2 «РЗА» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 «РЗА» АҚ-ның жалпы сипаттамасы
«Рза» Акционерлік Қоғамы 2000 жылың 17 тамызында құрылып өзінің қызметін бастады.
«Рза» АҚ-ы аудандағы тұрақты жұмыс жасап келе жатқан, қуатты техникалық және өндірістік базасы, жеке темір жол тұйықтары, үлкен дәрежелі инженерлік-техникалық қызметкерлері, көптеген материалдық ресурстары бар ең ірі мекеме. «Рза» АҚ-ның негізгі саласы – құрылыс-монтаж жұмыстарын атқару болғанымен, қазіргі нарықтық қатынастар талабына сай ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, басқа да түрлі кәсіптермен айналысатын көп салалы кәсіпорын.
Өндірістік жабдықтау бөлімінде құрылыс материалдары қабылданып, тиісті жерлерге тарату жұмыстары жүргізіледі. Мұнда жүк тиеу-түсіру алаңы, ұзындығы 3,2 км темір жол тұйығы, қоймалар, ағаш өңдеу цехы, кіші мұнай базасы, 30 тонналық автоөлшегіш, тәулігіне 50м3 шығаратын бетон зауыты бар.
Механикалық жөндеу шеберхана-сында түрлі техникаларды жөндеу жұмыстары және басқа да қажетті қызметтер көрсетіледі. Шеберхана аумағында қосалқы бөлшектерді сақтайтын қойма, техникаларға арналған жабық гараж, түрлі бейнедегі токарь станоктары, темір ұстасының шеберханасы бар.
Қоғамға қарасты 150 көлікке арналған көлік базасында аккумуляторлық, дәнекерлеу, токарь цехтары, жабық гараждар бар. Сонымен қатар, Арал, Қазалы аудандарының жабық мекемелері мен жеке тұтынушылары игілігі үшін, жақсы жабдықталған жанар-жағар маймен қамтамасыз ететін сыйымдылығы 4,5 тн (бензин, дизельдік отын, нигрол, дизелдік май, т.б. сақтайтын) мұнай базасы және аудан халқына май тарату бекеті өз қызметтерін көрсетуде.
«Рза» АҚ-да 1100-ге жуық жұмысшы-қызметкерлер жұмыс жасайды.
Аудан облыстың солтүстігінде болғандықтан сырттан инвесторлар келмесе де, «Рза» АҚ-ы агроөнеркәсіп кешенінің дамуына өзінің қомақты үлесін қосты.
«Рза» АҚ кезінде шаруашылығын тоқтатқан ауылдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру және агроөнеркәсіп секторын дамыту мақсатында Ғ.Мұратбаев, Майдакөл және Бекарыстан би ауылдарының шаруашылығын жүргізетін «Рза-Агро» ЖШС-ін құрды.
Бұл күнде «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамымен ынтымақтастық арқасында «Рза-Агро» ЖШС Қызылорда облысындағы дамушы, әлеуметтік жауапты кәсіпорынға айналып отыр. Бұл Серіктестік дәнді дақылдардың көптеген түрін өсірумен айналысады. «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамымен ынтымақтастық нәтижесінде алынған ауылшаруашылық техникаларының арқасында «Рза-Агро» ЖШС ауылшаруашылық өнімдерін егу алқабын кеңейтіп, тұрақты дамып келеді. Жыл сайын күріш, ескі жоңышқа, жаңа жоңышқа, бидай, жүгері егіліп, күтіп бапталып, егін жиналуда. Ауыл тұрғындарын 100 пайыз жұмыспен қамтамасыз ету нәтижесінде кедейшілік деңгейіндегі жұмыссыздар жойылып, бүгінгі күні мемлекеттен жәрдемақы алатын адам жоқ.
Өндірілген күрішті кластерлік жүйеге келтіру мақсатында Оңтүстік Кореядан «Korea Industrial CO LTD» компаниясынан сағатына 5,0 тн күріш ақтайтын жаңа технология алынып, 2006 жылы күріш өңдеу зауыты іске қосылды. Жұмысшылар 2 ауысымда жұмыс жасайды.
Жаңа технологиялық күріш өңдеу кешені келіп түскен шикізаттың сапасына қарамастан жоғарғы сортты өнім шығарады, ол 62-92-93 мемлекеттік стандартына сай бірінші және жоғарғы сортты күріш. Зауыт толық технологиялық циклды, яғни, дәнді қабылдап, өңдеп, дайын өнімді өткізуге дейін атқарады. Мұнда ақталған күріш, сумен шайылып, өңделгеннен соң, күріш беті жылтырап, тегістеледі, бұл оның дәмі мен тауарлық түрін жақсартады. Өңдеудің барлық сатысынан өткеннен кейін ол өзінің бойындағы крахмал мен басқа да пайдалы заттарды сақтай отырып, ақтаудың барлық процедураларынан соң тазарып, қайта жууды қажет етпейді. Шығарылған өнім 2, 5, 10, 25, 50 кг «Сыр күріші» деген логотипі бар полиэтилен қаптарға салынады. Қазіргі заман талаптарына сәйкес жабдықталған өндірістік техникалық зертханада біліктілігі жоғары мамандармен жүзеге асырылатын бақылау шикізаттың саны мен сапасын бағалауды жүргізеді. Өндірістің маңызды қағидаларының бірі тазалық нормалары мен ережелерін сақтау болып табылады.
Күріш өнімдеріне Ресей, Белоруссия, Тәжікстан және Украина мемлекеттері жоғары бағалайды.
1996 жылдан бері «Рза» АҚ-ы нан зауыты халық тұрғындарына қызмет көрсетіп тұр. Наубайхана іші қазіргі заман талаптарына жауап беретін жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Онда 12 түрлі өнім шығарылады. Атап айтқанда, қара нан, ақ нан, булочки, пряник, коржик, батон, плетенка, макарон өнімдері әзірленуде.
Өнімнің сапасы, салмағы мемлекеттік стандарттарға сай дайындалуда. Нан өндіру процесінің әр бір қадамында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне және тамақ құндылығына қойылатын санитарлық және гигиеналық талаптар сақталады.
2005 жылдың мамырында Солтүстік Қазақстан облысынан қара ала 100 қара ала голандиялық асыл тұқымды сиырлар әкелініп, өз дәрежесінде күтімге алынып бағылуда. Қазіргі таңда сиырлар төлдеп, мал басы көбейіп, сүт өндіру фермасы ашылды. Ферманы бүгінгі заманға сай техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда сиырлар төлдеп, мал басы көбеюде. Ферма маңында жұмысшыларына арналған 2 пәтерлік 2 тұрғын үйде 4 отбасы тұрады. 2006 жылы тиісті дайындық жұмыстарын жүргізіп, аттестациядан өтіп, мүйізді ірі қара малының қара ала тұқымын өсіретін асыл тұқымды шаруашылық деп танылды.
Малды бағып одан өнім өндірудің кластерлік жүйесі енгізіліп, германдық қуаты 2000 литрлік шағын сүт зауыты іске қосылды. Өндірісті тұрақты жаңарту, шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту, дүниежүзілік бастаушы өндірушілердің ең жаңа технологияларын қолдану табиғи компоненттері барынша толық сақталған экологиялық таза өнім өндіруді қамтамасыз етеді.
Мұнда 6 түрлі сүт өнімдері: пастерленген сүт, айран, қаймақ, сары май, сүзбе, құрт шығарылады. Шығарылған сүт және сүт өнімдеріне консерванттар мен дәмдеуіштердің қосылмауы классикалық, балалық шақтан есімізде қалған дәмнің сақталуына кепіл болады.
Жаңа технологиямен және құралдармен жабдықталған өндірістік зертханада сырттан келген және дайын өнімнің сапасына бақылау жүргізіледі. 2007 жылдың 20 сәуірінде «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ы Қызылорда филиалының аналитикалық зертханадағы өлшемдер құрамын бағалау туралы куәлігіне ие болған.
Қоғамның жұмысын толық жетілдіру үшін ИСО 9001:2000 Халықаралық стандартының Сапа менеджмент жүйесі, ҚР СТ ИСО 9001:2001 енгізіліп, 2007 жылы ҚР СТ ИСО 22000-2006 Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджементі жүйелері бойынша, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге, күріш және сүт өнімдерін өндіру, өңдеу, таратуға қатысты сәйкестік сертификаттарын алуға іс-шаралар жүргізіп, оларға ие болды.
2005 жылдың 05 тамызында ҚР Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Ахметжан Есімов ірі қара комплексінде болып, ферманың жұмыстарымен танысып: - Мен Республикамыздың ауыл шаруашылығына байланысты көптеген жерлерде болдым. Мұндай жақсы жабдықталған ірі қара комплексін бірінші рет көріп тұрмын. Сіздердің қолға алған жұмыстарыңыз халық игілігі үшін өте пайдалы. Сіздерге табыс тілеймін. Осы ірі қара кешені негізінде арнайы семинар өткізу керек, - деген ұсыныс жасады.
2006 жылдың 22 сәуірінде ірі қара комплексі мен сүт өнімдерін өндіру және өңдеу цехы базасында мал тұқымдарын асылдандыру жұмыстарын жақсартуға арналған облыстық семинар кеңес өтті. Оған қала және аудан әкімдері, орынбасарлары, облыстық және аудандық аумақтық басқармалардың басшылары мен мал тұқымдарын асылдандыру жөніндегі инспекторлары, Арал өңірі агроэкология және ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары, асыл тұқымды мал шаруашылықтарының басшылары мен мамандары қатысты. Қонақтар сүт фермасында болып, 100 бас ірі қараға арналып салынған мал тұратын орынды көріп, малға күтім жасау, азықтандыру, сүт өндіру, төл алу, оған күтім жасау, малды жерсіндіру және тағы да басқа жұмыстардың жай күйімен танысты.
Қоғамға қарасты Жаубасар, Әйтімбет, Талқанбай, Сығай, Ақойма учаскелерінде 263 бас түйе, 429 бас жылқы, 550 бас сиыр, 2465 бас қой бағылуда. Жайылымдағы малға арналып типтік жобадағы мал қора салынған, түйекеш, жылқышы, шопанға арналып тұрмысқа қолайлы жағдай жасалған тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген. Мұнда жергілікті асыл тұқымды мал басын көбейтіп, мал шаруашылығын дамыту жоспарланған.
2006 жылдың 01 маусымында «DUCK Export-Import-Vermittlungen» компаниясымен келісім шарт жасалып, шұжық цехы іске қосылды. Мұнда шығарылатын ет өнімдері: «Одесская», «Краковская», «Докторская», «Любительская», «Чайная», «Московская» және тағы басқа шұжықтары, жылқы етінен жасалған сарделька, түшпара, тартылған ет, котлеттер.
Таза ауыз суды шешу күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелердің бірі. «Рза» АҚ-ы Аралдың экологиялық апат аймағындағы халықты таза ауыз сумен қамтамсыз ету мақсатында жұмыстар жүргізуге тікелей араласып, өз үлесін қосуда.
2003 жылы мемлекеттің «Ауыз су» мәселесін шешу жөніндегі 736 мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Астана қаласында өткен «Арал-Сарбұлақ су құбырының ІV-кезеңі құрылысы», сметалық құны – 600 000 000 теңге тендерінің жеңімпазы атанып, құрлыс жұмыстары 2005 жылы толық аяқталып пайдалануға берілді. Осындай ауыз су мәселесін жолға қоюға арналған бағдарламаға байланысты Қармақшы ауданының Жосалы қыстағында 119 млн. теңгеге жұық жұмыстар атқарылып, 14 шақырымдық ауыз су желісі құрылыс толық аяқталып, халық игілігі үшін пайдалануға берілді.
Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Түктібаев, Майдакөл елді мекендеріндегі, сметалық құны – 450 000 000 теңге құрайтын, ішкі су тарату желілерін бас тораптық су құбырына қосу құрылысы жүргізілуде. Осы жылдың қараша айында бұл елді мекендердегі ауыз су мәселесі түбегейлі шешіледі.
2006 жылы Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласында ішкі су тарату желілерінің құрылысын салу жұмыстары қолға алынды.
Қазалы ауданы бойынша Басықара каналының арнасын қайта жаңарту үшін 16 748 000 теңгенің; солжаға магистралдық каналын реттеуде 74 353 000 теңгенің; Аранды, Лақалы, Тасарық, Шакен елді мекеніндеріндегі су тарату жүйесін күрделі жөндеуден өткізу үшін 21 750 000 теңгенің; су тасқынына қарсы бөгет салу кезінде 18 726 385 теңгенің жұмыстары атқарылды.
2005 жылы Ақтөбе облысы Әлібекмола-Қожасай аралығындағы ұзындығы 14,269м автожол құрлысын жүргізу жұмыстары жүргізілді. 2006 жылдың мамырынан бастап Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі туберкулезге қарсы 100 орындық аурухана құрлысы жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қоғамдағы құрылыс жұмыстарын атқаруға қажетті барлық техникалар, мамандар тартылып қамтамасыз етілген. Атырау қаласындағы халықаралық стандартқа сай сертификаты бар «Шеврон Мұнай газ ИНК» зауытынан полиэтилен су құбыры, дәнекерлеу аппараттары, Ресейден жаңадан экскаваторлар, бульдозерлер, Украйнадан КрАЗ-6510-0000010-01 (самосвал) автокөліктері сатып алынып, пайдалануға берілді; арнайы мамандар оқытып-үйретілді.
«Рза» АҚ-да жыл сайын Халықаралық Әйелдер күні, 22 наурыз Ұлыс тойы, Жеңіс күні, Жаңа жыл және басқа да мерекелер аталып өтеді, бірнеше жылдан бері 70 еңбек ардагерлерін аймақтық «Тұран Қазалы» газетіне мекеменің қаражаты есебінен жазу жұмыстары жүргізіледі.
Мүгедектерге, жетім-жесірлерге, қаріп-қасерлерге, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларына отын-суына, дәрі-дәрмекке, басқа да тұрмыстық шығындарын жабуға қайырымдылық көмек; аудандық әйелдер кеңесінің жанынан шығатын «Ару-Ана» газетіне; талантты жастарды қолдауда демеушілік көмек көрсетіліп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |