103
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
трагедияларының қадір-қасиетін ата-жұртына түсіндіре алмай,
сахнада өзі актер болып ойнаған екен. Әлі күнге дейін орыстың
Пушкиннен озып туған ақыны бар ма, оның өзі әйел затының
перизаты Наталья Гончарованың арқасында патша сарайының
есігінен әзер сығалап, ордалы ойларымен ұйқыдан орыс орманын
оята алмай, осында қаңғырып жүрген қайдағы бір дарынсыз
Дантестің оғынан жер жастанды. Ұлы мәртебелі патша ағзам әйелі-
нің әдемілігіне бола мейірі түсіп, ақынға камер-юнкер деген атақ
бергенде сарайдың сәнін кіргізетін Наталья сұлудың: «Ақыры біз де
ел қатарына іліктік-ау» дейтіні өз алдына бір хикая.
«Адамға табын, Жер енді» сол жылы бас-аяғы бір-екі үш айда кітап
болып басылып шықты. Сүлейменовты осы күнге дейін Гагарин нің
рухы мен сондағы ғарыштық жылдамдық тәңірідей жебеп келеді.
«Поэма содан кейін бірнеше мәрте басылып шықты, – деп
жазды ақын, – әрбір жаңа жарияланым алдында оның кейбір жерін
жөндегім де келіп кетеді. Сонсоң қалай жарық көрсе, солай қала
берсін деген ойға тоқтаймын».
Олжас Гагаринді ең соңғы рет 1967 жылы Вещенская стан-
циясында көрді. Социалистік елдердің бір топ жас ақындары
мұнда Шолоховпен кездесуге келген-ді. «Дон жағасында доп ойнап
жүргенде ғарышкер аяғын жаралап алды да, бір аяғымен секіріп
барып, жаралы аяғын суға салған» деп тәптіштеп жазады ақын
сүйікті қаћарманы қақында.
Оның есіне фантаст Рей Бредберидің адамның ғарышқа көтері-
луін балықтың судан құрлыққа шығуымен теңестіргені сол күні
түскен шығар, мүмкін?
Олжас поэзиясы – адам баласының Жер-Анадан қара үзіп,
ғарышқа шығуымен пара-пар құбылыс!
Ұлы классикалық әдебиет пен ұлы тарихи оқиғалардың тұс-
тас келе бермейтіні тарихи факт. Л.Толстойдың «Соғыс және
бейбітшілік» атты эпопеясы 1812 жылдан 51 жыл өткенде дүниеге
келсе, М.Әуезовтың «Абай жолы» дәуірнамасы Абай дүниеден
өткен соң 45 жылдан кейін жазылды. Ал, 1961 жылы, аспаннан шұға
жауған күні «Адамға табын, Жер ендіні» таласа-тармаса оқығандар
оның авторының инженер-геолог екендігін, оған белгілі бір беделді
шәйірдің: «Мамандығың бар екен, ендеше қоғамға пайдаңды тигіз,
өлең жазбай-ақ қой, қолыңнан келмейді» дегенін біле ме екен?
Поэзия – қасаң қағидаларды быт-шыт қылып талқандау деген
сөз!
Сүлейменов социалистік реализмнің апиынынан басы айналған
әдебиетіміз бен мәдениетімізді рухани – наркологиялық диспансерге
тірідей жеткізіп, аман алып қалғандардың қатарын түзейді.
Бұған оның жаттанды ұран, жадағай ой, лепірме айқайдан ада,
кез-келген өлеңі куә.
104
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Мынау Қорғалжыңдағы қоңыр қаздар туралы өлеңінің бір
шумағы:
Бұл не қылған батпан қайғы,
Батпан шер!
Қызыл мен ғой – қызыл қаны аққан жер.
«Отан – дейді туған көлін»…
Оттама!
Қалай Отан болады оған атқан жер?!
Бұл өлеңді оқығанда біреулердің көзіне құс қана елестесе, біреу-
дің көзіне… Сізді қайдам, менің көзіме Ахметтер мен Жүсіп бек тер,
Мағжандар мен Сәкендер елестейді!
Два истории у нас с тобой?
Нет: одна за ложь мы не в ответе.
На земле живем нам не чужой,
На земле,
А не на постаменте.
(«Ермак ескерткіші қасындағы тебіреніс»).
Шовинистерге көзін шұқып, бұдан артық айта алмайсың!
Сволочь – не мелочь,
Общественное явление!
(«Дүниенің қиыр шетіндегі бір сәт үнсіздік»)
Бұл сөзді қолына қан уыстаған жендет пен данасын итше
талаған дарынсызға, «кеудесі толы қулық-ой» оңбағанмен «ит
көрген ешкі көзденген» (Абай) көрінген күйкі пендеге де қаратып
айтса – сауап! Бұлар біздің болмыс-тіршілігімізде анда-санда бір
кез десетін типтік образдар ғана емес, – қоғамдық құбылыс! Індет!
Етімізден сүйегімізге өтіп, тәнімізді кеміріп, жанымызды шырқыра-
тып бара жатқан қоғамдық жегі құрттар: «Он – не дурак, он может
быть академик, – дейді Олжас. – Все равно – сволочь!» Маймыл-
дың адамға айналу процесі миллиондаған ғасырларға созылғанмен,
адам баласының иттің баласына айналуы үшін ұзақ уақыттың қажеті
шамалы; қамшының сабындай қысқа ғұмыр да жетіп артылады.
Олжастың қасиеті – Абайдың қасіретіне терең бойлап, қазақтың
ұлттық ғаламдық өркениетке тұяқ іліктірудің қамын ойлауында
жатыр. Бір кезде Абайдың арқасына ащы таяқ ойнатқан жұрт
Абай дүниеге келгелі 150 жыл өтсе де оны әлі түсіне алмай жүрге-
ніндей, ХХ ғасырда маңдайы жарқырап туған марқасқа Олжасты да
оңдырып жатқан жоқ.
– Олжас ана тілін білмейді екен! – дейді.
О, сұмдық! Олжас қазақ тілі түгілі, ежелгі түркі тілін де бес
саусағындай біледі ғой! Ол түркі тілдес әзірбайжан , өзбек, қырғыз,
ұйғыр, якут, тіпті, араб тілдерін де құныға зерттеп, ежелгі түркі мен
105
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
славян мәдениетінің тоғысуынан адамзаттық алтын қазына іздеп
жүрген қазақ Колумбасы емес пе еді?!
Молдован билеушісінің ұлы Антиох Қантемир орыс поэзиясы
бастауларының бірі. Поляк Юзеф Теодор ағылшын көркем ойы ның
айтулы шебері. Тағы бір поляк Геома Аполлинер француз поэзия-
сының пайғамбарының бірі ћәм бірегейі. Қазақ Олжас Сүлей менов
өлеңін орысша жазып, қазақ сахарасынан ұзап, әлемге әлі естіл мей
жатқан ұлттық жырымыздың даусын ғаламдық аудиторияға жет-
кізсе, бұл үшін оны мақтау керек пе, жоқ, әлде даттау керек пе?!
«Жақсы менен жаманды айырмадың, бірі май, бірі қан боп енді
екі ұртың» деп ұлы Абай қалай тауып айтқан! Қазақтың ұлттық
профессионал жазба әдебиетінің атасы осы Абайымыздың өзі әлі
күнге дейін орысшаға жөні түзу тәржімаланған жоқ қой. «Әкесі
өлгенді де есіртеді» демекші, орыстар ћәм қалған дүние Абайды
ақын ретінде емес, Мұхтар Әуезовтың осы аттас дәуірнамасы ның
кейіпкері ретінде ғана жақсы біледі! Абайға арада 150 жыл өткенде
ғана емес, жылда, күнде дүркіретіп той жасасақ та Алаштың осынау
бір туар алыбының қадір-қасиетін өзінен басқа өзгенің кемелі мен
тереңін елей қоймайтын мынау такаппар дүниеге өмірбақи түсін-
діре алар ма екенсің; Абайды мақтап-марапаттап, абыройын асы рып
керегі жоқ, ең алдымен Абайды адамзаттың тілінде сөйлету керек
еді. Абай ағылшынша сөйлесе, Шекспир мен Байронын түсінген
жұрт оны бізден гөрі тереңдеу түсінер ме еді, қайтер еді…
Олжастың орысша сөйлеуі, әсіресе, оның орыстың осы заман-
ғы ұлы ақындары Евгений Евтушенко, Андрей Вознесенский, Белла
Ахмадуллиналармен қатар бой көрсетіп, ой жарыстыруы – жалғыз
қазақтың ғана емес, бүкіл түркі халықтарының маңдайына біткен
бағы болатын!
«АЗиЯ» – Азияның Евразия мен Америка құрлықтарындағы
азаматтық паспорты! Отаршыл озбыр күштердің одан әлі күнге дейін
зәресі ұшып қорқатыны – содан! Бір кезде Мағжан майын тамыза
жырлаған, Күн елі осы кітап арқылы өзінің азаматтық, ұлттық
паспортын төс қалтасына басып отыр! Қазір бұл ел тентіреп жүрген
тексіз тайпа емес, ежелгі мәдениеті, ересен ұлттық потенциалы бар,
қандай ұлт, нендей ұлыспен болсын терезесі тең отырып сөйлесе
алатын ұлт – Тұранның тұяғы!
Ел ішінде Олжас туралы кереғар пікір көп. Бұған оның басқа
замандастарынан алабөтен айырмашылығы мен адами жараты-
лы сының айрықшалығы түрткі болып жүр. Ол тәңірінің тілегімен
ақын болып жаралғанымен, тағдырдың жазуымен лингвист-түрко-
лог, славист, шумеролог, тарихтың қалауымен тарихшы, философ,
публицист, Алаштың тағдыр-таланымен қоғам қайраткері болып
кеткен кісі.
Достарыңызбен бөлісу: |