Қарапайым математикалық ҰҒымдарды қалыптастыру



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет33/52
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13421
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52

98 
қоюға болатынын көрсетуді ұсынады. Белгіні есте сақтауы 
үшін ертегі айтып беруге болады. 
Математиканы оқытқан кезде балаларға əдетте үлкен жəне 
кіші белгілерін «құстың аузы» деп атайды, оларға бейнелі 
ұғымды есте сақтау осылай оңай болады. Ал кішісі қай 
жаққа, үлкені қай жаққа қарай жазылатынын есте сақтау 
үшін басқа мысал келтіреді: жабық ауыз əрқашан кіші 
санға қарай, ашылған ауыз үлкен санға қаратып жазылады. 
Енді егер сол жақта үлкен сан тұрса, ауыз оған қарай ашық 
тұрады да, бұл «үлкен» белгісі болады, ал егер сол жақта 
кіші сан тұрса, ауыз солға қарай жабық тұрады, онда бұл 
«кіші» белгісі болады.  
Сосын балалар белгілерді бастырып жазып 3-тапсырмада 
жаттығады.  
Сонымен қатар белгілерді ермексаздан жасауға болады. 
Содан кейін педагог ҰОҚ-нің бірінші кезеңіне ұқсас 
электрондық жиынтық полотномен жұмысты ұйымдастыра 
алады.  
Рефлексия 
26–30 
 
Рефлексия.  
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. 
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы 
бағалауды ұсынады. 
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі 
сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. 
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті 
салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын 
жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті 
салуға болады. 
 
Əліппе-дəптер
 
 
 
 
№42  ҰОҚ. Тақырыбы: Менің 
достарым. Заттар тобын 
салыстырамын. 
МЕКТЕП/МҰ: 
Күні: 
Педагогтің аты-жөні: 
Мектепалды сынып/топ 
Қатысушылардың саны:  Қатыспағандардың 
саны: 
Оқыту мақсаттары 
0.4.1.2.Белгілерді тану ( =, >, <). 
 
Күтілетін 
нəтижелер 
Барлық тəрбиеленушілер: 
-суреттерге  ( =, >, <)  салыстыру белгілері бар жазбаларды 
таңдайды.  
Көптеген тəрбиеленушілер: 
-5 затқа дейін суреттерге ( =, >, <) салыстыру белгілері бар 
жазбаларды құрастырады, оқиды.  
Кейбір тəрбиеленушілер: 
-заттар топтары мен сандарды қалай салыстыруға болатынын, 
суреттер бойынша сандарды 5-еуден көп заты бар топтармен 


99 
салыстыру жазбаларын қалай құрастыруға болатынын түсіндіреді.  
Тілдік мақсаттар 
Дағдыларын дамыту
-екі санды салыстыру жазбаларын оқиды, ( =, >, <) белгілері бар 
салыстыру жазбасын түсіндіреді.  
Пəндік лексика жəне терминология: 
-үлкен, кіші, тең, ( =, >, <) белгілері. 
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: 
– Заттар тобын қалай салыстыруға болатынын айт. 
– Заттардың екі тобын салыстыру жазбасына қандай белгі қоюға 
болатынын түсіндіре аласыңдар ма?  
– Заттар тобын қалай салыстыруға болатынын айтуға саған қандай 
сөздер көмектескенін жəне мұны математика тілінде жазуға қандай 
белгілер көмектескенін түсіндір. 
Жазу: 
-боя, белгілерді қорша жəне т.с.с.  
Алдыңғы білім 
Есеп, «көп», «аз», «сонша» ұғымдары . 
Жоспар 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған іс-əрекет 
  Ресурстар 
Басталуы 
0–5 минут 
Ынталандыру. 
ҰОҚ-нің  тақырыбына  кіріспе  ретінде  педагог  ойын  
ойнауды ұсынады. 
Өзектендіру. 
Педагог  балалардан  өткен  сабақта  қандай  белгілермен 
танысқанын сұрайды. 
- Заттар тобын қалай салыстыруға болатынын айт.  
- Заттардың екі тобын салыстыру жазбасына қандай белгі 
қоюға болатынын түсіндіре аласыңдар ма?  
- Заттар тобын қалай салыстыруға болатынын айтуға саған 
қандай сөздер көмектескенін жəне мұны математика 
тілінде жазуға қандай белгілер көмектескенін түсіндір.  
Балалар  бөлменің  ортасына  шығып,  педагог  атаған  белгі 
бойынша (ұлдар, қыздар) топпен сапқа тұрады жəне кімнің 
көп  немесе  аз  екенін  салыстырады.  Үлестірмелі 
материалдан саны бар карточканы тауып, топта қанша адам 
бар  екенін  көрсетеді.  Бұдан  əрі  педагог  екі  топтағы 
балалардың  «көп», «аз», «тең»  екенін  көрсететін  таңбаны 
табуды сұрайды. 
Бүгін біз белгілерді (=, >, <) пайдалануды жақсы үйрендік 
пе, соны білеміз.  
Ойынды 
сүйемелдеуге 
арналған көңілді 
əуендер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Үлестірмелі 
материалдар. 
Ортасы 
6–15 
Мақсат қою (проблемалық жағдай). 
(Ұ) Жиынтық полотномен жұмыс.  
Жағдайдың үлгісін келтіреді. Сырым мен Əлия ыдыс-аяқты 
қойып  шығады  (немесе  шарларды  санайды),  оларға 
заттардың санын салыстыруға көмектесу керек. 
Өздік жұмыс. 
(Ж) Педагог жұппен 1-тапсырманы талқылап, орындауды 
ұсынады. Балалар бір-біріне суреттерге қандай жазбалар 
келетінін түсіндіреді. 
Əліппе-дəптер, 
жиынтық 
полотно, 
санайтын 
материал 


100 
Сонымен, балалардың бұл белгілерді түсінетін-түсінбей-
тінін анықтауға болады.  
(Ж) Сосын əрқайсысы доптарды жеке салыстырады. Бұл 
барлық балалардың белгілерді танитын-танымайтынын, 
оларды дұрыс қолданатын-қолданбайтынын анықтау үшін 
қажет. 
(Т)  Дəптермен жұмыс жүргізгеннен кейін балаларды 
топтарға бөліп тұрғызып, заттар – доптар, ойыншықтар 
жəне т.б. тарату қажет. Ненің көбірек екенін анықтау 
ұсынылады – заттар ма, немесе балалар ма? Заттардың 
саны балалармен тең болуы үшін неше зат алу қажет?  
16–25 
Меңгерген нəрсені қолдану. 
2-тапсырманы орындау ұсынылады.  
(Ө) Балаларды бір уақытта белгілердің атауларын дауыстап 
айту арқылы оларды қоршап жаттықтырыңыз. Алдыңғы 
ҰОҚ-дегі белгілер туралы ертегіні қайталап айтып беріңіз.  
Жақсырақ есте сақтау үшін белгілерді шынтағынан 
бүгілген қолмен көрсетуді ұсыныңыз. Əдетте адамдардың 
көпшілігі оң қолмен жазады, демек оң қолды бүксек, артық 
белгісін көреміз.  
Өздік жұмыс 
(Ө)3-тапсырма жеке жұмыс істеуге арналған, кейіннен 
жұппен тексеріледі.  
Тапсырмаларды тексерген кезде əрбір бала міндетті түрде 
жазбаға дауыстап түсінік береді жəне оның таңдау себебін 
айтады. Мысалы: 1-нұсқа: Мен сол жақтағы гүлдер санын 
санадым жəне санын жаздым. Сосын оң жақтағыларын 
санадым да, санын жаздым. Мен сандардың қатарына 
қарап, сол жақтағылардың саны оң жақтағылардың 
санынан көп (аз, тең) екенін анықтадым. Мен үлкен 
таңбаны таңдадым. 
2-нұсқа. Мен оң жақтағы жəне сол жақтағы суреттердің 
арасына сызық жүргіздім, кейбір суреттер жұпсыз қалды. 
Демек, заттардың бұл тобында олар көп. Мен сол жақтағы 
жəне оң жақтағы суреттердің санын санап, таңба қойдым.  
(Т) Топтық жұмыс. Қорапшаларға немесе дорбаларға 
фигуралар салынған. Балалар  таңдамай бірнешеуін 
шығарады жəне заттардың топтарын салыстырады. 
Белгілерді шығарып, топтардың арасына қояды. Цифрлар 
бейнеленген карточкаларды шығарып, теңсіздік құрады.  
Жұмыстың басқа нұсқасы. «Жаңбыр» қимылды ойыны. 
Музыка естіледі. Балалар бөлмеде секіріп жүреді. Педагог 
музыканы тоқтатқан кезде балалар еденде жатқан 
«үйшіктерге» жасырынады. Ол үшін шеңбер сызуға немесе 
кеңістікті қоршауға болады. Енді үйшіктердің 
əрқайсысындағы балалар саналады. 
 - Қайда артық, қайда кем? Қалай салыстыруға болады? 
Қандай белгі қою қажет? Қалай жазуға болады?  
 
Əліппе-дəптер,  
Үлестірмелі 
материал 
Рефлексия 
26–30 
Рефлексия.  
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. 
Əліппе-дəптер
 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау