Қаржылық есеп 2 оқу құралы Қостанай, 2012 ббк 65. 052. 201. 1я73


Осы түсіндірме төмендегідей келісімдерге қолданылмайды



жүктеу 1,18 Mb.
бет3/6
Дата07.12.2017
өлшемі1,18 Mb.
#3405
1   2   3   4   5   6

Осы түсіндірме төмендегідей келісімдерге қолданылмайды:


-ақша қаражаты емес активтер үлестірімдері (мысалы, негізгі құралдар баптары, 3 (IRFS) ХҚЕС-та анықталғандай бизнестер, басқа ұйымдағы жеке меншік пайыздары);

-ақша қаражаты емес активтер немесе ақша қаражаты баламасын алудағы иеленушілерге таңдауға мүмкіндік беретін бөлінулер.

Осы түсіндірме бірдей қолданатын бірдей капиталы бар иеленушілерді бірдей қарастыратын үлестірімге ғана қолданылады.

Осы түсіндірме бөлінуге дейінгі және онан кейінгі дәл сол тараппен немесе тараптармен ақырында бақыланылатын ақша қаражаты емес активтер бөлінуіне қолданылмайды. Бұл алып тастау үлестірімді іске асыратын ұйым бөлек, жеке немесе бірігіп жасаған қаржы есептігінде қолданылады.

үлестірімге дейінгі және онан кейінгі дәл сол тараппен немесе тараптармен ақырында бақыланылатын ақша қаражаты емес активтер қай кезде қолданылатыны жайлы айтылмайды. 3 (IRFS) ХҚЕС-тағы “Бір топ жеке тұлғалар шартты келісім нәтижесінде өздерінің қызметінен пайда табу үшін олар ұжымды түрде қарайды және жұмыс стратегиясын басқару күшін иемденеді және басқарушы ұйым ретінде есептелуі тиіс.” Сондықтан үлестірімге дейін және кейін екеуі де активті басқаратын бірдей тараптар негізінде осы түсіндірме қолданылу саласының сыртындағы үлестірім үшін үлестірімді алатын бір топ акция ұстаушы жеке тұлғалар шартты келісім нәтижесінде үлестірім жасайтын ұйым осындай біржола ұжымды күшке ие болуы тиіс.

Еншілес ұйымға жеке меншіктік пайыздың кейбірін бөлу кезінде қолданбай, бірақ еншілес ұйымды басқаруды ұстап отырады. Үлестірім үшін еншілес ұйыммен басқарылмайтын ұйымдағы пайызды тануға әкелетін үлестірімді іске асыратын ұйым 27 (IAS) ХҚЕС-қа (2008 жылғы редакция) сәйкес есептейді.

Осы түсіндірме ақша қаражаты емес үлестірім жасайтын ұйым есептілігіне ғана бағытталады. Бұл осындай үлестірімді алатын акция иегерлеріне бағытталмайды.

Ұйым үлестірім жариялап, және иеленушілеріне қатысты активтерді бөлу міндеті болса, төленілетін дивиденд үшін міндеттеме ретінде танылады. Сәйкесінше, осы түсіндірме келесі мәселелерді қозғайды:


-ұйымның девидендті төлеу уақытын тануы?

-ұйым девидендтің төлену түрін бағалауы керек?

-төленетін дивиденд деп ұйыммен негізделетін кезде бөлінген активтер есептік сомасы мен төленілетін дивиденд есептік сомасы арасындағы айырмашылығын есептеу түрі?

Төленетін дивидендтанылу уақыты


Дивидендті төлеу міндеттемесі дивиденд сәйкесінше рұқсат етілсе және ұйымның енді іс-әрекет еркінде болмауы танылған кезде төленуі тиіс.

-дивиденд жайлы мәлімдеме кезінде, мысалы басқарушылармен немесе директорлар кеңесімен жасалғанда, маңызды басшылықпен, мысалы акция иегерлері рұқсаты, егер заңнама осындай рұқсатты талап етсе; немесе

-дивиденд мәлімделген кезде, мысалы басқарушылар немесе директорлар кеңесімен жасалғанда, егер заңнамамен ешқандай рұқсат етілуді талап етпесе.

Төленетін дивидентті бағалау


Ұйым ақша қаражаты емес активтерді үлестірім бөлінетін активтердің әділ құны бойынша өз иеленушілері дивиденді ретінде бағалануы тиіс.

Егер ұйым өз иеленушілеріне ақша қаражаты емес активті немесе ақша қаражаты баламасын алу таңдауын берсе, ұйым баламаның әділ құнын және әрбір баламаны таңдаумен байланысты мүмкіндікті қарастыра отырып төленетін дивидендті бағалауы тиіс.

Әрбір есептілік кезеңінің аяғында және өтеу күні ұйым төленетін дивиденд есептік сомасын үлестірім сомасының капиталдағы мұқият тексерілгені ретінде төленетін дивиденд есептік сомасындағы қандай да болмасын өзгерістермен бірге тексеріліп және ретке келтірілуі тиіс.

Есептік сома мен төленетін дивиденд есептік сомасы арасындағы айырмашылықты есептеу

Ұйым төленетін дивидендті орнатса, онда ол есептік сомасы мен төленетін дивиденд есептік сомасы арасындағы қандай да болсын айырмашылығын пайда және шығында көрсетуі тиіс.

Ақпаратты ұсыну және ашып көрсету

айырмашылықты ұйым пайда және шығында бөлек бап ретінде ұсынылуы тиіс.

Ұйым келесі ақпаратты ашып көрсетуі тиіс, егер сәйкес болса:

- кезеңнің басындағы және аяғындағы төленетін дивиденд есептік сомасын; және

-төленілетін активтер әділ құны өзгерісі нәтижесінде кезең бойында танылған есептік сомасындағы өсу немесе кемуді.

Егер есептік кезеңнің аяғынан кейін, бірақ мәселе үшін қаржы есептілігіне дейін рұқсат етілсе, онда ұйым дивидендті ақша қаражаты емес активке бөлуді мәлімдесе, онда мыналарды ашып көрсетуі тиіс:

-бөлінетін активтің табиғатын;

-есептік кезеңге келетін есептік сома активтерін; және

-есептік кезеңге келетін есептік сома активтері бағаланған әділ құнын, егер ол оның есептік сомасынан басқа болса, және 7 (IRFS) ХҚЕС-тағы

-тармағы талап етілетін әділ құнды анықтау әдістері жайлы ақпаратты ашып көрсету.

Осы түсіндірмені ұйым жылдың 1 шілде 2009 немесе бұдан кейінгі күннен басталатын келесі жылдық кезеңдер ішінде қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым осы түсіндірмені 2009 жылдың 1 шілдесіне дейін басталатын мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс, және сонымен қатар 3 (IFRS) ХҚЕС (2008 жылғы редакция), 27 (IAS) ХҚЕС (2008 жылдың мамырында жөнделгендей) және 5 (IFRS)ХҚЕС (осы түсіндірмеде жөнделгендей) ашып көрсетуі тиіс.



Бақылау сұрақтары:


1.Түсіндірменің күшіне ену күні?

2.Есептік сома мен төленетін дивиденд есептік сомасы арасындағы айырмашылықты қалай есептейді?

3.Түсіндірме қандай мәселелерді қозғайды?

4.Қандай жағдайда ұйым ақпаратты ашып көрсетуі тиіс?

5.Түсіндірме қандай мәселелерді қозғайды?
7 Жалгерліктің есебі (ҚЕХС(IFRS)17)

Жалдау- жалға беруші жалға алушыларға жалдау ақысына немесе төлемдер тобының орнына келісілген уақыт ішінде активтерді пайдалану құқығын беретін шарт.

Жіктеу жалдауға алған активке меншік құқығына тән тәуекелдік мен пайданы жалға алушы мен жалға берушінің қандай дәрежеде мойнына алуына негізделеді. Тәуекелдікке активтің іркілісі немесе технологиялық жағынан ескіруінен, сондай-ақ өзгеріп тұратын экономикалық жағдайлармен байланысты пайданың ауытқуынан болатын шығындар жатады. Пайда активтің экономикалық қызметінің мерзімі ішіндегі пайдалы жұмыстың және оның құнының артуынан немесе тарату құнынан алынатын пайданың күтілуімен берілуі мүмкін.

Жалдау, егер ол иеленумен қатар жүретін айтарлықтай деңгейдегі барлық тәуекелдіктер мен пайданы меңзейтін болса, қаржылық жалдау ретінде жіктеледі. Егер жалдау иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдіктер мен пайданы айтарлықтай меңзеуге әкеліп соқтырмаса, операциялық ретінде жіктеледі.

Жалға беруші мен жалға алушы арасындағы мәміле жалдау шартына негізделетіндіктен, олардың арасында келісілген анықтаманы пайдаланған дұрыс болады. Осындай анықтамаларды жалға беруші және жалға алушының бірдей емес жағдайларға қарай қолдану жалдаудың бір түрін әртүрлі жіктеуге әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, егер жалға беруші жалға алушымен байланысты емес тарап ұсынған тарату құнының кепілдігінен пайда алған жағдайда орын алуы мүмкін.

Жалдауды жіктеу жалдауды қабылдаған кезде жасалады. Егер жалға алушы және жалға беруші уақытқа тәуелсіз жалдауды жаңартуды қоспағанда, жалдауды басқа жіктеуге әкеліп соқтыратындай түрде жалдау шартын өзгертуге келіссе және өзгертілген шарттар жалдау қабылданғаннан кейін қолданысқа енгізілсе, онда қайта қаралған шарт оның қолданылу мерзімі бойына жаңа шарт ретінде қаралады. Алайда бағалаудағы өзгерістер (мысалы, қызметтің экономикалық мерзімін немесе жалданған мүліктің қалдық құнын бағалауды өзгерту) немесе жағдайдың өзгеруі (мысалы, жалға алушының шартты орындамауы) есепке алу мақсаттары үшін жалдауды қайта жіктеуге әкеліп соқтырмайды.

Жалға алушының жерге, сол сияқты үйге мүдделері 40 (IAS) ХҚЕС сәйкес инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелсе, онда жерді жалдау элементінің және үйлерді жалдау элементінің жеке бағасы талап етілмейді, және әділ құн бойынша есеп моделі пайдаланылады. Егер керісінше жағдайда осы элементтердің біреуін немесе екеуін анық жіктеу мүмкін болмаған жағдайда ғана осындай бағалау үшін жан-жақты есептеу талап етіледі.

Жалдау мерзімінің басында жалға алушылар қаржылық жалдауды активтер және өздерінің қаржылық жағдай туралы есептеріндегі жалға алынған меншіктің әділ құнына тең сомадағы міндеттемелер ретінде қабылдаулары тиіс, немесе – бұл сомалар аз мөлшердегі жалдау төлемдерінің дисконтты құнынан төмен болса, әрбіреуінің шамасы қабылданған жалдауда анықталады. Аз мөлшердегі жалдау төлемдерінің дисконттық құнын есептегенде дисконттаудың мөлшері, егер олар анықталуға берілсе, жалдауға салынған пайыз мөлшерлемесі болып табылады, бұлай болмаған жағдайда жалға алушының әрбір қарыздық капиталға пайыздың өсім мөлшерлемесі пайдаланылуы тиіс. Жалға алушының кез келген бастапқы тікелей шығындары актив танылған сомаға қосылады.

Бастапқы тікелей шығындар көп жағдайларда жалдау келісімдерін жасау және орындау сияқты ерекше жалдау қызметімен байланысты туындайды. Қаржылық жалдаумен байланысты жалға алушы жүзеге асыратын қызметімен тікелей байланысты ретінде анықталған шығындар жалдау активінің құнына кіреді.

Қаржылық жалдау амортизацияланатын активтер үшін амортизациялық шығыстарды және әрбір есеп кезеңі үшін қаржы шығыстарын тудырады. Амортизациялық саясат амортизациялық жалдау активтері үшін міндетті түрде меншіктегі амортизациялық активке қатысты қолданылуға сәйкес болу керек, амортизацияның танылатын сомасы міндетті түрде 16 Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар (IAS) және 38 Материалдық емес активтер (IAS) ХҚЕС-ынасәйкес есептелуі тиіс. Егер жалға алушының жалдау мерзімінің аяғында меншік құқығына ие болуына негізделген сенімі болмаса, онда актив міндетті түрде жалдау немесе пайдалы қызметтің ең қысқа екі кезеңінен толықтай амортизациялануы керек.

Жалға алушының меншігіндегі амортизацияланатын активтерге қатысты қабылдаған амортизациялық саясатқа сәйкес жалдау активінің амортизацияланатын сомасы пайдалануға ұсынылатын мерзім ішінде әрбір есептеу кезеңіне бөлінеді. Жалға алушы жалдау мерзімінің аяғында меншік құқығын алатынына негізді сенімділігі болған кезде болжамды пайдалану кезеңі активтердің пайдалы қызмет кезеңі болып табылады; басқаша жағдайда актив екі мерзімнің: жалдау және оның пайдалы қызметінің ең қысқасына амортизацияланады.

Кезең ішінде амортизация және қаржы шығыстарына жұмсалған шығыс сомасы кезең ішінде төленуге тиіс жалдау төлемдерінің сомасына сирек теңеледі; сонымен жалдау төлемдерін шығыс ретіндегі төлемге есептеу дұрыс емес. Оған сәйкес жалдау мерзімі басталғаннан кейін шамасы жағынан актив және оған қосымша міндеттеме тең болатыны екіталай.

Жалдау активінің құнсызданғанын анықтау үшін ұйым 36 Активтердің құнсыздануы (IAS) ХҚЕС-ын қолданады.

7 Қаржы құралдары: ашып көрсету (IFRS) ХҚЕС-тың талаптарын

орындауымен қатар жалға алушылар қаржылық жалдау үшін мынадай:

-активтердің әрбір класына – есептік күніндегі таза қаржылық жағдай туралы есептік құн,

-есеп күніне болашақ төменгі жалдау төлемдерінің жалпы сомасы және олардың дисконтталған құнын салыстырып тексеру. Бұдан басқа, ұйым есеп күніне болашақ төменгі жалдау төлемдерінің жалпы сомасы және олардың дисконтталған құнын мынадай:

-бір жылдан кем емес;

-бір жылдан кейін, бірақ бес жылдан кем емес;

-бес жылдан кейінгі кезеңдер үшін ашуы тиіс.

-есеп кезеңінде шығыс ретінде танылған шартты жалдау төлемін,

-күшін жоймайтын қосалқы жалдау шарты бойынша есеп күніне алынуы күтілетін қосалқы жалдау бойынша болашақ төменгі төлемдерінің жалпы сомасын,

-жалға алушының келісілген жалдаудың айтарлықтай шарттырының жалпы сипаты мынадай:

-шартты жалдау төлемі анықталатын негізді;

-жаңару опциондарының болуы және талаптары немесе құбылмалы бағалардың сатып алынуы;

-жалдау шартында белгіленген, соның ішінде дивидендтерге, қосымша қарыз және әрі қарайғы жалдауға қатысты шектеулер туралы ақпаратты қоса алып, бірақ оған шектеу қоймай ақпаратты ашу керек.

Бұдан басқа, 16 (IAS), 36 (IAS), 38 (IAS), 40 (IAS) және 41 (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес ақпаратты ашуы тиісті талаптарды қаржы объектілері болып табылатын активтерге қатысты жалға алушылар орындауы тиіс.

Операциялық жалдау

Операциялық жалдаудағы жалдау төлемдері жалдау мерзімінің ішінде, басқа жүйелі негізді пайдаланушының пайда алатын уақытша кестесін неғұрлым айқын көрсететін жағдайлардан басқа, біркелкі бөлінген шығыс ретінде көрінуі тиіс.

Операциялық жалдауда жалдау төлемдері (қызмет көрсетуді сақтандыруға кеткен шығындарды қоспағанда), басқа жүйелі негізді қолданушы пайда алатын уақытша кестесін неғұрлым айқын көрсететін жағдайлардан басқа, бұл төлемдер осы негізде жүзеге асырылмаса да, біркелкі бөлінген шығыстар ретінде көрінеді.

Жалға алушылар 7 (IFRS) ХҚЕС-ының талаптарын орындаумен қатар операциялық жалдауға сәйкес мынадай:

-операциялық жалдаудың күшін жоймайтын шарттары бойынша болашақ төменгі жалдау төлемдерінің жалпы сомасын мынадай:

- бір жылдан кем емес;

-бір жылдан кейін, бірақ бес жылдан кем емес;

-бес жылдан кейінгі кезеңдер үшін.

-күшін жоймайтын қосалқы жалдау шарты бойынша есеп күніне алынуы күтілетін қосалқы жалдау бойынша болашақ төменгі төлемдерінің жалпы сомасын;

-шартты жалдау төлемдері және қосалқы жалдау бойынша төлемдерінің, сома, төлемдерінің төменгі жалдау төлемдері үшін сомалардың жеке ұсынысымен кезең ішінде шығыс ретінде танылған жалдау және қосалқы жалдау бойынша төлемдер;

-жалға алушының келісілген жалдаудың елеулі шарттарының жалпы сипаты мынадай:

-шартты жалдау төлемі анықталатын негізді;

-жаңару опциондарының болуы және талаптары немесе құбылмалы бағалардың сатып алынуы; және

-жалдау шартымен белгіленген, соның ішінде дивидендтерге, қосымша қарыз және әрі қарайғы жалдауға қатысты шектеулер туралы ақпаратты қоса алып, бірақ онымен шектелмей, ақпаратты ашу керек.

Жалға берушілер қаржылық жалдауда, өздерінің бухгалтерлік қаржылық жағдай туралы есептегі активтерін қабылдауы тиіс және оларды жалдауға таза инвестициялық сомаға тең дебиторлық қарыз сияқты ұсынуы тиіс.

Қаржылық жалдау - актив иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдіктер мен пайдаларды елеулі түрде көтеретін шарттар бойынша жалға беру. Қорытындысында құқықтық мәртебе берілуі де, сондай-ақ берілмеуі де мүмкін.

Қаржылық жалдау кезінде иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдіктер мен пайданың елеулі үлесін жалға алушы береді, осылайша алынуы тиісті жалдау төлемдері бойынша берешекті жалға алушы негізгі борыш сомасын қайтару және жалға алушының инвестициялары мен қызметі үшін өтемақы және сыйақыға арналған қаржылық табыс

Қаржылық жалдың мәні болып табылатын және 5 (IRFS) Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет ХҚЕС-ына сәйкес сатуға арналған ретінде жіктелген (немесе сатуға арналған ретінде жіктелген шығу тобына енгізілген) актив көзделген тәртіпке сәйкес есепке алуға жатады.

Жалға берушілер өндіруші немесе диллер ретінде кезең ішіндегі сатудан түскен пайда мен залалдарды ұйым тікелей сатуға қатысты жүргізетін саясатқа сәйкес тануы тиіс. Егер жасанды жолмен төмендетілген пайыздық мөлшерлемелер жарияланса, сатудан түскен пайда міндетті түрде нарықтық пайыздық мөлшерлеме есептеу жағдайында қолданылатын шамамен шектелуге тиіс. Жалға берушілер шартты дайындау және жасауға байланысты өндіруші немесе дилер ретінде шеккен шығындар сатудан түскен пайданы тану сәтіндегі шығыс ретінде танылуы тиіс.

Операциялық жалдау - қаржылық жалдан өзгеше жал.

Жалға берушілер нақты активтер сипатына сәйкес операциялық жалдауға берілген активтерді өздерінің бухгалтерлік қаржылық жағдай туралы есебінде ұсынуы тиіс.

Операциялық жалдаудан түскен табыс, өзге жүйелі түрде бөлудің пайдаланушының жалдауға өткізілген активтен алынатын пайданың азаюы уақытша кестесін жақсы беруін қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, жал мерзімі ішінде тікелей бағыт негізінде табыстар құрамында танылуы тиіс.

Шығындар, оның ішінде жалдау табысын алу кезінде шеккен амортизациялық шығыстар құрамына кіреді. Жалдау табысы (сақтандыру мен қызмет көрсетулер сияқты қызметтер үшін түсім қаражаттарын қоспағанда), тіпті егер төлемдер, өзге жүйелі түрде бөлу активін өткізуден пайда алудың азаюының уақытша кестесін беруді қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, жалдау мерзімі ішінде тікелей бағыт негізінде шығыстар құрамында танылады.

Операциялық жалдау шарттарын дайындау және жасаумен байланысты жалға берушілердің бастапқы тікелей шығындары жалданған активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнына қосылуы тиіс және жалдау табысы сияқты осындай негізде жалдау мерзімі ішіндегі шығыстар ретінде танылуы тиіс.

Амортизацияланатын жалға берілген активтер үшін амортизациялық саясат осыған ұқсас активтерге қатысты қолданылатын қарапайым амортизация саясатына сәйкес болуы керек, ал амортизация сомасы 16 (IAS) және 38 (IAS) ХҚЕС-тарға сәйкес есептелуге тиіс.

Ұйым жалға алынған активтің құнсыздануын анықтау үшін 36 (IAS) ХҚЕС қолданады.

Жалға беруші рөлінде қатысатын өндіруші немесе дилер операциялық жалдау шартын жасау кезінде сатудан түсетін пайданы танымайды, өйткені ол сатудың баламасы болып табылмайды.

Ақпаратты ашу

7 (IFRS) ХҚЕС талаптарын орындаумен бірге жалға берушілер операциялық жалға қатысты мынадай хабарламаны:

-мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз операциялық жалдау шарты бойынша болашақ ең төменгі жалдау төлемдері жиынтығында және мына кезеңдердің әрқайсысы үшін жеке-жеке:

-бір жылдан кеш емес;

-бір жылдан астам, бірақ бес жылдан кеш емес;

-бес жылдан кейін ашуы тиіс.

-есеп кезеңіндегі табыстың ретінде танылған жалпы шартты түрдегі жалдау ақысын;

-жалға берушінің жасаған жалдау шарттарының елеулі келісімдерінің жалпы сипаттамасын ашуы тиіс.

Сонымен бірге, 16 (IAS), 36 (IAS), 38 (IAS), 40 (IAS) және 41 (IAS) ХҚЕС ақпаратты ашуға қатысты талаптар операциялық жалдау шарттары бойынша берілетін активтерге қолданылатын жалға алушылар үшін міндетті.

Кері жалдаумен жүргізілетін сату операциясы сатушының оны кейіннен кері жалдауға ала отырып активті сатуын білдіреді. Жалдау төлемдері мен сату бағасы әдетте өзара байланысты болады, өйткені олар кешенді түрде талқыланады. Кері жалдаумен жүргізілетін сату операцияларының тәртібі жалдаудың түріне байланысты болады.

Егер кері жалдаумен жүргізілетін сату операциясы қаржылық жалдауға әкеп соқтыратын болса, онда сатудан алынатын пайданың қаржылық жағдай туралы есеп құнынан кез келген артуы сатушы-жалға алушының қаржы есептілігінде табыс ретінде дереу көрінісін табуы тиіс. Мұның орнына, бұл арту кейінге қалдырылуы тиіс және жалдау мерзімі ішінде амортизациялауға жатады.

Егер кері жалдау қаржылық жалдау болса, мұндай операция жалға берушінің жалға алушыға қаржы қаражаттарын беру тәсілі болып табылады, бұл жағдайда актив қамтамасыз ету рөлін атқарады. Осы себеп бойынша сатудан алынған түсімінің табыстың қаржылық жағдай туралы есеп құнынан артық сомасы деп есептеу дұрыс болмайды. Оның мұндай артуының мерзімі кейінге қалдырылуға және жалдау мерзімінің ішінде амортизациялауға жатқызылады.

Операциялық жалдау кезінде, егер оның кері жалдаумен жүргізілетін активті сату операциясын жүзеге асыру кезінде активтің әділ құны оның қаржылық жағдай туралы есеп құнынан төмен болса, онда қаржылық жағдай туралы есеп құны мен әділ құны арасындағы айырмаға тең шығын дереу танылуы тиіс.

Қаржылық жалдау үшін, құнсыздану болатын жағдайларын қоспағанда, мұндай түзету талап етілмейді, мұндай жағдайларда қаржылық жағдай туралы есеп құны активтердің құнсыздануына қатысты 36(IAS) сәйкес өтелетін сомаға дейін кемітіледі. Хабарламаны ашуға қойылатын талаптарды жалға алушылар мен жалға берушілер кері жалдаумен жүргізілетін сату операцияларына бірдей дәрежеде қолданылады. Жалдау шарттарының елеулі келісімдерінің талап етілетін сипаттамасы шарттың, немесе кері жалдаумен жүргізілетін сату шарттарының бірегей немесе әдеттен тыс ережелерін ашуға жеткізеді.

Кері жалдаумен жүргізілетін сату операциялары 1 Қаржы есептілігін ұсыну (IAS) Халықаралық стандартта белгіленген хабарламаны ашу белгілерін әрекетке келтіруі мүмкін.
Бақылау сұрақтары:

1.Жалды қабылдау күні.

2.Жалға берушілер операциялық жалға қатысты қандай хабарламаны көрсетеді

3.Жалдау деп нені атаймыз?

4.Жалға берушімен жалға алушының арасындағы мәміле неге негізделеді?

5.Қаржылық жалдау дегеніміз не?


8 Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері (ҚЕХС 21)
Акцияға шаққандағы пайданы анықтау және ұсыну принциптерін белгілеу, оның өзі түрлі ұйымдардың сол бір есепті кезеңдегі қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ сол бір ұйымның түрлі есепті кезеңдердегі қызметінің нәтижелерін салыстыру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Акцияға шаққандағы пайда туралы ақпараттың “пайданы” анықтау кезінде пайдаланылатын есепке алу саясатындағы айырмашылықтарға байланысты кейбір кемшіліктерге қарамастан, бірыңғай әдістеме негізінде есептелген бөлгіш қаржы есептілігінің сапасынан асып кетеді. Стандартты қараудың негізгі мәні - акцияға шаққандағы пайданы есептеу формуласындағы бөлгіш.

Жай акцияларын немесе әлеуетті жай акцияларын бағалы қағаздардың ашық нарықтарында орналастыру барысында болып отырған ұйымдар қолдануы тиіс:

-төмендегідей ұйымның бөлек немесе жеке қаржылық есептіліктеріне:

-жай акциялары немесе әлеуетті жай акциялары нарықта айналымда болатын ұйымдар (ішкі және шетелдік қор биржаларда немесе жергілікті және аудандық нарықтармен қоса, бағалы қағаздардың қордан тыс нарығында); немесе

-құралдардың кез келген түрлерін ашық нарықта шығару мақсатымен бағалы қағаздар комиссиясымен және басқа қызметті реттеуді ұйымдастыру шараларымен бірге шоғырландырылған қаржылық есептілік ұсынатын немесе ұсынып жатқан.

-бас ұйымы бар топтың шоғырланған қаржылық есептіліктеріне:

-жай акциялары немесе әлеуетті жай акциялары нарықта айналымда болатын ұйымдар (ішкі және шетелдік қор биржаларда немесе жергілікті және аудандық нарықтармен қоса, бағалы қағаздардың қордан тыс нарығында); немесе

-құралдардың кез келген түрлерін ашық нарықта шығару мақсатымен бағалы қағаздар комиссиясымен және басқа қызметті реттеуді ұйымдастыру шараларымен бірге шоғырландырылған қаржылық есептілік ұсынатын немесе ұсынып жатқан.

Акцияға шаққандағы пайданы ашып көрсететін ұйым акцияға шаққандағы пайданың көлемін осы Стандартқа сәйкес есептеуі және ашып көрсетуі тиіс.

Акцияға шаққандағы негізгі пайда Ұйым басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға шаққандағы пайда немесе шығын жөнінде және ұсынылған жағдайда, одан әрі жалғастырылатын қызметтен сол акцияларды ұстаушыларға шаққандағы пайда немесе шығын жөнінде акцияға шаққандағы негізгі пайда есебін шығаруға міндетті.

Акцияға шаққандағы негізгі пайда басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға шаққандағы пайданы немесе шығынды (алымы) айналымдағы жай акциялардың кезең ішіндегі орташа өлшенген санына (бөлгіші) бөлу жолымен есептелуі тиіс.

Акцияға шаққандағы негізгі пайда туралы ақпарат басты ұйымның әрбір жай акциясының ұйымның есепті кезеңдегі қызметінің нәтижелеріне қатысуының үлесін анықтау мақсатында ұсынылады.

Акцияға шаққандағы негізгі пайданы есептеу мақсатында басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға шаққандағы сомалар:

-одан әрі жалғастырылатын қызметтен басты ұйымға келетін пайда немесе залал сомасы;

-басты ұйымға келетін пайда немесе залал сомасы

Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтердің салықтан кейінгі сомалары, артықшылықты акциялар өтелгеннен кейін пайда болатын айырмашылықтар және капитал ретінде сараланған артықшылықты акциялардың басқа да осы сияқты нәтижелері бойынша түзетілген тең сомалармен қабылдануы тиіс.

Кірістер мен шығыстардың кезең ішінде мойындалған, басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға жатқызылатын барлық баптары, соның ішінде салық бойынша шығыстар және міндеттемелер ретінде сараланған артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін кезеңдегі пайданы немесе шығынды анықтау кезінде есепке алынады.

Артықшылықты акцияларды ұйымның соларды ұстаушыларға тендерлік ұсынысы шеңберінде сатып алуға болады. Артықшылықты акциялар ұстаушыларға төленген өтемді төлеудің әділ құнының сол артықшылықты акциялардың қаржылық жағдай туралы есептік құнынан асып кетуі артықшылықты акциялар ұстаушылар пайдасындағы кіріс және ұйымның бөлінбеген пайдасынан шегерім болып табылады. Бұл сома басты ұйымның артықшылықты акцияларын ұстаушыларға шаққандағы пайданы немесе шығынды есептеу кезінде шегеріледі.

Артықшылықты акциялардың қаржылық жағдай туралы есептік құнының оларды өтеу кезіндегі өтемді төлеудің әділ құнынан кез келген асуы басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін кезеңдегі пайданы немесе шығынды есептеу кезінде шегерілуге жатады.

Акциялар айналыстағы акциялардың орташа алынған санының есебіне, әдетте, оларды өтеу жөніндегі дебиторлық берешек пайда болған сәттен (әдетте олар орналастырылған күннен) бастап қосылады, мысалы:

-ақша қаражатын төлеу арқылы орналастырылған жай акциялар есепке оларды төлеу бойынша дебиторлық берешек пайда болған сәттен бастап қосылады;

-жай немесе артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді ерікті қайта инвестициялау барысында орналастырылған жай акциялар есепке дивидендтер төленген күннен бастап қосылады;

-қарыз құралын жай акцияларға айырбастау нәтижесінде орналастырылған жай акциялар есепке пайыздар есептеу тоқтатылған күннен бастап қосылады;

-басқа қаржы құралдарының пайыздарын немесе негізгі сомасын төлеу есебінен орналастырылған жай акциялар есепке пайыздар есептеу тоқтатылған күннен бастап қосылады;

-ұйымның міндеттемелерін орындау есебінен орналастырылған жай акциялар есепке міндеттемелер орындалған күннен бастап қосылады;

-ақша қаражаты болып табылмайтын активті сатып алған кезде өтемді төлеу ретінде орналастырылған жай акциялар есепке сатып алынған актив ұйым қаржылық жағдай туралы есебінде мойындалған күннен бастап қосылады;

-ұйымға көрсетілген қызметке ақы төлеу есебінен орналастырылған жай акциялар есепке ондай қызметтердің көрсетілуіне қарай қосылады.

Жай акцияларды айналыстағы акциялардың орташа алынған санының есебіне қосу сәті оларды шығаруға және орналастыруға байланысты жағдайлармен айқындалады. Акцияларды орналастыруға қатысты кез келген шарттың мазмұнын тиісті түрде ескеру қажет.

Акцияға шаққандағы таратылған пайда

Ұйым басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін пайда немесе залал жөнінде акцияға шаққандағы таратылған пайданы және, ұсынылған жағдайда, одан әрі жалғастырылатын қызметтен сол акцияларды ұстаушыларға келетін пайданы немесе залалды есептеуге міндетті.

Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу үшін ұйым басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін пайдаға немесе залалға және айналыстағы акциялардың орташа алынған санына таратылған әлеуетті жай акциялар ықпалын ескере түзетуге міндетті.

Акцияға шаққандағы таратылған пайда акцияға шаққандағы негізгі пайда сияқты анықталады, нақты айтқанда, әрбір жай акцияның ұйым қызметінің нәтижелеріне қатысуының үлесін кезең ішінде айналыста болған таратылған әлеуетті жай акциялар ықпалын ескере анықтау керек. Нәтижесінде:

-басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін пайдаға немесе шығын таратылатын әлеуетті жай акциялар бойынша кезең ішінде есептелген дивидендтер мен пайыздардың салықтан кейінгі сомасына ұлғайтылады және пайдада немесе шығыста таратылатын әлеуетті жай акцияларды жай акцияларға айырбастау нәтижесінде пайда болатын кез келген өзгерістерді ескере түзетіледі; және

-айналыстағы жай акциялардың орташа алынған саны, егер әлеуетті жай акцияларды жай акцияларға айырбастауға рұқсат етілетін болса, онда айналысқа түсетін қосымша жай акциялардың орташа алынған санына көбейеді.

Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу үшін ұйым басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін, 12-тармаққа сәйкес есептелген пайдаға немесе шығынға:

-басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін пайданың немесе шығынның мөлшерін алу, 12-тармаққа сәйкес есептеу кезінде шегерілген, таратылатын әлеуетті жай акцияларға қатысты кез келген дивидендтерге немесе басқа баптарға;

-таратылатын әлеуетті жай акциялар бойынша кезең ішінде есептелген кез келген пайыздарға; және

-таратылатын әлеуетті жай акцияларды жай акцияларға айырбастау нәтижесінде кірістерде немесе шығыста болатын кез келген басқа да өзгерістерге салықтан кейінгі ықпалды ескере түзету енгізуге міндетті.

Таратылатын әлеуетті жай акциялар көрсетілген әрбір кезең үшін жеке анықталуы тиіс. Таратылатын әлеуетті жай акциялардың өткен кезеңдегі саны әрбір аралық есепке қосылатын таратылатын әлеуетті жай акциялардың орташа алынған саны болып табылмайды.

Басты ұйымға жатқызылатын пайда немесе залал

Акцияға шаққандағы пайданы шоғырландырылған қаржы есептілігі негізінде есептеу мақсатында басты ұйымға жатқызылатын пайдаға немесе шығынға шоғырландырылған ұйымның азшылық үлесіне түзету енгізілгеннен кейінгі пайдасы немесе шығыны жатады.

Әлеуетті жай акцияларды атқару немесе шоғырландыру кезінде жай акциялардың шығарылуы жеңілдік элементтерінің пайда болуына әкеліп соқпайды. Оның өзі әлеуетті жай акциялардың, әдетте, толық құны бойынша орналастырылатынының салдары болып табылады, ал мұның өзі ұйымда бар активтердің тепе-тең өзгеруіне әсер етеді. Алайда, құқықтар шығарылымы кезінде опционды атқару құны көбінесе акциялардың әділ құнынан төмен болады. Сондықтан, құқықтардың мұндай шығарылымында жеңілдік элементі бар болады.

Құқықсыз акцияға теориялық әділ құн құқықтар жүзеге асырылар алдындағы акциялардың жиынтық нарықтық құнын құқықтарды жүзеге асырудан түсетін түсімдермен қосу және құқықтар жүзеге асырылғаннан кейін айналымда болатын акциялар санына бөлу жолымен есептеледі. Құқықтар жүзеге асырылатын сәт алдында олар акциялардан бөлек айналыста болатын жағдайларда әділ құн осы есеп мақсаттарында акциялар құқықтармен бірге сатылған соңғы күн жабылар кездегі бағам бойынша белгіленеді.


жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау