Арал аудандыќ жўмыспен ќамту жјне јлеуметтік баєдарламалар бґлімініѕ 013 жылдыѕ айында атќарєан жўмыстары жґнінде мјліметтер



жүктеу 58,5 Kb.
Дата25.01.2020
өлшемі58,5 Kb.
#27295

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2019 жылы атқарған жұмыстары

туралы МӘЛІМЕТ

Халықты жұмыспен қамту бойынша:
2019 жылы жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны - 1595 адам.

Жыл басынан тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 1595 адам, қоғамдық жұмыстарға 709 адам тартылды.

2019 жылы ауданда 1662 жаңа жұмыс орындары ашылды. Олардың ішінде, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласы бойынша 122, өнеркәсіп 35, құрылыс саласы бойынша 97 орын, көлік және қоймалау саласы бойынша 21, көтерме және бөлшек сауда, авто ж/е мотоцикл жөндеу саласы бойынша 588, білім беру, мәдениет, спорт салалары бойынша 20, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласы бойынша 13, экономикалық қызметтің басқа түрлерінің саласы бойынша 193, уақытша және маусымдық 573 орын.

Нысаналы топқа жататын жұмыссыздар қатарынан мүгедектік топтағы 60 мүгедек жұмыссыз ретінде тіркеуге алынып, олардың ішінен 35 мүгедек тұрақты жұмысқа, 20 мүгедек қоғамдық жұмысқа, 3 мүгедек жастар тәжірибесіне, 2 әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.

Жыл басынан бөлімде 12 - рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 161 мекемеден 420 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 610 адам қатысты. Оның ішінде 131 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмысқа 70 адам, кәсіптік оқуға 61 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 11 адам, жастар тәжірибесіне 14 адам, Сонымен қатар 287 адамға «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021ж» бағдарламасының бағыттары жөнінде кеңестер берілді.

Жазасын өтеп келгендерге жататын жұмыссыздар қатарынан жұмыс іздеуші ретінде 24 адам тіркеліп,олардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқаны 22 адам, қоғамдық жұмысқа 2 адам, кәсіби оқыту және қайта даярлауға 8 адам жолданды.

2019 жылдың желтоқсан айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,9 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 4,9 пайызды құрайды.
Әлеуметтік төлемдер бойынша:
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке ағымдағы жылға 1 177 051,0 мың теңге қаржы қаралып, 2111 отбасынан (12185 отбасы мүшелерінен) құжаттар қабылданып, қаралған қаржы толығымен игерілді.

Тұрғын үй көмегіне 2019 жылға 338 отбасындағы 1653 адамға 7697,5 мың теңге тағайындалып, толығымен төленді.

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмектер

Аудан бойынша мамандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға төленетін әлеуметтік көмекке 2019 жылы 178 адамға 27812,0 мың теңге тағайындалып, толығымен төленді. (1 адамға 10*2525=25250 теңге)

Ауданымызда 2019 жылдың 12 айында тұрмыс жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, жалғыз басты қарттарға және жетім балаларға барлығы 539 отбасыға 8283,0 мың тенге қайрымдылық көмек жасалынды.

Үйде тәрбиеленіп оқуға 2019 жылға жалпы 5303,0 мың теңге қаралып, 78 балаға 3832,0 мың тенге төленді.



Жекелеген санаттар бойынша датылы және мерекелік күндерге жүргізілген әлеуметтік төлемдер:
2019 жылдың ақпан айында – «15 ақпан - Ауғаныстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне» орай 29 Ауғанстан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 5125,8 мың теңге біржолғы әлеуметтік төлемдер жүргізілді. Аудандық бюджеттен 2196,8 мың тенге және Ауғаныстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне 30 жыл толуына орай облыстық бюджеттен 2929,0 мың тенге біржолғы әлеуметтік төлемдер жүргізілді. (1 адамға аудандық бюджеттен 30*2525=75750 теңге және облыстық бюджеттен 40*2525=101000 теңге)

2019 жылы 26 сәуір – Чернобыль АЭС-інде апатқа ұшырағандарды еске алу күніне орай 9 Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға 681,2 мың теңге әлеуметтік көмек есеп шоттарына аударылды. (1 адамға 30*2525=75750 теңге)

2019 жылы 2 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне аудандық бюджеттен 202,0 мың теңге; облыстық бюджеттен 808,0 мың теңге есеп-шоттарына аударылды. (аудандық бюджеттен 1 адамға 40*2525=101000 теңге және облыстық бюджеттен 1 адамға 160*2525=404000 теңге)

2019 жылы тылдағы жанқиярлығы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған 4 адамға аудандық бюджеттен 303,0 мың теңге және облыстық бюджет есебінен 202,0 мың теңге қаралып, 3 адамның есеп шоттарына 378,7 мың теңгесі аударылды. (1 ардагер қайтыс болды).

1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмағандарға 873 адамға облыстық бюджеттен – 66130,0 мың теңге төленді. (1 адамға 30*2525=75750 теңге)

2019 жылы 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай 29 Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын жоюға қатысушыларына 2196,7 мың теңге бір жолғы әлеуметтік көмек есеп шоттарына аударылды. (1 адамға 30*2525=75750 теңге)

2019 жылы Өңірге қажетті мамандықтар бойынша облыс әкімінің оқу грантына 60 студентке 31371,8 мың теңге төленді. (Жалпы медецина, биология, дене шынықтыру дайындау, шеттілі, орыс тілі, география пәнінің мұғалімдерін дайындау, музыкалық білім беру, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және дефектология мамандықтары)

ҚР-ның «Отан», «Данқ» ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 5 азаматқа 2019 жылы 269,0 мың теңге төленді. (1 адамға 1,9*2525=4798 теңге).

Мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша:
2019 жылы 176 жүріп-тұруы қиын І топ мүгедектеріне - 148 жеке көмекшілер қызмет жасады, жеке көмекшілердің қызметіне аудандық бюджеттен 75226,7 мың теңге қаралып; 39 тіл-құлақ кемістігі бар мүгедектерге - 4 ымдау тілі маманы қызмет көрсетті, ымдау тілі мамандарына жергілікті бюджеттен 2400,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 4677,0 қаржы бөлінген. 2019 жылы міндетті гигиеналық құралдарға қаралған қаржының 42988,4 мың теңге, жеке көмекшілердің қызметіне және ымдау тілі мамандарына 79803,7 мың теңге төленді.

Мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектерді қажетті құралдармен қамтамасыз ету шаралары іске асырылуда.

2019 жылға аудандық бюджеттен міндетті гигиеналық құралдарға 18947,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 34440,0 мың теңге қаралып, міндетті гигиеналық құралдар - 735 мүгедек азаматтарға таратылды.

Мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес 2019 жылы мүгедектерге:

протездік-ортопедиялық көмек– 375 адамға,

сурдотехникалық құралдар – 40 адамға,

тифлотехникалық құралдар– 133 адамға,

санаторлық-курорттық жолдама – 78 адамға,

кресло-арбалар – 80 адамға таратылды.

2019 жылы Қызылорда қаласында орналасқан «Талсуат-мүгедектерді оңалту орталығына» ем алуға 59 мүгедек, 3 зейнеткер жолданды. Қызылорда қаласында орналасқан № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 3 мүгедек, Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына 1 бала, мүгедектер мен қарттарға арналған қарттар үйіне 1 мүгедек жолданды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен «Арал ауданы мүгедектер ұйымы қоғамдық бірлестігі» 2019 жылы 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 29 балаларға күндіз болу бөлімшесі бойынша жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетті.

Сонымен қатар, мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметін ұйымдастыруға 2019 жылға облыстық бюджеттен 2634,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы Қазақ соқырлар қоғамымен келісім шарт жасалып, олардың 1 автокөлігімен 43 мүгедектерді тасымалдады.

Үйден әлеуметтік қызмет көрсету бойынша аудан бойынша 135 мүмкіндігі шектеулі балаларға 30 әлеуметтік қызметкер, 85 жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге 14 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.

Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша:

2019 жылы тіркелген акт жазбаларының саны – 3061;

Оның ішінде:

Туу туралы актілер –1811;

Қайтыс болу туралы актілер – 494;

Неке қию туралы актілер – 542;

Некені бұзуды тіркеу туралы актілер –123;

Әке болуды анықтау туралы актілер –67;

Бала (қыз) асырап алу туралы актілер – 13;

Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы актілер –11;

Сонымен қатар, 21 азаматтық хал актілерін қалпына келтіру немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары жүргізілді.

Оның ішінде:

Азаматтық хал актілерін қалпына келтіру – 1;

Азаматтық хал актілеріне өзгерістер енгізу – 20.



2019 жылы АХАТ жұмыстары барысында – 2 532 855,75 теңге мемлекеттік баж өндірілді.

Орындаған: Р. Тапалов

Н. Байназарова

А. Жаймақов

М. Жұмашева
жүктеу 58,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау