Ќаржылыќ жаѓдайды талдау єдістері


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



жүктеу 0,69 Mb.
бет2/11
Дата19.05.2020
өлшемі0,69 Mb.
#30535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
готовый курвовой

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….[56]

ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………….[57-70]

Кіріспе
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.

Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.

Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.

Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, ма-териалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды.

Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.

Бұл курстық жұмысымның негізгі мақсаты – кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау, қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:

-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;

-өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;

-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;

-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;

-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Талдау объектісі ретінде «РЗА» АҚ алынды. Оның негізгі саласы – құрылыс-монтаж жұмыстарын атқару болғанымен, қазіргі нарықтық қатынастар талабына сай ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, басқа да түрлі кәсіптермен айналысатын көп салалы кәсіпорын.

Жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашуға негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары, міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды кіріктіреді.

Жұмыстың тәжірибелік бөлігі «РЗА» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдауға және оның нәтижелері бойынша қорытынды жасауға, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынуға негізделген.

Жұмыстың теориялық базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегенов-тың, Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В.Савицкая-ның еңбектері болып табылады.

Жұмыс барысында ҚР-ның заң актілері және «РЗА» АҚ-ның қаржылық есебі пайдаланылды.




жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау