Қаржы кафедрасы Г. С. Майкопова Қаржы


Тақырып 10. Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз



жүктеу 0,6 Mb.
бет5/7
Дата01.01.2020
өлшемі0,6 Mb.
#25682
1   2   3   4   5   6   7

Тақырып 10. Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз

1. Мемлекеттік несиенің мәні мен маңызы, қызметтері.

2. Мемлекеттік бағалы қағаздар, олардың түрлері және сипаттамасы.

3. Мемлекеттік қарыз түсінігі, оның түрлері.


Мемлекеттік несие дегеніміз қарыз алушы ретінде өз органдары атынан мемлекет, несие беруші ретінде жеке және заңды тұлғалар қызмет ететін несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несие екі түрлі қызмет атқарады: қайта бөлу және реттеу. Қайта бөлу қызметінде мемлекеттік несие халық пен кәсіпорын-ның жинақтарын ұйымдастыру формаларының бірі болып табылады. Сондай-ақ, қайта бөлу қызметі халық, кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таралатын мемле-кеттік займа облигацияларын шығару, мемлекет шығындарын қаржыландыру үшін бос ақша қаражаттарын қозғалысқа түсіруге бағытталған мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлерін (қазыналық міндеттеме, қазыналық бонд, сертификат) шы-ғару кездерінде көрінеді. Реттеу: мемлекет қарыз алушы, несие беруші, гарант ретінде шығындарын жабу көздерінің жеткілікті болуына мүдделі.
Мемлекеттің несиенің жекеше несиеден айырмашылығы:

Жекеше несие

Мемлекеттік несие

  1. өндірістік мұқтаждықтар үшін жұмылдырылады;

  2. несие капиталы жұмылдырылады;

  3. өтеу қосымша өнім немесе өндіріс процесінде пайда болатын құннан жүргізіледі;

  4. капиталдың қолдану сферасын (өндірістік сфераны) кеңейтеді.

  1. Өндірістік және өндірістік емес мұқтаждар үшін жұмылдырылады;

  2. Төлем және сатып алу қаражаттары жұмылдырылады;

  3. Өтеу бюджет кірістерінен (негізінен салықтық түсімдердің есебінен) жүргізіледі;

  4. Капиталды қолдану сферасын тарылтады.



Мемлекеттік несие – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін.

Мемлекеттік несиенің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды.

Мемлекеттік несиенің мынадай түрлері бар: ішкі және сыртқы (халықара-лық), шартты.



Ішкі несиеде мемлекеттік несие қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.

Халықаралық несиеде қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдары, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Несие беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал несие алушы ел рецепент-ел деп аталады.

Шартты мемлекеттік несие отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.

Мемлекет қарыз алушы ретінде ғана емес, сонымен бірге несиегер ретінде де бола алады.

Мемлекеттік несиелендірудің негізгі сферасы – күрделі жұмсалымдар: басым өндірістерді қаржыландыру; тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру; экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым салаларын қаржыландыру,

Қаржыны басқаруды ұйымдастыру.

Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе.Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Қаржыны басқару- бұл қаржы ға және шектес экономикалық әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау үдерісі және қаржылық қатынастардың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет щараларының жиынтығы. Сөйтіп,қаржыны басқару – бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты,қаржы механизмі – бұл мақсатқа жетудің құралы,қаржы саясаты – қаржы басқарудыңтиісті үдерісінің түпкілікті қорытынды нәтижесі.

Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімділікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде,ақырында,мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.

Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:


  • Басқарудағы демократизм

  • Қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме

  • Басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі

  • Басқарудың ғылымилығы

  • Басқарудағы жауапкершілік

  • Шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.

Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білген жөн:

1 – ден,мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп қоғамдық өндірістің бүкіл үдерісіне ықпал жасайды

2 – ден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандарын,ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.

Қаржыны басқарудағы ғылыми тәсілдеме қажет: бұл қаржылық сипаттағы басқару шешімдерін әзірленген кезде экономикалық заңдардың талаптарынын басқа, экономикалық талдау нәтижелерінің ескерілетінін басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерініңұтымды ү»лесуінің қолданылатынын білдіреді.

Қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элементтерді бөледі: ақпарат,жоспарлау, ұйымдастыру,реттеу, бақылау.

Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай – ақ бүкіл қаржы үдерісін оперативті басқару үшін де маңызы бар.

Жоспарлау арқылы басқарудың жүйесінде маңызды орын алады.

Ұйымдастыру – басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпарытының жоғары нәтижелілігін басқару жұмыскерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді. Банк жүйесінде қозғалысқа енгізілген халықтың салымдары мен мерзімді депозиттерін мемлекет орталықтандырылған қаржылық ресурстар ре-тінде қолдана алады, солардың есебінен банктер қайтарымды негізде әртүрлі несиелер беріп отырады және мұнда несиенің екі формасы (мемлекеттік және банктік) бір-біріне жақындай түседі. Мемлекеттік несиедегі себеп-салдарлық байланыстар 7-суретте көрсетілген. Мемлекет қажеттілігі үшін халықтың кәсіпорындар мен ұйымдардың ақ-шалай ресурстарын қозғалысқа түсіру мақсатында мемлекет займалар шығара-ды, олар төмендегіше топтастырылады:

1) өтеу мерзімі бойынша – қысқа мерзімді, орташа мерзімді, ұзақ мерзімді;

2) таралатын орны бойынша – ішкі және сыртқы;

3) таралу тәсілі бойынша – еркін айналымға түсетін, мәжбүрлі;

4) түсімділік түрлері бойыша – пайыздық, ұтыстық, лотереялық.



Шығын

ЖҰӨ

Қаржылық ресурстар тапшылығы


Бюджет тапшылығы



Шаруашылық субъект-лер тапшылығы


Мемлекеттік несие

Мемлекеттік қарыз

Қызмет көрсету шығындары


Сурет 7 – Мемлекеттік несиедегі себеп-салдарлық өзара байланыстар


Елде шығарылатын займалар эмитент бойынша Орталық үкімет займалары және жергілікті билік органдарының займалары деп бөлінеді.

Мемлекеттік займалар мемлекеттік несие формасы ретінде халықтың, кә-сіпорындар мен ұйымдардың уақытша бос ақша-қаражаттары облигация, қазы-налық міндеттемелер мен мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа түрлерін шы-ғару жолымен қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыруға тартылады.

Облигация – бағалы қағаздың көбірек таралған түрі, ол мемлекеттік қарыз-дық міндеттемелерді сипаттайды және иесіне белгілі мерзім өткенде қарыз со-масы мен пайызын қайтарып алуға құқық береді. Қазыналық міндеттемелердің облигациядан айырмашылығы шығару мақсаты, табысты төлеу формасы мен еркін айналымға жүруінде.

Мемлекеттік бағалы қағаздар шығарған кездегі маңыздысы мыналар: дис-конт мөлшері, іріктеу бағасы, мемлекеттік акцияны номинал бағамен өтеу, ай-налыс мерзімі, сауданы өткізу тәртібі, қаржылық нарық үшін ережелер мен нор-мативтер жасай отырып, объективті шешім қабылдау.

Мемлекеттік несиенің негізгі нысаы несие қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде болады.

Мемлекеттік қарыздар – нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге және белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет пе заңи және жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары.

Қарыздардың салықтардан айырмашылығы:


Қарыздар

Салықтар

  1. Ерікті сипаты;

  2. Мәжбірлеудің бүркемелі нысаы.

  1. Мәжбүрлеме сипаты;

  2. Мәжбүрлеудің анық нысаы.


Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін); орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін); ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздарболып бөлінеді.

Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады.

Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын жәнек мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар әдеттегідей ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады.

Эмитентке қарай қарыздар үкіметтің қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.

Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық (қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алады); ұтыс немесе лотереялық (табыс облигацияларының өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.



Мемлекеттік қарыз – мемлекеттік займалар бойынша есептелген пайыз-дарды қоса отырып, шығарылған және өтелмеген бағалы қағаздар бойынша қарыз сомасы.

Мемлекеттік қарызды басқару дегеніміз мемлекеттің қарыз алушы, несие беруші және гарант ретіндегі қызметімен байланысты қаржылық саясатын қа-лыптастыру, сондай-ақ, мемлекеттің қарыздық міндеттемелерін шығаруға және таратуға дайындаумен байланысты әрекеттер жиынтығы, бағалы қағаз нарығын дамыту, несие және кепіл беру.



Мемлекеттік қарызды басқару процесінде қарыз алушының қарызының құ-нын азайту және нарықта мемлекеттің қарыздық міндеттемелерінің толуына және олардың курсының күрт ауытқуына жол бермеу міндеттері шешіледі. Мемлекет-тік қарызды басқару әдістері: қайта қаржыландыру, айналдыру (конверсия), бірік-тіру (консолидация), бір ізге келтіру (унификация), облигацияны айырбастау, зай-маны өтеу мерзімін ұзарту, мемлекеттік қарыздан бас тарту (жою).

Мемлекет экономиканы басқару қызметін атқара отырып, қарыз көлемін азайту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланады. Тиімді қарыз алу, мемлекет-тік несиеге қызмет көрсету құнын оптималдандыру, елдің төлем балансы мәсе-лелері, мемлекеттік бюджет тапшылығы, инфляция қарқыны әр елдегі басқару объектлерін анықтаушы болып саналады. Қарызды өтеу бойынша міндеттемені орындамау үкіметке деген сенімді азайтады.



Мемлекеттік қарызға қызмет көрсету – бұл белгілі мерзімде қарыздың не-гізгі сомасын, пайызды, мемлекттік қарыз комиссиясын біріктіріп төлеу қабілеті.

Әр мемлекет заңды түрде мемлекеттік қарыз лимитін бекітеді. Мысалы, Қа-зақстанның мемлекеттік қарызының лимиті – мерзімінде өтелмеген барлық займа-ларды қоспағанда, займалық капиталдың ішкі және сыртқы нарықтарында респуб-лика үкіметі алған, белгіленген сома. Бұл сома жыл сайын республикалық бюджет-те бекітіледі және қарыздық жылдың аяғында қарыз артық болмауға тиіс. Лимит бойынша мемлекеттік қарыз сомасы артқан жағдайда экономика мен мемлекетті басқару сферасында көптеген негативті факторларды бар екенін байқауға болады.

Сыртқы мемлекеттік қарыз мемлекет кепілдік берген және кепілдік берме-ген сыртқы қарыздарға бөлінеді. Мемлекеттік қарыздың өсуі макроэкономика-лық тұрақсыздықпен тығыз байланысты. Шетел капиталын және валюта ре-сурстарын тарту ол қаражат көздерін тиімді пайдалануды, қарызды пайызбен қоса қайтара алуын талап етеді. Үкімет келіспей қызмет атқарғанда, қаржылық, валюталық, инвестициялық саясат сферасында мемлекеттік заңдар бұзылғанда, экспорт пен импорт қатынасы дұрыс болмаған жағдайда ел экономикасында дисбаланс пайда болады, экономикалық өсім көздерінен айырылады, ал ол, сырттан қарыз алуға және мемлекеттік қарыздың өсуіне әкеп соғады.

Экономиканы және мемлекетті басқарудың қазіргі сатысы үкіметтен мем-лекет қарызының, яғни сыртқы қарыздың негізсіз өсуінің бетін кері қайтара отырып, тиімді шешім қабылдауды талап етеді.

Қаржы жүйесiнiң буыны сияқты мемлекеттiк қаржы салалар экономикаға және социумдағы алуан түрлi өзара байланыс қамтитын мемлекеттiк сектордың өндiрiстiк және әлеуметтiк қатынастарындағы әсерiмен байланған.

Мемлекеттiк қаржы салаларды экономикалық мән олар және мемлекеттiң функциялары және мемлекеттiк кәсiпорындарды орындауға мемлекеттiң қаржы ресурстерiн құрастыру, оның кәсiпорындары және алған құралдардың қолдануы үшiн қоғамдық өнiмнiң құны және ұлттық байлықты бөлiктiң қайта бөлу үлестiрiлуге қатысты ақшалай қатынастарды бiлдiретiн тұрады.

Бұл салаға ақшалай қатынастарының субъекттерiмен өкiмет және басқарудың оның органдары мемлекет бетте болып табылады, бiр жағынан, және кәсiпорын, ұйым, мекеме, азаматтар - басқа.



Мемлекеттiк қаржы салаларды құрамдағы маңызды рөл бюджеттiк қатынастар ойнайды. Бюджеттiк өзара байланыстар көмегiмен мемлекеттiң пайдасына органдардан сияқтыларының қаржыларының түбегейлi көлемдерiн қайта бөледi, сол сияқты керi бағытта - кәсiпорындарға, ұйымдарға, тұрғынға мемлекеттен. Республикалық бюджеттi рөл оның қорлары мемлекет аралық шаралардың қаржыландыруы үшiн арналған тұрады: мемлекеттiк мақсатты кешендi бағдарламалар, қорғаныстар, шекаралардың қорғауы, мемлекеттiк басқару, дамыған әлеуметтiк сала, халықаралық мiндеттемелердiң орындауын құқылық тәртiпке қамтамасыз ету. Республикалық бюджет көмегiмен экономика, оның тұрақтануы, салалық тепе-теңдiктiң құрылымдық өрнектеулерiнiң есебi, тұрғынның әлеуметтiк қорғаныштығының бiртұтас деңгейiнiң қолдаулары ұйғарылады.

Жергiлiктi бюджеттер экономикалық процесстердiң реттеуi, өндiргiш күштердiң орналастыруы, аймақтық инфрақұрылымның дамытуы, еңбек ресурстердi орнын толтыру үшiн едәуiр дәрежеде қолданылады. Жергiлiктi бюджеттер үлкен рөл әлеуметтiк шығындардың қаржыландыруларында ойнайды.

Мемлекеттiк қазына республикалық және жергiлiктi Республикалық қазынаға бөлiнедi қосады:

1.республикалық бюджеттiң құралдары;

2.мемлекеттiң алтын валюталық қорлары;

3.(жер, оның жер қойнауы, өсiмдiк және аң, басқа табиғи қорлар) мемлекеттiң меншiгiнiң ерекше құқығының дүниесi;

4.канн меншiгiнiң республи жататын оқшау емес дүние. Шынымен мұрагер болу, қоймалар, Олжа, мемлекет жататын өткiзулер немесе берiлуге меншiк ие қажеттi емес (иесiз ) иесiз кәмпескеленген, иесiз қалған, тапсырған мемлекетке дүние - қазынаға - дайындалатын қазыналық.

Жергiлiктi қазына қосады:

1жергiлiктi бюджеттiң құралдары;

2.коммунальдық меншiк жататын оқшау емес дүние.

Мемлекетке меншiктiң қолдануының формаларының ұқсас әр түрлiлiгi солқылдақ және адрестi экономикалық және қаржы саясатты өндiрiп алып, экономикалық және әлеуметтiк процесстерге әсердiң қаржы тетiгiн олар керек бәлекей бағыттай белсене қолдануға мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге оның болуын әрбiр нақтылы кезеңдегi мақсаттар және қоғамның дамытуының есептерiнiң үкiмет, жүзеге асыруының экономикалық функцияларының орындауды негiзi қалай "мемлекеттiк финансыларның" дәрежесiнiң рөл және мәндерi айқындалады.

Мемлекеттiк қаржы салаларды құрамдағы маңызды рөл бюджеттiк қатынастар ойнайды. Бюджеттiк өзара байланыстар көмегiмен мемлекеттiң пайдасына органдардан сияқтыларының қаржыларының түбегейлi көлемдерiн қайта бөледi, сол сияқты керi бағытта - кәсiпорындарға, ұйымдарға, тұрғынға мемлекеттен. Республикалық бюджеттi рөл оның қорлары мемлекет аралық шаралардың қаржыландыруы үшiн арналған тұрады: мемлекеттiк мақсатты кешендi бағдарламалар, қорғаныстар, шекаралардың қорғауы, мемлекеттiк басқару, дамыған әлеуметтiк сала, халықаралық мiндеттемелердiң орындауын құқылық тәртiпке қамтамасыз ету. Республикалық бюджет көмегiмен экономика, оның тұрақтануы, салалық тепе-теңдiктiң құрылымдық өрнектеулерiнiң есебi, тұрғынның әлеуметтiк қорғаныштығының бiртұтас деңгейiнiң қолдаулары ұйғарылады.


Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік несиенің мәні мен маңызы қандай?

2. Мемлекеттік несиенің қызметтері қандай?

3. мемлекеттік бағалы қағаздар түрлері қандай және оларға сипаттама беріңіз.

4. Мемлекеттік қарыздың түрлері қандай?
Тақырып 11. Сақтандыру
1. Сақтандырудың экономикалық мәні, оның қызмет ету сферасы.

2. Сақтандыру қорлары, оларды құру әдістері және қолдану бағыттары.

3. Нарықтық экономика жағдайында сақтандыру қатынастарының дамуы, сақтандыру ісін коммерцияға айналдыру.

4. ҚР-да сақтандыру нарығының дамуы.


Қолайсыз табиғи, стихиялық күш, кездейсоқ жағдайлар, өндірістік фактор-лар әрекетімен байланысты экономикалық қатынастар және залалды ақшалай жарналар есебінен өтеу сақтандыру деген дербес категориямен анықталады. Сақтандырудың мақсаты – қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтама-сыз ету үшін азаматтарды, мүлікті, өндіріс процестерін қоғамдық немесе ұжым-дық түрде қорғау. Сақтандырудың негізгі қасиеттері: қатынастың ықтималдық сипаты; қатынастың төтенше сипаты (кез-келген масштабта - мемлекеттік, ай-мақтық, кәсіпорын немесе оның бөлімшелері, жеке адам деңгейінде).

Қатынастардың бір бөлігі салыстырмалы түрде жалпы сипатта болады жә-не ақша-қаражаттарының сәйкес қорлары кең көлемдегі резервтік қорларды пайдалана отырып, қоғамдық қорғау жүйесі арқылы анықталады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысқан және жалпы ұлттық сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жоюға бағытталған. Ондай жағдайларда тұрақты қор-лармен қатар (жалпы мемлекеттік материалдық резервтер, үкіметтің резерв-тік қорлары) кәсіпорындар, ұйымдар, халықтың өз еркімен жасаған қайырымы есебінен қосымша ақша-қаражаттарын жұмылдыоуға болады.

Қатынастардың екінші бөлігі (әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қам-тамасыз ету) салыстырмалы түрде айтарлықтай тар шеңбердегі қорлар құру жә-не пайдалагу арқылы азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттала-ды. Бұл қатынастардың әрекеті халықты әлеуметтік қорғау қажеттілігімен байланысты.

Үшінші бөлігі адамдардың денсаулығы мен жағдайын, олардың мүлкін, сондай-ақ, шаруашылық субъектлерінің мүлкін сақтандыруды білдіреді. Бұл - азаматтарды мүліктік жеке сақтандыру және шаруашылық субъектлерін сақтан-дыру. Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы түрдегі дербес бөлігі- медициналық сақтандыру.

Сақтандыру кезінде сақтандыру резервтері мен қорларын қалыптастыру-дың екі әдісі қолданылады: бюджеттік және сақтандыру. Қор құрудың бюджеттік әдісі бюджет қаражаттарын, яғни барлық қоғамның қаражаттарын пайдалануды білдіреді. Сақтандыру әдісі қорлар кәсіпорындардың, ұйымдар мен халықтың жарналары есебінен құруды қарастырады; жарнаның мөлшері, төлеу тәртібі сақтандыру түріне қарай немесе заңмен, не сақтандыру қатынаста-рына қатысушылар арасындағы арнайы келісім негізінде анықталады.

Әлеуметтік сақтандыру дегеніміз азаматтар еңбек ету қабілетінен, жұмы-сы мен денсаулығын қорғаудан айырылған жағдайда оларға материалдық қол-дау көрсету үшін қоғамдық өнім құнын қайта бөлу бойынша экономикалық қатынастар жүйесі.

Жұмыстан айырылған жағдайда сақтандыру. Жұмыссыздық бойынша жәр-демақы халықты жұмыспен қамтуға ықпал ету қорынан қаржыландырылады. Ол шаруашылық субъектлер мен басқа жұмыс берушілердің әлеуметтік сақтандыру төлемдерінің бір бөлігінен, еңбек заңдылықтарының кейбір шарттарын, төлемді аудару мерзімдерін бұзғаны үшін төленетін санкциялар сомасынан құралды. Мұн-да бюджеттік ұйымдар оларға сәйкес бюджеттерден берілген қаражаттар есебінен төледі; қорды толтыруға мақсатты трансферттер мен гранттар жұмсалды.



Медициналық сақтандыру – бұл денсаулық сақтауды жұмыс берушілердің, азаматтардың сақтандыру жарналары және сақтандырылған тұлғалардың ауыр-ған, жарақаттанған жағдайдағы залалдарын және медициналық мекемелер шы-ғындарын өтеуге арналған бюджет қаражаттары есебінен қаржыландыру қаты-настары. Міндетті медициналық сақтандырудың сақтандыру төлемдерінің мөл-шерін еңбек ақы төлеу қорынан үкімет бекітеді және ол өнімнің, жұмыс немесе қызметтің өзіндік құнына кіреді.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырумен қатар мемлекеттк емес зейнетақы-лық сақтандыру болады. Бұл зейнетақы келісіміне сай жұмыскерлер мен (немесе) олардың жұмыс берушілерінің (еңбек ақының 10%) ерікті жарнасы есебінен қо-сымша әлеуметтік төлемдер және басқадай әлеуметтік қауіп төнген жағдайда ма-мандандырылған мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы зейнетақы төлем-дерін қалыптастыру жолымен азаматтарды әлеуметтік қорғау қатынастары.

1997 ж. 20 маусымда «ҚР-дағы зейнетақыны қамтамасыз ету туралы» Заң-ның қабылданған кезінен бастап, зейнетақы реформасы басталды. Оның мәні – зейнетақыны қамтамасыз етудің зейнетақы қорын қалыпастыруда 1997 жылға дейін қолданылып келген ұрпақтар сабақтастығы қағидасынан жеке жинақтау қағидасына көшуінде. Бұл үшін Мемлекеттік зейнетақы төлеу қоры мен кәсіпкер-лік қызметпен айналысатын барлық заңды және жеке тұлғалардың әлеуметтік салық төлеу жолымен қалыптастырылатын Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қоры қарастырылған. Зейнетақы жарналары салымшының таңдауына қарай, зейнетақы келісім негізінде жеке зейнетақы қоры мен әлеуметттік жеке код (СИК-ӘЖК) номері ашыла отырып, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры-на немесе ммлекеттік емес жинақтушы зейнтақы қорына жіберіледі. Зейнетақы төлемдері Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан зейнетақы жасына жет-кен азаматтарға, яғни ер азаматтар 63 жасқа, әйелдер 58 жасқа жеткенде және сәйкесінше еңбек стажы 25 және 20 жылға толғанда төленеді. Азаматтарды кей-бір категорияларына зейнетақы жасы мен еңбек стажы төмендетіліп белгіленсе, белгілі қызмет түріне еңбек стажы жеңілдікпен есептеледі.



Мүліктік және жеке сақтандыру стихиялық апаттар, шығындарына, апат-тарда, өрттен, бақытсыз жағдайларға, сырқаттануға, іскерлік конъюнктураны өзгертуге, тонауға байланысты залалдарды жоюға қолданылады.

Сақтандырудың жалпы категориясының бір бөлігі бола отырып, мүліктік және жеке сақтандыру субкатегория ретінде төмендегі белгілермен ерекшеле-неді: сақтандыру кезінде қоғамдық өндіріс сферасында белгілі қауіптің бола-тындығына негізделген ақшалай қайта бөлу қатынастары туындайды; сақтан-дыруға залал сомасын қайта бөлген кезде оған қатысушылар арасында тұйық қайта бөлу қатынастары тән; сақтандыру қорының қаражаттары сақтандырушы-лар арасында пайдаланылады; сақтандыру кеңістікте де, уақытта да залады бө-луді қарастырады; тиімді кеңістікте бөлу үшін үлкен территория және сақтан-дырушылардың саны қажет; оқиғаның кездейсоқ сипатына байланысты залал бір жылдан да асып кетеді және көптеген жалдырға созылады; сақтандырушы-лар арасындағы қатынастың эквиваленттігі.



Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушалар төлемдері есебі-нен кездейсоқ оқиғалар салдарынан залал шегетін сақтанушыларға көмек көр-сетілетіндігінде.

Сақтандыру қорлары материалдық-заттық жүктеуші, сақтандыру қатынаста-рының негізі болып табылады, сақтандырушыны оперативтік-ұйымдық жағдайда басқарады,, сақтандыруға қатысатын, қатысушы жақтардың сақтандыру мүдделе-ріне негізделеді. Сақтандыру қорларын басқа қорлардан айрықшалайтын ерекше-ліктері: олар алдын-ала тұтыну қорына да, жинақтау қорына да жатқызылмайды. Сақтандыру қоры ұлттық шаруашылықтағы әртүрлі болжанбаған диспропорция-ны ескертуге арналған қоғамның резервтік қорлары жүйесінің құрамдас бөлігі бо-лып табылады. Сақтандыру қоры сақтандыру төлемдері деп аталатын, шаруашы-лық суьбъектлері мен халықтың жарналары есебінен құрылады.

Мүліктік және жеке сақтандыру қызметтері осы категорияның қоғамдық бағытының көрінісі ретінде оған сәйкес келеді, олар: бөлу, ескерту, жинақтау және бақылау.



Сақтандыру қаупі оның негізгі бағыты- қолайсыз оқиғалар залалын өтеу-мен тығыз байланысты. Осы белгілерге сай сақтандыру салаларға, ішкі сала-ларға, түрлерге бөлінеді. Сақтандыру формалары – міндетті және ерікті.

Сақтандыруды (сақтандыру объектісі бойынша) екі салаға бөледі: мүліктік және жеке. Мүліктік сақтандыру сақтандырушылар категорияларына қарай іш-кі салаларға бөлінеді: ауылшаруашылық кәсіпорындарының жеке, кооператив-тік және қоғамдық ұйымдардың мүлкін, мемлекеттік мүлікті, халықтың мүлкін сақтандыру. Сақтандырылған мүліктің түріне немесе тобына байланысты сақ-тандыруды мынадай түрлерге бөледі: ауылшаруашылық дақылдарын, аңдарды, құрылысты, мемлекеттік, жеке меншік, кооперативтік кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар мүліктерін, үй мүлкін; көлік құралдарын, жеке ауланы; қаржылық қа-уіпті (оның ішінде банктік операциялар, бағалы қағаз нарығындағы операция-лар); жүкті; мұнай операцияларын (мұнайды қазу, өңдеу және тасымалдау) және т.б. сақтандыру.

Мүліктік сақтандыруда міндетті түрде көлік құралдарының барлық түрле-рінде тасымалдаған кездегі тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азамат-тық-құқықтық жауапкершілігі және автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылады. 1996 жылдан бастап, ауылшаруашылық өнді-рісін (көп жылдық өсімдіктер, ауылшаруашылық жануарларын, қозғалатын жә-не қозғалмайтын мүлікті, ауылшаруашылығыгың өнімдері мен тауарларын қо-лайсыз табиғи-климаттық жағдайлардан және басқа стихиялық апаттардан сақ-тандыру) міндетті түрде сақтандыру қайта жандандырылды.

Жеке сақтандыру – жке тұлғаның өмірі, денсаулығына және сақтанушы-ның өзі мен үшінші тұлғаның басқа қасиеттеріне қатысты жеке тұлғаның мүд-десін сақтандыру. Жеке сақтандыру азаматтарға олардың өмірінде белгілі оқиға болған кезде белгілі ақша сомасын төлеуден көрінеді. Оған өмірді, денсаулық-ты, еңбекке қабілетті және адамның жеке тұлғасымен байлансты басқа мүдде-лерін сақтандыру сияқты ішкі салалар кіреді.

Жеке сақтандыру түрлері: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтан-дыру, неке қиюды сақтандыру, қайтыс болған және еңбек ету қабілетінен айы-рылған жағдайда өмірлік және уақытша сақтандыру; өкінішті жағдайлардың, оның ішінде балаларды сақтандыру; кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар есебінен жұмыскерлерді сақтандыру, әуе, теміржол, теңіз, ішкі су жолдары мен облыс аралық, республика аралық автокөлікте жолаушыларды сақтандыру.

Сақтандыру ұйымына сақтандырудың жаңа аймақтық тәуекелді түрлерін өз беттерінше ашып, енгізуге құқық беріледі. Қазақстандағы сақтандыру арқылы қорғау түрлері мынадай болып келеді: ұзақ мерзімді жинақтаушы сақтандыру - өмірді аймақтық сақтандыру, жер сілкіну жағдайын сақтандыру, әскерге шақы-рылғандарды сақтандыру, әйелдердің босану жағдайын сақтандыру, жануарларды ұрлау жағдайын сақтандыру, уақытша орын ауыстырылған мүлікті (демалыс ке-зінде алып жүрген, іссапарға және басқаларға алып жүрген) сақтандыру, азаматтар жеке меншігіне алған пәтерді сақтандыру. Коммерциялық банк секторын дамыту жеке тұлғалардың банктік депозиттерін сақтандыруды енгізу қажеттілігін тудыр-ды. Әскери қызметкерлердің, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздіктің, салық қызметінің жеке құрамы міндетті түрде сақтандырылады.

Сақтандыру түрлері екі бағытта құрылады: азаматтар мүлкін белгілі қауіп-тен және қауіп-қатер тобынан сақтандырушының қалауына қарай сақтандыруға мүмкіндік беру; кез-келген мүлікті толығымен емес, материалдық құндылық-тарды жеке-жеке сақтандыруға мүмкіндік беру.



Бақылау сұрақтары:

1. Сақтандырудың экономикалық мәні қандай?

2. Сақтандыру қорларының қолдану бағыттарын атаңыз.

3. сақтандыру қорларын құру әдістері қандай?

4. Нарықтық экономика жағдайында сақтандыру қатынастарының дамуы жайлы айтыңыз.

5. ҚР-да сақтандыру нарығының дамуы жайлы айтыңыз.



Тақырып 12. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу
1. Мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі, оның қажеттілігі.

2. Экономиканы қаржылық реттеуді топтастыру.

3. Салықтық-бюджеттік реттеу.
Экономиканы мемлекетті қаржылық реттеу – мемлекеттің қызметінің әр сатысында экономианы дамытудың мақроэкономикалық тұрақтылығына ықпал ету үшін шаруашылық субъектлерге қаржылық ықпал ету формалары мен әдістерін мақсатты түрде және рет-ретімен қолдануы.

Мемлекеттік реттеу типтері - экономикалық (оның қаржылық, бағалық, несиелік, валюталық, еңбек ақы сияқты бөліктерімен қоса) және әкімшілік. Рет-теу түрлері - салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-несиелік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, ішкі шаруашылық. Реттеу формалары: бюджеттік сфе-рада - субвенция, субсидия, трансферттер; салық сферасында – тікелей және жанама салық салу; валюталық қаржылық сферада – сыртқы инвестициялау, сыртқы займалар, сыртқы қарыз.

Топтастырудың саны көп элементіне реттеу әдістері жатады, олар жекелен-ген формалар үшін ерекше болуы (мысалы, салықта ставка әдісі, займада айнал-дыру) немесе бірнеше формада (мысалы, бюджет пен кәсіпорынның қаржылық жоспарында теңестіру, осы формаларда резерв құру әдісі, т.б.) қолданылуы мүмкін.

Нарықтық экономикада реттеудің жанама әдістері басымырақ болады. Бі-рақ елдің экономикалық дамуындағы стихиялық құбылыстарға жол бермеу мақ-сатында мемлекет нарықтық механизмдердегі ақпаратқа қажет заңдық норма-лар мен нормативтер жасайды.

Нарықтық экономикада мемлекеттік қаржылық реттеудің маңызы зор. Бұл ақшалай, несиелік, қаржылық қатынастар сферасында реттеушілерді қолдану-дағы, ел экономикасын басқарудың барлық органдарының жұмысындағы, Қа-зақстанның халықаралық экономикалық байланыстарды ұйымдастыруындағы белсенділікпен байланысты.

Оның сыртында, «сұраныс экономикасы» теориясы салықтардың төменгі ставкалары салық түсімдерін азайтпайды, керісінше, оны салық базасын кеңей-ту, яғни ұлттық өндіріс пен табысты өсіру есебінен көбейтеді.

Салықтың инвестициялық саясатқа ықпалының теориялық түрдегі дәлелі-не америкалық ғалым – «сұраныс экономикасының» өкілі А. Лаффэр жасаған салық салудың прогрессивтігі мен бюджет табысы арасындағы тәуелділік жата-ды. Осы теорияға сәйкес салық ставкаларының белгілі шекке дейн өсуі салық табыстарын өсіреді, одан кейін өсім баяулайды, ал одан кейін бюджет табысы күрт төмендейді. Осыдан экономиканы, инвестициялық белсенділікті ынталан-дыру мәселесін салық ауыртпалығын түбірімен жеңілдету жолында шешу керек деген қорытынды шығады. Экономиканы қозғаушы күш - шаруашылық агент-тердің нарыққа бейімделген эономикалық қызметке мүдделілігі. Егер бұл қыз-мет оларға тиімді болса, онда ұдайы өндіріс интенсивті қарқынмен жүріледі. Ал нарықтық нәтижелі қызметі айтарлықтай жоғары және прогрессивті салықтар түріндегі күшті дискриминацияға тап болса, онда экономикалық белсенділік төмендейді. Лаффэрдің ойынша, салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың та-бысының барлық сомасының 30% артығын бюджетке алуға болмайды. Егер та-быстың 40-45% алынса, олар экономиканың жеке секторындағы жинақты, со-ған байланысты инвестицияны азайтады.

Салықты азайту, салық салудың шекті нормасын төмендету экономикаға, салық базасына үш жақты ынталандырушы ықпал етуі мүмкін: салық базасы нарыққа ұсынылған еңбек пен капитал санын және өндірістің ұлғаймалы көле-мін ұлғайту салдарынан өсе түседі; нарықта бұрын қолданылған еңбек пен ка-питал аз салық салынатын сферадан шаруашылық қызметінің жоғары деңгейде салық салынатын сферасына ауысады (мұнда капиталды сфера бойынша бөлу жақсарып, нәтижесінде экономиканың жалпы тиімділігі артады); экономикалық агенттердің белгілі бөлігі «заңсыз экономикадан» заңды, «бағасы белгіленген» экономикаға шыға отырып, салықтан бас тартуды азайтадыБірақ салық ұсыныстан қарағанда, сұранысқа тезірек ықпал ететінін ескеру қажет. Қысқа мерзімде салықтың төмендеуі жиынтық сұранысты өсіреді және бюджетке салықтық түсімдерді азайтады. Ал ұсыныс факторлары (жинақ, ин-вестиция, еңбекке деген стимул) әрекетінің инерциялығына байланысты салық-тың ұсынысқа ықпалы ұзақ мерзімді сипатта болады.

Тауарлық салықтар өдірушілер мен мемлекеттің тұтынушыларының ортақ мақсатқа қолданатын қаражаттарының бір бөлігін қоғамға беруді білдірмейді. Олар қоғам үшін тиімділігінен айырады. Бұл құбылыс артық салықтың ауырлы-ғы деп аталады. Жеке табыс салығын салу фискальдық маңызымен қатар маңызды әлеуметтік қызмет атқарады, яғни халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының табысын теңестіреді. Бұл қызметті әлеуметтік бағдарламалар бойынша бюджеттік шы-ғындар да атқарады, нәтижесінде табысы төмен халық айтарлықтай жоғары табысы бар топқа көшеді. Сөйтіп, әлеуметтік теңсіздік азаяды. Салық ставкасымен мөлшерімен, сәйкесінше, салықты алу мөлшерімен бай-ланысты салықтық реттеудің маңызды аспектісі ішкі жинақты «ұстап тұру» және шетел инвестициясын тарту болып табылады. Жоғары деңгейдегі салықтар капи-талдың салық ставкалары төмен, салықтық климаты қолайлырақ елдерге «ауыс-уына» әкеп соғады. Бұл факторға салық салу ставкасы төмен немесе тіпті жоқ «оффшорлық зона-лардың» болуы да ықпал етеді. Екінші жағынан жоғары салық ставкалары шетел капиталының елге келуіне кедергі жасайды, ішкі жинақ жетіспеген жағдайда экономиканың өсімін тоқтатады. Сондықтан салықтық реттеу аталған факторларды ескеріп, экономикалық байланыстағы елдердің салықтық жағдайларын теңестіруге ықпал етуге тиіс.

Мемлекеттік қаржы – мемлекеттік қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін және алынған қаражаттармен мемлекеттің қызметін атқару үшін қоғамдық өнімнен ұлттық байлықтың құндылығын бөлу және қайта бөлуге қатысты ақша қарым-қатынасы.

Ақша қарым-қатынасының субъектілері: азаматтар, мемлекет және өндірістік қоғамда.

Мемлекеттік қаржылар үшін мемлекеттік шығыстардың өсуінің жалпы мемлекеттік өнімнің өсуінен жоғары болуы сипатты болып келеді және де бұл Вагнер заңы деп аталады.

Вагнер заңы 3 факторлармен байланысты:

1) экономиканың өсуіне байланысты экономикалық өмірдің қиындауы және еңбек бөлінуінің тереңдеуі тиімді экономиканы қолдауды қажет етеді;

2) техника және технологиялық дамулар үлкен мөлшерде капитал қажеттіліктерін қажет етеді. Оларды акционерлік қоғам мен мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз етеді. Мемлекет техникалық шаралар арқылы монополиялық өнірістер пайда болатын жерде олардың қызметін реттеуші ретінде қатысуы керек;

3) мемлекет білім беру және денсаулық саласында белсенділік танытады. Өйткені бұл салалардан түсетін пайда экономикалық бағалауда төзімді болып келеді.

Мемлекеттік қаржы ұғымында жеке дара звенолардың әрқайсысы спецификалық орын алады.

Мемлекеттік қаржылар құрамына кіретіндер:

1) мемлекеттік бюджет;

2) бюджеттік емес қорлар;

3) мемлекеттік несие;

4) мемлекеттік қоғамның қаржылары.

Мемлекеттік басқару деңгейі бойынша экономикалық және әлеуметтік салада мемлекеттік қаржылар республикалық және жергілікті болып бөлінеді.

Бюджеттік қарым-қатынас мемлекеттік қаржы құрамында маңызды рөл атқарады. Бюджеттік өзара байланыс арқылы ақша қаражаттары қайта бөлінеді, яғни шаруашылық мекемелерден мемлекеттік пайдасына және керісінше.

Республикалық бюджеттің рөлі

Оның қорлары жалпы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асыруға арналған.

Республикалық бюджеттің көмегі арқылы экономиканың тұрақтылығы,

бюджет теңгерімділігі мәселелері шешіледі.

Жергілікті бюджет

Бұл экономикалық процесті реттеу үшін өндірістік күштерді орнатуы, территориялық инфрақұрылымның дамуы үшін қолданылады. Әлеуметтік шығындарды қаржыландыру барысында үлкен рөлді жергілікті бюджет атқарады.

Бюджеттік емес қорлар

Бұл жеке мақсатты іс-шараларды аударымдармен және басқа да дерек көздермен қаржыландыру.

Мемлекеттік несие

Мұнда қарым-қатынастар мекеменің уақытша бос ақша-қаражаттарын мобилизациялаумен байланысты, оларды мемлекеттік мекемеден берілуі мемлекеттің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін керек.


Мемлекеттік қаржылар меншіктің жіктелу тұрғысынан қарағанда мемлекеттік заңды тұлғаның меншігі және мемлекеттік қазына болып табылады.

Мемлекеттік заңды тұлғаның бөлігі заңды түрде жеке дара болып табылады және мемлекеттік қаржылардың негізін құрайды.

Мемлекеттік қазына 2-ге бөлінеді:

1) республикалық;

2) жергілікті.

Республикалық қазына жүйесі:

1) республикалық бюджет қаражаттары;

2) алтын валюта қорлары;

3) тек қана мемлекеттік меншігіндегі мүліктер (жер, флора мен фауна, табиғи

ресурстар);

4) республикалық меншікке жататын жеке дара емес мүлік.

Жергілікті қазына жүйесі:

1) жергілікті бюджет қаражаттары;

2) коммуналдық меншікке жататын жеке дара емес мүлік.

Осыдан барып мемлекеттік қаржылардың рөлі бөлінеді, яғни мемлекеттік қаржылар – әр анықталған тіршілік ету кезеңінде үкіметтің экономикалық функциялардың орындалуын және қоғамның дамуының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың негізі болып табылады.



жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау