Ақпараттық ОҚыту ортасында электрондық ресурстарды қолдану құрманалина Ш. Х



жүктеу 207,14 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.11.2018
өлшемі207,14 Kb.
#20309


ӘОЖ 37.02(045) 

 

АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ОРТАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ  



РЕСУРСТАРДЫ ҚОЛДАНУ 

 

Құрманалина Ш.Х. 



Орал қаласы 

 

Елбасының  ТжКБ  жүйесін  жаңғырту  бағытында  берген  тапсырмаларын  орындау  жолдарын 

қарастыруда, республикада  барлық қажетті жағдайлар жасалған.  

Елбасының  бақылауындағы  басты  мәселе:  Электрондық  оқытуды  (E-learning)  енгізу, 

Интерактивті  және  қашықтан  оқытуды  кеңейту.  Электрондық  оқыту  жүйесінде  қолданылатын 

электрондық  оқулықтарды  және  оқу-әдістемелік  кешендерді  (бұдан  әрі  –  ОӘК)  жасауға  арналған 

талаптарды ескеріп біздің салада  жаңа ЭӘК  дайындауға бетбұрыс алдық. Колледждерде ақпараттық-

коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ)–орталығы,  ақпараттық  білім беру ортасы (АБО), 

электронды  оқу  залы,  компьютерлік  техникалық  құралдар  паркі,  теледидар  арқылы  оқыту  белсенді 

қолданыс табуда. Колледждің компьютер паркін 294 компьютер (оның ішінде 57 моноблок, ультрабук, 

16  ноутбук,  30  нетбук,  3  iPad)  құрайды.  10  компьютер  класы,  1  жылжымалы  компьютер  класы,  14 

мультимедиялық  кабинет,  3  лингафон  кабинеті,  2  электрондық  оқу  залында  оқытушылар  мен 

оқушылар  үшін  автоматтандырылған  жұмыс  орындары  жасақталған.  14  мультимедиялық,  19 

интерактивтік  проекторлар,  6  интерактивтік  тақта,  сенсорлық  киоск,  2  сенсорлық  дисплей, 

мультимедиялық подиум оқу процесінде қолданылуда. Sabak.kz сайтындағы интерактивтік сабақтарға 

қатынас  құру  мен  онлайн  сабақтарды  басқару  мүмкіндігін  беретін  Oral_Pedcoll  виртуалды  кабинеті 

жұмыс  жасайды.  Оқу  кабинеттерін  бақылау  және  басқару,  мониторинг  жүргізуге  мүмкіндік  беретін 

RMS TektonIT және iTALC бағдарламалары, RVI  IP-видеожүйесі жұмыс жасайды.  

Колледж  әкімшілігі  оқытушылардың  ақпараттық  құзыреттіліктерін  жетілдіру,  жедел  ақпарат 

алмасу  мақсатында  әкімшілік  мүшелері,  кафедра  меңгерушілері  мен  барлық  кабинеттер  арасында 

колледжішілік  желілік  байланыс  орнатылған,  кабинеттер  арасында  өзара  кері  байланыс  жолға 

қойылған. 32 мБ/сек жылдамдықпен Интернетке қосылу ұйымдастырылған. Физика, химия, биология 

пәндерінен  3D  форматта  жұмыс  жасайтын  «Eureka»  интерактивтік  кешені,  «Даналық  әліппесі», 

«Абайтану  әліппесі»  интерактивтік  сөйлейтін  қалам  қолданылуда.  Оқу  процесін  басқарудың 

автоматтандырылған  «Пифагор»,  «Тамос»  бағдарламалары,  электрондық  кітапхана  құру  мақсатында 

«Кітапхана  ісі»  бағдарламасы,  ағылшын  тілін  меңгерудің  10  деңгейлік  English  Discoveries 

Online/Offline  мультимедиялық  оқыту  курсы,  MultiKid,  EduPlay  кешендері  пайдаланылуда.  Колледж 

сайты www.pedcollegе.kz мекен-жайы бойынша интернетте орналасқан.   

Электрондық оқытуды (E-learning) енгізу, интерактивті және қашықтан оқытуды кеңейту нақты 

жолға  қойылған.  Колледжді  электрондық  басқару  жүйесі  жасақталып,  RMS  TektonIT  бағдарламасы, 

RVI IP-видеожүйесі арқылы бақылау жүргізіледі.  

Ақпараттық  оқыту  ортасындағы  оқытушының  жұмыс  орнын  ұйымдастыру  арқылы  болашақ 

мамандардың оқу ақпаратын модульдеуді білуі, ақпараттық білім ортасын құрастыра алуы, қашықтан 

қатынас  жасауды  жобалай  алуы,  оқыту  сапасының  мониторингін  жүргізе  білуі  аппараттық 

(программалық  жабдықтар,  электрондық  оқыту  қорлары,  видеобақылау  жүйесі,  сенсорлық 

құрылғылар,  интерактивтік  құрылғылар)  және  ақпараттық  (электрондық  оқулықтар,  мультимедиялық 

оқыту  бағдарламалары,  электрондық  оқыту  құралдары,  тестілеуші  бағдарламалар)  электрондық 

ресурстардың көмегімен жүргізіледі.  

Колледжде  авторлық,  ғылыми  мектептер  ашылған,  бұл  мектептерде  педагогтардың  біліктілігін 

арттыруға, 

кәсіби 

құзыреттіліктерін 



дамытуға, 

авторлар 

дайындауда, 

функционалдық 

сауаттылықтарын  қалыптастыруға  бағытталған  нақты  семинар,  мастер  кластар  ұйымдастырылады. 

Осындай жұмыстардың нәтижесінде  2001 жылдан бастап колледж жанында «Білім» бейіні бойынша 

базалық  оқу-әдістемелік  бірлестік  жұмыс  жасайды,  колледж  2005  жылдан  бастап  Қазақстан 

Педагогикалық Ғылымдар Академиясының ұжымдық мүшесі атанды.  

0103000  «Дене  тәрбиесі  және  спорт»,  0105000  «Бастауыш  білім  беру»,  0111000  «Негізгі  орта 

білім»  мамандықтары  бойынша  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  стандарттары,  үлгілік  оқу 

жоспарлары мен білім беру бағдарламалары, интеграцияланған білім беру бағдарламалары жасалды.  

ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  мен  Дүниежүзілік  банк  ұйымдастырған  «Техникалық  және 

кәсіптік  білім  беруді  жаңғырту»  жобасы  шеңберінде  жасақталған  0101000  «Мектепке  дейінгі  оқыту 

және  тәрбиелеу»,  0103000  «Дене  тәрбиесі  және  спорт»,  0105000  «Бастауыш  білім  беру»,  0111000 

«Негізгі  орта  білім»,  0104000  «Кәсіптік  оқыту»  мамандықтары  бойынша  кәсіптік  стандарттар 

жасақталды.  




Колледж оқытушыларының авторлығымен 60-қа жуық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер 

жасақталып, республика көлемінде сынақтан өтіп, 2007 жылдан бастап Астана қаласының «Фолиант» 

баспасынан шығарылып, республика көлемінде таратылуда.  

1999  жылы  15  компьютер,  11  электрондық  оқулықтардан  бастау  алған  электрондық  оқу  залы 

қазір ақпараттық  оқыту ортасына айналды.  

Цифрлық  білім  беру  ресурстары  (ЦББР  )  отандық,  шетелдік  және  колледжде  жасақталған  254 

электрондық  оқулықтар  (195),  мультимедиялық  оқыту  бағдарламалары  (24),  электрондық  оқыту 

құралдарынан (35) жасақталған.  

Колледжде заманауи технологиямен жабдықталған, 32 мб/сек жылдамдықпен Интернет желісіне 

қосылған 2 электрондық оқу залы жұмыс жасайды.  

Жалпы  білім  беретін  пәндерден  69  электрондық  оқулық,  16  мультимедиялық  оқыту 

бағдарламалары және 3 электрондық оқыту құралдары қолданылуда.  

Арнайы пәндерден 124 электрондық оқулық, 8 мультимедиялық оқыту бағдарламалары және 32 

электрондық оқыту құралдары қолданылуда. 

0104013  «Өнеркәсіптік  оқыту  шебері,  техник»,  1305023  «Техник-бағдарламашы»  біліктіліктері 

бойынша  білім  алушы  студенттерін  даярлауда  «Комплекс  технических  средств  автоматизированных 

систем», «Автоматтандырылған жүйелер мен техникалық құрылғылардың комплексі», «Интерактивное 

оборудование и интерактивная доска ActivBoard, InterWrite» электрондық оқулықтары пайдаланылады.   

0105013  «Бастауыш  білім  беру  мұғалімі»  біліктілігі  бойынша  «Бастауыш  класта  математиканы 

оқыту  әдістемесі»  электрондық-әдістемелік  жүйесі  мен  «Теоретические  основы  начального  курса 

математики»  электрондық  оқулығы,  1-4  сыныптарға  арналған  математика  /п.ғ.д.,  профессор 

Ш.Х.Құрманалинаның авторлығымен/  және басқа да пәндерден электрондық оқулықтар, электрондық 

оқыту құралдары оқу үрдісінде пайдалануда. 

ЭӘЖ болашақ мұғалімге қажет: пәннің теориялық негіздері; пәнді оқыту әдістемесі; педагогика 

және психология; білім беру стандарты, оқу бағдарламалары; 300-400 интерактивтік тапсырмалар; 400-

500 тест тапсырмалары; дидактикалық материалдар; мектеп оқулықтары мен әдістемелік құралдардан 

тұрады. 

«Бастауыш  класта  математиканы  оқыту  әдістемесі»  ЭӘЖ  негізінде  арнайы  пәндерден 

электрондық әдістемелік жүйелер жасақталуда.  

Электронды  әдістемелік  жүйе  – бұл  ұйымдастырылған  және  құрастырылған  пәнаралық 

ақпараттың  ұшқыр,  дамытушы,  технологиялық  базасы;  пән  саласындағы  білімдерді  оқытуды 

ұйымдастырудың бірлескен (ұжымдық) педагогикалық тәжірибесі; мақсатты, мазмұнды, жылдам және 

бағалы-нәтижелі  компоненттер  бірлігіндегі  математиканы  оқыту  әдістемесінің  интерактивті  оқыту 

үрдісі. 


Электронды  әдістемелік  жүйені  жасау  технологиясы бірыңғай  ақпаратты-оқыту  жолағында 

зерттеу құбылысын қабылдау үшін түрлі пән саласындағы білімдердің мазмұнының ықпалдасуы. АҚТ 

жағдайында  колледж  студенттері  мен  оқытушылардың  әдістемелік  даярлығын  ақпараттандыру 

үрдісі өзара байланысты үрдіс болып табылады және оқу үрдісін жобалаудың технологиялық деңгейіне 

оқушылардың қосылу жығдайына байланысты болады. 

Егер  білім  беру  әдістемелік  үрдістің  субъектілері  оқу  ақпаратын  өзгерте  алатын;  ақпараттық-

оқыту  жолағын  құрастыра  алатын;  қашықтан  өзара  әрекеттенуді  жобалай  алатын  және  оқыту  сапасының 

мониторингісін жүргізе алатын жағдайда ЭӘЖ ақпараттық-оқыту орта болып әрекеттене алады. 

 «Бастауыш  сыныптарға  математиканы  оқыту  әдістемесі»  ЭӘЖ-сі  «Математиканы  оқыту 

әдістемесі»,  «Математиканың  теориялық  негіздері»,  «Психология»  және  «Педагогика»  бойынша  пән 

білімдерінің  бірігу  негізінде  бастауыш  сыныптардың  математика  мұғалімінің  әдістемелік  даярлығын 

көздеу мақсатымен жасақталды. 

ЭӘЖ  «Арифметикалық  ұғымдарды  оқыту  әдістемесі»;  «Шамаларды  оқыту  әдістемесі»; 

«Алгебралық ұғымдарды оқыту әдістемесі»;  «Геометриялық ұғымдарды оқыту әдістемесі» саласында 

желілік, жүйелік және функционалдық жиынтықтан тұратын модульдерден құралады. 

ЭӘЖ  өзгермеуші  ядродан  (модульден)  және  түрлі  сырт  қабықтан  (гипермәтін,  интерактивті 

тапсырмалар,  тестілер)  тұрады.  Модульде  мемлекеттік  құжаттармен  (білім  беру  стандарты,  оқу 

бағдарламасы)  белгіленген,  жүйелік  деңгейде  білімдерді  меңгеруді  қамтамасыз  ететін  мазмұны  бар. 

Гипермәтін  және  интерактивті  тапсырмалар  бастапқы  математикалық  құрылымдардың  құрастыру 

жолы  арқылы,  олардың  бастауыш  математика  оқулықтардың  мазмұнымен,  монографиялар,  түрлі 

теориялық тұжырымдамалар бар ғылыми мақалалармен, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған оқу 

құралдары,  дидактикалық  тапсырмалар  мен  компьютерлік  математикалық  ойындармен  қанығу 

арқасында  ядро  идеяларын  меңгеруді  қамтамасыз  етеді.  Модульдің  мазмұнына  байланысты  идеяда 

үлкен  немесе  кіші  үлес  салмағы  болуы  мүмкін.  Тест  тапсырмалары  модульдің  мазмұнына  сәйкес 

құрастырылған.  Мазмұнды  таңдау  және  әдістемелік  курстың  құрылымы  –  күрделі  мәселе,  өйткені 

болашақ  мұғалімдердің  әдістемелік  даярлығы  пән,  психологиялық-педагогикалық  және  әдістемелік 




білімдердің  бірігуімен  байланысты.  Сондықтан,  ЭӘЖ  моделінде  математикалық,  психологиялық, 

педагогикалық  және  әдістемелік  біртұтас  жүйеде  әр  түрлі  білімдердің  бірігуін  қамтамасыз  ететін 

байланыстарға көп назар аударылған. ЭӘЖ-де «Математиканың теориялық негіздері», «Жас ерекшелік 

психология» және «Бастауыш мектеп педагогикасы» курстардың мазмұны енгізілген. Бұл курстардың 

әр  қайсысы  жоғарыда  сипатталған  ЭӘЖ-дің  моделіне  сәйкес  мақсатты,  мазмұнды,  жылдам  және 

бағалы-нәтижелі компоненттер бойынша құрастырылған. 

Педагогикалық  колледждің  практика  жұмысына  ЭӘЖ-ді  енгізу  әдістемелік  жұмысты 

басқарудаға білім беруді ұйымдастыруда басқарушылардың қызметтік жүктемесін едәуір өзгертеді. 

0108013 «Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдардағы музыка пәнінің мұғалімі» 

біліктілігі  бойынша  білім  алушы  студенттерді  дайындауда  «Қазақ  музыкасының  ФОНО 

хрестоматиясы»,  «Музыка.  Домбыра  үйрену  әліппесі»,  «Музыка.  Домбыра  үйрену  әліппесі  (негізгі 

ладтар)» электрондық оқыту құралдары;  

0111013  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімі»  біліктілігі  бойынша  білім  алушы  мамандарды 

даярлауда  елімізде  ұмыт  бола  бастаған  жырлар,  халық  әндері,  ертегілер  мен  аңыздар,  билер  сөзі 

жинақталған инновациялық электрондық құралдар: «Даналық әліппесі» танымдық-ақпараттық кешені 

мен  «Абайтану  әліппесі»  интеллектуалды  интерактивтік  электрондық  оқу-әдістемелік  кешені 

(сөйлейтін  қаламмен  бірге);  7-11  сыныптарға  арналған  электрондық  оқулықтар,  ақын-жазушылардың 

шығармаларынан жасақталған электрондық оқыту құралдары қолданылады. 

Колледжде  көптілді  меңгерген,  өзін-өзі  әлеуметтік  және  кәсіби  билеуге,  өздігінен  дамуға, 

өздігінен  жетілуге  қабілетті  тұлға  қалыптастыру  жолында  ағылшын  тілді  мамандарды  даярлау  ісіне 

ерекше мән берілуде. EduSoft Ltd компаниясының ағылшын тілін 10 деңгейде оқытуға арналған English 

Discoveries  Online/  Offline  кешенді  оқытудың  кіріктірілген  жүйесі  арқылы  колледж  студенттері  білім 

алуда.  

Колледжде  бағдарламасымен  оқыту  оқу  тренингтері  ұйымдастырылып,  32  арнайы  және  ағылшын 

тілі  пәні  оқытушылары  сертификат  иеленіп,  11  оқытушы  ғана  тьютор  атанды.  6  мамандық  бойынша  оқу 

топтарында да тереңдетілген шет тілін оқытуда Edusoft бағдарламасын пайдалана бастады.  

Оқытушылар АКТ-құзыреттіліктерін арттыру мақсатында түрлі шараларға, сайыстарға қатысып, 

біліктілік арттыру курстарынан өтіп, кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіреді.   

 «ЭӘЖ  жағдайында  оқытушылар  мен  студенттердің  әдістемелік  жұмысқа  дайындығы 

құзыреттілігін» тексеретін автоматтандырылған авторлық бағдарламасы енгізілген. Пайдаланушы оқу 

ақпаратын модульдеу, ақпараттық оқыту ортасын құрастыру, қашықтықтан қатынас жасауды жобалау, 

оқыту  сапасын  мониторингілеу  бойынша  38  көрсеткішке  1-ден  7-ге  дейінгі  бағамен  өзін  бағалайды, 

нәтижесі орта балмен шығарылып, графиктік сызба арқылы көрсетіледі.  

Колледж  студенттері  мектептегі  байқау,  мемлекеттік  дипломалды  практикасында  жаңа 

ақпараттық  технологиялар  мен  электрондық  оқулықтар  қолданып  өткізген  сабақтары  мұғалімдер 

ортасында  қолдау  алып,жұмыспен  қамтылуға  үлкен  ықпалы  тиді.  Жылма  жыл  колледж  түлектерінің 

78-88%  жұмыспен    қамтылады.  Әлеуметтік  серіктестермен  бірлесіп  кәсіби  стандарттар  жасақталды, 

осы  бағыттағы  басқа  да  жұмыстар  жалғасын  таба  береді  деп  ойлаймыз.  ИСО  9001:2001  талаптарына 

сай  колледждің  сапа  жүйесі  үздіксіз  жетілдіруде.  Жаңа  стандарт  талаптарына  сәйкес  білім  беру 

үрдісінде  негізгі  құзыреттіліктерді  қалыптастыру  технологиясы  ретінде  оқушылардың  ақпараттық-

коммуникация, жобалау, зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру жолдарын педагогикалық машық кезінде 

қала,  облыс  мектепке  дейінгі  мекемелері  мен  мектептерінде  семинар,  конференциялар  арқылы 

тәрбиешілер мен мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетіледі. Болашақ мұғалімдер мен  тәрбиешілерді 

дайындауға қаладағы №10,34,... мектепке дейінгі ұйымдар мен №1,3,5,6,7,17,19,21,26,27,30,34,40,41,44 

т.б. базалық мектеп ұжымдарының да тікелей қатысы бар. Колледжде ғалымдар, оқулық авторларынан 

құрылған  әдістемелік  десант  жұмыс істейді.Бұл  топтың негізгі  мақсаты  –  қала,  облыс мұғалімдеріне, 

колледж  түлектеріне  қазіргі  жаңа  технологияларды  қолдануға  көмек  көрсету.  Мектеп  басшыларына, 

оқу  ісінің  меңгерушілеріне,  әдіскерлерге  беретін  жинақталған  әдістемелік  нұсқаулар  өте  көп. 

Педагогикалық  десант  Қаратөбе,  Жаңақала,  Шынғырлау,  Тасқала,  Ақжайық  аудандарында,  қала 

мектептерінде  болып,  нақты  пәндерді  оқыту  технологиясы  бойынша  семинарлар,  тренингтер, 

мастеркласс,  паномаралық,  виртуалді,  интерактивті,  қашықтықтан  білім  беру  сабақтар  өткізіліп 

тұрады. 


Колледж  даму  режимінде  жұмыстануда.  Колледжді  дамытудың  тұжырымдамасы  мен 

бағдарламасы  жасақталған.  Колледжде  инновациялық  эксперименттік  және  тәжірибе  жұмыстары 

жүргізілуде.  Студенттер  мен  оқытушылардың  біріккен  ғылыми-әдістемелік  қызмет  жүйесі 

ұйымдастырылған. Оңтайлы білім беру ортасын қалыптастыру үшін жеткілікті оқу-материалдық база 

жабдықталуда.  

Біздің  мұғалімдердің    ғылыми-әдістемелік  жұмыстарынан  дамыта  оқытудың  колледж  бен 

мектептегі  байланысын  көруге  болады.  Бейнефильмдер,  электрондық  оқулықтарды    пайдаланып, 

компьютер,интерактивті тақта арқылы дәстүрлі емес сабақтар өткізіледі. 




Интернетке  шығу  арқылы  студенттердің  компьютерлік  сауаттылығы,  ақпаратпен  жұмысқа 

дайындығы жүзеге асырылуда. 

Біздің  колледжде  студент  өзінің  білім  алу  құқын  өз  қажеттілігі,  қабілеттері  және  мүмкіндігіне 

сәйкес  іске  асырады.Оқытушы  өзінің  кәсіби  және  жеке  сапаларын  дамытады.  Басшы  оқытушы  мен 

студент  қызметінің  табысты  болуын  қамтамасыз  етеді.  Ұжым  шығармашылық  ізденіс  режимінде 

жұмыс  істейді.  Әріптестік  ынтымақтастықтың  ізгі  қарым-қатынасы,  сенім,  табысқа  жетелейтін 

атмосфера  ұжым  мүшелерінің  өмір  нормасына  айналған.  Біз  студентті  тұлға  деп  есептеп,  оған  өз 

бетімен білім алуға жағдай жасаймыз, оқу-танымдық қызметін ұйымдастырамыз, жеке тұлғаны пәндер 

арқылы  дамытамыз.  Білім  сапасының  белгіленген  деңгейіне    нәтижеге  жеткізетін  құзыреттілік  мен 

ұлттық  тәрбиенің  ұстанымдарына  негіздеу  арқылы  жетуге  болады.  Сондықтан  биік  мақсатқа  ұмтылу 

үшін  ғұлама  әл-Фараби  айтқандай  басшы,  педагог,  тәрбиешілерде  12  қасиет  болу  керек  екен:  "Дана, 

асқан  пайымды,  сенімді,  ойлау  қабілеті  жоғары,  денсаулығы  мықты,  соғыс  өнерін  жетік  білетін, 

ақылды, білімді, сабырлы, рухани билікті, ізгілікті билікпен ұштастыратын, адам қасиеттерін бағалауға 

қабілетті адам басқару керек". Ұлы Абайдың адамның үш қасиеті "нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы 

жүрек"  деген  пайымы  осы  замандағы басымдықтарды  —  ғылым және білімді,  инновациялық жүйені, 

ұлттың рухани әлеуеті мен мәдениетін дамытудың қажетті шарттары екенін ұмытпасақ деймін. 



 

 

жүктеу 207,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау