ІІассивті баяу эктопиялык, (орынбасар) систолалар мен ырғақтар.
Орынбасар ырғақтар мен комплекстер асистолиядан қорғауға арналған табиғи механизм. Бұлар синустық импульс кешіксе немесе мүлдем шықпаса түзіледі. Экстрасистолиядан айырықша бұл жағдайда эктопия ошағының автоматизмдік касиеті күшеймейді, қалыпты күйде. Синус ырғағынын арасына жалғыздан кіретін импульстер “орынбасар комплексі” немесе “сытылып шыққан” систола аталады. Егер эктопиялық комплекстердің ең кемінде үшеуі немесе одан көбі бірінен соң бірі қатарласып немесе үнемі шықса, ол орынбасушы ырғақ болып табылады.
Этиологиясы — брадикардияға, брадиаритмияға әкелетін жағдайлар: СА түйінінің тежелуінен болатын синустык брадикардия, аритмия, СА түйінінің блогы, тоқтауы; АВ блок; сау адамдарда кезбе нерв тонусының күшеюі (ваготония). Брадикардия болғанда 2-ші немесе 3-ші қатардағы автоматазмдік орталықтар іске қосылып, импульс түзе бастайды. Импульстің шығатын кезіне қарай эктопиялык ырғақтың келесі түрлерін айырады:
жүрекшелік;
түйіндік (АВ түйінінен);
көшпелі суправентрикулалық ырғақ жетекшісі;
идиовентрикулалық.
Эктопиялық пассивті ырғақ пен комплекстерінің жалпы ЭКГ-лық белгісі — эктопиялык, комплекстің алдындағы. R-R аралығының сәл ұзаруы, ал одан кейінгі R-R аралықтың қалыпты немесе қысқа болуы. Р және QRS комплексінің пішіні ырғақ көзіне тәуелді.
Эктопиялық систолалар мен ырғақтың жүрекшелік түрін, Эктопиялық ошақ жүрекшелердің төменгі аймағында, көбіне сол жүрекшеде орналасады. Төменгі аймақтан шықкан импульстің РII, РIII тісшелері теріс (жүрекшелердің төменнен жоғары қарай қозуынан). Егер импульс сол жүрекшелік болса Vх тіркемедегі Р тісшенің көрінісі “қалқан мем найза” тәрізді. Р-Q аралығы калыпты немесе сәл қысқа. Қозу толқыны қарыншаларға әдеттегі жолмен түседі, сондықтан QRSТ комплексінін түрі өзгерусіз.
Эктопиялық систолалар мен ырғақтың түйіндік түрін. Эктопиялық ошақ АВ түйінінің жоғарғы, ортаңғы немесе төменгі бөлігінде орналасады. Осыған орай оның жоғарғы, ортаңғы және тәменгі түрлерін айырады.
Импульс қарыншаларға әдетті жолымен келеді, сондықтан қарыншалық комплекстің пішіні қалыпты, ал жүрекшелерге импульс төменгі жақтан таралады да, Р тісше теріс болады. Импульстің түйіннен шығатын жерін Р тісшенің ораналасуынан табады. Егер эктопиялык комплекс түйіннің жоғарғы аймағынан шықса, онда теріс Р тісше қарыншалық комплекстің алдында тұрады. Түйіннің ортаңғы аймағынан шығатын импульстің теріс Р тісшесі қарыншалық комплекске қабаттасып, көрінбейді аңг болып түорталык, ал төменгі түйіншікті систолада теріс Р тісше QRS комплекстен кейін орналасады
Эктопиялык, систолалардың және ырғақтың қарыншалық немесе идиовентрикулалык. түрін. Бүл жағдайда импульстің түзілу көзі — Гис будасының аяқшалары, тармақтары немесе Пуркинье талшықтары. Оның оң және сол қарыншалық түрлерін айырады. Қарыншалык эктопиялық систолада Р тісше болмайды, өйткені АВ түйіні өзінен тыс төменнен шыққан импульсті жүрекшеге (кері бағытта) өткізбейді. Импульс қарыншалардың бойында қалыптыдан айрықша тарайды. Алдымен эктопиялык ошақ орналасқан қарынша қозады, содан кейін импульс екінші карыншаға тарайды. Осыған байланысты карыншалық комплекстің пішіні әрі жалпақ, әрі бұрыс ( деформацияланған) (2-сурет).
2-сурет. Карыншалық пассивті -эктопиялык, систола.
Идиовентрикулалық ырғақ толық А-В блокта, С-А блокта А-В жүйесінің әлсіздігінде болады, көбіне терминальды жағдайларда кездеседі. Көрінісіне минутына 40-тан төмен брадикардия, МЭС ұстамалары тән.
ЭКГ-лық сипаттамалары:
1) ЖСС минутына 30-40;
2) QRS комплекстері жалпақ, деформацияланған;
3) толық атриовентрикулалық диссоциация (жүрекшелердің асистолиясы, дірілі немесе жыбыры, кейде синустық түйіннің ырғағы. Бұл жағдайда импульс кезі циклдан циклға СА түйінінен АВ түйініне дейін орын ауыстырып тұрады (СА түйін, жүрекшелердің жоғарғы немесе төменгі аймағы, АВ түйін).
ЭКГ-лык көрінісінің бисты белгісі – цикл сайыи Р тісшенің пішіні мен бағытының Р-Q(R) және Р-Р (R-R) аралықтарының біртіндеп өзгеріп отыруы (3-сурет).
Бірінші циклда импульстің көзі—СА түйіні, сондықтан Р- QRS -Т қалыпты, РQ-0,18с; екінші циклда — эктопия ошағы жүрекшелердің жоғарғы аймағына ауысқан. Р тісше оң, бірақ сәл өзгерген, РQ аралығы сәл қысқарған — 0,14с; үшінші циклда эктопия ошағы жүрекшелердің төменгі аймағына көшкен, содан Р тісше теріс және РQ аралығы қысқа— 0,10-0,12с; төртіиші циклда импульстің көзі АВ түйінінің ортаңғы бөлігінде, қозу процесі жүрекшелер мен қарыншаларды бір мезгілде қамтиды, сондықтан теріс Р тісше QRS комгілексімен кабаттасып көрінбейді; бесінші циклда импульс АВ түйінінің төменгі бөлігінен шыққан. Теріс Р тісше QRS комплексінің артында (импульс жүрекшслерден бұрын қарыншаларға жеткен). Импульс түзу ошағы төменге жылжыған сайын (R-R) аралығы сәл ұзарып отырады. Импульс түзу ошағы АВ түйініне жеткен соң, СА түйініне қайтадан оралады да, көшу (миграция) циклы қайтадан басталады (6 қикл).
Тезделген эктопиялык, ырғақтар немесе пароксизмдік емес тахикардия. Бүл — эктопиялық импульстердің жиіленуінен жүрек соғу санынын. минутына 90-130-ға дейін ұстамалы емес түрде жиіленуі. Эқтопия ошағы жүрекшелерде, АВ түйінінде немесе қарыншаларда орналасады, осыған сәйкес оның жүрекшелік, түйіндік және қарыншалык түрлерін айырады.
Пароксизмдік тахикардиялардан айырмашылығы:
1) ЖСС минутына 120-130-дан артпайды;
2) ұстамалы емес түрде біртіндеп басталып, біртіндеп аяқталады, сондыктан науқастар тахикардиясын сезбейді.
Патогенезі — автоматизм орталықтарындағы жасушалардың спонтанды деполяризациясының жиіленуі
Жүрекшенің төменгі болігінен шыққан тезделген эктопиялық ырғак (ЖСС минутына 100 рет)
Достарыңызбен бөлісу: |