Қарағанды облысы білім басқармасы Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет9/27
Дата25.11.2017
өлшемі0,79 Mb.
#1484
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27

26 

 

1.3.Мектепішілік  есепке  алу  жұмысының  мақсаты  -алдын  алу  жұмысы 



сапасын жақсартуға қажетті барлық   тиімді объективті жағдайларды жасау, 

білім  беру  ұйымдарында  білім  алушыларды  әлеуметтік  және  құқықтық 

қорғау. 

1.4.  Осы  ереже  білім  алушыларды  мектепішілік  есепке  қою  және    есептен 

шығару ережесін реттейді. 

 

ІІ. Негізгі мақсаттары мен міндеттері 

2.1  Мектепішілік    есеп  мектепішілік  бейімделмеуді,  оқушылардағы 

бейәлеуметтік  жүріс-тұрысты    ерте  кезеңде  диагностикалау,  білім 

алушыларды  бақылау  және  оларға  уақытында  әлеуметтік-педагогикалық 

кӛмек кӛрсету үшін жүргізіледі. 

2.2 Негізгі міндеттері: 

-  кәмелетке  толмағандардың  қоғамға  қарсы  іс-әрекеттерінің,  құқық 

бұзушылық, бақылаусыздық, қаңғыбастылықтың алдын алу, ескерту; 

-  кәмелетке  толмағандардың  заңды  құқықтары  мен  қызығушылықтарын 

қорғауды қамтамасыз ету; 

-әлеуметтік  қауіпті  жағдайда  тұрған  немесе    әлеуметтік  жетімдік    бойынша 

тәуекел топтағы  балаларды дер кезінде анықтау; 

-сабақ  оқуға  ынтасы  жоқ,  тәртібінде  ауытқулары  бар  жасӛспірімдерге 

әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық кӛмек кӛрсету, қолдау; 

-балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытуда  отбасыларға  мекенжайлық  жеке  кӛмек 

кӛрсету. 



ІІІ.  Мектепішілік  есепке  қою  және  тіркеуден  шығару  қызметін 

ҧйымдастыру 

3.1.Мектепішілік  есепке  қою  және  тіркеуден  шығару  туралы  шешім 

құқықбұзушылық Кеңестің отырыстарында қабылданады. 

3.2.  Мектепішілік  есепке  қою  және  тіркеуден  шығару  сынып  жетекшісінің, 

әлеуметтік  педагогтың,  директордың  тәрбие  ісі  жӛніндегі  орынбасарының 

пікірі, айтуы бойынша жүзеге асады. (1 қосымша) 

3.3.Кәмелетке  толмаған  тұлғаны  мектепішілік  есепке  қою    үшін  құқық 

бұзушылық Кеңесінің отырысы болардан 3 күн бұрын  директордың тәрбие 

ісі бойынша орынбасарына келесі құжаттар ұсынылады: 

1) Кәмелетке толмаған тұлғаға мінездеме. 

2)  Сынып  жетекшісінің    алдын  алу  жұмысы  бойынша    жасӛспіріммен  және 

оның  ата-анасымен  (заңды  тұлғасымен)  жүргізген    жұмысы  туралы 

анықтама. 

3) Отбасының тұрмыстық жағдайын тексеру актісі (қажетіне байланысты). 

4) Кӛмек кӛрсетуін ӛтінген жасӛспірімнің ата-анасының (заңды тұлғасының) 

ӛтініші. 

3.4.Құқық бұзушылық Кеңесінің отырысында жасӛспіріммен және оның ата-

анасымен  жүргізілетін  жұмыстар  жоспары  талқыланады  және  бекітіледі, 




27 

 

жоспарланған шараларды орындау мерзімін белгілейді әрі жауапты тұлғалар 



тағайындалады. 

3.5.  Сынып  жетекшісі  құқық  бұзушылықтың  алдын  алу    Кеңесі  отырысына 

жасӛспірімді  мектепішілік  есепке  қою  туралы  ескерту  үшін  ата-анасын 

отырысқа шақырады, сонымен бірге  егер кейбір себептермен отырысқа келе 

алмаған  ата-аналар  болса,  Кеңес  отырысының  шешімдері  туралы  

жасӛспірімнің  ата-анасын  ақпараттандырады,  яғни,  ресми  қағазбен  отырыс 

хаттамасының  нӛмірі, ӛткізілген күні,  мектепішілік есепке тіркеу себептері  

немесе  мектепішілік  есептен  шығару  туралы  жазылған  ескертпе-хабарлама 

жібереді.  

3.6.  Әлеуметтік  педагог  мектепішілік  есепте,  ІІБ  есепте  тұрған  оқушылар 

туралы мәліметтер базасын жасайды және жүргізеді. 

3.7.  Әлеуметтік  педагог  ай  сайын  мектепішілік  есепте,  ІІБ  есепте  тұрған 

оқушылар тізіміне  салыстыру жүргізеді, толықтырады немесе азайтады. 

3.8.Кәмелетке  толмағанды  мектепішілік  есептен  шығару  үшін  құқық 

бұзушылық  Кеңесімен  тағайындалған  жауапты  тұлға  жасӛспіріммен    және 

оның  ата-анасымен  жүргізілген  шаралар  туралы,  міндетті  түрде  оның 

нәтижесі туралы, басқа да ұсыныстарымен ақпарат береді. 

3.9.Жасӛспірімді  педагогикалық  қолдау,  психологиялық-әлеуметтік  кӛмек 

кӛрсету  мақсатында  жүргізілетін  мектепішілік  есепке  қоярда  мектеп 

директорының  бұйрығымен  педагогтар  ұжымынан  жауапты  тұлға  тәлімгер  

тағайындалады.  Тәлімгер  білім  алушыны    мектепішілік  есептен  шығарғанға 

дейін  онымен  жұмыс  жоспарын  құрады,  оқушымен  жасаған    алдын  алу, 

атқарылған  жұмыстары  туралы  Кеңес  отырыстарында  есептер  жасайды 

(қажетіне байланысты). 



ІV.Мектепішілік есепке қою негіздері 

 Мектепішілік есепке қоюға негіз болып табылады: 

-сабаққа  қатыспау  немесе  жүйелі  түрде  себепсіз  сабақты  босататындар  (5-7 

күн); 


-қауіпті  әлеуметтік  жағдайдағы  балалар:  қаңғыбастылық,  бақылаусыздық, 

қадағалаусыздық, қайыр сұрау; 

-психоактивті заттарды, есірткі құралдарын пайдалану, спирттік ішімдіктерді 

қолдану, темекі шегу; 

-бейресми  бірлестіктерге,  қоғамқа  қарсы  бағыттағы  ұйымдарға  қатысу, 

деструктивті діни ұйымдарға бару; 

-әкімшілік құқық бұзушылық; 

-мектептің  ішкі  тәртіп  Ережесін  жүйелі  бұзу  (үнемі  үй  тапсырмасын 

орындамау,  сабақта  жұмыс  істеуден  бас  тарту,  оқу  құралдарының,  дәптер, 



28 

 

кітаптарының  болмауы,  сабақтағы  тәртіпсіздік,  тӛбелес,  дӛрекілік  кӛрсету, 



әдепсіз сӛздер айту және т.б.); 

-кәмелетке толмаған ІІБ есепте тұрған жағдайда.                                



 

V. Мектепішілік есептен шығару негіздері 

5.1.Жасӛспірімнің тәртібінің түзелуі, жасӛспірімде бірнеше уақытқа созылған 

(кем  дегенде  3  ай)  жағымды  ӛзгерістердің  болуы,  ӛмір  жағдайының 

жақсаруы.  Сонымен  бірге  жасӛспірім  келесі  себептермен  есептен 

шығарылады: 

-оқу орнының ауысуы, мектептен шығу немесе мектепті аяқтау; 

-тұрғылықты жерінің ауысуы; 

-басқа  да объективті себептер.  

5.2.  ІІБ-нен    түзелуіне  байланысты  жағымды  мінездемесімен    жасӛспірімді 

Ішкі  істер  бӛлімінен  есептен  шығарғандығы  туралы  ақпарат  келгенде  (ІІБ 

жасӛспірім  есепте  1  жылға  дейін  тұратындығын  ескеру  қажет,  1  жылдан 

кейін мерзімінің ӛтуіне байланысты есептен шығарылады) 



                       

VІ. Жеке алдын алу жҧмысын жҥргізу реті 

     Жасӛспірімге  қатысты  жеке  алдын  алу  жұмыстары  кәмелетке  толмаған 

адамға әлеуметтік және басқа да кӛмекті кӛрсету қажеттілігі болған мерзімде 

жүргізіледі  немесе    қаңғыбастылыққа,  қараусыздыққа,  құқық  бұзушылыққа, 

қоғамға қарсы әрекеттерге жасӛспірімнің  баруына  себеп болған себептерді, 

шарттарды  жойғанға дейін жүргізіледі. 

       Сынып  жетекшісі  әлеуметтік  педагогпен,  педагог-психологпен  бірлесіп 

осы жасӛспіріммен жүргізілетін жеке алдын алу жоспарын құрады. 

      Оқушыға  жеке  зерттеу  және  бақылау  есеп  карточкасы  ашылады. 

Карточканы  әлеуметтік  педагог,  педагог-психолог  және  сынып  жетекшісі 

ӛзара  бірлесіп  жүргізеді,  қажет  болған  жағдайда  осы  топтағы 

жасӛспірімдерді тәрбиелеу жұмысына қатысы бар ӛзге де қызметкерлерді де  

осы оқушымен жұмысқа  тарта алады.  

      Сынып  жетекшісі    жасӛспірімнің  сабақ  уақытындағы,  сыныптан  тыс 

кездегі    қызметін  бақылап  отырады,  алдына  алу  жұмыстарын  жүргізеді. 

Сынып  жетекшісі  осы  мектепішілік  есепте  тұрған  оқушымен  атқарылған 

жұмыстардың сараптамасын жасайды. 

      Сынып  жетекшісі  жасӛспірімге  қатысты      бақылау  жұмыстардың 

нәтижесін  (сабақ  босату,  тәртіп  бұзу)  ата-анасына  міндетті  түрде  жеткізіп 

отырады. 

     Егер бірнеше рет  сабақ босату, сабаққа дайындалмау жүйелі түрде үнемі 

қайталанатын  болса  ата-ана  баласымен  бірге  құқық  бұзушылық  Кеңесі 

отырысына шақырылып, келесі сұрақтар қаралады: 



жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау