«Нейрогимнастика»: Балаларға бір дене мүшелерінен екі дене мүшесін айтамыз. Яғни, «оң қол жоғары, сол аяқ жоғары», оң қолды мұрынға, сол қолды ішке қоямыз», «оң қолмен сол құлақ,сол қолмен басты ұстаймыз» деп айтамыз. Ал, балалар берілген тапсырманы бір мезетте жылдам әрі дұрыс орындауылары қажет.
Жаңартылған оқу бағдарламасының негізгі бөлімдерінің бірінде мұғалімнің АКТ-ны қолдану құзыреттілігі нақтылап көрсетілген. Көру қабілеті бұзылған балаларды қатарға қосу, әлеуметтендіру үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергіге қарсы тұра алатын тұлғаны қалыптастыруда заманауи технологияның барлық мүмкіндігін пайдаланамыз. Бұрын біз көрнекіліктерді көбінесе қағаздан жасап, оны әрдайым жаңартып отыратын болсақ, ал қазіргі таңда әр түзету сабағында интерактивті тақтаны пайдаланамыз. АКТ құралдары оқушылар үшін оқу материалдарын жеңіл түрде қабылдауына мүмкіндік беретін құрал болса, мұғалім үшін сабақ барысында қолданатын көмекші құрал. Оқу процесінде көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: интерактивті тақта, компьютер, ғаламтор желілері, тифлотехнологиялық құралдары. "SARA"- оқу машинасы, диктофон сияқты. Арнайы түзету сабақтарында нашар көретін балаларға АКТ құралдарын бірнеше мақсатта қолдануға болады: көрнекілік ретінде суреттер, диаграммалар, бейнероликтерді көрсетуге, көру қабілеті бұзылған балаларғаәртүрлі аудиотаспалар тыңдатуға болады.
Жаңа бағдарламаның ерекшелігі пәндік білімін және біліктілігін ғана емес, іс -әрекет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Өзін-өзі бағалау "қосу" әдісімен жүргізілетіндіктен оқушы бұрынғыдай "екілік" аламын деп қорықпайды. Сөйтіп оқушыда жоғары ұпай жинауға деген талпыныс пайда болады. Арнайы білім беру мен тәрбиелеудегі білім алушылардың жетістігін коррекциялық цикл пәндері бойынша бағалау дамудың табысты мониторингі негізінде, сапалы-сипатты, эмоционалды тұрғыда (өз мүмкіндіктерін дұрыс қарауды қалыптастыру) жүргізеді. Бағдарламаны оқытудың нәтижесі үш деңгейде қадағаланады:
1)меңгеруге ұмтылу;
2) көмекпен меңгереді (ересектің, құрдасының);
3) өз бетінше меңгереді.
Оқудың аяғында мұғалімдер өзара рефлексия және метатану тапсырмаларын араластыра отырып, біліктілікті арттыру курсының оқу мақсаттары тұрғысынан өздерінің алға ілгерілеуін қарастырады.
Жаңартылған оқу бағдарламасының бүгінгі заман талабы мұғалімге алдында отырған бірі шапшаң,бірі баяу,енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы әр қилы шәкірттердің жүрегіне жол таба білетін білім біліктілігі жоғары, жаңашыл, ізденімпаз ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені мәлім.
Соның ішінде ең көп кездесетін технологиялардың бірі Монтессори әдісі, ойын терапиясы, арт терапия, құм терапиясы т.б. Сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады, интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру барысында оқушылардың танымдық белсенділіктерін, білім сапасын жоғарлатуға көмектеседі. Биік жетістіктерге жету үшін, мұғалім баланың мінез-құлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әрі дамытып отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |