Қаржылық есеп 2 оқу құралы Қостанай, 2012 ббк 65. 052. 201. 1я73



жүктеу 1,18 Mb.
бет6/6
Дата07.12.2017
өлшемі1,18 Mb.
#3405
1   2   3   4   5   6

15 Байланысты тараптар (ҚЕХС 24)

Байланысты тараптар арасындағы өзара қатынастар

Байланысты тараптар арасындағы өзара қатынастар – сауда мен бизнестегі қалыпты құбылыс. Мәселен, ұйымдар өз қызметінің бір бөлігін еншілес ұйымдар, бірлескен қызмет және қауымдасқан ұйымдар арқылы жиі жүзеге асырады. Мұндай жағдайларда ұйымның инвестициялау объектінің қаржылық және операциялық саясатына әсері бақылау, бірлескен бақылау немесе елеулі ықпал түрінде жүзеге асырылады.

Байланысты тараптармен өзара қатынастар ұйымның пайдасына немесе залалына, сондай-ақ қаржы жағдайына және операциялық қызметінің нәтижелеріне ықпал етуге қабілетті. Байланысты тараптар байланысты емес тараптар қатыспайтын операцияларды жасай алады. Мысалы, өзінің бас ұйымының тауарларын өзіндік құны бойынша сататын ұйым осы тауарларды басқа сатып алушыға сол жағдайларда жеткізуден бас тарта алады. Сонымен қатар, байланысты тараптар арасындағы операцияларды байланысты емес тараптар арасындағы операциялар сияқты көлемде жүзеге асыра алмайды.

Ұйымның пайдасы немесе залалы және қаржы жағдайы байланысты тараптармен қарым-қатынастарға тіпті олармен операциялар жоқ болған кездің өзінде байланысты болуы мүмкін. Ұйым басқа тараптармен жүзеге асыратын операцияларға ондай өзара қарым-қатынастардың болуының өзі ықпал ете алады. Мысалы, еншілес ұйым сауда әріптесімен қарым-қатынасын бас ұйым бұрынғы сауда әріптесі жұмыс істеген салада жұмыс істейтін басқа еншілес ұйымды сатып алғаннан кейін үзе алады. Және керісінше, бір тарап басқа тараптың елеулі ықпал етуі салдарынан іс-әрекеттерден тартынуы мүмкін – мысалы, еншілес ұйым өзінің бас ұйымынан зерттеулер мен талдамалар жүргізбеу жөнінде нұсқау алуы мүмкін.

Осы себептер бойынша, байланысты тараптардың операциялары, өзара есеп айырысулардың өтелмеген сальдолары және байланысты тараптармен қатынастар туралы ақпараттың болуы ұйым қызметіне қаржы есептілігін пайдаланушылар беретін бағаға, соның ішінде ұйым алдағы уақытта тап болатын тәуекелдіктер мен мүмкіндіктерге берілетін бағаға ықпал етуі мүмкін.

Байланысты тараптар арасындағы операциялар

Байланысты тараптар арасындағы операцияларбайланысты тараптар арасында, төлем алынуына қарамастан, ресурстарды, қызметтерді немесе міндеттемелерді беру болып табылады.

Тұлғаның жанұясының ең жақын туыстары – жеке тұлға отбасының ұйыммен өзара іс-қимыл барысында сол тұлғаға ықпал жасауы мүмкін, не өздері оның ықпалында болатын мүшелері. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

-сол тұлғаның азаматтық зайыбы немесе бірге тұрушысы мен балалары;

-сол тұлғаның азаматтық зайыбының немесе бірге тұрушысының балалары;

-сол тұлғаның немесе оның азаматтық зайыбының немесе бірге тұрушысыныасырауындағы жандар.

Өтемге қызметкерлерге берілетін (19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар (IAS) ХҚЕС-тағы анықтамаға сәйкес) барлық сыйақылар, соның ішінде 2 Акциялар негізіндегі төлемдер (IFRS) ХҚЕС қолданылатын қызметкерлерге сыйақылар қамтылады. Қызметкерлерге сыйақылар – ұйымға көрсетілетін қызметтерге айырбас ретінде ол төлейтін, төлеуге тиіс не беретін немесе оның атынан төленетін, төленуге тиіс не берілетін өтемнің кез-келген түрі. Оған сондай-ақ ұйым өзінің бас ұйымы атынан төлейтін өтем де қамтылады. Өтемге мыналар қамтылады:

-қызметкерлерге берілетін жұмысшылар мен қызметшілердің жалақысы және әлеуметтік қамсыздандыру жарналары, жыл сайынғы ақы төленетін демалыс және сырқаттануға байланысты ақы төленетін демалыс, пайдаға қатысу және сыйақылар (егер кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде төленетін болса) сияқты қысқа мерзімді сыйақылар, сондай-ақ сол кезде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ақшалай емес нысандағы (медициналық қызмет, тұрғын үймен және автокөлікпен қамтамасыз ету, тегін немесе дотацияланатын тауарлармен қызметтер сияқты) сыйақылар;

-еңбек қызметі аяқталғаннан кейін берілетін зейнетақы, зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі сыйақылар, өмірді сақтандыру және еңбек қызметі аяқталғаннан кейін медициналық қызмет көрсету сияқты сыйақылар;

-қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар, соның ішінде ұзақ жұмыс өтілі бар қызметкерлерге арналған ақы төленетін демалыс, не ақы төленетін шығармашылық демалыс, мерейтойлар немесе басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар, еңбекке жарамсыздық бойынша ұзақ мерзімді сыйақылар, сондай-ақ пайдаға, сыйақыға қатысу, егер аталған төлемдер кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде төленетін болса;

-жұмыстан шығардағы жәрдемақы;

-акцияларға негізделген төлемдер.


Бақылау сұрақтары:

1.Байланысты тараптар арасындағы өзара қатынастар

2.Байланысты тараптар арасындағы операциялар

3.Қандай жағдайда ұйымның инвестициялау елеулі ықпал түрінде жүзеге асырылады?

4.Өтемге нелер қамтылады?

5.Қандай себептерге байланысты ұйым қызметіне қаржы есептілігін пайдаланушылар ықпал етуі мүмкін?




ГЛОССАРИЙ
Активтік операциялар - бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операциялар.

Аккредитив - бұл сатып алушының тапсырмасы бойьнша сатып алушының (аккредитив ашушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықгаушы бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.

Ақша- барлық тауарлардың құнымн өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.

Ақша массасы - жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін, сатып алу және төлем құралдарының жиынтық көлемі.

Ақша қаражаты - бұл кәсіпорынндарға кассасындағы колма-қол
ақша қаражаттарының сомасы, банктердегі есеп айырысу не өзге шоттардағы ақша қаражаттары, бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, жинақ ақша сертификаттары, вексельдер) және кәсіпорынның өзге де ақша қаражаттары.

Арнайы құжаттар — бұл халық шаруашыльнының жекелеген салаларында қолданылатын құжаттар. Оған атқарылған жұмыстарды қабылдау актісі, жолдама қағаздар және т.б. жатады.

Амортизациялық құн - дегеніміз бастапқы құн мен жою
құнының арасындағы айырмашылық.

Амортизация нормасы - бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.

Аудармалы вексель (Тратта) - бұл вексельде керсетілген соманы белгіленген мерзімде ұсынушыға немесе үшінші тұлғаға (эмитентке) төлеу жөнінде кредитордың (трассанттың) борышкерге (трассатқа) берген бұйрығы.

Аккордтық жүйе – қосалқы өндіріс қызметкерлеріне еңбекақы аккордық жүйе бойынша есептеледі.

Ағымдағы активтер - өңдеу және сату мерзімдеріне қарамастан тауарлы-материалдық қорлар (шикізат қалдығы, негізгі және көмекші материалдар, отын,сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер.

Бухгалтерлік есеп концепциялары: кәсіпорын қаржы есептілігін жүргізу мақсаты, бухгалтердік есеп ақпараттарының сапалық сипаттамасы, қаржы есептілік элементтері, өлшеу критерийлері мен басқа да принциптер

Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несие.

Бастапқы құжат – бұл шаруашылық операциясы орындалған сәтте жасалатын және болған фактілерді алғаш куәландыратын бухгалтерлік құжат.

Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төленгеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.

Бухгалтерлік есеп – басқарудың аса маңызды функцияларының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде оның бизнестің, кәсіпкерліктің тілі деп санайды.

Бағалау – бұл натуралды көрсеткіштерді ақшалай көрсеткіштерге аударудың әдісі. Мұның өзі шаруашылық қорлар мен олардың қорлану көздері туралы жалпылама деректерді алу үшін бухгалтерлік есепте ақшалай көрсеткәштерді міндетті түрде пайдаланумен байланысты болып отыр.

Бухгалтерлік баланс – кәсіпорынның мүлкі мен олардың пайда болу көздерін ақшалай бағамен белгілі бір күнге, әдетте айдың 1-күніне экономикалық топтастырудың әдісі.

Баланс – сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңсіздікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді.

Баланс валютасы – баланстың активі мен пассиві бойынша жиынтықтар болып табылады.

Бухгалтерлік есептің шоттары дегеніміз – шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы еспеке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі.

Бірегей құжаттар – бұл халық шаруашылығының барлық салаларында пайдаланылатын құжаттар.

Бухгалтерлік баланстың бабы – кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассивінің көрсеткіші (жолы) деп аталады.

Валюта – бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерініің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы (СДР, еуро).

Валюталық Бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

Гудвилл есебі – активтің бөлініс бағасы мен кәсіпорынды біртұтас түрінде сатқан кезде алынған түсімнің арасындағы айырма сомасы «фирма бағасын» немесе гудвиллді құрайды.

Дебиторлық және кредиторлық бершектердің пайда болу себептері – бұл құндылықтарды алу, қызмет көрсету және т.с.с.мерзімдерінің оларды төлеу мерзімдерімен сәйкес келмеуі.

Дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды көрсету – шоттар корреспонденциясы немесе бухгалтерлік жазу (бухгалтерлік жазба) деп, ал шоттар корреспонденцияланатын шоттар деп аталынады.

Деректемелер – бұл құжаттарда келтірілетін көрсеткіштер. Оны жасалған операциялар деректерінің негізінде толтыру қажет.

Дербес (интеллектуалды) меншік – бұл әртістердің, орындаушылардың, дыбыс жазушылардың, радио және телебағдарламалардың қызметіне қатысты авторлық құқықты, өнер табысы және патенттік құқыққа, ғылыми жаңалық құқығына, фирмалық атауға және коммерциялық белгілеуге теріс ниетті бәсекелестерден қорғаныс және басқа құқықтарға қатысты заңдық ұғым.

Екіжақты жазу – бұл шаруашылық операциясын әр түрлі шоттардың дебеті мен кредиті бойынша бірдей сомамен бір мезгілде көрсету әдісі.

Еңбек құралы – бұл еңбектің құрал-сайманы, соның көмегімен адам өндіріс процесінде белгілі бір өнім өндіріп шығару үшін еңбек затына әсер етеді.

Еңбек заттары – адам еңбек процесінде еңбек құралдарының көмегімен әсер ететін заттар.

Есеп айырбастаудағы қаражат – берілген аванстар бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін, алынған вексельдер бойынша дебиторлық берешектер, есеп беретін адамдардағы сомалар.

Екіжақты жазу – шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеудің әдісі. Бұл әдістің мәні - әрбір шаруашылық операциясы екі рет тең сомамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазылады.

Есеп беру дегеніміз – кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі өндірістік шаруашылық және қаржы қызметтерін сипаттайтын көрсеткіштердің арнайы кестелерге топтастырылған жүйесі.

Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына және кәсіпорын қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.

Еңбекақы – қызметкердің орындаған жұмыс көлемі мен белгілеген еңбек шарты және лауазым нұсқауына байланысты төлем.

Жай вексель – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

Жарғылық капитал – кәсіпорынның құрылтай құжаттарына сәйкес оның меншік иелерінің (қатысушыларының, құрылтайшыларының) салымдары есебінен құралған жарғылық қор.

Жедел – (немесе жедел-техникалық) есеп шаруашылық процестері мен құбылыстарына оларды тікелей жүзеге асыру барысында бақылау жасауға арналған.

Жүйелік жазулар – деректерді экономикалық біртектес объектілер бойынша жүйелендіретін жазу.

Жинақтамалы және талдамалы – бухгалтерлік есептің шоттары болып бөлінеді.

Жинақтамалы шоттар – шаруашылық қорларын немесе олардың көздерін жалпылама түрде көрсетуге арналған шоттар. Осындай шоттармен жүргізілетін есеп жинақтамалы есеп деп аталады.

«Жалдау міндеттемелері» шоты – негізгі, пассивтік есеп айырысу шоты. Кредиті бойынша кәсіпорынның ұзақ мерзімді жалға алынған НҚ үшін жалға берушіге берешегінің ай басындағы және соңындағы қалдығы көрсетіледі. Жалдау ақысының сомасы ағымдағы ай үшін есептеледі.

Жалдау – бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесінде жалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар пайда болады.

Жалға беруші- жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мулікті жалға беруге меншік иесі өкілеттік берген органдар мен ұымдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға беруші бола алады.

Жалгер- бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Заңды және жеке тұлғалар, біріккен кәсіпорындар, шет елдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер жалгер болуы мүмкін.

Жалдау шарты- бұл тараптардың еркінділігі мен толық тең құқықтылығы негізінде жасалатын жалдау шартының талаптарына сай мүлікті жалға беру туралы жалгер мен жалға беруші арасындағы келісім. Мүлікті жалға беру меншік құқын беруге әкеп соқтырмайды.

Жай лизинг- жалдау шартының мерзімі аяқталған бойда мүліктің жалға берушіге қайтарылуын көздйді.

Жай вексель- оны борышкер жазып береді және оған қол қояды. Екі тарап қатысады: вексель беруші және вексель ұстаушы. Векселде берілген орны мен күні, міндеттеменің жалпы соммасы немесе % төлеу жөніндегі міндеттеме бөлек түрде, төлемнің мерзімі мен орны, алушының атауы, екі тараптың қойған қолдары көрсетіледі.

Жанама кесімді жүйе- кәсіпорынның негізгі өндірісіне қызмет көрсететін жұмыскерлер еңбекақысы.

«Жеткізушіге» лизингі- мұндай кезде негізгі құралдарды сатушы «Лиз-бек» лизингідегі сияқты жалгерге айгалады, жалданған жабдықты ол емес, басқа жалгерлер пайдаланады.

Инвестициялар- кәсіпорынның табысты активтеріне (бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар), жарғылық қорына және басқа кәсіпорынға салған ұзақ мерзімді (бір жылдан астам мерзімге) инвестициялары, өзге кәсіпорыдарға берілген қарыздар көрсетіледі.

Қаржы лизингі- бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін өзі өтеуіне байланысты ұзақ мерзімді лизинг.

Калькуляция- шығындарды топтастыру мен сатып алынған материалдық құндылықтардың, әзірленген өнімдер мен атқарылған жұмыстарды өзіндік құнын анықтау әдісі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау нормативтік құжаттармен реттелінеді.

Қолма-қол ақшаларсыз- чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).

Қолма-қол ақшаларсыз есеп айырысу- бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп айырысулар.

Құжаттау- шаруашылық операцияларын құжаттардың көмегімен олар жасалған сәтте және сол жерде бастапқы тіркеу. Құжат бухгалтерлік жазбалар үшін міндетті негіз болып саналады. Әрбір шаруашылық операциясына, ол жасалған сәтте құжат жасалады, онда құжаттың атауы, операцияның мазмұны, оның жасалған күні, өлшем бірлігі, операцияның жасалуына жауапты адамдардың қойған қолдары көрсетіледі. Сөйтіп, құжаттар заңдық растаушы күшке ие болады.

Қарапайым жазу- бір шоттың дебеті екінші шоттың кредиті мен корреспонденцияланатын жазу.

Күрделі жазу- бір шоттың екі немесе одан да көп шоттардың кредиті мен корреспонденцияланатын, бір шоттың кредиті екі немесе одан да көп шоттардың дебеті мен корреспонденцияланатын бухгалтерлік жазу.

Көшірмелер- құжаттың барлық деректемелерін қайта шығару.

Қаржылық есеп беру- бұл кәсіпорынның есепте кезеңдегі қаржы шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы- ресурстардың қолда барын, орналастырылуын және пайдалануын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік.

Құнды біркелкі(тікелей) есептен шығару әдісі-объектінің амортизациялық құны ай сайын бірдей сомамен есептен шығарылады.

Кемімелі қалдық- (регрессия,қосарланған регрессия) әдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнынан емес, баланстық құннан жүргізілуі тиістігін білдіреді. Тікелей әдіс кезінде қолданылатын амортизация нормасы екі еселенуі мүмкін, сол кезде қосарланған регрессия әдісі жайлы сөз болады.

Қаржылық (қаржыландырылатын) лизинг-жалды ұзақ мерзімге несиелендірудің нысаны.

Қосымша-бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелетін жалақы.

Құнды есептен шығару-(кумулятивтік) әдісі есептеу коэффициентін анықтаудан тұрады. Коэффициенттің бөлімі ұтымды қызмет мерзімі жылдарының сомасына тең. Алысы қалған санның қызмет мерзімнің соңына дейін керісінше тәртіппен анықталады.

Құжаттар- кәсіпорындар мен адамдар арасындағы даулар кезіндегі жазбаша дәлелдеме.

Қысқа мерзімді жал(рейтинг, чертер)-мүлікті жалгердің кейінгі сатып алу құқысыз жалдау,жалдау мерзімі 1 жылға дейін созылады.

Лизинг –бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Лиз-бек” лизингі-мұндай жабдық иесі оны лизингтік фирмааға сатады және сонымен бірге одан жалға алады (жалға берушінің қаржылық жағдайын уақытша жақсарту әдісі.)



Материалдық емес активтер-бұл құндық бағасы бар, бірақ заттай құндылық болып табылмайтын ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) салымның объектісі.

Материалдар номенклатурасы-бұл атауы мен тиісті деректемелрі (сорты мөлшері) көрсетілген материалдың әрбір түріне номенклатуралық нөмірі белгіленіп, дәл және тұрақты өлшем бірлігі белгіленеді. Бұған қоса, номенклатурада материалдардың ағымдағы есепте ескерілетін бағасы қойылады.

Мерзімді еңбекақы-еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Мерзімдік еңбекақы-жай мерзімді сыйақылар болып бөлінеді.

Номенклатуралық тізілім- номенклатура-бағалық деп,ал онда көрсетілген бағалар-есептік деп аталады.

Негізгі жалақы-бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы.

Несие-бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Өндірістік әдіс-(амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне үйлесімді есептеу.)

Овердравт несиесі- клиенттің шотынан қаражаты шегеру дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несие.

Орташа мерзімдік жал (хайринг)-бұл жалгерлердің мүлікке меншік құқысыз 1 жылдан 3 жылға мүлікті жолдауы.

Резервтік капитал - бұл бап бойынша кәсіпорында қалыптасқан резервтік капиталдың қалдығы көрсетіледі.

«Стандарт» лизинг - мұндай кезде жабдықты әзірлеуші оны қаржыландырушы қоғамға береді. Ол өзінің лизингтік фирмасы арқылы оны тұтынушыға жалға береді.

Салықтық кіріс - бухгалтерлік кіріс ± уақытша айырмашылықтар + тұрақты айырмашылық.

Салық салу объектісі - акциздер қосылмаған бағалар бойынша анықталатын тауар құны.

Төлеушілер - ҚР аумағында акцизделетін тауарлар өндіруші немесе осы тауарларды импорттаушы және сатушы жеке және заңды тұлғалар.

Түгендеу - мүліктің нақты қолда барын бухгалтерлік есептің деректері бойынша заттай сәйкестігін тексерудің әдісі. Ол бухгалтерлік есеп деректерінің растығы мен кәсіпорын меншігінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен жүргізіледі. Негізгі құралдар, тауарлы материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары, аяқталмаған өндіріс, сауда кәсіпорынның тауарлары және басқалар түгенделуге тиіс.

Төлеуге есептелген шығындар - болжанбаған жағдайлар бойынша есептелген төлемдер.

Талдамальі шоттар - қорлардың және оның көздерінің жекелегенген түрлерінің құрамдас бөліктерін есепке алу ға арналған шоттар талдамалы шоттар деп аталады.

Типтік жоспары дегеніміз - бухгалтерлік есеп шоттарының кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін есепке алуға қажетті, экономикалық негізделген шоттардың жүйеленген тізілімі.

Түпнұсқа құжаттар - тиісті жолмен түпкілікті редакцияда ресімделген және қол қойылған құжаттар (түпнұсқалар).

Түгендеу - бұл мүліктердің заттай нақты қолда барын шоттарда көрсетілген бухгалтерлік есеп деректерімен сәйкестігін тексеру.

Үзінді – құжат бөлімінің көшірмесі.

Шоттар және екіжақты жазу - бұл шаруашылық операциясын әртүрлі шоттардың дебеті мен кредиті бойынша бірдей сомамен бір мезгілде қөрсету.

Шаруашылық процесі - біртектес шаруашылық операцияларының жиынтығы деп аталады.

Шот - бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әр түрлі жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады.

Хронологиялық жазу - шаруашылық операциясының пайда болу мөлшеріне қарай жүргізілетін жазу.

Чек - ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі


1 ҚР 28-ақпан 2007жылғы № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы.

2 «Салықтар және өзге бюджетке міндетті төлемдер туралы».

ҚР Кодексі (Салық Кодексі) ҚРЗ 10.12.2008ж №99-IV (01.01.2009ж. жағдайы бойынша). Баспа үйі «Бико», Алматы – 2008ж.

3 ҚР Ұлттық қаржылық есептілік стандарттары. 21.06.2007ж ҚР Қаржы министрлігінің №217 бұйрығы. Бухгалтердің анықтамасы №2 – 2007г.

4 Бухгалтерлік есептің типтік жоспары. 23.05.2007ж ҚР Қаржы министрлігі-нің №185 бұйрығы.

5 Бухгалтерлік есептің типтік жоспары және шоттардың корреспонденция-

лау бойынша әдістемелік ұсынылымдар.Бухгалтердің және кәсіпкердің кітапханасы. Баспа үйі «Бико», Алматы – 2007ж.

6 ҚЕХС қолдану бойынша әдістемелік ұсынылымдар. Алматы. 2007ж.

7 23.05.2007ж ҚР Қаржы министрлігінің №197 бұйрығы «Қаржылық есепті-лікті және депозитариййлерді ұсыну ережелерін бекіту туралы».

8 06.07.2007ж ҚР Қаржы министрлігінің №184 бұйрығы «Қаржылық есепті-лікті және депозитариййлерді ұсыну ережелерін бекіту туралы».

10 Ержанова М.С.,Нурумова А.А. Финансовая Отчетность казахстанских предприятий: учебное пособие.-Алматы: Экономика, 2007.-180 с.

11 Ержанов М.С., Ержанова С.Учетная политика на казахстанских предприя-тиях -Алматы,1997.-67с.

12 Ф.С. Сейдахметова «Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп» Алматы – 2008ж.

13 С.Б. Баймуханова «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.

14 Қ.К. Кеулімжаев, Н.А. Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп: теориясы мен негіздері» Алматы,Экономика, 2006ж.

15 Қ.К. Кеулімжаев, Н.А. Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп: теориясы мен негіздері» Алматы,Экономика, 2006ж.

16 В.Л. Назарова «Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Учебник. Алматы, 2003.

17 Ә. Әбдіманапов «Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру принциптері» Алматы, Экономика, 2006ж.

18 К.К. Кеулимжаев и др. «Финанасовый учет в соответствии с международ-ными стандартами» ( часть 1, 2) Алматы 2003ж, 2005ж.

19 Г.К Тулешова «Финанасовый учет в соответствии с международными стандартами» ( часть 1, 2) Алматы 2003ж, 2005ж.

20 С.Т Миржакыпова Аппакова Г.Н. и др. Основы бухгалтерского учета по МСФО. – Алматы, экономика, 2009ж.

21 М.А. Вахрушина Мельникова Л.А Международные стандарты финансо-вой отчетности. Омего-Л, 2009ж.

22 Международные стандарты финансовой отчетности 2006.-Алматы: ИД «БИКО», 2008-512с.

23 Методические рекомендации к международным стандартам бухгалтер-ского учета-Алматы: ТОО «Издательство «Lem»,2005.








жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау