Саурбаева Салтанат Беркутовна
Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл
гуманитарлық колледжінің оқытушысы
СҚО, Петропавл қаласы
saurbaeva.saltanat@list.ru
Арманымыз орындала берсін
Мен соңғы екі-үш жылда мектепте қызмет ететін әріптестерімнен 7 модуль, үш айлық курс, тренер, Кембридж тәсілі, бірінші, екінші, үшінші деңгей, т.б. көптеген сөздер мен сөз тіркестерін жиі естіп келдім. Жиындарда, қонақта, демалыс орындарында кездесе қалсақ болды, айтатын әңгімелері «мен барып келдім, сертификат алдым, басқа облыста қызмет етіп жүрген әріптестерімнің тәжірибесімен таныстым, қызықты жұмыстар болды, топпен жұмыс, рефлексияның өзі бір қызық...» деген әңгімелерін қызыға да қызғана тыңдап жүрдім. Ішімнен армандап қоямын «мен де,шіркін, барып келсем...».
Қазіргі заманда білім беру жүйесінде болып жатқан тың өзгерістерден хабардар болу, кәсіби өсу мақсатында іздену – әр педагогтың міндеті. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының 7 модулінің негізгі идеясынан алған білімім арқылы мен өзімді де, өзгені де өзгерте аламын деп ойлаймын. Тәжірибемдегі тың өзгерістер қазіргі жаһандану заманында болашақ жас мұғалімдерді даярлауға үлкен септігін тигізетінін түсінемін.
Жалпы арман деген дүние – сәттілікке бастар жолдың алғашқы баспалдағы екені рас екен. Мен осы курсқа келген алғашқы күннен-ақ тәжірибеме қажет жаңа бастаманы қуанышпен қабылдадым. Мұндай курс – оқытушыға қажетті ғылым. Бірінші бетпе-бетте оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен әріптестеріммен бірлесе танысып, оқулықтарды оқып, тәжірибе алмасу мені шығармашылық ізденіске, сыни ойлай білуге бағыттап, жасаған іс-әрекетке кері байланыс жасай отыра өзімді реттеуге үйретті.
Үздіксіз ізденіп өтуде әр күнім.
Жаңаша оқытам жастардың барлығын.
Білім мен ғылымның қыр-сырын танитын,
Бұл курстың мен үшін берері көп бүгін.
«Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады» - деп қазақтың ғалымы, тіл білімінің атасы А.Байтұрсынов айтқандай, шәкірт оқытып, тәрбиелеуде үздіксіз ізденіп, еңбектенуге әрдайым дайынмын дегім келеді.
Кіріспе
Қазіргі заманында білім беру жүйесінде болып жатқан тың өзгерістерден хабардар болу, кәсіби өсу мақсатында іздену әр педагогтың міндеті деп ойлаймын. Өз тәжірибемдегі соңғы ерекшеліктің бірі ретінде Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың үшінші дeңгeйлiк бaғдaрлaмaсы негізінде әзірленген тренерлерді оқыту курсын айтуға болады. Осы курстың «Бірінші бетпе-бет» кезеңінен өткеннен кейін мен әдістемелік жұмысымды реттеуде қандай бағытта қозғалу керектігін анықтадым. Өйткені танысқан 7 модуль илеясы, яғни сыни тұрғыдан ойлау, бірлескен топтық жұмыс жасау, диологтік оқыту студенттердің өздігінен білім алуға, теориялық білімдерін тәжірибе барысында қолдана білуге, кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға жауапкершіліктерін арттыратынын байқадым. Сабақтарымда жаңа әдістер қолдануда табысты оқуға қол жеткізуге болатынын түсіндім.
Бірлескен топтық жұмыс бойынша рефлексиалық есеп
Колледждегі іс-тәжірибе кезінде курс барысында алған біліміммен атқарылған іс әрекеттерді екере отырып, оны студенттерге дағдыландыру іске асырылды. Бұған дейін мен өз сабақтарымды негізінен дәстүрлі оқыту түрінде өткізіп келдім. Өз тәжірибемдегі қолданылып жүрген топтық жұмысты ұйымдастыру әдіс-тәсілдері оқытушы үшін ғана тиімді екенін түсіндім. Осы курста алған білімімді сабағымда қолдану барысында бағдарламаның негізгі идеясы жеті модульді қолдану ретінің тиімділігін көруді мақсат еттім. Деңгейлі курс негізінде үйренген әдістерді іс-тәжірибемде қолданғанымда топтық жұмысты ұйымдастырудың ұтымды тұстарын байқағым келді. Топтық жұмыс студенттерді өзара еркін қарым-қатынасқа түсуге, бір-бірініне көмектесуге, өздерін, басқаларын бағалай алу, тыңдай білуге бағытталу қажет дегенді зерттедім.
Топпен жұмысты топ ережесін құрастырудан бастадым. Бұл бір-бірінің іс-әрекеттерін бақылау, тыңдауға, шыдамдылыққа үйретуге ықпалын тигізді. Шағын топтардағы белсенді студенттер өз пікірлерін дұрыс деп, басқалардың пікірлерін тыңдағысы келмей, шулап кеткен кезде топ ережесіне қайта оралып, өзара тыңдай білуге бір-бірінің назарарларын аударып отырды. Кейін студенттер ережеге сүйене жұмыс жасауға дағдылана бастады.
Бірлескен жұмысты бірінші сабағымда толығымен байқай алмадым. Үлгерімі нашар студенттер толығымен топ жұмысына кірісіп, белсенді жұмыс жасамады. Е. деген студент топта талқыланып жатқан жұмысқа араласқысы да келмеді. Жақсы оқитын студенттер негізгі жұмысты өздері ғана басқарып отырғанын байқадым. Осыны келесі сабақтарымда жақсарту үшін топқа бөлу әдістеріне де, берілетін тапсырмаларға, топ мұшелерінің рөлдеріне көңіл бөлу керектігін ескердім. Студенттердің бірлескен жұмыстарын 5-6 студенттен құралған шағын топтарда ұйымдастырған жұмыс сабағымның мазмұнын айқын ашуға мүмкіндік берді және де топтың барлық мүшелеріне еркін сөйлеуге жағдай туғызды. Топтың бір-бірімен сәлемдесуі, аудиторияда психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында «Сағат тілі бойынша достар», «Көршім», «Шаттық шеңбері» тренингтерін өткіздім. Бұл жаттығулардың көңіл-күйлерін көтеруде өздеріне жақсы әсер қалдырғанын, бір-бірімен шағын топта жақын, еркін қарым-қатынас жасауға пайдасы болғанын, өмірде қолданатындарын өздері сабақ соңында айтып өтті.
Студенттерді шағын топқа бөлуді ұйымдастырарда мен уақытты көп жұмсамау үшін көп көңіл бөлудің қажеті болмас деп ойлап едім, бірақ сабақта түсірілген бейнежазбамнан мұны жақсарту қажеттігін көрдім.
Топқа біріктіруде өлеңді құрастыру, түрлі түсті фигуралар, конфеттер бойынша топтасу тәсілдерін қолдандым. Топтағы жұмыстың мазмұнына қарай топ құрамын үнемі ауыстырып отырдым. Бұл өзіме студенттердің қаншалықты деңгейде топ жұмысына қатысатынын бақылауға мүмкіндік берді. Конфетпен бөлген кезде бірыңғай белсенділер бір топқа жиналып қалды. Сол кезде оларды араластыру үшін сергіту сәтін өткіздім. Екі шеңбер құрып музыка ырғағымен билей отыра, жұптасқан студенттер бір-бірлеріне конфеттерін сыйлап, бірдей түсті конфеттер арқылы топқа бөлінді. Күнделікті жұмысымда топ ішіндегі Е. деген студенттің нашар тәртібі, сабаққа көзқарасы мені ойландырып жүретін. Алдынғы сабақтарымда тек осы студентке көп ескертулер айтатынмын. Бағасы да нашар еді. 4 сабақта осы студентті назарда көп ұстап бақылап көрдім. Бірінші сабағымда өзі түскен топқа тартылып, онша жұмыс істемеді. Ал келесі сабақтарымда шағын топпен жұмыста тапсырмаларды бірлесе атқару кезінде Е. деген студентімнің тәртібі біршама өзгергенін көрдім. Топтарға тапсырма бергенде ұйымдастырудағы жауапкершілікті сол студентке арттым, бұдан оның белсенділігі, көшбасшылыққа ұмтылысы байқалды, өзін-өзі реттеп топқа тартылды.
Сабақтарыма қорытынды жасай келе, кері байланыстарды, фото, бейнежазбаларымды көре жақсарту керек тұстарын жоспарлауды реттеу керекпін. Сабақты жоспарлауда кез-келген топпен істейтін жұмыстың әр студент үшін қандай пайдасы бар, не үшін қолданамын, өмірлік маңыздылығы неде деген сұрақтарды өзіме үнемі қойып жоспарлауымды жетілдіру қажет екенін сезіндім. Бірлескен жұмысты ұйымдастыруда әр топ мүшелеріне рөлдерді бөліп алып жұмыс істетуді жақсартсам, барлық топ мүшелері бірдей нәтижеге қол жеткізе алады екенмін.
Диологтік оқыту туралы рефлексиялық есеп
Мен дәстүрлі сабақ беру жүйесі бойынша дәрісті өзім оқып, тақырып бойынша қажетті ойлар мен ақпараттарды негізінен өзім беріп, талдау жасап жүрдім, ал студенттер тек тыңдаушы және көшіріп алушы болды. Диалогтік оқу тек практикалық сабақтарда ғана жүзеге асырылады деген едім. Бұл ойымды өзгертуге курста бірінші бетпе-бет кезеңіндегі теориялық алған білімім үлкен септігін тигізді. Тәжірибеден өту кезінде диалогтік оқытуды студенттердің теориялық тақырыптарды өздігінен меңгеруіне көбірек көңіл бөлдім. Студенттердің өз бетінше ізденісі мен жеке пайымдаулар жасап, өз пікірін, өз ойын айтуға бағытталған тапсырмалар ұсынып, оларға топтарда бірлесе жұмыс жасауға, ортақ пікір шығаруға мүмкіндік бердім. Оларды тақырыпты талдауға, дәлелдеуге, жауаптарын салыстыруға, зерттеулерін негіздеуге жетелеу керек екеніне көз жеткіздім.
Мұның бәрі бірден бола қойған процес емес. Өткізген бірінші сабағымның ұйымдастыру кезеңінде диалогтік оқытуды тақырыпты ашуға бағыттаған сұрақтарымнан кумулятивтік әңгіме басымырақ болып кеткенін аңғардым. Жүргізілген сұрақ-жауап барысында студенттер механикалық түрде бәрімен келісе бергені мені алаңдатты. Оның себебі жауап берулеріне көңіл бөлмей, студенттерді асықтырып ойларын жинақтатпай, өзім сөйлеп кете беріппін. Мұны топпен жұмыс жасау барысындағы дилог кезінде ескеруге тырыстым. Диалогтік оқуда ДЖИГСО әдісін қолданғанымда ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрін басшылыққа алдым. Студенттер дәріс мәтінімен танысты, топ ішінде талдады, постер құрып, өзгелерге түсіндірді, сұрақтар қойды.Дегенмен де сұрақ қоюдың түрткі болу, ой салу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникаларына мән бермегенімді, сабағымнан түсірілген бейнежазбамнан кері байланыс жасап отырып байқап қалдым. Бұл олқылықтарды жақсартуда алдыңғы жоспарлаған сабақтарымда студенттерді сұрақ қоюдың техникасын меңгеруге бағыттадым. «Жуан және жіңішке сұрақтар» қоюдың әдісімен таныстырып, өткен сабақтар бойынша сұрақтар дайындап, қайталау жүргіздік. Өткізген әр тапсырма негізінде жасалған іс-әрекетке ауызша диалог негізінде кері байланыс жасатып отырдым. Мұндағы мақсатым, әр студент бір-бірін қалай бақылап отыр екен, тапсырмаларлы орындау барысында барлық топ мүшелері қатысып отыр ма екен, оны көріп алу болды. Сондағы байқағаным топтағы белсенділер ғана көп жұмыс істейді. Топтардың ішіндегі орташа деңгейде оқитын студенттер отырып қалады екен. Белсенділік танытпайтын студенттерді көбірек жұмысқа тарту үшін «BLAB TREE» ағашын пайдаланып, өзін-өзі реттеуге суретпен жұмыс жасаттым. Бақылап қарағанымда 7 студент әлі де болса белсенділік танытпай отырғаны көрінді. Ә. есімді студент бірінші суретті бояғанда өзінің еріншектігін, жауапкершілікті мойнына алғысы келмейтінін айтып, өз әрекетінен өзі ұялғанын айтты. Бұдан кейін топ ішінде белсенділік танытуға ұмтылатынын білдірді.
Өткізген сабақтарым қазақ тілі мен әдебиеті мамадығында оқитын студенттер болғандықтан, диалогтік оқыту бұл топ үшін жақын әрі ең маңызды әдіс деп ойлаймын. Егер мен студенттермен сабақта диалогтік оқытуда әдіс-тәсілдерді жүйелі, орынды қолдана алсам, онда студенттер өмірде де дұрыс пайдалана алады, өз ойларын еркін айтуға тырысады, ауызекі сөйлеу қабілеттері дамиды, ынтымақтастықпен бірлескен жұмыс болады, түрлі ойындар арқылы тілдесім құзыреттіліктері артады. Сондай мақсатпен 2-ші сабағыма дайындық ретінде, бірін-бірі оқытуға негіздеп «Оқушылардың тілін дамыту, ауызша тіл мәдениетіне баулу жолдары» атты тақырыбына дайындық ретінде алдын-ала үйге топтарға шығармашлық тапсырмалар бердім: 1.М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы мазмұнына коллаж жасау; 2. «Әйел-ана» тақырыбы бойынша коллаж жасау; 3.Поэманың мазмұнымен үндес шығармамен салыстыру; 4. Поэмадағы қасиетті ұғымдар жайында әңгімелеу. Бұл тапсырма студенттер үшін маңызды болғанын көрдім, өйткені 3 топтың тапсырмасынан сабақ үстінде ғана емес, үй жұмысын орындауда да диологтік оқу жүретінін аңғардым. Олар осы жұмысқа дайындаларда жиналып бірге кітапханаға барған, бірі сурет салып дайындаса, бірі жинаған материалдарын жүйелеген, оны қорғауға дайындалғанда, алдын-ала бір-бірімен ақылдасып, талдап, айтатын ойларын жүйеге келтіріп, әңгімелеуге дайындалған. Мұндай жұмыс түрі оларды бірлікке жетелейтініне көз жеткіздім.
Диологтік оқудың тағы бір ерекшелігі студенттердің бірігіп шешім қабылдауына әсерін тигізетінін айтуға болады. «9 ромб» әдісі арқылы мұғалімдердің оқушылармен қарым-қатынасындағы маңызды, маңыздылығы төмен әрекетті орналастыру үшін, «Менің атым-Қожа» фильмінен сыныптағы мұғалім мен оқушылар арасындағы диалогті көрсеттім де, сол негізінде өздерінің ойларын жинақтап орналастыруларын сұрадым. Үзіндіні көрген соң бірінші топта қызу талқылауға көшті, содан кейін ортақ шешімге келіп, жалпы сыныптағы мұғалім мен оқушылар арасындағы диалогтің (қарым-қатынас) маңыздылығы орналастырды. Бұл жұмыста студенттердің шешім қабылдағанда бірін-бірі тыңдауға ықпал еткендерін байқадым және де дұрыс шықпай жатқанда түзетулер айтқанда, қателіктерін мойындап, сынды жақсы қабылдай алатындары байқалды. Диалогтік оқу арқылы, тапсырмаларды бірлесе атқару кезінде орташа деңгейдегі студенттер де өзінің жауапкершілігін танытып топқа тартылды.
Диалогтік оқуда жұптық жұмыстар маңызды рөл атқарады.Тапсырманы оқып, орындап, көршісі екеуі бір-бірлеріне сұрақтар қоя отырып талдау барысында барлығы жұмыс жасауға талпынады. Бұл ретте «Суреттер сөйлейді» әдісін қолдандым. Суреттермен жұмыс жасауарқылы бір нәрсе туралы ойындағы негізгі қажеттіліктерін, білетіндерін, білгендерін жұбымен бөлісті, ортаға салып топтады. Мұндағы тағы байқағаным топтағы деңгейі орташа студент те жұптық тапсырма барысында өз үлесін қосты. Өзара оқыту арқылы белсенді студенттер өз топтарындағыларға көмектесті. Жұптық жұмыстың жақсартатын тұстары да жоқ емес. Топта тапсырма орындағанда уақыт белгілеп отырғанымдай, жұппен жұмыста да берілетін уақытты нақытылап алсам, бұл жұмысым анағұрлым тиімдң болар еді. Бұл оларға ойын тез жинақтауға ықпалын тигізеді екен. Екінші сабағымның бекіту кезеңінде диалогтік оқыту бағытында жұмыс істеуді жалғастыру үшін «Соқыр ана» бейнежазбасын қолданған едім. «Бейнефильмдегі проблема тұсында ойлан, ойыңды жинақта, жұбыңмен бөліс, топта талқыла» деген тапсырма студенттердің диалогтік оқу жұмысын бақылауға көмектесті. Бұдан бейнежазбаларды сабақта пайдалану зерттеушілік әңгімелеу әдісін жүзеге асыруды түсінуге көмектесті. Үшінші сабағымда бірін-бірі толықтырып, тақырыпты өздігінен түсініп, талдауға «Айналмалы бекет» әдісінің пайдасы болды. Жаңа тақырыпты 4 бөлікке бөліп, алдарына плакат бердім. Мұндағы мақсатым жаңа тақырыпты өздері зерттеп, ойларымен бір-бірімен бөлісіп, толықтыру арқылы әңгімелестіру еді. Кейін менің берген дәріс мәтінімен салыстырып, өз кемшіліктерін тауып, бір-біріне cұрaқ-жaуaп тәcілі aрқылы диaлогқa түcті. Мен олaрғa жеңілдетілген бaғыттaушы cұрaқтaр қойып ойларын жүйелетіп отырдым. Поcтерге жaзу кезінде бөлінген уaқыттaн aртық уaқыт жұмcaп отырды. Сол себептен алдағы уақытта бұл әдістің теориясын тағы қосымша ресурстардан қарап жұмысымды жақсартуды жоспарладым. Соңғы сабағымда диалогтік оқытуда мектепте жазба жұмыстарын ұйымдастыруда СМАРТ-ты түсініп, қолдануды үйретуге бағыттадым. Бұл жұмыста студенттердің бір-бірінің қателіктерін көре алуларын бақыладым. Сонымен қатар, шығармашылық жұмысты жүзеге асыру арқылы әңгімелесуді қолдану тиімді екенін түсіндім. Сабақтан тыс 4 студентпен жүргізген «Ашық сұхбатты» да диалогтік оқыту деп айтуға болады. Бұл студенттерді еркін әңгімеге жетелеу, жеке ойларын ортаға сала отыра, бір-бірін тыңдай білуге бағыттау еді.
Қорытындылай келе, сабақтарымда диалог ынтымақтастық пен серіктестікті тудырды, студенттер зерттеушілік әңгіме жүргізгенде бір-бірінің ойымен де есептесуге ұмтылды, ойларын жүйелеуге тырысты. Орташа деңгейдегі студенттердің сабаққа қызығушылығы артып өз еркімен ынталанып жұмыс жасай бастағанын байқадым. Ол үшін мен студенттердің не білетінін және нені жасай алатынын, сондай –ақ олардың қызығушылықтарын арттыру үшін әр студент нені жақсы көретінін және нені істегісі келетітін түсінуге тырысып, бaқылaушы және бaғыттaушы қызметін aтқaрдым, кейбір кездерде бaғыт - бaғдaр беруге дaйын болдым. Бұдан өзімнің бiлім бeру және оқыту жөнiндегі жеке көзқарасым өзгерді.
Достарыңызбен бөлісу: |