Қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 315 Kb.
бет1/4
Дата20.11.2018
өлшемі315 Kb.
#22101
түріКодекс
  1   2   3   4


«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың

алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға

қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды

ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидаларын бекіту туралы»

2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына, 7-1 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына және 145 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



  1. Қоса беріліп отырған «Аса-қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №136 «Аса-қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары» (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу Реестрінде №10694 тіркелген, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 сәуірде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі                      Е. Біртанов

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2017 жылғы « » _ ____



№ ___бұйрығымен бекітілген


«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық

іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

1. Жалпы ережелер


        1. «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.

        2. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы және ветеринария салаларындағы мемлекеттік органдардардың ведомстволары жүзеге асырады.

        3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

        1. аса қауіпті инфекциялар – халық арасында өлім-жітіммен және/немесе мүгедектенумен жаппай белең алуды тудыра отырып, үлкен аумақтарға тез таралатын және адамдардың көпшілігін зақымдайтын (эпидемиялық белең алулар мен эпидемиялар), адамнан адамға берілуге қабілетті аурулар;

        2. инфекциялық ауру қоздырғышының резервуары – патогенді микроорганизмдердің биологиялық иелері;

        3. инфекция тасымалдаушылар – табиғатта ауру қоздырғыштардың резервуары болып табылатын жылы қанды жануарлар, ең алдымен кеміргіштер және басқа да ұсақ сүтқоректілер (сирек жағдайда құстар);

        4. инфекция таратушылар – негізінен салқын қанды омыртқасыз жануарлар, атап айтқанда қан соратын жәндіктер, кенелер;

        5. инсектоакарицидтік қасиеттер – құралдың (препараттың) жәндіктерді ғана емес, кенелерді де жоятын қасиеті;

        6. импрегнация – қансорғыштардың адамға түсуіне жол бермеу мақсатында сыртқы киімді инсектицидтермен немесе репелленттермен өңдеу;

        7. контаминация (жанасу) – қоршаған ортадағы заттарда микроорганизмдердің табылуы;

        8. күйдіргі бойынша стационарлық-қолайсыз пункт (СҚП) – топырақты ошақ немесе адамның немесе жануардың күйдіргіге шалдығу жағдайы тіркелген аумақтағы пункт;

        9. қауіп төндіретін аумақ – күйдіргі бойынша қолайсыз елді мекенмен тікелей шекараласатын аумақ немесе адамдар немесе жануарлардың ауруға шалдығу қаупі бар аумақ;

        10. қорғаныш аймағы – инфекция таратушылар және/немесе тасымалдаушылар жойылған елді мекеннің айналасындағы аумақ;

        11. мәжбүрлеп сою – олардың қырылуын болдырмау мақсатында немесе емдеудің экономикалық жағынан тиімсіздігіне байланысты ауру жануарларды сою;

        12. резистенттілік – пестицидтердің, улы химикаттардың және басқа да агенттердің әсеріне төзімділік;

        13. табиғи ошақ – белгісіз ұзақ уақыт бойы сырттан әкелместен ауру қоздырғышының айналымы жүзеге асырылатын жер бетінің учаскесі;

        14. топырақты ошақтар – күйдіргіден қырылған жануарлардың өлген, сойылған, мүшеленген және өлекселерінің заңсыз көмілген жерлері;

        15. физикалық күресу әдісі – пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданбастан, кеміргіштерді немесе буынаяқтыларды жоюдың агротехникалық іс-шараларын, механикалық құрылғыларды, жабысқақ массаларды және басқа да әдістерді қолдану;

        16. химиялық күресу әдісі – инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушыларды және таратушыларды пестицидтер мен улы химикаттарды пайдалана отырып жою;

        17. эпидемиялық ошақ – науқас адамның тұратын жері;

        18. эпизоотиялық ошақ – инфекция қоздырғышының көзі, берілу факторлары және сезімтал жануарлар орналасқан, шектелген орын.



2. Күйдіргінің алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


  1. СҚП-да және күйдіргі бойынша қауіп төндіретін аумақтарда санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық және эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің (бұдан әрі – ЖАО ветеринариялық бөлімшелері) мынадай шараларды орындауы болып табылады:

    1. күйдіргінің эпизоотиялық ошақтарын, күйдіргінің топырақты ошақтарының координаттары мен шекараларын белгілеу арқылы СҚП анықтау және тіркеу, эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау (қадағалау);

    2. топырақты ошақтарды бүкіл периметрі бойынша ормен және биіктігі кемінде 1,5 метр (бұдан әрі – м.) және диаметрі кемінде 5 ш.м. қоршаулармен (металдан немесе бетоннан) қоршау, «күйдіргі» деген жазуы бар тақтайшаларды ілу;

    3. ішкі сауда объектілерінде, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын (импортқа және экспортқа байланыстыларды қоспағанда) өндіріс объектілерінде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

    4. күйдіргінің топырақты ошақтарының, мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), мал айдайтын трассалардың, мал шаруашылығы объектілерінің жағдайын бақылау;

    5. СҚП-да, мал шаруашылығы қожалықтарында, мал сою пункттерінде, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды дайындайтын және сақтайтын жерлерде, мал тасумен айналысатын барлық типтегі көлік құралдарында, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындардағы өндірістік үй-жайларда профилактикалық дезинфекция жүргізу.

  1. СҚП-да және күйдіргі бойынша қауіп төндіретін аумақтарда санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері мынадай талаптарды сақтауы қажет:

    1. күйдіргінің эпидемиялық ошақтарын анықтау және тіркеу, күйдіргінің топырақты ошақтарының координаттары мен шекараларын белгілей отырып СҚП-ны картаға түсіру;

    2. күйдіргі ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау;

    3. халықпен, сондай-ақ күйдіргінің инфекция көздерін, факторларын және оның таралу жолдары мен профилактика шараларын көрсете отырып, малдан алынатын шикізатты дайындау, жинау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу және өткізумен айналысатын адамдар арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу;

    4. эпидемиялық ошақтарда профилактикалық, ағымдағы және қорытынды дезинфекцияларды жүргізу.

  1. СҚП-да және қауіп төндіретін аумақтарда:

    1. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатынсыз еріксіз түрде жануарларды союға;

    2. санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз және ЖАО ветеринариялық бөлімшелерінің келісімінсіз топырақ алуға және ауыстыруға байланысты агромелиоративтік, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.

  1. Етті және ет өнiмдерін өткізу «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі –«Ветеринария туралы» ҚР Заңы) 22-бабының 5-тармағына сәйкес жүргізіледі.

  2. Топырақты ошақтардың санитариялық-қорғау аймақтарының көлемі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы және ветеринария салаларындағы мемлекеттік органдардардың ведомстволары бірлесіп айқындайтын тәртіппен белгіленеді.

  3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы және ветеринария салаларындағы мемлекеттік органдардың ведомстволары айқындайтын жағдайларды қоспағанда, санитариялық-қорғау аймағында топырақты қазуға және ауыстыруға, су басуға байланысты іздестіру, гидромелиоративтік, құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу үшін, сондай-ақ жалға беруге, жеке меншікке сатуға, бақтарға, бау-бақшаларға немесе жерді өзге де мақсатта пайдалану үшін жер учаскелерін бөлуге жол берілмейді.

  4. ЖАО құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар қауіп төндіретін аумақтарда оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықта (нұсқауда) көзделген тәртіппен және мерзімдерде ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық вакцинациялау жүргізеді. Вакцинацияланған малдарды бақылау вакцинациядан кейін 14 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

  5. Күйдіргіге қарсы вакцинациялау жүргізу вакцинацияланған жануарлардың (түрлері бойынша) санын, вакцинаның, дайындаушы кәсіпорынның толық атауын, сериясы мен бақылау нөмірлерін, дайындау күні мен шығындалған вакцина санын көрсете отырып, актімен ресімделеді. Актіге мал иелерінің қолы қойылған вакцинацияланған малдың тізімі қоса беріледі.

  6. Вакцинациядан кейін 14 күнтізбелік күн ішінде күйдіргіге қарсы вакцинацияланған малды етке союға және вакцинациядан кейін 14 күнтізбелік күн өткенге дейінгі кезеңде өлген малдың терісін алуға жол берілмейді.

  7. Жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде меншік нысанына қарамастан, мынадай талаптар сақталуы қажет:

  1. тұтас еттерге және малдың ішкі ағзаларына ветеринариялық тексеру және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу, зертханалық зерттеулерді жүзеге асыру;

  2. ет пен басқа да өнімді зарарсыздандыру, пайдалануға жарамсыз болған жағдайда оны кәдеге жарату;

  3. ет және ет өнімін арнайы оқшауланған және сүргі салынған камераларда, тоңазытқыштарда сақтауды және зертханалық зерттеулер жүргізу кезеңінде күйдіргі қоздырғыштарын жұқтыруға күдікті еттің сақталуын қамтамасыз ету.

  1. Жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде жыл сайын және жұмысқа қабылдау кезінде өндірістік қызметі жануарларды күтуге, ұстауға және бағуға, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және сатуға байланысты жұмыскерлерді күйдіргінің алдын алу қағидаларына оқыту жүргізіледі.

  2. Адамдарды күйдіргіге қарсы профилактикалық вакцинациялауды (ерекше профилактиканы) «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына (бұдан әрі – № 2295 қаулы) сәйкес денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

  3. Күйдіргіге қарсы жоспарлы вакцинацияны медициналық ұйымдар халықтың мынадай контингентіне жүргізеді:

    1. халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы және ветеринария саласындағы мемлекеттік органдар ведомстволарының аумақтық органдары мен ұйымдарының, ЖАО ветеринариялық бөлімшелерінің, сондай-ақ күйдіргі қоздырғышының сынамаларын алуды, оның болуына зерттеу жүргізетін зертханалардың мамандары;

    2. ет өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың, сою пункттерінің, сою алаңдарының және ішкі сауда объектілерінің жұмыскерлері;

    3. СҚП аумағынан жануарларды союмен, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты жинау, сақтау, тасымалдау және бастапқы өңдеумен айналысатын адамдар.

  1. Өлген жануардың тұтас етін ашу немесе бөлшектеу барысында күйдіргіге күдіктену туындаған жағдайда жұмыс тоқтатылады.

  2. Жануарлардың күйдіргімен ауыруы немесе күйдіргіге күдікті жануарлардың өлу жағдайлары тіркелгені туралы ақпаратты алған кезде Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор мен тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық дәрігері ауырған және өлген жануарларға тексеру жүргізеді.

  3. Күйдіргіге күдік туындаған кезде жануарлардың өлексесінен патологиялық материалдың мынадай үлгілері алынады және ветеринариялық зертханаға жіберіледі:

    1. құлақ тілігінің, перифериялық тамырлардың қаны немесе құлақ жарғағы кесіп алынады және жіберіледі (алдын ала өлексе жатқан жақтан екі лигатура қояды, тіліктің шеттерін күйдіреді);

    2. қан аралас сұйықтықтар болған жағдайда ауыз және мұрын қуыстарынан алынған шайындылар.

  1. ЖАО ветеринариялық бөлімшелері тиісті аумақтың ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының бөлімшесімен бірге сараптама нәтижелерін алғанға дейін күйдіргі инфекциясының болуына күдікті малдың өлекселерін жою бойынша іс-шараларды осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті биологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып ұйымдастырады.

  2. Патологиялық материал биологиялық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, ветеринариялық зертханаға қолма-қол жіберіледі. Ветеринариялық зертханада материал микроскопиялық (материал түскен күні), бактериологиялық (үш тәулік ішінде), биологиялық (10 тәулік ішінде) әдістермен зерттеледі.

  3. Микроскопиялық зерттеулердің алдын ала оң қорытындысын алған кезде ветеринариялық зертхана тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын хабардар етеді.

  4. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тиісті аумақтық орган ведомствосының бөлімшесіне шұғыл хабарлама жібереді және мемлекеттік ветеринариялық дәрігері мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы орган ведомствосы өкілімен бірлесіп эпизоотиялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізеді, күйдіргі қоздырғышын жұқтыруға күдік тудырған өнімдерді (сүт, ет, тері) өткізуге және шығаруға жол бермейді.

  5. Ветеринариялық зертхана түпкілікті оң нәтижені растаған кезде жергілікті атқарушы орган тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша карантин енгізеді, бұл кезде:

    1. малдың барлық түрлерін әкелуге, әкетуге;

    2. жануарлардан алынатын шикізаттар мен өнімдер дайындауға және әкетуге, шаруашылық ішінде жануарларды айдауға;

    3. ауру жануарлардың сүтін пайдалануға;

    4. жануарларды етке союға;

    5. қырылған жануарлардың өлексесін ашуға және олардың терісін алуға;

    6. кезек күттірмейтіннен басқа ветеринариялық хирургиялық операцияларды жүргізуге;

    7. СҚП аумағына бөгде адамдардың кіруіне, оның аумағына объектіге қызмет көрсетуге байланысты емес көліктің кіруіне;

    8. табиғи су қоймаларынан малдарды суаруға;

    9. жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сатуға, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін, көрмелерін (аукциондар) және адамдар мен малдар жиналатын басқа да қоғамдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

  1. ЖАО ветеринариялық бөлімшелері тиісті аумақтағы ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының бөлімшесімен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп эпизоотиялық ошақты жою бойынша іс-шаралар жоспарын жасайды.

  2. Күйдіргінің эпизоотиялық ошағында ветеринария мамандары күйдіргі аллергені бар тері-аллергиялық сынамамен зерттелетін шошқалардан басқа, барлық мал басына міндетті түрде дене қызуын өлшей отырып, ветеринариялық тексеру жүргізеді.

  3. Күйдіргіні жою бойынша ветеринариялық іс-шараларды «Ветеринария туралы» ҚР Заңының 11-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйым күйдіргімен ауырған немесе өлген жануарлар болған аумақты және үй-жайды дезинфекциялай отырып жүргізеді, жануарларды өңдеуді Қазақстан Республикасының және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген инсектицидтермен және дезинфекциялау құралдарымен жүргізеді.

  4. Күйдіргімен ауырған немесе одан қырылған жануарлар болған учаскелерден дақылдар, қатты және жұмсақ жемдер шығарылуға жатпайды, олар сол жерде жойылады немесе оларды күйдіргіге қарсы вакцинациялау жүргізілген малға береді.

  5. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде күйдіргі бойынша қолайсыз жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат анықталған кезде объектіде «Ветеринария туралы» ҚР Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес карантин енгізіледі. Жануарлардан алынатын өнімдер және шикізат жойылады.

  6. Күйдіргі бациллаларымен контаминацияланған жануарлардан алынатын шикізаттар мен өнімдерді дайындау, сақтау және өңдеуді жүзеге асыратын үй-жайларда Қазақстан Республикасының және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген құралдармен дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі.

  7. Карантин өлім-жітім болған соңғы жағдай тіркелген және дезинфекция жүргізілген күннен бастап 15 күнтізбелік күн өткен соң алынады.

  8. Күйдіргі ауруымен ауыратын науқасты немесе оған күдікті пациентті анықтаған денсаулық сақтау секторының мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық ұйымдары оны инфекциялық стационарға, ол болмаған жағдайда оқшауланған жеке терапевтік палатаға (боксқа) жатқызады, ол жерде оған биологиялық қауіпсіздік қағидалары сақтала отырып, білікті терапевтік көмек көрсетіледі.

  9. Күйдіргі ауруымен ауыратын науқас немесе оған күдікті анықталған жағдайда ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдар шұғыл телефон арқылы және 3 сағат ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне шұғыл хабарлама жібереді.

  10. Диагнозды анықтаған немесе өзгерткен медициналық ұйым шұғыл телефон арқылы және 12 сағат ішінде ауру анықталған жердегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне өзгертілген диагнозды, оны белгілеу күні мен бастапқы диагнозды көрсете отырып, жаңа шұғыл хабарлама жібереді.

  11. Күйдіргімен ауыратын науқас немесе оған күдікті анықталған кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне және ЖАО ветеринариялық бөлімшесіне хабарлайды.

  12. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының мамандары ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері мен ЖАО ветеринариялық бөлімшелерінің өкілдерімен бірлесіп эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізеді.

  13. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының органдары мен ұйымдарының мамандары күйдіргінің эпидемиялық ошағында мыналарды қамтамасыз етеді:

    1. науқас адамдарды анықтау және емдеуге жатқызу;

    2. қорытынды дезинфекция жүргізу;

    3. ошақты шоғырландыру және жою бойынша іс-шаралар жоспарын жасау.

  1. Медициналық ұйымдар эпидемиялық ошақта үй-үйді аралауды, инфекция көзімен байланыста болған адамдарды бақылауды, шұғыл профилактиканы және санитариялық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

  2. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары мен науқас емдеуге жатқызылған инфекциялық стационарлар және обаға қарсы күрес ұйымдарының зертханалары науқастардан немесе күйдіргіге күдікті адамдардан материал алуды және оны зерттеуді жүргізеді.

  3. Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар күйдіргімен ауыратын науқас немесе оған күдікті анықталған жағдайда ет және ет өнімінен, сыртқы орта объектілерінен (топырақ, заттардың шайындылары және т.б.) сынама алады және оларға зерттеу жүргізеді.



3. Туляремияның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.


  1. Туляремияның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талап халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық органдары мен ұйымдарының ұтқыр зоологиялық-паразитологиялық топтарының табиғи ошақтардың (туляремияның белең алулары бұрын болған және қоздырғыштарының өсірінділері оқшауланған аудандардан бастап) ландшафтық типтеріне қарай жылына кемінде екі рет (наурыз-маусымда және қыркүйек-қазанда) эпизоотологиялық тексеру жүргізуі болып табылады.

  2. Ұтқыр зоологиялық-паразитологиялық топтар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық органдары мен ұйымдарының бейінді мамандарынан және қажет болғанда обаға қарсы күрес ұйымдарын тарту арқылы қалыптастырылады.

  3. Ұтқыр зоологиялық-паразитологиялық топ:

    1. түрлері және биотоптары бойынша кенелер санын есепке алуды (көп болу, басымдылық және кездесу-кездеспеу индекстерін анықтау);

    2. бақылаудағы табындарда 5-10 мал басын тексеру жолымен олардың жұқтыру деңгейін бағалау үшін ауыл шаруашылығы малдарынан кенелер жинауды;

    3. кенелердің түрлік құрамын айқындауды;

    4. кенелердің әртүрлі даму кезеңдерінде олардың негізгі және жанама қоректендірушілерін айқындауды;

    5. кенелер популяциясының санына табиғи, антропогенді және шаруашылық факторларының әсерін талдауды;

    6. кенелердің тіршілік әрекеті циклін фенологиялық байқауды;

    7. зертханалық зерттеу үшін ашық жерлерде және көбейетін орындарда (үй-жайлар, індер) кенелердің әртүрлі даму кезеңдерінде оларды жинауды;

    8. кенелердің өте көп пайда болуы және олардың адамдарға белсенді шабуылы кезінде үй-үйді тексеруді;

    9. туляремиямен ауыратын науқастар тіркелген кезде елді мекендерді тексеруді;

    10. табиғи ошақ аумағында сауықтыру дәрежесін және кенелерге қарсы іс-шаралар жүргізілгеннен кейінгі тиімділікті бағалауды;

    11. кеміргіштердің – туляремия қоздырғыштарын таратушылардың санын түрлері мен биотоптары бойынша есепке алуды;

    12. кеміргіштердің көбею қарқындылығын бағалауды және олардың санының өзгеруін қысқа мерзімді болжауды;

    13. туляремия қоздырғышының болуына зертханалық зерттеу үшін кеміргіштерді аулауды;

    14. туляремияны таратушылар және адамдардың жұқтыру көзі – ұсақ сүт қоректілердің туляремияны жұқтыру деңгейін айқындауды;

    15. ошақтық аумақты ландшафтылы-географиялық аудандастыруды және туляремияның белсенді табиғи ошақтарын анықтауды жүзеге асырады.

  1. Туляремияның табиғи ошақтарын эпизоотологиялық тексеру негізінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың кешенді бағдарламасын жасайды, онда мыналар көзделеді:

    1. кейіннен тиімділікті бағалау арқылы іс-шараларды жүргізу көлемін және мерзімдерін негіздей отырып, туляремияның табиғи ошақтарын сауықтыру (дезинфекция, дератизация, кенелерді жою);

    2. жаңа аумақтарға инфекцияның әкелінуінің алдын алу;

    3. медицина қызметкерлерін даярлау;

    4. халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері халықты туляремияға қарсы профилактикалық вакцинациялау қажеттілігін және жүргізу көлемін айқындайды.

  2. Вакцинациялауға жататын контингентті жоспарлау және іріктеу табиғи ошақтардың эпидемиялық белсенділік дәрежесін есепке ала отырып, сараланып жүзеге асырылады.

  3. Адамдарды туляремияға қарсы профилактикалық вакцинациялауды (ерекше вакцинацияны) № 2295 қаулыға сәйкес денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

  4. Жайылмалы-батпақты, тау етегі-өзен типіндегі табиғи ошақтарда және тұрақты резервация аймағының аумағында 7 жасқа дейінгі балаларды, 55 жастан асқан және вакцинаға қоса берілетін қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, барлық тұрғындар жоспарлы вакцинацияланады.

  5. Шоғырланған ошақтар аймағының аумағындағы табиғи ошақта жоспарлы егулер туляремияның шоғырланған, нақты шектелген ошақтары бар жекелеген аудандар аумақтарында орналасқан елді мекендерде жүргізіледі.

  6. Тоғайлы, далалық типтегі табиғи ошақтарда және тәуекел, шығару және салауаттылық аймағы аумағында мынадай тәуекел топтарына кіретін адамдар вакцинацияланады: аңшылар, балықшылар, олардың отбасы мүшелері, бақташылар, диқандар, мелиораторлар, сондай-ақ маусымдық немесе вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдар.

  7. Әрбір 5 жыл сайын халықты қайта вакцинациялау жүргізіледі.

  8. Халықтың туляремияға иммундық мәртебесі жұмысқа қабілетті ересек тұрғындарға теріге тулярині бар сынаманы енгізу жолымен немесе серологиялық әдіспен 5 жылда кемінде бір рет іріктеп тексеру арқылы айқындалады. Нақты әкімшілік аумақта тексерілетін адамдардың жалпы саны тұратын адамдардың жалпы санының кемінде 1 пайызын (бұдан әрі - %) құрауы тиіс (немесе жеке алынған елді мекенде кемінде 10%).

  9. Туляремияға қарсы вакцинация жүргізудің уақтылығы және сапалылығын бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

  10. Туляремиямен ауыратын науқас анықталған немесе оған күдік туындаған кезде ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдар жедел телефон арқылы және 12 сағат ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне электрондық хабарлама жібереді.

  11. Диагнозды нақтылаған немесе өзгерткен медициналық ұйым жедел телефон арқылы және 12 сағат ішінде ауру анықталған жердегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне өзгертілген диагнозды, оның қойылған күнін және алғашқы диагнозды көрсете отырып, жаңа шұғыл хабарлама жібереді.

  12. Эндемиялық аудандарда бес күннен астам қызбамен ауыратын науқастардың, лимфадениттер, конъюнктивиттер, этиологиясы белгісіз паротиттер мен баспамен ауыратын науқастардың қан сарысуын туляремияға серологиялық зерттеу жүргізіледі.

  13. Туляремияның абдоминалдық, өкпелік, конъюнктивалық-бубондық, ангиноздық-бубондық, ойық жаралы-бубондық және бубондық түрлері бар науқастар ауру орташа немесе ауыр өткен жағдайда стационарлардың инфекциялық бөлімшелеріне жатқызылады.

  14. Ауру жеңіл өтетін терілік-бубондық және бубондық түрлері, қалыпты лимфаденит пен 37,50С-дан аспайтын қызбалы реакция болған кезде амбулаториялық жағдайларда емдеуге жол беріледі.

  15. Туляремиямен ауырған адаммен байланыста болған адамдарға антибиотиктермен профилактика және медициналық бақылау жүргізіледі.

  16. Адамның туляремиямен сырқаттануының жағдайлары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің эпидемиологиялық тексеруіне жатады.

  17. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша шұғыл эпизоотологиялық тексеру және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен туляремияның қоздырғышын тасымалдаушыларды және таратушыларды жою бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

  18. Туляремиямен жаппай сырқаттану туындаған жағдайда аумақтық медициналық ұйымдар тұрғындарға медициналық бақылау ұйымдастырады және жүргізеді.

  19. Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары белең алу типіне немесе аурудың жағдайына байланысты:

    1. суға, дайындалған теріге, ауланған жануарлардың тұтас еттеріне (сырқаттанушылықтың кәсіпшілік типі кезінде);

    2. қансорғыш буын аяқтыларға (трансмиссивті типі кезінде);

    3. ауру жұқтыруы мүмкін шөпке, астыққа және басқа да өнімдерге (ауыл шаруашылығы типі кезінде);

    4. тамақ өнімдеріне, ауыз суға, үйде тіршілік ететін кеміргіштерге (тұрмыстық типінде);

    5. шикізатқа, малдан алынған кенелерге (өндірістік типінде) бактериологиялық зерттеулер жүргізеді.

  1. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар аурудың типіне қарай жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізіледі:

    1. туляремияның су арқылы белең алуы кезінде – шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерін тексеру, тазалау және дезинфекциялау, шомылуға арналған жұқпалы су айдындарын пайдалануға тыйым салынады, ішу үшін тек қайнаған су ғана пайдаланылады;

    2. трансмиссивті белең алу кезінде – туляремияға қарсы егілмеген адамдардың қолайсыз аумақтарға баруы шектеледі, жәндіктердің, соның ішінде кенелердің санын азайту және оларды жою жөніндегі іс-шаралар (дезинсекция), қорғаныш киімі мен репеленттер пайдаланылады;

    3. ауыл шаруашылығы жұмыстарымен байланысты белең алулар кезінде – дератизация, астық пен өңделмеген жемдерді залалсыздандыру, жануарлардағы иксодты кенелерді жою (кене басқан жануарларды өңдеу (жоспарлы, шұғыл), ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізаттарға жұқтырылуының алдын алу;

    4. тұрмыстық белең алулар кезінде – кеміргіштерді жою, аулаларды, көшелерді, алаңдарды қоқыстан, сабаннан, шаруашылық қалдықтардан тазалау. Тұрғын ғимараттар мен үй-жайларда кеміргіштерді өткізбеушілік қамтамасыз етіледі, ылғалды жинау дезинфекциялаушы құралдарды пайдалана отырып жүргізіледі;

    5. өндірістік жұқтыру кезінде – ауру жұқтырылған шикізат пен өнімдерді термиялық өңдеу жолымен залалсыздандыру жүзеге асырылады, ет комбинаттарында союға келіп түскен жануарлардағы кенелер жойылады;

    6. аң аулаған кезде – қоянның, су тышқанының, көртышқанның және су егеуқұйрығының терісін сыпырып, денесін бөлшектегеннен кейін адамның қолы дезинфекцияланады, сыпырылған терілер залалсыздандырылады.

  1. Туляремия бойынша эндемиялық аумақта жыл сайын кемінде екі рет (көктем, күз) дератизациялық және кенелердің белсенді болған кезеңінде (көктем) бір рет кенелерге қарсы жоспарлы іс-шаралар жүргізіледі.

  2. Кенелерге қарсы және дератизациялық іс-шаралар мынадай бағыттарда жүргізіледі:

    1. аулалық құрылыстарды және мұнда ұсталатын жануарларды кенеге қарсы өңдеуді қоса алғанда, жеке үйлердегі, тұрғын үйлердегі, елді мекен объектілеріндегі кенелер мен кеміргіштерді жоюды жеке үй және мал, үйлер, объектілердің иелері жүргізеді;

    2. кеміргіштердің індерін терең дустау немесе аэрозоляциялау әдісімен кедергілік өңдеуді (тұрақты немесе уақытша елді мекендер айналасына қорғаныс аймағын құру) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық органдары мен ұйымдары жүргізеді;

    3. агротехникалық және жалпы санитариялық іс-шараларды (үй-жайларды және аумақтарды қи мен қоқыстан, бұталардан механикалық тазарту, жарықтарға, ойықтарға, індерге алдын ала мазут, автол, креолин немесе көрсетілген заттармен сіңірілген балшықты құя отырып, жөндеу және бітеу) үй иелері мен шаруашылық субъектілері жүзеге асырады.

  1. Дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар аяқталғаннан кейін ұтқыр зоологиялық-паразитологиялық топ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосы бекіткен әдістеме бойынша өткізілген іс-шаралардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.



жүктеу 315 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау