Арнайы түзете дамыту сабақтарында көру қабілеті бұзылған балаларды жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың ерекшеліктері



жүктеу 41,94 Kb.
бет1/8
Дата11.01.2022
өлшемі41,94 Kb.
#32373
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
ДОКЛАД-Жаңа білім беру бағдарлама ерекшеліктері


Намазбаева Эльвира Пернебайкызы педагог-дефектолог Шымкент қаласы


АРНАЙЫ ТҮЗЕТЕ ДАМЫТУ САБАҚТАРЫНДА КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
"Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған

"Үміт" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


 «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң,

тереңдей береді, қол  созсаң қарсы алдыңда,

айналсаң артыңда тұрғандай»

Сократ
ҚР " Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңында ерекше білімді қажет ететін барлық балалар психолого-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде тегін оқуға құқылы делінген.

Әр елдің қоғамында мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүреді. Олардың денсаулығын қадағалау дәрігерлердің қызметі болса, тәрбиелеу ата-ананың қолында, ал білім беру мен тәрбиені қатар ұйымдастыру мұғалім-дефектологтардың міндеті.


Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру ісіне ерекше көңіл бөлініп, қолға алынып отыр. Соған сәйкес білім саласына заман ағымына сай жаңа бағдарламалар, жаңа технология әдіс-тәсілдері енгізілуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: "Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі", – деп, білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар бүгінгі күннің талабынан туындап отырғанын атап көрсетті. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс - тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңартылған білім жүйесі – құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.
Білім беру жүйесінде осыған дейін оқушыға білім, білік, дағдыны қалыптастыруды талап етсе, бүгінгі күннің мақсаты – іскерлік қарым-қатынас, оларды өз бетімен білім алуға бағыттау. Сондықтан қазіргі замандағы педагогикалық ғылымның ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа білім технологияларын қалыптастыруға ұмтылу болып табылады. Осы орайда елімізде білім беру жүйесі реформаланып, жаңартылған оқыту бағдарламасы құрылды.
Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға. Қазіргі оқушы дарынды, өнерпаз, іздемпаз, талапты, дүниетаным қабілеті жоғары, өз алдына мақсат қоя білетін болу керек.

Көру қабілеті бұзылған балаларға оқу процесін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасуы қиын құбылыс. Сондықтан нашар көретін және көрмейтін балаларды оқытуға арналған оқыту кешендері ұйымдастырылуы қажет. Көру қабілеті бұзылған білім алушылардың белсенді танымдық іс-әрекеттері психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстарының барысында қолдау көрсету, өзара қарым - қатынас жағдайында тұрақты түрде дамиды.



Көру қабілеті бұзылған балалардың танымдық қабілеттерін жетілдіру мақсатында , олардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып түзете дамыту сабақтары өткізіледі.  Білім беру процесінің түзету бағыты арнайы білім беру пәндері: "қалдық көруін және көріп қабылдауын сақтау мен дамыту"; "әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау" (ӘТБ); "кеңістікте бағдарлау"; "мимика және пантомимиканы дамыту"; "сөйлеу тілі дамуының кемшіліктерін түзету"; "емдік дене тәрбиесі"; "түзету ырғағы" бойынша арнайы түзету сабақтарында қамтамасыз етіледі.

Көру қабілеті бұзылған оқушылардың бойындағы кемшіліктерді түзету, жан- жақты жүргізілетін оқу- тәрбие жұмысының нәтижесінде оқушыларды қоғамдық өмірге бейімдеу, сонымен қатар зейінін қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін және тілдерін дамыту, қалдық көріп қабылдауын сақтау мен дамыту, яғни танымдық қызметін дамытуда оқытушылар және арнайы маман иелері (тифлопедагог, дефектолог, логопед, психолог т.б) түрлі заманауи технологияларды қолданып келеді. Жаңартылған білім бағдарламасының ерекшелігінің бірі – Блум таксономиясы. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді.




Білу

Нақты іс-әрекетті іске асыру

Түсіну

Іс-әрекеттің мазмұнын сипаттау

Қолдану

Алған білімін күнделікті өмірде қолдана, іске асыра білу

Анализ

Әрекетті екінші әрекетпен салыстыру

Синтез

Салыстырған әрекеттің жақсы-жаман жақтарын салыстыру.

Бағалау

Сарапталған бүтін дүниеге баға беру. Өз көзқарасын, пікірін айта білу



жүктеу 41,94 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау