279
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
болып келетіндігін, бірақ бұл өмір салтының өркениет көшінде
осалдық танытып жататындығын көңілге түйіндеуден қалыптас қан
поэтикалық пайымдаулар Ж.Жақыпбаев шығармашылығын
дағы
көп туындыдан орын алған негізгі ой өзегі болып табылады.
«Ғұнстан-калейдоскопта» лирикалық кейіпкер көне ғұн
адамы ретінде көрінеді. Оның тарихи санасын автор шығармада
пайдаланған заттық әлемнің архаикалық атаулары арқылы аша ды.
Өлеңдегі «Дахлия», «Алмату», «Дешті Қыпшақ», «Жужан» сияқ-
ты жер атаулары «дулу», «ғұн», «қызылбас» секілді тайпа ел ат тары
осы мақсатқа қызмет етіп тұр. Бірақ ақын мұның бәрін орынды-
орынсыз емес, көне тайпа өкілінің шалқыған көңіліне сай етіп,
шебер қиюластырған.
Көне тарих өкілі ретінде көрінетін лирикалық кейіпкер
санасы «Дарабоз Қабанбай батыр», «Батырдың сөзі» өлеңдерінде
де осындай көркемдік тәсіл арқылы ашылады. Алдыңғы өлең
Қабанбай батырдың жекпе-жек алдындағы сөзі ретінде кестеленген
болса, соңғысы жорыққа аттанып бара жатқан батырдың жары на
сөйлеп тұрған сәті көрінген. «Батырдың сөзінде» әйеліне қару ла рын
әперуін, атын әзірлеуін тапсырып тұрған кейіпкер сөзінен жауға
асыққан ержүрек батырдың отаншылдық ой-сезімімен бірге, қаза-
қы от басының үйреншікті қарым-қатынасы да қатар көрінеді.
Ақынның шығармашылық концепциясының бір бағытын
айқындайтын өлеңнің бірі – «Рулар». Бұл жай ғана тарихты сөз етіп
тұрған туынды емес, ақынның өз заманында белең алған келеңсіз
құбылыстарға да берген бағасы еді. Алайда соңғысы туындыдан
айқын көрінбейді, мұны шығарма мен ақын өмірбаянын салыс тыру
нәтижесінде ғана тануға болатын шындық дей аламыз. Біз жоғарыда
айтып өткеніміздей, ақын жүрген ортада, тіпті бүкіл зиялы қазақ
қауымы арасында жағымсыз қырымен, әлеуметтік деңгейде бой
көрсеткен бір құбылыс рушылдық болатын. Бұл жеке басының
қамын ойлап, өзіне пікірлестер, қолдаушылар іздеген тоғышарлар
үшін қолайлы тәсіл еді. Аз ғана мұндай әккі топтың сойылын
соғушылар рудың генетикалық байланыстағы топ емес, әкімшілік
бірлестік ретінде пайда болғанын білмеушілер еді. Алдыңғылары
әккі әрі аз топ болса, соңғыларының саны көп әрі аңғал топ болды.
Ақын сөзінің осы соңғы топтағы «рушылдарға» да жетімді болғанын
көздеген сыңайлы. Өлеңнің:
Өткенге өкінемін оны ұққалы,
Бір жерге тоғыспаған толық бәрі.
Ұраны, тұрағы бар өз алдына,
Рулар көшпенді елдің полктары [25. 190], – деп басталатын
алғашқы шумағы және
Шығарған әр ғасырда даңқын да ерек,
Қоямын мен олардың нарқын бөлек.
280
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Рулар – көшпенді елдің полктары,
Ал маған «полкым» емес, халқым керек, – деген соңғы шумақта-
рынан осы ой аңғарылады.
Туындының өзге шумақтарында өткен замандардағы ру тарты-
сы айтылғанымен, бұл келеңсіздіктің әлі жойылмағандығына
да байланысты шығарма астары бар. Ақынның өмірде де осы
келеңсіз әлеуметтік кеселге барынша қарсы болғандығын аң ғара-
мыз. Жұматайдың қаламдас інісі Қ.Әлімбек осы «Рулар» өлеңі нің
соңғы шумағын келтіріп, одан ақын сөзін былай сабақтайды: «Үш
жүзге бөлу әкімшілік-территориялық бөліністен туған. Бізге осы ны
сезіну жағы жетпейді, жігіттер. Бізге бірігу қажет» – деп отыра тын»
[27]. Бұдан автор мен оның лирикалық кейіпкері арасындағы тығыз
байланысты көреміз.
Осындай орнықты тұжырымы болғандықтан да ақын кей
бір
ақынсымақтардың рушылдығын жасырғандығының бір белгісі –
ру аттарын атаудан қашқақтағаны сияқты кібіртік қимыл та ныт-
пайды. Жұматай өлеңдерінде ру-тайпа аттары еркін әрі кең түрде
және мақтанышпен қолданылады. Бұл қасиет, бір жағынан, ақын
санасына тән ерекшелікті танытса, екінші жағынан, өлеңге әрі
тарихи, әрі ұлттық колорит сыйлайды.
Ж.Жақыпбаев тарихты кеңестік дәуірде әбден қалыптасып,
орныққан тұжырымдар тұрғысынан емес, өзіндік пайымдау лары-
мен зерделегенін аңғаруға болады. Мәселен «қазақ» сөзін «қасоқ»
деп қолдануын – шығу тегі жөнінде ғалымдар бір тоқтамға келе
алмаған бұл сөздің этимологиясын өзінің көңіліне ұялаған бір-
ден-бір тұжырымы тұрғысынан көрсеткісі келгендігі деп білеміз.
Сондай-ақ ақын Шыңғысхан сияқты ірі тарихи тұлғаны қазіргі
орныққан түсініктегідей монғол халқының емес, түркі жұрты ның
өкілі ретінде қабылдаған сияқты. Бұл тұрғыда ақын пайым дауы
М.Жұмабаев ойымен үйлеседі. Мағжанның «Түркістан» өлеңін-
де осы ой айтылады. Ә.Қодар мен М.Ақдәулетұлының естелі гінде
былай делінеді: «Жұматай қазақ тарихының монғолдық дәуіріне
ерекше мән беретін. «Монғолмыз деп жүрген қазіргі халқы ұлы сы
емес, нағыз моңғол»-»мыңқол» – мына бізбіз» дейтін, ол. «Қазақ»
деген атау бізге кейіннен таңылғанын, тарихтың әуелі «ғұн», «түркі»,
кейін «монғол» деп қастерлеп, амалсыз сыйлап жүргені – өзіміз
екеніне кәміл сенетін» [57]. Осы естеліктен Жұматай өлеңдерінде
бұл халықтық атаулардың ерекше ілтипатпен аталу сырын аңғарған-
дай боламыз.
Шындығында да ақын достары, інілері естеліктерінде жиі еске
алатын «Қағанат» ұйымы ақынның әрі тарихи санасының, әрі ел
болашағын ойлаған азаматтық үлкен жүрегінің жемісі болатын.
Бұл ұйымның құрылуы жөнінде Қ.Әлімбек былай дейді: «Ол басы-
мыз қосыла қалса өзі өлең оқып, біздерге оқытып әрқайсымыз-
281
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
дың болашағымыздан үлкен үміт күтетін. Осындай отырыстың
бірінде Жұмағаң тарихтан біраз термелей келіп, «неомонғол
империясын» құрғандығын, оған осы бәріміздің мүше, яғни бір-бір
ноян болғанымызды айтты. Біз бұл қалжыңды қуана қабылдадық.
Нояндықтың мақсаты жақсы жыр жазу ғана емес, осы әдеби
қағанатқа жаңа мүшелер тарту да еді. Сөйтіп, бұл қағанат жыл сайын
жаңа нояндармен қолға түсті. Алғашқы нояндар «саид» дәреже сіне
көтерілді. Далай Қаған, яғни Ұлы Қаған Жұматай ағамыз әзілдеп
былай деуші еді: «Біз жаңа монѓолдармыз! Мына қазақтарға жыр
жазуды үйрету үшін тудық. Басты мақсат – өлеңдерімізбен күллі
әлемді «жаулап алу». Біз бұған кәдімгідей болып қала
тын
быз.
Қағанатымызға мүше еместер қасымызға келсе: «О, қазақтар келді!»
деп қалжыңдайтын» [27].
«Жаулаушы» деп те бұл маған,
Тақпасын айып бір дұшпан.
Есугей емес, үлгі алам
Айтматұлы Шыңғыстан [25.188], – деген өлең жолдары жоғары-
дағы естеліктегі ақын әзілімен ұқсап тұруы – бір жағынан, ақын мен
оның кейіпкерінің рухани байланыстылығының, екінші жағынан,
автордың шығармашылық концепциясының әрі берік, әрі айқын
екендігінің айғағы.
Мұндай шығармашылық концепциялардың қалыптасуы үшін
тарих жөнінде едәуір білімнің болуы қажет екені түсінікті. Осы
орайда, өз замандастарының тарих жөнінен бір қалыпты түсіні-
гінен өзгешелеу ақын түйіндеулерінің жайдан-жай пайда болмаға-
нын түсінеміз. Ақынмен пікірлес болған, оның «Қағанат» ұйы мына
қабылданған соңғы мүшелерінің бірі – әріптесіміз, фило
логия
ғылымдарының кандидаты Б.Қорғанбеков ақынның Әбілғазы-
ның «Түрік шежіресі», «Монғолдың құпия шежіресі» сияқты та-
рихи еңбектерді ерекше меңгергенін, тарих жөніндегі әңгімелерін
солармен сабақтастырып отыратындығын айтады. Демек ақын-
ның тарих жөніндегі өзгеше шығармашылық концеп
циясы
Шығыс тарихшылары еңбегі негізінде қалыптасқан деп айтуға
болады. Сондықтан ақын өлеңдерінде де олардың есімдері ерекше
ілтипатпен аталады.
Осы дерек көздерін сараптай келгенде, ақын құрған «Қаға-
нат» ұйымының жай ғана әзілден тумағандығын сезінеміз. «Қаға-
нат
тың» құрылуы сырттай қарағанда ойынға ұқсас болғанмен,
шын
дығында, ақын көрген тепірештен туған құбылыс еді. Осы
тұста да өлеңдеріндегі жан ауыртар қайғылы, мұңлы жайттарды
әзіл-қалжыңмен жеткізетін қасиеттің оның өмірінде болған
ды-
ғына да үлкен бір дәлел – осы «Қағанат». Оны Қ.Әлімбектің «Жас
Жазушылар одағы» деуге келер еді» [58] деуінде, Ә.Қодар мен
М.Ақдәулетұлының «Ол «Қағанатына» кім көрінгенді қосқысы
Достарыңызбен бөлісу: |