсіндіріп берген болатын. Студентке айтып беру қиынға түспеді. Әрине осыдан кейін доцент студентке степендиясын да берді, институтттан қумауға да рұқсат берді. Ал курстас ұрыс естіді, студент болса бойжеткен және достарымен дискотекаға кетті.
Келесі күні курстас деканға студенттің есептің шешімін қалай тапқанын, есепті Аспиранттың шешкенін айтып бергенмен, оған ешкім сенбеді, өйткені оның қандай қу екенін барлығы да білетін еді.
Достарыңызбен бөлісу: |