Синустык аритмия оның тыныстық және тыныстық емес түрлерін айырады. Тыныстық аритмия n.vаgus тонусының тыныс қимылынан өзгеріп тұруынан болады. Демді алғанда ЖСС жиіленеді, шығарғанда – азаяды. Тыныстық емес аритмия тыныс қимылына тәуелсіз, көбіне миокардтың біріншілік зақымдану салдарынан болады.
ЭКГ-лык көрінісі. R.-R аралыктар әртүрлі, бір-бірінен айырмашылығы 0,15 с артық. Тыныстық аритмияда R-R-аралықтары тыныс фазасына сәйкес: демді алу кезінде қысқарады, шығару, кезінде ұзарады. Тыныстық емес аритмияда мұндай заңдылық жоқ, ең қысқа R-R аралықтан кейін ең үзын R-R аралық болуы мүмкін. Оны тыныстық аритмиядан айыру үшін, ЭКГ-ны тынысты токтатып түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |