Дифференциалды тәсіл әр түрлі топтағы білім алушыларға білім беруде, оқу процесін мамандандыруын білдіреді, жастарына, физикалық болмысына, психологиялық жағдайына, офтальмологиялық аспектісіне қарай, көру қабілетін ескере отырып және қосымша дефектілеріне қарай мынандай топтарға бөлінеді: мүлдем көрмейтін және ішінара қөру қабілеті бар,нашар көретін білім алушылар. Дифференциалды жұмысты ұйымдастырудың басты шарты болып, күрделілігіне, танымдық қызығушылығына, мұғалімнің берген көмегіне қарай, дифференциалды тапсырмаларды пайдалану болады.
Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 40 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс - әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ. Біз сол себепті сабақ барысында әр түрлі сергіту сәттерін пайдаланамыз. Сергіту жаттығуларын орындауға 1,5–3 минут уақыт бөлеміз. Кейбір жаттығуларды ән әуенімен орындаймыз. Сонда баланың көніл күйі де көтеріліп, сабаққа деген ынтасы артады. Баланың көңілді болуы оның қан айналымының айналуына да септігін тигізеді, көңілді күйде сабақты жақсы қабылдайды. Білім беру үдерісінде пайдаланатын сергіту сәттері:
Релаксация латынша (relahatio-тынығу,босаңсу) - толық және бұлшық еттің кейбір бөліктерінің босаңсуымен байланысты тыныштық жағдайы. Релаксация жаттығуларының түрлі әдістері бар. Ең кең тараған түрі бұлшық еттің ширығуы мен босаңсуына негізделген бұлшық ет релаксациясы. Келесі түрі аутогендік жаттығу немесе аутотренинг, яғни босаңсу. Үшінші түрі, әдейі таңдалған әуенді және мәтінді тыңдау арқылы басқа адамның әсерімен қол жеткізілетін босаңсу түрі. Релаксациялық жаттығулар сабақ барысында туындайтын жүйкелік-психикалық мазасызданудың алдын алуға, қиялдауына, өзіне деген сенімін қалыптастыруына дамуына жағдай жасайды. Релаксацияны барлық топта, кез келген ыңғайлы бөлмеде өткізуге болады. Релаксация технологиясының қарқындығын, мақсатын балалардың жағдайына байланысты анықтап, қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |