-
- Қарақия ауданы әкімдігінің
- «Айналайын» балабақшасы МКҚК
-
- Агрессивтік мінез-құлқы
- бар балаларға арналған
- психологиялық ойындар жинағы
- (Балабақша тәрбиешілеріне арналған көмекші құрал)
-
-
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- 1. Развивающая и коррекционная работа с детьми / Матвеева О.А. – М., 2001.
- 2. Эмоциональные нарушение в детском возрасте и их коррекция В.В.Лебеденский,О.С.Николский,индивидуальной психологий.,М,.1995-36ст.
- 3. Бекмуратова Г.Т.Мінез-құлқында ауытқулары бар балалардың ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан зерттеу.Этнопсихология және этнопедагогика,конференциядағы материалдар тезисі.А,2005ж.
- 4. Дубацкая О.Б.(Павлодар) Коррекция как метод психического развития детей, Шохан тағылымы.-9-конференциядағы материалдар тезисі.2004ж.Көкшетау.
- 5. Коррекция обучения и развития школьников / А.Л.Сиротюк. – М., 2002.
- Жұмыс орны: «Айналайын» балабақшасы
- МКҚК
- Лауазымы: психолог
- Бітірген оқу орны: Орталық- Азия
- университеті
- Білімі: жоғары
- Педагогикалық өтілі: 21 жыл
Кіріспе - Кіріспе
- Агрессивтік мінез-құлық- мектепке дейінгі жастағы балалардың арасында ең көп таралған ауытқушылықтардың
- бірі. Күнделікті жағдайда балалар арасында әр түрлі қарым-қатынастар орнап жатады: балалар ұрысысады, төбелеседі, достасады. Барлық осындай қатынастар балаларды уайымға салады, әр түрлі эмоцияларды бастан өткізеді. Ал біз мәне бермей қалуымыз мүмкін. Олардың қандай сезімде қалғанын, қарым-қатынасы қай деңгейде екенін түсінбеуіміз мүмкін. Ал негізінде құрдастарымен орнаған алғашқы қарым-қатынас баланың тұлға ретінде қалыптасуына негіз болатын іргетас болып саналады. Осындай мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қарым-қатынастың проблемалық түрлерін анықтау және балаға оны жеңіп шығуға көмектесу педагог-психологтың негізгі міндеті. Агрессия – қоршаған ортадағы адамдарға зиян келтіру, тұрақты жағдайларға қарсы тұратын мінез, адамдарға психологиялық немесе физиологиялық тұрғыдан зиян келтіруші күш. Қатыгез, агрессивті, төбелесқор және сотқар бала-ата-ананың ғана емес, педагогтар мен психологтардың, ең бастысы бүкіл қоғамның көкейтесті мәселесі.
- Балада агрессивтіктің пайда болуына көптеген факторлар ықпал етеді. Олардың ішіндегі ең маңыздылары:
- Отбасындағы тәрбие стилі ;
- Орталық нерв жүйесінің ауруы; Шамадан тыс бақылау немесе бақылаудың мүлде болмауы; Бала еркіндігіне жол бермеу; Қозғалыс белсенділігіне тыйым салу:
- Қорытынды
- Қорыта айтқанда, XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл- ойы айқын, өз- өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт.
- «Мінез - жанның айнасы.» деп ұлы шығыс ғұламасы Әбу Нәсір әл-Фараби атамыз айтқандай балабақшада балаларды психологиялық тұрғыдан мінезі қалыпты, жеке тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында әрдайым тиімді әдіс-тәсілдерді ізденуден талмауымыз қажет.
XХ.«Жужо» ойыны (Кряжева Н.Л..,1997) - XХ.«Жужо» ойыны (Кряжева Н.Л..,1997)
- Мақсаты: ашуланшақ балаларды өз қылығына қоршаған адамдардың көзімен қарау мүмкіндігін туғызып,өз қылығын өзі байқамай ренжітіп жүрген адамдардың орнына өзін қоя білу дағдысын жетілдіріп,тез ренжіп қалудан жиренту,
- Нұсқау:Санамақ арқылы «Жужо» тағайындалады. «Жужо» қолына сүлгіні алып,орындықта отырады.Басқа балалар оны айналып,беттерін тыжырайтып,түртіп мазақтап қолын тигізіп жүгіріп ойнап жүреді. «Жужо» шыдамы біткеннен кейін орнынан тұрып балаларды қуып әсіресе ерекше ренжіткен баланы сүлгімен соғады. Енді сол бала «Жужо» болып тағайындалады.
- ХІ. «Тілек айту» Мақсаты: жағымды ахуал қалыптастыру. Нұсқау: балалар бір-біріне жақсы тілек айтады.
- Агрессиялы балалармен түзету жұмысы
- 4 бағытта жүргізілуі керек: 1) Агрессиялы балаға ызасын көрсетуін ыңғайлы түрде, оны ойын арқылы затқа ауыстыру жолдары; 2) Әр түрлі жағдайларда баланы өзін-өзі ұстай білуге үйрету; 3) Дау-дамай жағдайында қатынастың мүмкін болатын жағымды дұрыс жолдарын қарастыру; 4) Эмпатия. Адамға деген сенімділік қасиеттерін дамыту. Ойын барысында бала әрекетін бақылау әдісі: 1) Ойынға ену кезеңі; 2) Ойын кезеңі; 3) Ойыннан шығу кезеңі: Бет әлпеті және жалпы әрекеті: Сөйлеу мәнері; Агрессивтіліктің көрінуі; Жанама агрессия: Баланың өз агрессиясын шығара білуі маңызды..
- Психологтар оларға мыналарды ұсына алады: Ойыншықпен төбелесу; Дененің күш жаттығуларын пайдалану; Қағаз жырту; Кімді ұрғысы келсе, соның суретін салу және осы суретпен бір нәрсе жасау; «Айқайларға арналған қапшықты» пайдалану; Жиһазды үрмелі балғамен ұру т.б. Психологтар баланың агрессивті мінез-құлқын түзету үшін изотерапия элементтерін пайдалануға кеңес береді: онымен бірге түрлі әдістермен сурет салу (саусақтарымен, алақандарымен, табандарымен); мүсіндер жасау; балаларға жағымды сипаттамасы бар рөлдер (батырлар, серілер, алыптар) беретін спектакль қою.
- Бұл кітапшада баланың агрессиясын шығаруға арналған психологиялық ойындар мен жаттығулар жинағы ұсынылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |