Арманымыз орындала берсін


Сын тұрғысынан ойлау бойынша рефлексиалық есеп



жүктеу 1,72 Mb.
бет2/3
Дата24.12.2017
өлшемі1,72 Mb.
#5499
1   2   3
Сын тұрғысынан ойлау бойынша рефлексиалық есеп
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленіп өткізілген курс білімімді зерделеуге және жаңаны меңгеруге көмектесті. Осы бағдарлама аясында алған білімімді іс-тәжірибеде қолдана білу, заманға сай студенттерді қалай оқыту керектігін үйренуге септігін тигізіп отыр. Бұл маған студенттерге білім беруде іс-әрекетімді реттеп, жұмысымды жаңаша жоспарлауға көмектесті. Бағдарламаның негізгі идеясы 7 модульді игеріп, оны өз сабақтарыма үйлестіре қолдана алудың өзі жұмысыңа сыни көзқараспен қарауды мақсат етеді. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. [1]

Оқытушы ретіндегі менің кәсіби мақсатым – білім беруде үнемі ізденісте болып, нәтижелі еңбек ету болып табылады. Осы негізде Мен кім? Кімді және қалай оқытамын? Нәтижесі қандай болмақ? деген сұрақтарды шешіп көрдім.Өз тәжірибемді «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттерімен жүргіздім. Сабақтарыма тапсырмалар дайындаған кезде сыни тұрғыдан ойлауға негізделген әдіс-тәсілдерді қолдандым. Сыни ойлаудың әр стратегиясының өзіндік ерекшеліктері бар. Әдіс тәсілдерді оқытушылар студенттердің қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп, қолданған дұрыс. Сол себептен осы тәжірибемде қолданатын тапсырмаларды студенттерге тиімді жағын таңдап алып жетілдіру керек деген мүмкіндік туды. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. [1] Осыны тәжірибеден өткенге дейінгі күнделікті сабақтарымда қолданып жүрсем де, толық көңілім толмай жүретін. Сабақ мазмұнына сай қолданатын әдіс-тәсілдердің неге сәтсіз шығатынын нақты байқай алмайтынмын. Бірінші бетпе-бет кезеңінде алған теориялық білімнен сын тұрғысынан ойлау әдісі дәлелдер мен мәнмәтіндерді, тұжырымдар мен әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін реттей алатын ой үдерісі екенін білдім. Студенттердің тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса, білім беру бағдарламасы мен оқыту үдерісін түсіну үшін қажетті теориялық базаны, қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың тиісті әдістері мен технологияларын дамыту керек екенімді ұқтым.



Ендігі кезекте өткізген 4 сабағымда сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін қалай қолдандым, соған тоқталсам деймін. Сабақты өткізу кезінде ой қозғаудан бастадым. Бұл сұрақ – жауап арқылы өткен сабаққа қасқаша шолу жасауға, сол төңіректе ойларын жинақтап алуға мүмкіндік береді. Сабақтарымда ой қозғауда «Ассоцияция», «Миға шабуыл», «Кластер» стратегияларын қолданып отырдым. [3] Бұл студенттердің жаңа тақырыпты ашуға қызықтыруға ықпалын тигізді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды да көздейді. Александердің диалогтік оқытуына тоқталатын болсақ ол диалектикалық және диалогтік педогогика тұрғысынан оқушылардың ой – пікірлеріне болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым – қатынастың дәстүлі моделіне күмәнмен қарайды. Студенттерді диалог пен талқылауға тарту белсенді жүргізген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын өз тәжірибемде байқадым. Оқушылар сабақта диалогтік қатынастарды пайдалана отыра дұрыс сұрақ қоюға үйренеді. Осы ретте мағынаны тануда ДЖИКСО стратегиясын қолдандым.[2]Бұл мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді екенін білдім. Бұдан студенттің оқуға деген қызығушылығының артқанын, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасқанын, ең бастысы тақырыпты түсініп, талдауда жан-жақты ойлауға мүмкіндік беретінін байқадым. Дегенмен де тақырыпты түсініп, ойларын постерге түсірерде ойларын жинақтай алмай, көп уақыт отырып қалды. Постерді қорғауға шыққан кейбір топтың студенттерінің сөздерін бөлуге тура келді. Бұл олардың ойын толық жеткізе алмағандарына әкелді. Келесі жолы сабақ кезеңдерінде әр тапсырмаға регламент белгілеуді ескердім. Екінші сабағымда студенттердің кері байланыстарынан топпен жұмыс істеу тиімді, әрі ұнайтынын ескеріп, сыни тұрғыдан ойлау тапсырмаларын топпен де, жеке де жұмыстарда көруге дайындап әкелдім. Сабақтың басында «Суреттер не дейді?» әдісін қолданып, интербелсенді тақта көмегімен әр түрлі суреттер көрсеттім. Студенттер осы суреттер бойынша ойларына алғашқы келген сөздерді жазып отырып, топ ішінде талқылады, ортақ сөздерді құрастырып, жалпы тақырып қойды. Шығармашылық ойлауларын шыңдау мақсатында үйге берілген М.Мақатаевтің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы мазмұны бойынша «Коллаж» құрастыру, Ана тақырыбындағы басқа туындылармен салыстыруда «Венн диаграммасын» толтыру негізінде тапсырмаларын қорғады. Бұл тапсырманы орындау барысында байқағаным студенттердің алдын-ала дайындап келген жұмыстарын бір- бірімен қызу талқылауының жоғары болғаны. Үй тапсырмасын тексергенде кейбір студенттер орындап келмегенімен, әрбір топтың студенттері өз тобындағы тапсырманы орындамай келгендерге көрсетіп, өздерінің серіктестеріне көмектесті. Бұл жағдайда ынтымақтастық атмосферасын көруге болады.

Кейін «Бір айналым сөйлесу» стартегиясын қолданып көрдім. Бұл әдіс жаңа тақырыпты ашуға түрткі ретінде септігін тигізді. Дегенмен де, студенттер өз бойындағы қасиетті толық пайдалана алмады. Себебі, сөздік қорларының аздығынан, ойды жүйелей алмауларынан орташа белсенділік танытты. Келесі сабақтарда ашылып, топқа көмек көрсететіндей тапсырмаларды беру керек деп ой түйдім. Осыған байланысты СТО модулін өткізетін сабақ барысында кеңейтуге тырыстым.



Студенттердің сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуда ұтымды шыққан «Алты ойшыл қалпақ» әдісін тиімділігіне тотала кетсем, бұл әдіс өзіндік менменшілдікті ойлаудан аластатуға мүмкіндік береді. Студенттердің ойлау қабілетін дамытады. Белсенділік, дербестік, шығармашылығы дамиды;сөздік қорлары, тілдері, ойлау қабілеттері дамиды; өзіндік әрекет жасауға үйретеді. Студенттерге бір проблеманың көпқырын тануға мүмкіндік берді. Дегенмен, қарақалпақ идеясын қолдану ойымдағыдай шықпады. Топтар тапсырмасын 5 қалпақ бойынша бөліп, қарақалпақтың тапсырмасын орындау үшін барлық топқа мүмкіндік берген едім. Бірақ бұл ойым толық жүзеге аспады. Студенттер жұмыстарын ортаға салып талдауда, қателіктерін байқауға уақыт тығыз болғанынан бұл қалпақ функциясын орындау мүмкіндігі болмады. Келесі ретте бұл әдісті қолданарда 6 қалпақтың тапсырмасын нақты бөліп берсем, жоспарланған жұмысым жақсырақ болар ма еді деп түсіндім. Сабақтарда бейнефильм көрсету арқылы проблеманы өз көзқарастарымен талқылап, талдап, өз бағаларын беру де студенттердің сыни ойлау қабілеттерін дамыта алады деп ойлаймын. Осы негізде «Соқыр ана» бейнефильмін көрсетіп, «Екі түрлі жазба күнделігін» толтыртып көрдім. Бұл әдіс те ойларын жан-жақты қарастырып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сыни тұрғыдан ойлаумен бірге студенттердің шығармашылық ойлауларын дамиды. Бұл ретте өз тәжірибемде «Менің атым Қожа» повесі кейіпкерлеріне мінездеме беру, талдау жұмысын жүргізуде қолданғаным «Суреттермен сөйлету» әдісі. 4 топқа бөлінген студенттер түрлі-түсті қағаздардың көмегімен «Түбінде адам болатын бала» (Қожа), «Жаман азамат шықпас еді...», (Сұлтан), «Білімді мыңды жығар» (Жантас), «Мейірімді қыз» (Жанар) тақырыбында ой бөлісіп, постер жасады. Әр топ қызықты суреттермен безендірген постерлерін ортаға шығып қорғады.Мұндағы мені қуaнтқaн жaғдaй оcы жұмыc түрі бaрыcындa бәрі жұмыла, бірі қағаз қиса, бірі суреттерді желімдеп, бірі ойларын постерге жазып шығaрмaшылық ойларын жарыса айтып, топта үндемей отырa бермей, caбaққa қaтыca бacтaғaнын бaйқaғaным. Осындай әрекетттің негізінде студенттерді басқа қырынан танып білуге мүмкіндік алдым.

Сын тұрғысынан ойлау студенттердің еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беретінін түсіндім. Оқытушыға да, студентке де шығармашылық қабілеттерін шыңдауға септігін тигізетініне көзім жетті. Жалпы өткізілген 4 сабағымның аясында қолданған әдіс-тәсілдерім тиімді тапсырмаларды іздеуге ұмтылуға, жеңіл жауаптарды іздеудің орнына ойды сыни ойлауға бағыттайтын сұрақтар қою, дәлелді сөйлей алу, кез-келген дәлелді есепке алу, эмоцияға емес себепке негіздеу керек екенін түсінуіме көмек болды.


жүктеу 1,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау