5
Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің жұмыс жоспары......................41
Білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының
жоспары ................................................................................................................44
3 БӚЛІМ
Білім беру ҧйымдарында жалпыға бірдей қҧқықтық оқытуды
ҧйымдастыру
Білім беру ұйымдарында жалпы құқықтық білім беру туралы Ереже............48
Полициямен бірлескен Отрядтың қызметі туралы ереже............................50
4 БӚЛІМ
Қарағанды облысы білім беру ұйымдарында жасӛспірімдер арасында құқық
бұзушылықтың алдын алу Кеңесі жұмысын тексеру бойынша
жадынама................................................................................................................52
Қарағанды облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы ювеналды полиция
бӛлімінің оқушылар үшін ұсынған материалдары..........................................53
Балалар мен жасӛспірімдердің қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс
ережелері................................................................................................................55
5 БӚЛІМ
Білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар арасында құқық
бұзушылықтың алдын-алу Кеңесінің қызметін нормативті-құқықтық
қамтамасыз ету......................................................................................................56
Оқыту және тәрбиелеу міндеттеріне сәйкес келмейтін ақпараттар тарататын
ғаламтор желісінің ресурстарын оқушыларға қолжетімсіз ету мақсатында
білім беру ұйымдарында жасауға ұсынылатын шаралар.................................65
6 БӚЛІМ
Полицияның учаскелік инспекторлары жұмысын ұйымдастыру
Глоссарий .............................................................................................................65
Ұсынылған әдебиеттер тізімі..............................................................................73
Қысқартулар тізімі ..............................................................................................73
6
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды қалыптастыруда
бастысы азаматтық пен құқықтық мәдениетті дамыту болып табылады. Бұл
азаматтардың қоғам, ел ӛміріне сапалы түрде және ӛз бетімен қатысуын
кӛздейді.
Оқушыларға құқықтық тәрбие беруді қамтамасыз ету мазмұнындағы
құқықтық тәрбие, білім беру жүйесінің заманауи бӛлігі және басым бағыты
болып табылады.
Құқықтық білім беруді қалыптастырудың маңыздылығы қоғамда
болып жатқан әлеуметтік үдерістердің жоғары динамизмі мен әлеуметтік –
техникалық қажеттіліктердің жоғарылауымен ғана емес, ғылыми-техникалық
ӛркендеу талаптарының жоғарылауымен де тығыз байланысты. Саяси
ӛмірдің әртүрлі мәселелерін кәсіби, терең түрде түсіну үшін, заманауи
қоғамның барлық салаларындағы динамикалық ӛзгерістерді анықтау үшін
жақсы ойлау қабілеті, дүниетанымдық кӛзқарасқа сенімділік және жүйелі
құқықтық ұстаным болуы қажет.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015
жылдың 22 сәуіріндегі № 227 бұйрығы негізінде бекітілген Тәрбиенің
тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес тәрбие жұмысының басты
бағыттарының бірі жас жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру болып
табылады.
Балалар мен жасӛспірімдердің психологиялық ерекшеліктері
Құқықтық тәрбие беру орта және жоғары сынып оқушылары үшін ӛте
маңызды. Жасӛспірімдік кезең – бұл құқықтық тәрбиеге қалыптастырудың
ең қолайлы кезеңі. Осы жастағы оқушылар құқық, еркіндік жӛніндегі
ақпараттарды және заңды толық түсіне алады. Құқықтық тәрбиенің мақсаты-
мемлекеттің заңын құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу. Құқықтық тәрбиенің
бастамасы оқушыларға терминдер мен ұғымдарды түсіндіру. Терминдік
түсініктерді еркін меңгеру арқылы оқушы жауапкершілікті сезініп, іс -
әрекеттің құқықтық жағын саралайтын болады.
Жасӛспірімдік кезең – есею, жетілу, мүмкіншілік кезеңі. Бұл кезеңде
ӛзгерістер, әсіресе ӛзара қарым – қатынастағы ӛзгерістер жедел түрде
болады.
10 жас- балалардың алтын уақыты, бұл жастағы балалар ӛмірді жеңіл
қабылдайды, сенгіш, ата- аналарына бірдей қарайды, ӛз түр – тұлғасына аса
кӛп мән бермейді.
11 жастағы балаларда ағзаның қалыптасу кезеңі басталады, бала
импульсивті болады, қарсылық әрекеттері байқалады, кӛңіл – күйі жиі
ауысып тұрады, қатарлас балалармен келіспеушіліктер, ата –аналарына
қарсы шығу байқалады.
12 жаста балалардың ӛмірге деген кӛзқарасы жақсарады, олай болмаған
жағдайда тәртібі нашарлайды, отбасында ӛзін – ӛзі билеуі артады,
достарының әсері кӛп болады. Жасӛспірім ӛзіне түр – тұлғасына мән бере
бастайды. Ұлдардың немесе қыздардың мәселеріне қызығушылық таныта
7
бастайды. (Еркіндік іздейді, қатарластарымен және қыздар ұлдармен, ал
ұлдар қыздармен қарым – қатынасты іздейді)
13 жаста ішкі ойлары пайда бола бастайды, ӛзінен мін іздеу, сынау
пайда болып, сынға келгенде сезімтал болады, психологияға қызыға
бастайды, ата – аналарына сыни кӛзқараспен қарайды, араласатын достарын
да таңдайды (Жалғыздық тақырыбы, ішкі келіспеушіліктер, ата –
аналарымен келіспеушіліктер, ӛзін басқалардан бӛлек сезіну, жаңа ортада
ӛзін жайсыз сезінуі).
14 жаста – интроверсия экстраверсияға ауысады, жасӛспірім экспансивті
болады, адамдармен жақсы қарым – қатынаста болуға ұмтылады, кӛпшіл
болады, ӛзіне деген сенімділігі, адамдарға деген қызығушылығы артады,
олардың әр түрлілігі қызықтырады. (Барлығына сыйластықпен қарайды,
ӛзіне де, ӛзгеге де сыйластықпен қарауға талпынады)
15 жас- жаңа жоғары даму кезеңі:
- еркіндік сезімінің жоғарылауымен байланысты отбасында, мектепте
жасӛспірімнің күйгелектігі байқалады. Ең жағымдысы, ӛз еркімен жүруге
талпыныс ӛзін-ӛзі басқарумен үндеседі және жасӛспірімнің ӛзін – ӛзі
тәрбиелеу санасының оянуы басты болып табылады. Бұл жасӛспірімнің
зиянды әсерлерге тез бейімделіп кету сезімталдығының күшеюіне, жаман
әдеттерге үйір болуына алып келеді. Топтық қажеттілік пен топтық
идентификасия мӛлшері артады (ең үлкен мәселелер: еркіндік іздеу, ата-
аналарымен келіспеушіліктер, ӛзін іздеу, жалғыздық, жаман әдеттердің әсері,
сәнге айналған дәстүрлі емес топтарға қатысу).
Жоғары сыныптағы жасӛспірімдердің ар – намыс сезімдері алда
тұрады, парыз, серіктестік, ғашықтық сезімдерге бой алу басым болады.
Жасӛспірімдер бір – біріне жоғары моральдік талаптар қояды. Бір-бірімен
дос болуда сабақты жақсы оқу қасиеттері аса маңызды болмайды, тек
адамгершілік қасиеттеріне кӛп мән береді: жолдастарын батылдығы, ерлігі,
қиын сәттерде кӛмек кӛрсету т.б қасиеттеріне қарап бағалайды. Достық
қарым-қатынас орнату қажеттілігі тән болады, яғни, достарымен
әңгімелескенді ұнатады, достықты жоғары бағалайды және келіспеушіліктер
болса соған қатты алаңдайды.
Жасӛспірім жеке тұлға болып толық қалыптаспағандықтан және әлі
қоғамдық ортада ӛз орнын таппағандықтан, осы кезеңде оқушыларға отбасы
тарапынан, мектептен, қоғамнан әлеуметтік бақылауды күшейту керек.
Ӛйткені, жасӛспірімге ата – аналардың ықпалынан гӛрі араласатын
ортасының, топтардың ықпалы басымырақ болады және бұл-
жасӛспірімдерде қоғамға қарсы жат әрекеттерге бейім болу қылықтарының
кӛбеюіне бірден-бір себеп болушы фактор.
Қҧқықтық кҥнтізбелік кҥндер
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
4 маусым - Халықаралық агрессия құрбандарының күні.
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні