Арманымыз орындала берсін


Формативті бағалау стратегиялары бойынша рефлексиялық есеп



жүктеу 1,72 Mb.
бет3/3
Дата24.12.2017
өлшемі1,72 Mb.
#5499
1   2   3
Формативті бағалау стратегиялары бойынша рефлексиялық есеп
Курс негізінде тағы бір түсінуге жасаған қадам - «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың» өзіндік айырмашылығы. Жалпы білімді бағалау, жайында педагогикалық тұрғыда түсінігім болса да, бағалаудың жаңаша талаптарын дұрыс меңгермей жүрмін-ау деген ойлар мені ғана емес, басқа да әріптестерімнің ойында жүрген сауал екен. Курстың бірінші «бетпе-бет кезеңінде» танысып, талқылаған теориялық білімнен ұққаным: күнделікті жұмысымда қолданып жүген 5 жүйелік бағалау студент білімінің нақты қай деңгейде екенін байқатқанымен,студенттің басқа жағынан жақсаруына мүмкіндік бермейді. Ал бағалаудың жаңа тәсілдері студентті өзін және өзгені бағалауда үлкен жауапкершілік пен сенім артқызады. Студент өз міндетін жақсы атқарудың жолдарын қарастыруға талпынады,қызығады, әділдікке үйренеді. Ал бұл жас маманға ең қажетті дүниелер.

Бағалау-оқытудың жүйелі және жопарлы жинақталған куәгері ретінді оның сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін пайдаланатын әрекеттің кез келген түріне қатысты берілген категория оқытудың екі аспектісін қарастырады: оқытуды бағалау (сумативті бағалау) және оқыту үшін бағалау (формативті бағалау).



Оқытуды, оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді жақсарту мүмкіндіктерін және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін анықтауға бағытталған бағалау қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалау (ОүБ) деп аталады. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды.[1]

Оқыту үшін бағалау (формативті бағалау) туралы алған теориялық білімімді тәжірибемде байқап көргенімде студенттің өзін – өзі, бірін – бірі бағалауы, кері байланыстың маңызды екенін ұғындым.
Формативті бағалаудың студенттің пәнге қызығушылығын арттыруда, сындарлы оқуын және түсінуін дамытуда маңызы зор деп санаймын. Себебі студент жұмыс істеуге ынталанып, мамандығына деген қызығушылығы арта түседі, мұғалімдік қызметтің қыр-сырын танып білуге деген ұмтылысы жоғарлайдыСабақты ұйымдастыру кезеңінде бағалауды студенттермен құрастырған ережеден бастадық. Бұның алдағы жұмыстарымызға қолдау көрсетіп отыруға көмегі болды. Студенттер бір-бірінің жұмыстарына шапалақпен, смайликпен, түрлі түстермен және «Жарайсың», «Сенеміз», «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген ынталандырушы сөздермен қолдау жасады. Постер қорғағанда, сабақ қорытындылағанда іс-әрекеттерге кері байланыс тәсілдері түрлерін қолдану арқылы баға беріп отырды. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі бойынша екі жақсы шыққан тұстарын айтып, бір сұрақ немесе ұсыныстар айтып баға берді. Дегенмен бұл әдісті қолданған кезде кейбір студенттердің селсоқтықтарынан бұның нәтижесін көре алмадым. Олардың кері байланыстарны оқығанымда, «жақсы», «маған ұнады» деген жалпылама сөздермен ғана шектелгенін байқадым. Бұл олқылықтарды студенттердің өздері түсініп, қателіктерін дұрыстату үшін бағалау алдында сабақтың басында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырдым. Бастапқы кезде студенттер «неге бағаны өзіңіз қоймайсыз? Студенттер әділ баға бере алмайды» деп бір-біріне сенбей, наразылық тудырды Осыны шешу үшін, осы мәселені өздеріне кері байланыс ретінде ұсындым. Студенттер өз ойларын айтып, талдады. Бір-біріне нақты жұмыс жөнінде әділ баға беру қажеттігін ескертті. Осыдан байқағаным қалыптастырушы бағалау студенттің бойына сенімділік ұялатады екен. Студентте жаман баға алып қаламын деген ой бірте-бірте сейіледі. Себебі, ол еркіндік жағдайда жұмыс жасайды, түсінбегендерін бір- біріне түсіндіреді, өзара талқылайды. Топпен жұмыста белсенділіктерін арттыру мақсатында өз-өздерін бағалауда «BLAB TREE ағашы» әдісін қолдандым. Бұдан студенттер өздерінің белсенді емес екендерін түсінді.Бояған суреттері бойынша талдау жасап, себептерін айтты, өздеріне баға берді. Сол студенттер сабақтың келесі кезеңдерінде іс-әрекетке белсене араласа бастады.

Осыған дейін студенттерді жалпы сабақтарымда ынтасын жоғарылату мақсатында мадақтап, марапаттап отыруға аса көңіл бөлмейтінмін. Студенттер мектеп оқушылары емес деп ойлайтынмын. Курс негізінде алған теориялық білім оқуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінгенімен, бірақ оқытуға енгізілуі тиіс түйінді факторларға байланысты екенін түсінуге көмектесті. Сабақтарымда студенттермен тиімді кері байланыс жасатып отыру, өзін-өзі бағалауға қатыстыру, бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру, бұл олардың оқуға деген ынтасын арттыратынын мойындауға ықпалын тигізді.

Әр сабақта ой толғаныс бөлімінде мәтінмен жұмыс жасауда топтар тапсырма бойынша бір бірін «Бағдаршам» әдісімен бағалады.Топтар бір бірін түстер арқылы бағалады. Жасыл түс тапсырманың өте жақсы орындалғындығын көрсетті.Сонымен бірге топты бағалауда топ басшысы өз тобындағы студенттерге де түрлі фигуралар беріп бағалап отырды. Осы бағалау студенттерге өте қатты ұнады. Сабақ соңында осы әдісті өмірде қолданатындарын айтты.Сабақ соңында оқушылар осы сабақтан не білгенін, не үйренгенін, не үйренгісі келетіні жөнінде «Білдім, Үйрендім, Білгім келеді» стратегиясы арқылы сабақты бағалап, сабақта қандай көңіл күйде болғандарын түрлі смайликтермен бағаласа, ал сабаққа белсенді қатысқандарға мадақтауларын бас бармақтар арқылы білдіріп отырды. Қалыптастырушы бағалау студент пен оқытушы арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік беретіні сабақатағы қолданған түрлі әдістерден байқадым. [1] Студенттің кері байланыстарынан "Cабақтар әрдайым осылай өтсе екен, бәріміз бірге жасаған жұмыс бізге ұнады" деген ұсыныстары сабақ жопарлауға көмегі болды.

Студенттер жұмысын бағалау кезінде кедергілерге де кездесіп отырды. Постерлері дайын болған кезінде топтың атынан бір студент шығып қорғау керек болды, сол сәтте, топтың ішінде үнемі көшбасшылық танытып жүрген студент қана шығуға ниет білдірді Мұны байқап орташа деңгейдегі студенттерді де ынталандыру мақсатында отырған студенттердің барлығы шығып жұмысты қорғауына ұсыныс білдірдім. Сол кезде топтағы белсенді студент сөйлеу ретін барлығына тездетіп бөле қойды. Топ мүшелерінің барлығы шығып қорғауын, қағазға қарамай айтуларын бағалау критерийлеріне енгіздік. Сабақ қорыныдысындағы «Сөйлемді аяқта» кері байланыс парақшасын қолдану студенттердің сабақта алған білімдерін қаншалықты деңгейде екені, және олардың тыңдау, бақылауларының қалай болғанын саралауға көмегі болды. Бірақ бұл жұмыста студенттерге менің көмегім қажет болды, өйткені студенттер сабақ барысында жұмыс жасаса да, өз әрекеттерін тізбектеп жаза алмады. Сол олқылықты жетілдіру үшін, келесі сабақтарымда әр тапсырмадан кейінгі іс-әрекетке «Бір сөзбен...», «Табыс баспалдағы», «Өз жауабын дәлелдеу», «Менің көңіл күйім»(смайликтермен) сияқты әдіс-тәсілдер арқылы кері байланыс жасатып отыруға тырыстым. Бұл өзімнің жұмысымды реттей алуға септігін тигізді. «Бес саусақ» әдісі студентерге қызықты, әрі жұмыстарын тез реттеуге жеңіл болды. Маған келесі сабағымда назар аудартатын тұстарды байқауға көмектесті. Бірақ мұндай қалыптастырушы бағалау студенттерге нақты баға қоюда қиындықтар туғызды. Себебі барлығы бір-бірінен қалмау үшін сабақта белсенді жұмыс жасауға ұмтылады, сабақтың соңында бәрі бірдей «5» пен «4» алғылары келеді. Осынындайды болдырмау үшін СМАРТ мақсатты жақсы ұққан жөн. Сабақты жоспарлауда нақты мақсат, соған сәйкес тапсырмаларды белгілікті критерийлер негізінде құрастырғанда бағалауда жалпылама емес, нақты, шындыққа сәйкес болады деп түсінемін. Өзім әдістеме пәнін бергендіктен студенттердің де осыны жақсы ұғып, үйренсін дедім. Сол мақсатпен төртінші сабағымда СМАРТ мақсатты түсіндіріп кеттім. Студенттер жазба жұмыстарын жүргізу барысында мақсат қоя білуді жоспарладым. Бұндай бағытта өткізген сабағым студенттің өз пайымдауы мен түйсігіне сүйене отырып, жеке қабілетін ашуға қадам жасады. «Чемодан», «ет тартқыш», «қоқыс» жәшігі кері байланысынан студенттердің де, өзімнің де теориялық материалды қайталап шығу керек екенін түсіндім.

Алдағы уақытта сабақтарымда бұданда басқа бағалаудың түрлерін іздестіріп тиімді пайдалану қажеттігін түсінемін. «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!»деген Абайдың cөзі мақсатымды іске асыруға жол сілтейді деп ойлаймын.

Дарынды және талантты студенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру жайында рефлексиалық есеп
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл - ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Тәжiрибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпымектептік саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті. Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердiң мұғалiмдерi өздерін «дарынды бақылаушылар» ретiнде көрсетуге тиіс.[1] Дарынды және талантты студентті анықтау оқытушыға қиындықтар туғызатынын білемін. Дарынды бала табиғатынан болу керек, оны мен өзім анықтай алмаймын деп ойлайтынмын.

Дарындылар мен талантты студенттер біртекті топ болып табылмайды, олардың әрқайсысының бойында өз қасиеттері, ерекшеліктері болады. Студенттердің арасында мұндайды бірден байқау мүмкін емес екен, себебі күнделікті сабақта олардың қабілеттілігі көрініп тұрмайды. Кейбір студенттердің дарындылығы объективтік себептердің әсерінен көрінбеуі де мүмкін немесе сабағымда өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік бермейтін шығармын. Кей студенттер үлгере алмайтындардың санатына жатуы немесе өз дарындылығын әдейі жасырып жүруі де мүмкін. Осы сияқты себептерден бе екен сабақтарымда студенттердің ерекше қабілеттерін байқауда өзім көп қиыншылықтармен кездестім, бұл олардың шынайы қабілеттерін көре алуыма кедергі болды

Студенттердің таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту қазіргі кезде маңызды мәселе. Білім беруде жеке студенттердің жетістіктерін анықтайтын және ынталандыратын түрлі деңгейдегі халықаралық, республикалық, облыстық байқаулар сайыстар бар. Алайда мұндай жұмыстар барлық студенттердің талант пен қабілеттін ашуға мүмкіндік бермейді. Мұны зерттеушілер де өз сөздерінде келтіріп кетеді.

Әр студенттің ерекше бір қабілетін болатынын өз тәжірибелік сабақтарымда байқай алдым. Мәселен топтық жұмыстарда студенттердің дарындылығы мен қабілеттіліктерін анықтауға болады екен. Топпен жұмыс кезіндегі шығармашылық жұмыстар осыған дәлел бола алады.Атап айтқанда:кластер, постер, жоба қорғау, синквеин (бес жолды өлең), аяқталмаған сөйлем, дөңгелек үстел, рөлдік ойындар, суреттер сөйлейді т.б. түрлі шығармашылық тапсырмалар. Мұндай тапсырмалар орындау барысында студент тарапынан «Мен мұндайды жасай алмаймын, суретші, әнші, ақын емеспін» деген наразылықтар да туындады. Бұл жағдайда өзім мақтау, мадақтаулар айтып, мысалдар келтіріп бағыт-бағдар бердім, Л.С.Выготскийдің жақын арадағы даму аймағындағы «көпірше» көмекші сөздер беріліп, ал топтағы студенттер бір-біріне қолдау жасап, тапсырмаларды ынтымақтаса орындап отырды. [1]Нәтиже алған соң, «қалай тапсырманы орындап шыққандарын байқамай қалғандарын» айтып, бір-біріне рахметтерін айтты.

Тәжірибеден өту кезеңінде мен әрбір  студенттің  бойында өз қабілеті мен дарындылығы бар екенін өздерінің жасаған постерлерін қорғауда, сәйкестендіру жұмыстарында, кері байланыс жұмыстарынан  байқадым Постер жасаған кезде топта белсенділік танытып жүретін студенттердің ұйымдастырушылық қабілеттірінің ерекшелігін көре алдым. Орташа деңгейдегі студенттерге жұмысты ретімен жасауға ықпал етіп отырды. Бұдан байқағаным бір-біріне еліктеуден ортада бәсекелесітік туады екен. Топта көшбасшылыққа таласатын студенттер де көріне бастады. Тек жақсы оқитын студенттер ғана көшбасшы бола алады деген ойымның қате екенін Е. деген студенттің соңғы сабақта «Суретпен сөйлетеміз» постерін құрастырып, қорғауда өз тобында көшбасшылық қабілетін көрсете алғаннынан байқап қалдым. Көшбасшы студенттердің топтағы жұмыстарын реттей білу ерекшеліктерінен ұйымшылдық күшейе түсті деп ойлаймын. Бірақ мұндай жұмыс түрлерін берген кезде студенттердің жас ерекшелігіне қарай тапсырмаларды орындау маңызды екен. Топтағы студенттердің жастарындағы бір-екі жас айырмашылығы қабылдауы, зейіндерінің әртүрлі екенін байқатты. Мұндай жағдайда топтағы жұмысты жас ерекшелігімен ұйымдастырып, тапсырмаға қойылатын талаптарға да көңіл бөлу керек екен және де топқа бөлгенде де соны ескерген жөн сияқты. «Студенттер әр курсқа жоғарлаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп, жас ерекшеліктеріне сай әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, тапсырмалар бергенде студентте өздігінен даму жүреді. Сонда студент өзін-өзі дамытады» деген ғалымдардың пікірі оқытушыға ой салады екен.

Студенттердің қабілеттеріндегі ерекшелікті олардың эстетикалық талғамдарының өсуінен де байқауға болады екен. Алдын ала үйге берілген тапсырмаларды орындау барысында бір студенттер дайындап әкелген тапсырмаларының әдемі, көркем, таза безендірілуіне үлкен мән берген, кейбіреуі жай қарапайым орындай салған. Бұл студенттерге бір-бірінің жұмысына қарай отыра, өздерінің жұмысын көркем етуге болады екен ғой деген ой туғызды. Сабақ барысындағы жұмыстарын ерекше безендіре отыра жасауға ықпал етті.

Сабақ барысында интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалануға тырыстым. 2-ші сабағымның бекіту кезеңінде бейнефильм көрсетіп, сол бойынша әсерлерін білу мақсатында «Екі түрлі жазба күнделігі» стратегиясын қолданған едім. Бұл тапсырманы орындау барысында өзімнің жоспарлауда ескермеген қателерімді байқадым. Мен бейнефильмнің ұзақтығын, мазмұны топтағы отбасы толық емес студенттерге басқаша әсер ететінін ескермеппін. Бұл кестені тез толытырып, ойларын ортаға салып талдауға студенттерге кедергі келтірді. А. есімді қыз баланың жасы топтағы студенттерден үлкен болса да, өміріндегі жағдайлары есіне түсіп, жылап, өз-өзіне келе алмай, кестені толтыра алмады. Келесі сабағымда әр студенттің отбасылық жеке ерекшеліктерін ескеру маңызды екен деп ұйғардым.

Тәжірибе кезінде өткізген соңғы сабағымда студенттердің болашақ мұғалім екендерін ескере отыра, олардың өздерінің оқушы бойында дарынды, дарындылық деген ұғымдарды қалай байқай алады екендеріне көңіл бөлдім. Өткізген сабақтарым 3 курс студенттері және олар байқау практикасының алғашке кезеңін өтіп келгендіктерінен, «Сіз ерекше қабілетті бала деп қандай балаларды айтасыз? Сіз дарынды балалармен жұмысты неден бастар едіңіз? Дарын мен дарындылықты қалай түсінесіз?» деген проблемалық сұрақтар қойып, осы ретте талдау жүргізіп көрдім.Бұл жерде де студенттердің жас ерекшеліктері әсерін тигізді. Негізінен проблема шешуге топтағы, көшбасшылық қабілеттерін көрсете алған студентер араласты. Кейін «Менің атым Қожа» шығармасының кейіпкерлерін талдай отыра, қандай ерекше қабілеттерін байқай алады екен деп, түрлі түсті қағаздар үлестіріп, соның көмегімен плакатқа кейіпкердің ерекше қабілеттерін ашатын сурет салғыздым. Бұл студенттердің байқағыштық қабілеттерін ашуға көмек болды. Бұл жұмысқа топ мүшелері бәрі қатыса алды. Кейін студенттермен осы байқағыштық қабілеттерінің қаншалықты деңгейде екенін өздері тағы бір байқап көрсін деген мақсатпен 16 сауалдан тұратын сауалнама жүргіздім. Осының нәтижесінде жұп сандарды көп таңдаған студенттер баланың бойындағы жасырын қабілеттерін аша алатындардың қатарында екендерін көріп, қуанып, алған әсерлерін ауызша рефлекияда жасырмады. «Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады» деген ұлы Абайдың сөзі дәл осы ойыма мысал бола алады деп білдім.



Қорыта келгенде, дарын мен дарындылық екі ұғым екенін, алдыма келген әрбір студенттің жеке бір ерекшелігі болатынын мойындау қажеттігін ұққандаймын. Талантты және дарынды балаларды оқыту модулін сабаққа кірістірудегі біршама кедергілер өзімнің әлі де болса түсіне бермейтін тұстарымның бар екенін білдім. Қабілетті студенттерді анықтау, өздеріне деген сенімін арттыру, білімге деген ынтасын жоғарлату, мамандыққа деген құштарлықтарын оятуда оқытушыға теориялық білім, зерттеу жұмыстары қажет деп түсіндім. «Баланың қажеттілігін анықтап, дарындылыққа итермелеу үшін түрлі әдістерді қолдануды талап етеді» - деген ұлылардың ойы әрбір студенттің дарындылығын анықтаудың негізгі кілтін біліп, қажеттілігін түсінуде оқытушыға ізденісті талап ететінін ұқтым.

Курстағы оқудың жіне студенттермен жүргізілген жұмыстың қорытындысы
Мен осы курсқа келген алғашқы күннен тәжірибеме қажет жаңа бастаманы қуанышпен қабылдадым. Дәстүрлі сабақтарымды өзгертіп, сабақтың негізі оқытушы емес, студент болатындай жағдай жасау керек екенініне көзім жетті. Курстан алған теориялық білімім жаңашылдыққа батыл қадам жасауды педагогикалық тәжірибемді жақсарту жөніндегі шаралар деп қабылдауға бет-бұрыс жасады. Екінші «бетпе-бет кезеңі» тәжірибе кезінде 7 модуль идеясынан керектісін тауып, қолдануым жайында есеп беруге көмектесті. Осы рефлексиялық есептегі негізгі пайымдауларым алдағы уақытта өз тәжірибемде оcы жеті модуль идеясын дамытуда өзіндік бір жаңа идеяны үйлестіруге, оны жетілдіріп, оқу үрдісін ұйымдастыруда бacқa әдіc - тәcілдерді меңгеріп, жақсы шыққан тұсын асырып шығармашылығымды шыңдай түсуге ықпал ететіне сенімдімін. Ал менен тәлім алған студент соның ішінен өміріне керегін тапса, оқысын, жазсын, одан әрі дамытсын, ізденсін дегім келеді.
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Студенеттерге арналған нұсқаулық. Бірінші басылым. «Назарбаев зияткерлік мектептері» - ДББҰ, 2015ж.

  2. Үлестірмелі материалдар. Екінші апта. Бірінші «Бетпе-бет кезеңі»

  3. Асхат Әлімов. Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. Оқу құралы.-Алматы, 2015.



жүктеу 1,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау