Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет82/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   95

276
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
аянышты келбетін салыстырған. Мұнда шендестіру, бар, сол арқылы 
ұрпақтың азғындауы, ұсақталуы сияқты проблемалық мәселе 
танылады. Ғашығын жан-тәнімен сүйген лирикалық қаһарман-
ның сезім қуатын толық жеткізе алумен бірге, осынша күрделі 
мәсе лені де қоса қабат таныта білуі нағыз хас шебердің қолынан 
ғана келер іс. Әйгілі әдебиет теорияшысы Б.В.Томашевский тақы-
рыпты «шығарманың жекелеген элементтері мәнінің бірлігі. Ол 
көркемдік құрылым компоненттерін біріктіреді, көкейкестілігі 
болады және оқырмандар қызығушылығын тудырады», – дейді 
[56.176-178]. Демек туындыда бейнеленген өмір шындығы 
ның 
қырлары неғұрлым күрделі болған сайын туынды тартымды-
лығы соғұрлым күшті болады екен. Ал күрделі жайттарды жеткізе 
білу шын таланттың ғана қолынан келері хақ. Шеберлігі төмен 
суреткер өмірді өзінің көпқырлылығымен бейнелемек болса, 
қарабайырлыққа, шашырандылыққа ұрынар еді. Сондықтан да хас 
шеберлер туындыларында тақырыптық ауқым барынша кең әрі 
жинақы көрінеді. Ж.Жақыпбаев өлеңдерінің тақырыптық көлемін 
кеңейтетін ерекшеліктің бірі оның тарихилық сипаты болмақ.
Біз жоғарыда тоқталып өткен ақынның О.Сүлейменовке арнал-
ған «Аға» атты өлеңінде аға қаламгер тұлғасы өткен заман дарға 
лайықты етіп дәріптеледі. Жалпы қазақтың жауынгерлік, елдік рухы 
жоғары болған өткен заман адамдарына тән мінез бен ерліктің иесі 
болу – Жұматайдың лирикалық қаһарманының мақтаныш етерлік 
қасиеті.
«Қасоқ ғазалдары» жыр шоғырының бірінші өлеңіндегі тарих 
келбеті өзгеше мәнерде көрінеді. Мұнда лирикалық объекті ғана 
емес, субъекті де тарихи сипатымен танылады. Кейіпкер өзінің 
сүйіктісіне арнаған ғашықтық сөздерін көне түркі жауынгерінің 
ой-қиялы тұрғысынан жеткізеді. Сондықтан кейіпкер сөзі арнал ған 
оның ғашығы да көне қыпшақ қызының келбетінен елес береді. 
Ғашықтық тамам, болды ма еркелік тамам?
Қарардай әлем сен құсап жеркеніп маған.
Намыс пен мұңнан Мысырға Халифа болған
Ұбақ Қыпшақтай ызадан өртеніп барам. 
Тағдырға мынау таусылды ақылым, демім,
Ақырым қорлық болды ма, ақырым өлім?
Тәуіптей емдеп, тәңірдей жарылқа мені
Ару ақ Күнім – жұлдыздай жақыным менің [25.12], – деген шумақ-
тардағы заттық мәндегі әрбір сөз лирикалық субъекті мен объек  тіге 
тарихи колорит дарытып тұр. Мұндай қасиет «Лудмила» өлеңінен де 
байқалады. 
«Азамат» деп аталатын Павел Васильевтен аударған өлеңде де 
лирикалық «меннің» серілік сезімі тарихи сипатта кестеленеді. Ал 
біз жоғарыда әңгіме еткен «Ғұндардың жүрегі» атты өлеңі мен осы 


277
А қ ы н ә л е м і       Үш і н ш і б ө л і м
туындыны ұқсастырып тұрған нәрсе – лирикалық қаһарманға тән 
тарихи сана мен сезім ғана емес, оның ұзақ жылдар бойы қай мағы 
бұзылмай жалғасып келген дәстүрлілігінің мақтаныш етілуі. Бұл 
өлеңдердің бірі – Павел Васильевтен аударма болса, екіншісінде 
осы орыс ақынының өлеңінен цитата алынған. Бұл Ж.Жақыпбаев-
тың Павел Васильевпен көркемдік концепциясының ұқсастығын 
білдіретін белгі. 
«Көрер киноң, ішетұғын бар асың…», – деп басталатын өлеңін-
де ақын өзінің рухани болмысының көне замандарға анағұрлым 
жақын тұратынын: 
Мына ғасыр өз әйелің секілді, 
Орта ғасыр секілді бір ашынаң [25. 65], – деп әзіл түрінде жеткі-
зеді. Ал «Көктемгі хаттар» жинағына енгізілген «Жорғалай бас қан 
ғұндарға тәуелді күлік» деген өлеңі, біз жоғарыда тоқталған «Аға» 
өлеңіндегі кейбір шумақтардың өңделген нұсқасы сияқты. 
Біз пейзаждық лирика түрі ретінде тоқталған «Көктемгі хат-
тар» жыр шоғырының екінші өлеңінде табиғатпен сырласқан ли-
ри калық «мен» бабалар ерлігін еске алады, оны қастерлейді. «Ата-
мекен», «Сарноқай саздары» жырларында туған жердің әсем көр кі-
нен әсер алған лирикалық кейіпкер қиялы тарихи дәуірлерді шар-
л ап қайтады. Мұнда бабалар ісін мақтаныш ету ғана емес, олар дың 
кейбір қателіктеріне қынжылу да бар. 
Ана бір тас шала піскен құймақтан 
Айнымаса, мына үйтастың қабағы
Мұқылай го-уан басқа елдерде қиратқан
Қалалардың халін еске салады.
Сан рет мен оны да ойлап қиналдым,
Құла ат түкті Сарноқайдың бауырында. 
Не бар еді үйін өртеп Иранның?! 
Не бар еді таңғұттардың ауылында?! [25.100], – дейді Жұматай-
дың лирикалық кейіпкері. «Өкініш. Мангу ағашы» атты өлеңін-
де де көне түркілердің өзге елді жаулап алуына қатысты шын-
дық айтылады. Басып алып, билік жүргізген елге сіңіп, өздерінің 
бет-беделін жоғалтқан, сөйтіп дәстүрін, салт-санасын құрдымға 
жіберген түркілер тобының тағдырына өкініш білдіреді: 
Дәріптеп, даттап осынау мұңды ғасырды,
Қиқулап тоты, көбейтіп бұлбұл да шуды,
Маймылды, пілді джунгли қоршаған елде
Қарасұр топан сел келіп, құрдымға сіңді.
Үйренді тілін тыңдаумен тоты құстарды, 
Көбейтіп бектер жорық жоқ отырыстарды,
Үндіге сіңбей үйсіннің біразы қайтты
Біразы қалды. Мангудей өкініш қалды [24.17].


278
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Ал «Жоңғар» өлеңінде ақын өз бабаларының өзгеден тартып 
алған жерлерінің әділетті іс түрінде жүзеге асқанын мақтаныш етеді.
Ол жайлы мынадай жыр түгіл,
Бақтыбай дастандар сарнатқан.
Әйтеуір, атамның жұрты бұл, 
Қалса да жоңғарлық қалмақтан.
Сондықтан аңыз көп Жоңғарда,
Ізіндей сұрапыл елестің.
Арғы атам хас батыр болғанға
Мен тіптен кінәлі емеспін [25.149], – дейді ол. 
Тарихи оқиғалар мен көріністердің ақын шығармашылы ғын да 
қосалқы орында емес, бас тақырып ретінде көрінетін кездері де бар. 
Олар да биографиялық автордың өзіндік санасымен, өмір баяны-
мен тығыз байланысты дүниелер. Мұндай туындыларға «Қалалар 
мен батырлар», «Арман», «Ғұнстан-калейдоскоп», «Дарабоз Қабан-
бай батыр», «Батырдың сөзі», «Рулар» сияқты өлеңдерді жатқы зуға 
болады. 
«Қалалар мен батырлар» өлеңінде көне түркілердің ат үстін-
дегі көшпелі өмірді жоғары қойғандығын, қала өміріне көндіге 
алмағандығын, сонымен бірге кейбір тұлғалардың отырықшы лық-
қа ден қойған кездерінің де болғандығын көрсеткен. Түркі лер дің 
осындай себептермен екі жіктелгенін көрсетуі жағынан бұл туынды 
«Өкініш. Мангу ағашы» өлеңіне ұқсайды. 
Тарихшы Қ.Салғаринге арнаған «Арман» өлеңінде ақын қазақ 
халқының бұрмаланған тарихынан туған жан күйзелісін жеткізеді. 
Қарайтушы көбейген соң халықты
Амалсыздан ағартушы болды арман, [25. 87] – дейді түпкі ойы 
жөнінде ол. Сөйтіп тарихымызды бұрмалаушылардың діни миссио-
нерлер екеніне меңзейді. Ал қазақтың оларға алдануының басты 
себебі – оқымағандығы, жазу мәдениетінің кенже дамы ғандығы 
етіп көрсетеді.
Қағазы бар жұрттың бәрі көріпкел,
Көріпкелдің кещелігін сөгіп көр.
Сәлделілер өтірікті соққанда,
Жіп есе алмай қалады екен бөрікті ел [25. 87], – деген шумақта бұл 
ой анық бедерленген. 
Бұл өлеңде Ж.Жақыпбаевтың қазақ халқының тарихына 
қатысты шығармашылық концепциясының бір қыры көрініс 
берген. Көшпелілердің ерекше дархан мінезділігін, ержүрек ті лігін, 
серілік қасиеттерін ат үстіндегі дала өмірімен байланысты деп санау 
және қала мәдениетінің де өзіндік көзді арбар сиқыры барлы  ғын, 
бірақ оған бой алдырудың дала өмірімен қош айтысумен ба ра-
бар екендігін, аңғал да адал көшпелі халық мінезінің даламен егіз 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау