Армысыздар құрметті тұрғындар! Баршаңызға белгілі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 018 жылдың қазан күні Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»



жүктеу 164 Kb.
Дата24.12.2019
өлшемі164 Kb.
#24883

Армысыздар құрметті тұрғындар!
Баршаңызға белгілі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылдың 5 қазан күні Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» туралы жолдауында еліміз үшін аса маңызды да тағдырлы мәселені ұсынды. Елбасының елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып, ел назарына жолдаған бұл Үндеу Үкіметке, әкімдерге үлкен міндет жүктеді. Президентіміз осынау Жолдауында еліміздің экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңінде басар қадамдарды және басым бағыт-бағдарын атап өтті.

Шардара ауданында Елбасы Жолдауында көрсетілген басым бағыттар мен мемлекеттік бағдарламалар, Үкімет пен облыс басшыларының тапсырмалары өз деңгейінде орындалып, халықтың әл-ауқаты жылдан-жылға жақсарып келе жатыр деп сеніммен айта аламыз. Енді арқаға бір сәт назар аударып, тарихтың қойнауына кеткен 2018 жылдың қорытынды есебін жасасақ деп отырмыз.



Бюджет.

(1слайд) Кірістер. 2017 жылы жергілікті бюджетке 2301,2 млн теңге түскен болса, 2018 жылы 3823,1 млн теңге түсіп, 2017 жылмен салыстырғанда166,1 пайызға артығымен орындалып, қазынаға 1521,9 млн теңге артық түсті.

(2 слайд) Шығыстар. 2018 жылдың 12 айында түзетілген жоспар 15 515,2 млн. теңгені құрап, оның 15 430,7 млн. теңгесі яғни 99,5пайызы игерілді.Игерілмеген қаржы 84,6 млн теңге.

(3 слайд) Өнеркәсіп. Өнеркәсіп саласында оң өзгеріс қалыптасып келеді. Бүгінгі таңға осы салада 20 кәсіпорын жұмыс жасауда. Өткен жылы осы өндіріс орындарында 6931,9 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, 2017 жылмен салыстырғанда өндірілген өнім 872,8 млн.теңгеге немесе 4,7 пайызға артқан.

(4 слайд) Туризмді дамыту бойынша атқарылған жұмыстар. Шардара ауданында жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ. Шардара су қоймасы жағалауындағы туризм саласын дамыту бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда, атап айтқанда бүгінгі таңда орман қоры жерінен елді мекен санатына ауыстырылған 255 га жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге облыстық бюджеттен 35,0 млн теңге бөлініп, игерілді. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталуы күтілуде. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, мұнда 60 нысан құрылысы қаралған. Атап айтқанда, қонақ үйлер, яхт клуб, ресторандар, аңшылар және балықшылар үйі, аквапарк т.б. нысандар құрылысы қаралған. Тартылатын инвестиция көлемі 6,7 млрд. теңге, оның ішінде мемлекет тарапынан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 5,4 млрд. теңге жоспарлануда. Объектілер құрылысын бастауға жер учаскесін алуға көптеген инвесторлар қызығушылықтарын білдіруде. Осы жұмыстар нәтижесінде 1000-нан астам жаңа жұмыс орындарының ашылуы, 60 нысанның бой тұрғызылуы және 45,0 мыңнан астам туристердің келуі жоспарлануда. Бұл жұмыстар халықты жұмыспен қамтып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей септігін береді.
(5 слайд) Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының орындалуы

Индустрияландыру картасы шеңберінде ауданда жалпы құны


1682,0 млн. теңгені құрайтын 5 жоба енгізіліп іске асырылды. Ал 2018 жылдың 4 желтоқсан күні «Байтерек ББМ» ЖШС-ның «Балық өңдеу зауытының құрылысы» инвестициялық жобасы іске қосылды. Жобаның өнім көлемі экспортқа бағытталған. 30 адамға тұрақты жұмыс орны ашылып, қуаттылығы жылына 600 тонна балық, 200,0 млн теңгеге инвестиция тартылды.

Сонымен қатар, 2 мақта өңдеу зауыттарына құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

1.«Ай-қажы»,«Ақ-Алтын» ЖШС-ның мақта өңдеу зауытын іске қосу үшін Индустриалды аймақтан жер учаскесі таңдалып, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаның қуаттылығы 20000 тонна мақта шикізатын өңдеу. Жобаның жалпы құны 896,0 млн теңге, 125 адам жұмыс орнымен қамтылуы жоспарлануда.

2. Алатау батыр ауыл округіне орналасқан қазақ-сингапур бірлескен «International company of Cotton» ЖШС-ның ұйымдастыруымен мақта өңдеу зауытына құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда сынама түрінде іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 5,4 млрд. теңгені құрады, ашылатын жұмыс орны 150 адам. Жобаның қуаттылығы жылына 50 000 тонна мақта шикізатын өңдеу.



( 6 слайд) «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар.

Шағын және орта бизнесті негізгі дамытушы бағдарламасы болып саналатын «Бизнестің жол картасы бағдарламасы» аясында кәсіпкерлікті несиелендіру, несиені кепілдендіру, кәсіпорындарға инфрақұрылым тарту қаралған. Осы бағдарлама аясында облыс әкімдігі мен аудан әкімдігі арасында 7 жобаға индикаторлық көрсеткішті орындау тапсырмасы берілген, бүгінгі таңға ауданда бағдарламаға сәйкес, 10 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде: бүгінгі таңға банк несиелерін субсидиялау бойынша 4 жоба (116,0 млн теңге):

-ЖК «Әділ Аяу» (жанармай бекетін модернизациялау);

-ЖК «Исаев Н» (жиһаз өндірісі );

-ЖК «Бектасов Ғ» (жүк көлігін сатып алу);

-«Достар Асқат-Мақсат» ЖШС (асыл тұқымды мал сатып алу);

Банк несиелерін кепілдендіруге 2 жоба : ЖК «Исаев Н» (Даму қоры арқылы кепілдендірілген).



- «Достар Асқат-Мақсат» ЖШС банктен қолдауы табылып, субсидиялауға Даму қорына құжаттары жіберілген).

Инфрақұрылымдар тарту бағыты бойынша 3 кәсіпорынға тиісті жұмыстар жүргізілуде.

1.«Golden Beach Resort» демалыс орынына қажетті инфрақұрылымдар (электр желісі жүргізу, подстанса қою, ауызсу жеткізу, газ құбырын тарту) жеткізу. Қажетті қаржы көлемі: 222,3 млн. теңге.Қазіргі таңға СЖТ дайындалған, ЖСҚ жасалынуда.

2.«Иіржар агро» ЖШС-ына электр желісін тарту жобасы, қазіргі таңға жерге орналастыру жобасы жасалынып, тиісті құжаттары өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына (предварительный) тапсырылған. Қажетті қаржы көлемі: 32,9 млн. теңге.

Сонымен қатар, Индустриялды аймақтан орналасқан «Айқажы Ақалтын» ЖШС мақта өңдеу зауыты қажетті инфрақұрылымдармен (электр желісі, жол және т.б.) қамтамасыз ету өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауынан өткен.

3.Гранттық қаржыландыру бағыты бойынша жалпы құны 9,0 млн. теңгені құрайтын 3 жоба облыстық кәсіпкерлік басқармасына ұсынылып оның ішінде 1 жобаға (Көксу а/о орналасқан ЖК Н.Жұртбаеваның «Киіз өнімдерінен әртүрлі тұрмыстық заттарды қолдан жасау» жобасы) 3,0 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді, яғни инновациялық грантты жеңіп алды.

( 7-8 слайд) Кәсіпкерлік саласы. 2018 жылы аудан көлемінде 7676 шағын кәсіпкерлік тұлғалар тіркелген, (оның 396 заңды, 1485 дара кәсіпкерлік және 5795 шаруа қожалықтар). Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік тұлғалар саны 7418. 2018 жылы ауданымызда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлеріктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілудің нәтижесінде 142 кәсіпкерлерік нысан жұмысын қайта бастап, 75 кәсіпкерлік нысан толығымен жабылды.

Есепті кезеңде шағын кәсіпкерлік саласында 20194 адам жұмыс істеп, (2017 жылмен салыстырғанда 103,4%) 35,6 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 5,4 млрд теңгеге артқан. Шағын және орта кәсіпкерлік саласыда есепті кезеңде 752,2 млн тг салық төленіп (2017ж- 60,9 млн,тг,), өткен жылмен салыстырғанда төленген салық 692 млн.теңгеге немесе 12 есеге артқан.

Несиелендіру жұмыстары.

Аудандағы кәсіпкерлер мен шаруаларды қолдау мақсатында «Оңтүстік» АИО» ЖШС және «Ырыс» МҚҰ арқылы ағымдағы жылдың есепті мерзімінде 226 жоба 570,0 млн. теңге несиемен қаржыландырылды. Несие қаржылар мал бордақылауға, мал басын көбейтуге, мақта шаруашылығын дамытуға бөлінген.

2018 жылы облыс әкімдігі мен кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасы және Шардара ауданы әкімдігі арасында 3 жақты келісім шарт түзіліп, шартқа сәйкес, Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның көлемін 8,0 млрд. теңгеге жоспарланған болса, нақты көрсеткіш 27,0 млрд. теңгеге орындалды. Сонымен қатар:

-мемлекеттік бюджетті қоспағанда шикізаттық емес секторының инвестиция көлемі 23,1 млрд. теңге құрап, облыста Шардара ауданы 1 орынды;

- өңдеу өнеркәсібіндегі инвестиция көлемі 5,8 млрд. теңге құрап, бұл бағыт бойынша да Шардара ауданы облыста 1 орынды;

Нәтижесінде 2018 жылы кәсіпкерлік саласы бойынша Шардара ауданы Түркістан облысы алғашқы құрылған жылы «Кәсіпкерлікті қолдау бойынша үздік әкімдігі» номинациясының иегері атанды.

( 9 слайд) Ауылшаруашылығы. Өткен жылы аграрлық саланың барлық бағытында өсім байқалды. Агроөнеркәсіп кешеніндегі жалпы өнім көлемі он екі айдың қорытындысы бойынша 31082,9 млн. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 104,1 пайызға немесе 7413,5 млн. теңгеге артқан.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада 2860 тонна жанар-жағармай бөлініп, 2300 тоннасы тасымалданды. Күзгі жиын-терім науқанына 3055 тонна жанар-жағармай бөлініп, бүгінгі таңда 2183 тоннсы тасымалданды.



( 10 слайд) Үкімет тарапынан берілген субсидиялар: Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің есебінен ағын суды жеткізіп беру құнын арзандатуға 25,3 млн.теңге, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 84,5 млн.теңге, гербицидтердің құнын арзандатуға 74,3 млн. теңге, «Сыбаға» бағдарламасын қолдауға 74,3 млн.теңге, «Алтын асық» бағдарламасын қолдауға 36,8 млн.теңге, «Құлан» бағдарламасы бойынша 0,3 млн.теңге, мал өнімдеріне 12,48 млн.теңгеге субсидия төленді.

«Даму бағдарламасының» жоспарына сәйкес, 700 гектар егістік жерге тамшылатып суғару әдісін ендіру жоспарланып, нақты 711 гектар егістік жерге ендірілді. Сондай-ақ 5 гектар жерге салу жоспарланып, нақты 6,05 гектар жерге салынды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1050 бас ірі қара мал алу жоспарланып, нақты 1470 бас сатып алынды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2770 бас уақ мал алу тапсырмасы беріліп, тапсырма 3350 басқа орындалды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 375 бас жылқы алу тапсырмасы беріліп, тапсырма 390 басқа орындалды.

163 бірлік мал бордақылау алаңдарын салу тапсырмасы 170 бірлікке орындалды. Шағын жанұялық фермалар құру тапсырмасы 25 бірлік, одан орындалғаны 29 бірлік.

Көрсетілген межелерді толығымен орындаудың нәтижесінде облыстық ауыл шаруашылылығы қызметкерлерінің «Алтын күз-2018» мерекесінде Шардара ауданы озаттардың қатарынан орын алды. Атап айтар болсақ, Шардара ауданы «Агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасы көрсеткіштерін озат орындаған аудан» номинациясы бойынша облыс көлемінде І орынды және «Ірі қара мал басын асылдандыру бойынша озат аудан» номинациясы бойынша да І орынды иеленіп, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың сертификатымен марапатталды.

( 11 слайд) Су шаруашылығы. 2018 жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен Қоссейіт ауылдық округтеріндегі 1-Р-1 және 1-Р-2 каналдары бойындағы жалпы ұзындығы 87,3 шақырымдық ағын су қашыртқыларына 95,3 млн.теңге қаржы бөлініп ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 2191 га егістік алқаптың сумен қамтылуы және мелиоративтік жағдайы жақсаруына оң әсерін тигізуде.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жалпы 198 адам қамтылып, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроонеркәсіптік кешен мамандарына 166,5 млн теңге бюджеттік несие берілген.

2018 жыл қорытындысы бойынша 20 маманға 3367,0 мың теңге көтерме жәрдем ақы, 4 маманға тұрғын үй сатып алуға 14430 мың теңге бюджеттік несие берілді.

( 12 слайд) Құрылыс саласы.

2018 жылы құрылыс саласы бойынша жалпы конкурстық құны 2 243,9 млн теңгені құрайтын 2019 жылға өтпелі 5 нысанның құрылыс жұмыстары басталып, есепті кезеңге бөлінген 578,3 млн теңге 100 пайызы толығымен игерілді.

Оның ішінде: Білім саласы бойынша 2 нысан. Тұрғын үй саласы бойынша 2 нысан. Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым саласы бойынша 1 нысан. Атап айтқанда:

1. «ОҚО Шардара қаласы 4-ші мөлтек ауданының 1-кезеңіне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдарының құрылысы» нысанына мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалпы құны 411 941,9 мың теңге қаралған. 2017 жылға Ұлттық қордан 100,0 млн теңге, 2018 жылға 311 млн 941 мың теңге қаржылар бөлініп, толығымен игерілді. Аталған нысанды 30.11.2018 жылы мемлекеттік қабылдау актісімен пайдалануға қабылданды.

2. «ОҚО, Шардара ауданы, Шардара қаласы, Астана көшесінде орналасқан 4 қабаттты үйдің құрылысы» нысанын конкурстық құны–371 млн 840 мың теңге. 2018 жылы облыстық бюджеттен 40,0 млн теңге қаржы бөлініп, бекітілген өндірістік кестеге сәйкес толығымен игерілді.

3. «ОҚО, Шардара ауданы, Шардара қаласы, Әл-Фараби көшесінде орналасқан 4 қабатты үйдің құрылысы» нысанының конкурстық құны - 372 млн 317 мың теңге. 2018 жылы облыстық бюджеттен 40,0 млн теңге қаржы бөлініп, бекітілген өндірістік кестеге сәйкес толығымен игерілді.

4.«ОҚО, Шардара қаласы Мұнай база ауылынан №4 Ы.Алтынсарин атындағы 60 орындық бастауыш мектеп құрылысы» нысанының конкурстық құны – 234 млн 80 мың теңге. 2018 жылы жергілікті бюджеттен 106 млн 323 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді.

5.«ОҚО, Шардара қаласы А.Иманов атындағы 300 орындық орта мектептің құрылысы» нысаны (конкурстық құны – 853 млн 705,2 мың теңге). 2018 жылға облыстық бюджет есебінен 80 млн теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді.

Жоғарыда аталған нысандар биылғы жылға өтпелі екендігін ескере отырып, нысандардың құрылыс жұмыстары бекітілген өндірістік кестелеріне сәйкес жүргізіліп, бөлім мен мердігерлер арасындағы екі жақты түзілген келісім-шарттарда көрсетілген мерзімдерінде нысандарды уақытылы тапсыру жоспарланған.



( 13 слайд) Ауыз сумен қамтамасыз ету.

Бүгінгі күнге аудан бойынша құбыр суымен қамтылған халықтың үлесі – 91 пайызды құрап, орталықтандырылған құбыр суымен қамтылған 13 елді мекеннің 5 елді мекенінде (Шардара қаласы, Шардара, Қоссейіт, Көксу, Ұзын ата ауылдары) ауыз су 24 сағат бойына берілуде.

Аудан тұрғындарын ауыз сумен қамту бағдарламасы бойынша 627,25 млн теңгені құрайтын 4 бірлік ауыз сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысы басталып, жыл соңында республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген 309,96 млн теңге толығымен игерілді. Бұл нысандар 2019 жылға өтпелі.

1. «ОҚО Шардара ауданы Жаушықұм а/о Жаушықұм елді мекенінің ауыз су жүйелерінің құрылысы» нысаны. Сметалық құны 221,33 млн теңге. 2018 жылға республикалық және облыстық бюджеттерден жоспарланған 122,133 млн теңге (республикалық бюджет 100 млн теңге, облыстық бюджет 22,133 млн теңге), толығымен игерілді.

2. «ОҚО Шардара ауданы Көксу а/о Айдаркөл қашар елді мекенінің ауыз су жүйелерінің құрылысы» нысанына 188,03 млн теңге бөлініп, 2018 жылға облыстық бюджеттен жоспарланған 30,0 млн теңге, толығымен игерілді.

3. «ОҚО Шардара ауданы Көксу а/о Баспанды елді мекенінің ауыз су жүйлерінің құрылысы» нысанына 113,33 млн теңге бөлініп, 2018 жылға республикалық және облыстық бюджеттерден жоспарланған 93,327 млн теңге (республикалық бюджет 80 млн теңге, облыстық бюджет 13,327 млн теңге), толығымен игерілді.

4. «ОҚО Шардара ауданы Көксу а/о Жоласар елді мекенінің ауыз су жүйелерінің құрылысы» нысанына 104,29 млн теңге бөлініп, 2018 жылға облыстық бюджеттен жоспарланған 64,503 млн теңге, толығымен игерілді.

2019 жылы осы нысандар құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін Жаушықұм, Айдаркөл қашар, Баспанды, Жоласар елді мекендерінде тұратын 3000 астам тұрғындар (аудан тұрғындарының 3,9 пайызы) орталықтандырылған құбыр жүйесімен қамтылатын болады. Ал жалпы жоғарыдағы нысандар аяқталған жағдайда аудан бойынша құбыр суымен қамтылған халықтың үлесі – 94,8 пайызды құрайтын болады.

Ағымдағы жылы аудандық бюджет есебінен Шардара қаласы Өтеғұл шағын ауданының ауыз су беру торабындағы тұшытып-тұзсыздандыру қондырғысының сүзгілері ауыстырылды. Шардара қаласы Мелде би мөлтек ауданындағы пайдалануға тапсырылған қосымша хаузды іске қосу бойынша 1 шқ. астам магистралды су құбыры желісі және ішкі технологиялық су құбырлары тартылды. Жазғы мезгілде қала тұрғындарының жаппай үй іргелік жерлерді суғаруына байланысты қалаға беріліп жатқан ауыз судың көлемін арттыру мақсатында қалалық бас торабының №1 және №2 көтеріліміндегі станцияларында қосымша сорғылар орнатылып іске қосылды, қала тұрғындарына беріліп жатқан ауыз суды залалсыздандыруға қажетті материалдар (гипрохлорид кальций ерітіндісі) алынды. Қаладағы М.Жәлел көшесі бойындағы 0,5 шқ су құбыры желісі ауыстырылды.

Сонымен қатар, халық санының басымдықтарына қарай жергілікті бюджеттен 11,894 млн теңге бөлініп, (обл. бюджет 7,224 млн теңге, ауд. бюджет 4,670 млн теңге),елді мекендерде ауыз су жүйелері құрылысының 3 жобасы әзірленді. (облыстық бюджеттен 1 жоба, аудандық бюджеттен 2 жоба)

1 «Түркістан облысы Шардара ауданы Қызылқұм а/о Қызылқұм ауылының ауыз су беру торабы құрылысы» жобасы аудандық бюджет қаржысы есебінен әзірленіп, сараптама қорытындысын алуға ұсынылды.

2 «Шардара қаласы №14 бекет, Мұнай ауылы және Қ.Тұрысбеков а/о қарасты Ақберді елді мекендерінің ауыз су жүйелерінің құрылысы» жобасы аудандық бюджет қаржысы есебінен әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды.

3 «Шардара қаласы бас су торабының тазарту станциясын қайта құру» жобасы облыстық бюджет қаржысы есебінен әзірленіп, сараптама қорытындысын алуға ұсынылды.

Ауданда алғаш рет қала және ауылдық елді мекендерге беріліп жатқан ауыз су субсидияланды. Субсидиялау нәтижесінде қала және ауылдық елді мекендер тұрғындары пайдаланылған ауыз судың 1 текше метріне жеңілдетілген бағамен 30 теңгеден төлеу, тарифтің қалған бөлігі республикалық бюджеттен бөлінген субсидия есебінен жабылатын болды.

Ауыз суды субсидиялау есепті 2018 жылдың мамыр айынан басталып, 84,5 млн теңге игерілді.

( 14 слайд) Табиғи газбен қамтамасыз ету.

Аудан бойынша 3 елді мекен (Қазақстан, Целинный, Ұзын ата) табиғи газ көзіне қосылған. Оларда тұратын халық саны – 13 730 адам (2026 үй), аудан тұрғындарының 17,3 пайызы.

«Газ тасымалдау жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сметалық құны 3 811,07 млн теңгені құрайтын 6 нысан құрылысы жүргізіліп, 2018 жыл қорытындысы бойынша 1066,18 млн теңге толығымен игерілді.

1. «ОҚО, Шардара ауданын газбен қамтамасыз ету үшін «Шардара» ГРС-18 және газ құбырынан бұрып алу» (түзету)» нысаны. Сметалық құны- 2 912,634 млн теңге. 2018 жылға 689,929 млн теңге бөлініп, игерілді. Нысан құрылысы 2019 жылға өтпелі.



2. «ОҚО, Шардара ауданы, Ақшеңгелді а/о Ақалтын елді мекеніндегі ішкі газ жүйелерінің құрылысы» нысаны. Сметалық құны – 136,414 млн теңге. 2018 жылға 11,193 млн теңге бөлініп, игерілді. Нысан құрылысы 2019 жылға өтпелі.

3. «ОҚО, Шардара ауданы, Ақшеңгелді а/о Егізқұм елді мекеніндегі ішкі газ жүйелерінің құрылысы» нысаны Сметалық құны – 102,962 млн теңге. 2018 жылға 9,993 млн теңге бөлініп, игерілді.

4. «ОҚО, Шардара ауданы, Сүткент а/о Сүткент елді мекеніндегі ішкі газ жүйелерінің құрылысы». Сметалық құны – 221,133 млн теңге. 2018 жылға 56,471 млн теңге бөлініп, игерілді.

5. «ОҚО, Шардара ауданы, Қызылқұм а/о Қызылқұм елді мекеніндегі ішкі газ жүйелерінің құрылысы»Сметалық құны – 163,481 млн теңге. 2018 жылға 131,816 млн теңге бөлініп, игерілді.

6. «ОҚО, Шардара ауданы, Достық а/о Достық елді мекеніндегі ішкі газ жүйелерінің құрылысы». Сметалық құны – 274,445 млн теңге.2018 жылға 166,778 млн теңге бөлініп, игерілді.

Аталған нысандар биылғы жылы толығымен аяқталып 5 ауыл округтың 13 407 тұрғындары табиғи газды пайдалау мүмкіндігіне ие болып, аудан тұрғындарының 34,2 пайызы газбен қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылы аудандық бюджет қаржысы есебінен «ОҚО, Шардара ауданы, Шардара қаласына «Шардара» ГРС №18 жоғары қысымды газ жеткізіп беруші газ құбыры және Шардара қаласы «Өтеғұл» шағын ауданын квартал ішіндегі (орта қысымды газ құбыры) газ жүйелерінің құрылысы» жобасы аяқталып, сараптама қорытындысы алынды. Сметалық құны 1 525,412 млн теңге. Бүгінгі күнге жобаны қаржыландыру бойынша 2019 жылға облыстық бюджеттен 200 млн теңге бөлінді.

Одан бөлек, "ОҚО Шардара ауданы Қ.Тұрысбеков а/о Шардара ауылын газдандыру" нысаны ЖСҚ-сы әзірленуде.

Жалпы 2018-2021 жылдарға аралығында 18 елді мекенді газдандыру жоспарланып, нәтижесінде 21 елді мекен немесе аудан тұрғындарының 99,5 пайызы(79 036 халық) табиғи газбен қамтылады. 4 елді мекен (Бимырза, Пішентөбе, Құйған, Шабырлы) экономикалық жағынан тиімсіз болып отыр.

( 15 слайд) Елді мекендерді электрлендіру.

2018 жылы аудандық бюджеттен 3,878 млн теңге бөлініп 3 жоба әзірленді.



1 "Шардара ауданы Шардара қаласы Наурыз шағын ауданын электр энергиясымен қамтамасыз ету құрылысы"жобасы әзірленіп сараптама қорытындысы алынды.

2 "Түркістан облысы Шардара ауданы Көксу ауылдық округі жаңа тұрғын үй массивтерін электр желісімен қамтамасыз ету құрылысы" жобасы әзірленіп сараптама қорытындысын алуға ұсынылды.

3 "Түркістан облысы Шардара ауданы Ұзыната ауылдық округі жаңа тұрғын үй массивтерін электр желісімен қамтамасыз ету құрылысы" жобасы әзірленіп сараптама қорытындысын алуға ұсынылды.

Осы жобалардың іске асырылуына орай Көксу, Ұзын ата ауылдарының тұрғындары толықтай электр желісімен қамтылып, Шардара қаласы тұрғындарының электр қуатымен қамтылуы жақсарды.



( 16 слайд) Автомобиль жолдары саласы.

2018 жылы елді мекендердегі аудандық маңыздағы автомобиль жолдары мен көшелерді орта және ағымдағы жөндеуге 695,574 млн теңге бөлінді. Оның ішінде орта және күрделі жөндеуге 604,203 млн теңге, тас төсеуге және ағымдағы жөндеуге 91,371 млн теңге жергілікті бюджеттен бөлінді.

Жыл қорытындысында 483,153 млн теңгеге қала және ауылдық округтерде жалпы ұзындығы 25,01 шқ болатын көшелер орта жөндеуден өтті. (Шардара қаласында 16,41 шқ, Қ.Тұрысбеков а/о 1,48 шқ, Көксу а/о 2,2 шқ, Ұзын ата а/о 1,1 шқ, Қоссейт а/о 1,55 шқ, Алатау батыр а/о 0,3 шқ, Жаушықұм а/о 1,35 шқ, Достық а/о 0,62 шқ) Сонымен қатар, 121,05 млн теңгеге аудандық маңыздағы жалпы ұзындығы 11,6 шқ болатын «Ақалтын-Егізқұм» автомобиль жолы орта жөндеуден өтті.

Көшелерге тас төсеу бойынша 81,031 млн теңгеге қала және ауылдық округтерде жалпы ұзындығы 12,2 шқ көшелерге тас төселді. Сондай-ақ, 10,34 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізіліп, шұңқырлар жамалды.

Ағымдағы 2018 жылдың соңында, аудандық маңыздағы 44,73 шақырым автомобиль жолының 11,6 шақырымы орта жөндеуден өтіп, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың үлесі 35,3 шақырымды, немесе 78,9 пайызды құрады.

Елді мекендердегі 504,3 шақырым көшелер мен ішкі шаруашылық жолдарының 25,01 шақырымы орта жөндеуден, 12,2 шқ көшелер төселіміне тас төселіп қанағаттанарлық жағдайдағы көшелер мен ішкі жолдардың үлесі 341,9 шақырымды, немесе 67,8 пайызды құрады.



( 17 слайд) Абаттандыру, көріктендіру жұмыстары.

Елді мекендерді абаттандыру бойынша 2018 жылы аудандық бюджеттен 489,919 млн теңге бөлініп, аудан аумағындағы елді мекендерде 37 га астам саябақтар мен скверлер, жасыл аймақтар тұрақты күтімге алынды.

Шардара қаласында 2 бірлік бағдаршам орнатылды, 2шақырымнан астам аяқ жолдар салынды, пайдаланымдағы барлық паннолар ағымдағы жөндеуден өтті. 1 шақырымнан астам көшелер бойындағы су ағарлар ауыстырылды. 3,5 шақырым көшелер жарықтандырылды, қаладағы 13 шақырымнан астам жиектастар Наурыз және қала күні мерекелеріне орай 2 рет сырланып, жаңартылды. Сонымен қатар, орталық көшелерге аспалы аркалар орнатылып безендірілді. Орталық көшелерге жолақтар тартылып, 80 астам жаңа жол белгілері орнатылды. Шардара қаласындағы Жастар, Саттарханов, Төле би, Жібек жолы және Сырдария өзені бойында жалпы ауданы 6 га болатын жаңадан жасыл аймақтар құрылып, аумағы қоршалды және тамшылатып суландыру жүйелері салынды. Ауылдық округтерде жалпы ұзындығы 13,43 шқ болатын Қоссейт а/о 2,1, Көксу а/о 1 шқ, Ұзын ата а/о 2 шқ, Алатау батыр а/о 2 шқ, Қызылқұм а/о 1,2 шқ, Сүткент а/о 1,7 шқ, Ақшеңгелді а/о 2,7 шқ, Достық а/о 0,73 шқ аяқ жолдар салынды. Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 2,2 шқ болатын, Сүткент а/о 1 шқ, Достық а/о 1,2 шқ, көшелер жарықтандырылды. Жаңадан жасыл аймақтар құру бойынша Ұзын ата а/о 5,5 га, Алатау батыр а/о 1,4 га, Достық а/о 1,17 га, Жаушықұм а/о 1 га, барлығы 9,07 га жасыл аймақтар құрылды.

Одан бөлек, 2018 жылы аудандық бюджеттен 76,7 млн теңге бөлініп Шардара қаласындағы Төле би, Оразбаева көшелері бойындағы көпқабаты тұрғын үй аумағын және Аль-Фараби көшесі бойындағы 9 көпқабатты тұрғын үй аумағын аббаттандыру жұмыстары жүргізілді. Нысандар құрылысы 2019 жылға өтпелі.



( 18 слайд) Көгалдандыру жұмыстары.

2018 жылға көктемгі, күзгі мезгілдерде аудан бойынша «Шатқал» бағдарламасы аясында 240 га жерге жалпы саны 100 800 түп ағаш көшеттері отырғызу жоспарланған. Оның ішінде бюджет қаржысы есебінен 25000 түп ағаш көшеттерін отырғызу көзделген. Көктемгі мезгілде 70800 түп, күзгі маусымда 30 000 ағаш көшеттері отырғызылып, тұрақты күтімге алынды.

Шатқалдар мен өзен жағалауларын көгалдандыру, абаттандыру бойынша Шардара қаласындағы Жастар, Саттарханов, Төле би, Жібек жолы көшелері бойындағы бос жатқан жерлерде 8,21 га жасыл аймақтар құрылды.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан жүргізілген тексерудің қорытындысында көктемгі маусымда отырғызылған ағаш көшеттерінің 51,61 мың түбі өсім алып, көнімділігі 72,9 пайызды құрады.



( 19 слайд) Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2018 жылы бағдарламаға 2724 адам қатыстыру жоспарланған. Оның ішінде жұмыссыздар 835 адам, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар 1232 адам, жұмыс іздеушілер 657 адам. (Жұмыссыздар, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар мен жұмыс іздеушілердің ішінен 1062 табысы аз азамат).



Жыл қорытындысымен бағдарламаға 3112 адам қатыстырылды, оның ішінде: 1005 жұмыссыз, 1418нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар,689 жұмыс іздеушілер. Жалпы бағдарламаға қатысушылардың 14 пайызы немесе 446 табысы аз азаматтар.

- Бағдарламаның бірінші бағыты: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 2018 жылы кәсіптік оқытуға 150 азаматты, қысқа мерзімді оқытуға 190 азаматты оқыту жоспарланған. Қысқа мерзімді оқуға мамыр және шілде айларында 190 азамат 7 мамандық бойынша Шардара қаласындағы №16 колледжге жолданды. Қысқа мерзімді оқуды аяқтаған 184 қатысушының 143-і тұрақты жұмысқа орналасты.

- Бағдарламаның екінші бағыты: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 2018 жылы 200 азаматты «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, 26 азаматқа несие беру және 11 азаматқа жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грант беру көзделген.«Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 134 адамоқып, сертификаттарын алды. Несиелендіру үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на 63 адамға, «Арыс несие» КС-ке 4 адамға, «Қаратау несие» КС-ке 8 адамға, «Шардара несие» КС-ке4 адамға, «Оңтүстік агро несие» КС-ге 1 адамға, барлығы 80 адамға жолдама берілді. Жолдама алғандардың ішінен 64 адам 245,3 млн теңгеге несиелендірілді. «Бастау-Бизнес» бойынша оқығандардың ішінен 11 азамат жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін қайтарымсыз грант алды.

- Бағдарламаның үшінші бағыты: «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша 2018 жылы 2053 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде бос жұмыс орындарына 1867 адам, жаңадан ашылған жұмыс орындарына 186 адам жолданды.

- Әлеуметтік жұмыс орындарына131 жұмыссыз 16 жұмыс берушіге белгіленген жалақының 35 пайызын субсидиялау бойынша жіберілді.

- Жастар практикасының қағидасына сәйкес жастар практикасын ұйымдастыру мақсатында 53 жұмыс берушінің өтінімдеріне орай, 117 жас маман жастар практикасына жіберілді. Мерзімі аяқталған 92 азаматтың ішінен 63-і тұрақты жұмысқа орналасты.

76 - мүмкіндігі шектеулі азаматты бағдарламаға қатыстыру жоспарланып, ол 86 адамға орындалды.

- Қоғамдық жұмыстарға 240 азаматты жолдау жоспарланып, нақты 19 жұмыс берушінің өтінімдеріне сәйкес 262 жұмыссыз жолданды.

( 20 слайд) Денсаулық сақтау. 2018 жылы денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөнінде перспективалық жобаларды іске асыру қолға алынды.

2018 жылға 1600 млн.теңгеге қала орталығында аудандық емханаға қосымша 150 адамды қабылдауға арналған ғимарат және жедел жәрдем бөлімінің ғимаратының құрылысы басталып,2020 жылы аяқталуы күтіледі.

Қала, ауылдық округтердегі күрделі жөндеуге көзделген 8-дәрігерлік нысандардың 4-і күрделі жөндеуден өтті. Атап айтқанда,Қызылқұм Ұзын-ата, Шардара,және Жаушықұм дәрігерлік емханалары.Алдағы уақытта Аудандық емхана, Әйелдер кеңесі,Қоссейт дәрігерлік емханасы және төменгі тоғай медициналық тірегі(пункті) 2019жылы күрделі жөндеу өткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен медициналық көмекті жедел түрде көрсетуді ұйымдастыру мақсатында халықтың көп шоғырланған аймағына, 2018 жылы Шардара аудандық орталық ауруханасына қарасты шалғай елді мекендерге 13 заманауи модульдық медициналық пункттер салынды.

Есепті мерзімде 35 өткір ішек ауруы тіркеліп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 1 фактіге көбейген, 21 сарып ауруы анықталып, алдынғы жылмен тең, туберкулез ауруы 39 науқаста тіркеліп, 17 фактіге азайған, вирусты гепатит 2 науқаста анықталып, өткенжылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда тең. 15 сәби шетінеп, өткен жылмен салыстырғанда 3 фактіге кеміген. Ана өлімі мүлдем тіркелмеген.

( 21 слайд) Білім.Аудан бойынша білім саласының қарыштап дамуына барынша жағдайлар жасалып жатыр. Бұл бағытқа салынып жатқан қаржы – болашаққа салынған, қайтарымы мол инвестиция десек артық айтқандық емес. Ауданда жалпы білім беретін 31 мектепте 18794 оқушы білім алуда. 3 мектептен тыс мекеме, 33 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс атқаруда.

Білім алушы жасөспірімдерге сапалы да саналы тәрбие беру ісінде 2877 педагог кадр еңбек етуде.



Шардара ауданы бойынша 2017-2018 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша ауданның орта балы 80,31 балл құрап, 2016-2017 оқу жылымен салыстырғанда 7,91 балға жоғарлаған, 46 «Алтын белгі» иегері атанды.

Білім беру ұйымдарының оқушыларын оқулықтар және оқу әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 2018 жылы 206,3 млн. теңге қаралып, оқушылар оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендерімен 100 пайыз қамтамасыз етілді.

Мектептердің информатика кабинеттері 1686 компьютермен жабдықталған, нәтижесінде 1 компьютерді пайдаланатын оқушы саны


10,7 бірлікке жеткен. Аудан мектептерінің телефонмен байланысы және интернет желісін пайдалану 31 мектептің барлығында орнатылған.

Жергілікті бюджеттен 13,6 млн.теңге жоспарланып, 30 мектептің барлығы (қорғалған) кең жолақты интернет желісіне, 5,5 млн.теңгеге 29 мектеп интерактивті білім беретін контентке қосылса, 8,9 млн.теңге қаралып, 30 мектептің барлығы бейне бақылау камераларымен жабдықталса, 14,8 млн.теңге 21 мектепті мультимедия кабинетімен жабдықтауға қаралып,жабдықталды.

4474 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, қамтылу деңгейі қамтылу деңгейі 98,3 пайызды құрады.

2018 жылы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің жылу қазандығын күрделі жөндеуден өткізуге 13,8 млн.теңге қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, білім бөліміне қарасты 30 мектепке 30,0 млн. теңге қаржы қаралып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

( 22 слайд) Спорт саласы. . Есепті мерзімде аудан бойынша 488 спорттық іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараларға жалпы есебі 47698 адам қатысты.

Ауданымыздың спортшылары 194 облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі сыртқы жарыстарға қатысты. Нәтижесінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша 276 спортшы Түркістан облысының чемпиондары, 52 спортшы Қазақстан Республикасының чемпионы, 65 спортшы Қазақстан Республикасының чемпионатының жүлдегерлері, 11 спортшы Әлем чемпионы, 18 спортшы Халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанды.

Осы жарыстардың қорытындысымен 2018 жылы аудан спортшылары 12 «Халықарлық дәрежедегі спорт шебері», 12 «Спорт шебері», 125 спортшысы «Спорт шеберлігіне үміткер» атағының иегерлері атанды. Есепті кезең ішінде әртүрлі спорт түрлері бойынша ауданымыздың 47 спортшысы Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына мүше атанды.

( 23 слайд) 2017 жылғы қорытынды есептегі ұсыныс-пікірлердің орындалуы туралы. 2017 жылы аудан әкімінің есепті жиын беру барысында елді мекен тұрғындары жалпы 32 ұсыныс-пікір білдірді. Ұсыныс-талаптардың басым көпшілігі ауыз су, автокөлік жолдары мен ауыл көшелерін жөндеу, емхана қызметін жандандыру,елді мекендерді газдандыру, несиелендіру және ауыл шаруашылығы мәселелері төңірегінде айтылды. Түскен ұсыныстардың 25 % коммуналдық мәселелер, 9,3 % ауылшаруашылық мәселелер, білім жөнінде мәселелері 3,1 %, денсаулық жөнінде мәселелер 3,1 % және 59,3 % өзге де әртүрлі мәселелерді құрайды.

Бүгінгі таңда тұрғындар тарапынан аудан әкіміне түскен 32 ұсыныс-пікірдің 25 орындалып, 7 тұрақты бақылауға алынып, орындалу үстінде.



Ардақты ағайын!

2018 жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Алда атқарылар іс те аз емес. Ендеше, алдағы уақытта іске асатын міндеттерге тоқталсақ.

-Шардара қаласын және аудан елді мекендерін табиғи газбен қамту;

-Туризмді дамыту. Ауданға инвесторлар тарта отырып «Туристік аймақ» құру жобасын іске асыру;

- Үдемелі индустриалды-инновациялық даму және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарлалары аясында ұсынылған жобаларды іске қосу;

-Шардара қаласындағы «Әсем» және «Нұр-Отан» аудандырының инфрақұрылымы және инженерлік коммуникациялары құрылысын жүргізу.

-Көксу ауылдық округі Жоласар елді мекеніне су құбыры және ауыз су торабының құрылысын жүргізу.

-Көксу ауылдық округі Айдаркөл және Баспанды елді мекендерінің ауыз су жүйелері құрылысын жүргізу.

-Жаушықұм ауылдық округі Жаушықұм елді мекенінің ауыз су жүйелері құрылысын жүргізу.

-Шардара қаласындағы А.Иманов атындағы 300 орындық орта мектеп ғимаратының құрылысын жүргізу.

- Шардара қаласынан 4 қабатты 40 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысын жүргізу;

- Шардара қаласындағы №4 Ы.Алтысарин бастауыш мектебінің құрылысын жүргізу.


Құрметті жерлестер!
Өздеріңізге белгілі үстіміздегі жылдың 5 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Конституцияға сәйкес «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын БАҚ арқылы халыққа жариялады. Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалардың басты мақсаты халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту, халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы-Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты болып табылады. Жолдауды жүзеге асыру әрқайсымызға зор жауапкершілік жүктейді.

Елбасының жолдаудағы қойылған 6 міндеттердің, тың идеялар мен нақты тапсырмалардың жүзеге асуына белсене атсалысу баршамыздың абыройлы міндетіміз.Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды.

Бұл міндеттерді орындауда атқарушы билік аудан тұрғындарының әл-ауқатын көтеру, экономикамыздың дамуына тың серпіндер беруде өз біліктіліктері мен білімдерін жұмсай отырып, табысты үлес қосатынына сенім мол.



Назарларыңызға рахмет
жүктеу 164 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау