Бет: 5 беттің 2-сі
АҚПАРАТТЫҚ МӘЛІМЕТТЕР:
Дайындалды: 03.09.2014ж. Кайсагалиева Г.С.
Енгізілген күні: 10.09.2014ж.
Қайта қаралуы: 10.09.2017ж.
4. Өзгертулер:
№
|
Енгізілген уақыты
|
Дайындаушының аты-жөні
|
Қолы
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
4
|
|
|
|
5
|
|
|
|
Бет: 5 беттің 3-сі
Мазмұны:
Мақсаты
Қолданылу саласы
Терминдер, анықтамалар және қысқартулар Жауапкершілігі және өкілеттіліктері
Сипаттаулар
Жазбалар
Дәйектемелер
Бет: 5 беттің 4-сі
1 МАҚСАТ
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, жұмысшылар қызметтері мен кәсіптерің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, қызметшілер қызметтерінің біліктілік анықтамалығына сәйкес Офис Тіркеушінің статистика және контингент бөлімі (білім алушылардың жеке іс қағаздары бойынша) әдіскерінің бағыныстылығын, құқықтарын, жауапкершілігі мен біліктілік талаптарын анықтау мақсатымен дайындалған.
2 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
2.1 Осы нұсқаулық Офис Тіркеушінің статистика және контингент бөлімі (білім алушылардың жеке іс қағаздары бойынша) әдіскері үшін жарамды.
3 ТЕРМИНДЕР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
3.1 Осы нұсқаулықта пайдаланылған терминдер мен анықтамалар СТ ҚР 9000-2007 Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздікке сәйкес келеді.
3.2. Қолданылған қысқартулар БҚМУ сапасы жөніндегі Нұсқаулықтарға және СМЖ.04.01 СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларына, Құжаттаманы басқаруға сәйкес келеді.
4 ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІ
4.1 Офис Тіркеушінің статистика және контингент бөлімі (білім алушылардың жеке іс қағаздары бойынша) әдіскері мыналар үшін жауап береді:
4.1.1 күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша инспекторларының/әдіскерлерінің оқып жатқан студенттердің жеке іс қағаздарымен жұмыс жасауын ұйымдастыру мен бақылауға;
4.1.2 күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша инспекторларының/әдіскерлерінің мемлекеттік емтихандарға түлектердің жеке іс қағаздарын әзірлеуді ұйымдастыру мен бақылауға;
4.1.3 күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша инспекторларымен/әдіскерлерімен бірге күндізгі және сырттай оқу түрлері түлектерінің жеке іс қағаздарын белгіленген тәртіпте университет мұрағатына әзірлеу мен тапсыруға;
4.1.4 білім алушылардың жеке іс қағаздарынан сұралған құжаттардың немесе олардан көшірмелердің шұғыл түрде берілуін ұйымдастыруға;
4.1.5 күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша инспекторларымен/әдіскерлерімен және мұрағатшымен бірге оқудан шығарылған білім алушылардың мәліметтер базасын реттеуге, олардың жеке іс қағаздарын өңдеуге және бухгалтериямен юристке ұсынуға;
4.1.6 күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша инспекторларымен/әдіскерлерімен, мұрағатшымен бірге қайта қабылданған және ауысқан студенттердің жеке іс қағаздарымен жұмыс жасауға;
4.1.7 өндірістік қажеттіліктерге байланысты тапсырмаларды орындауға;
4.1.8 жасалған шаралардың СМЖ/СЭМ талаптарына сай болуын қамтамасыз етуге;
4.1.9 БҚМУ-нің сапа саласындағы Саясатын және экологиялық саясатын жүзеге асыруға.
4.2. Статистика және контингент бөлімі (білім алушылардың жеке іс қағаздары бойынша) әдіскері құқылы:
Бет: 5 беттің 5-сі
4.2.1 институт оқу бөлімдері инспекторларымен/әдіскерлерімен студенттердің (осы жылы оқып жатқандардың, қайта қабылданғандардың, ауысқандардың, шығарылғандар мен түлектердің) жеке іс қағаздарының уақтылы рәсімделуін бақылауға;
4.2.2 кәсіби қызметіндегі табысына марапатталуға;
4.2.3 кәсіптік қызметін тиісті деңгейде жүргізуді қамтамасыз етуге;
4.2.4 өзінің кәсіптік абыройын және ар-ожданын қорғауға;
4.2.5 ҚР Еңбек кодексінде қарастырылған және жұмыс берушімен жасасқан, еңбек шартында анықталған құқығын сақтауға.
5 СИПАТТАУЛАР
5.1 Бағыныстылығы
5.1.1 Офис Тіркеушінің статистика және контингент бөлімі (білім алушылардың жеке іс қағаздары бойынша) әдіскерін лауазымына БҚМУ ректоры тағайындайды және қызметінен босатады;
5.1.2 статистика және контингент бөлімі (білім алушылардың жеке іс қағаздары бойынша) әдіскері тікелей академиялық мәселелер жөніндегі Департаменті директоры мен оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректорына бағынады және өз жұмысында солардың нұсқауларын, БҚМУ өкімдерін және нормативтік құжаттарды, іс жүзіндегі заңнама мен осы нұсқаулықты басшылыққа алады.
5.2 ол болмаған кезінде оның орнын статистика және контингент бөлімінің (күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша) әдіскері жүзеге асырады.
5.3 статистика және контингент бөлімі (білім алушылардың жеке іс қағаздары бойынша) әдіскері білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын; ҚР «Білім туралы» Заңын; жоғары білім саласын реттейтін заңнамалық құқықтық актілерін; университет Жарғысын, СМЖ/ЭСЖ әдістемелік нұсқауларын.
5.4 Біліктілік талаптары:
5.4.1 статистика және контингент бөлімі (білім алушылардың жеке іс қағаздары бойынша) әдіскерінің жоғары білімі мен ЖОО-да 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс .
5.5 Атқарып отырған қызметіне сәйкестілігін анықтайтын аттестаттау.
5.5.1 статистика және контингент бөлімі (білім алушылардың жеке іс қағаздары бойынша) әдіскері БҚМУ қызметкерлеріне аттестаттау жүргізу Ережелеріне сәйкес аттестаттаудан өтеді.
6 ЖАЗБАЛАР
-
7 ДӘЙЕКТЕМЕЛЕР
7.1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
7.2 БҚМУ қызметкерлерін аттестаттаудан Ережелері;
7.3 Жұмыстар мен жұмысшы мамандықтардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.
7.4 Қызметшілер лауазымының біліктілік анықтамалығы;
7.5 М.Өтемісов атындағы БҚМУ қызметкерлерінің тәртіп кодексі
Келісілді
Басшылықтын сапа және
экология жөніндегі өкілі
_______ А.С.Тасмағамбетов
04.09.2014ж.
Достарыңызбен бөлісу: |