«Ақпаратты Қазақстан 020» мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы»


АКТ саласындағы мамандардың компьютерлік сауаттылығы мен білім деңгейін арттыру



жүктеу 1,09 Mb.
бет3/5
Дата07.12.2017
өлшемі1,09 Mb.
#3387
1   2   3   4   5


АКТ саласындағы мамандардың компьютерлік сауаттылығы мен білім деңгейін арттыру

 

Бүгінгі күні АКТ-ны енгізу көп жағдайда ғылым, білім, экономикалық және әлеуметтік саланы дамытуды белгілейді, еңбек өнімділігі, өндірілетін тауарлар, қызметтердің сапасын, мемлекеттік билік органдарының жұмысының тиімділігін және олардың қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын арттыруға ықпал етеді. Алайда жұмысында бағдарламалық қамтамасыз етуді, ресурстарды, жаңа технологияларды пайдаланатын қандай да бір саланың қызметкерлері білімінің жоғары деңгейінсіз, енгізілетін АКТ-ны дұрыс әрі тиімді пайдалануға және тиісінше олар ұсынатын қызметтер мен орындалатын функцияларының сапасын арттыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, ақпаратты қоғамды құру кезіндегі негізгі мәселе тұрғындардың жалпы компьютерлік сауаттылығын арттырумен қатар, экономиканың барлық салаларындағы қызметкерлердің, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің, шағын және орта бизнес өкілдерінің бейінді бағыттар бойынша компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыруға болады.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

2006 жылы Ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Көрсетілген бағдарлама, сондай-ақ АКТ таралуының жоғары деңгейі және Интернеттің экономикаға, мемлекеттік басқаруға, азаматтардың күнделікті өмірі мен кәсіби қызметіне енуі өз нәтижесін берді және компьютерлік сауаттылық деңгейі 2008 жылғы деректер бойынша 18,7 %, ал 2011 жылғы деректер бойынша 47,4 % дейін өсті. Алайда арнайы мамандандырылған компьютерлік сауаттылыққа қатысты проблема орын алып отыр, дәрігерлер медицинада қолданылатын технологияларды жеткілікті деңгейде білмейді және біліктілікті арттырусыз телемедицинаға кеше алмайды, көптеген оқытушылар электрондық оқыту жүйесін пайдалануды бастау үшін арнайы дайындықты қажет етеді және т.с.с.

АТ-мамандарын даярлаудың келеңсіз факторлары даму деңгейі төмен АКТ әдістеме, оларды даярлауға арналған білім беру мазмұнын іріктеу қағидаттары болып табылады. Халықаралық стандарттарға сай келетін кәсіби стандарттарды әзірлеу және бейімдеу, қазіргі заманғы АТ-мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын жетілдіру жүйелері жеткілікті деңгейде дамымаған, бұл мамандарды даярлау мазмұнының индустрияның қажеттіліктеріне барабарлығына қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

Қашықтан жұмыспен қамту нысандарын дамыту үшін 2012 жылы еңбек заңнамасына қашықтан жұмыспен қамту нысанын заңнамалық бекіту бөлігінде түзетулер енгізілді. Алайда жұмыстың аталған нысанын кеңінен қолдану үшін нақты жағдай жасалған жоқ, дегенмен қашықтықта  жұмыс істейтіндер көптеген көрсеткіштерге әсер етеді, мысалы, жол кептелістерінің азаюы, экологияға келтірілетін зиянды төмендету, мәселенің әлеуметтік жағы (мысалы, мүгедектердің немесе жас балалары бар әйелдердің жұмыс істеуі), халықтың әл-ауқатын арттыру және т.с.с.



Міндеті: Қазақстанда ақпараттық қоғамды қалыптастырудың басты факторы ретінде адами капиталдың дамуына жағдайлар жасау.

Нысаналы индикаторлар:

1) адами капиталды дамыту индексі 2017 жылы - 0,764, 2020 жылы - 0,781;

2) электрондық білім беру ресурстарының үлесі 2017 жылы — 60 %, 2020 жылы - 100 %;

3) халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 2017 жылы - 65 %, 2020 жылы - 80 %;

4) қашықтықтан жұмыс істейтіндер саны 100 тұрғынға 2017 жылы - 7 адам, 2020 жылы - 20 адам.

Қол жеткізу жолдары

Қазақстанда ақпаратты қоғамды қалыптастырудың басты факторы ретінде адами капиталды дамыту үшін аталған бағдарламаның шеңберінде мынадай шаралар іске асырылатын болады:

1) қандай да бір саладағы қызметкерлердің компьютерлік сауаттылығын оның жұмысында қолданылатын АКТ біліктілікті арттырудың мамандандырылған курстарды ашу;

2) қашықтықтан жұмыспен қамту нарығын дамыту мәселесін өңдеу;

3) компьютерлік сауаттылықтың негізгі машықтары мен шағын және орта бизнес кәсіпкерлері, жұмыссыз және/немесе ішінара жұмыспен қамтылған жастар, сонымен қатар денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдар, қарттар мен халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігінің өзге де санаттарына жататын адамдар үшін электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді пайдалану бойынша курстарды өткізу.

Жаңа технологиялардың жоғары өсімін ескере отырып, АКТ саласындағы мамандардың біліктілік деңгейін арттыру үшін мынадай жағдайлар жасалады:

1) АКТ мамандықтары бойынша біліктіліктің салалық шеңберін әзірлеу;

2) АКТ мамандықтары бойынша кәсіби стандарттарды жасау;

3) АКТ саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу.

 

 

Білімді беру мен ғылымдағы АКТ

 

Қазіргі заманғы АКТ дамуы білім беруді дамытудың қарқыны мен бағытын белгілейді: әдістемелер вариабельді, ғимараттар өндірістік тәжірибеге жақын болуы керек, ал оқытушылар жоғары білікті болуымен өздерінің әдістемелік және өндірістік біліктілігін үздіксіз арттырып отыруға міндетті болуға тиіс. Кері жағдайда АКТ-ның адами капиталды қалыптастыруға жасайтын ықпалы теріс болып шығады.

Болашақтағы білім - бұл аралас білім, яғни білім беру процесіне күндізгі және желілік оқу нысандарының тартылу дәрежесі әртүрлі симбиозы. Қазіргі уақытта әлемде аралас (дәстүрлі және электрондық) оқыту тәжірибеге енгізілген. Болашақта аралас оқу нысаны орта білім беруде басымдыққа ие болмақ.

Білім беру саласында АКТ-ны дамытудың барлық жаңа процестерін есепке алу және оларды білім беру процестерінде пайдалану елдегі білім беруді жаңа деңгейге шығаруға көмектеседі.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Орта білім саласына АКТ мүмкіндіктерін ғаламдық енгізу мақсатында 2011 жылы мектептер мен техникалық және кәсіптік білім беруге (бұдан әрі - ТжКБ) электрондық оқытудың ақпараттық жүйесін (e-Learning) енгізу жобасы басталды. Алайда, бұл жоба цифрлық білім беру контентін стандарттау, білім беру ұйымдарын тегін немесе жеңілдікті КЖҚ қамтамасыз ету, оқушылар мен оқытушыларды жеңілдікті Интернетпен қамтамасыз ету сияқты бірқатар ілеспе міндеттерді шешуді талап етеді.

Міндеті: АКТ енгізу арқылы Қазақстанның білім беру және ғылым салаларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Нысаналы индикаторлар:

1) ғылыми білім берудің бірыңғай ұлттық желісіне қосылған ғылыми білім беру мекемелердің үлесі 2017 жылы - 50 %, 2020 жылы - 100 %;

2) ерекше қажеттіліктері бар (инклюзивті білім беру) балалар үшін АКТ көмегімен сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 50 %;

3) мектептер мен ТжКБ үшін ашық қолжетімділіктегі электрондық контенттің көлемі 2017 жылы - 60 %, 2020 жылы - 90 %.

Қол жеткізу жолдары

Білім беру саласына АКТ-ны толық ауқымда енгізу және АКТ көмегімен сапалы білімнің қолжетімділігін арттыру үшін мынадай шаралар іске асырылды:

1) мультимедиа-технологияны қолдана отырып, цифрлық ғылым және білім ресурстарын жүйелі түрде дамыту жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;

2) білім беру саласындағы стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру;

3) мектепке дейінгі білім берудегі ақпараттық мәдениетті қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу;

4) мектеп жасына дейінгі балалардың тыныс-тіршілігін мониторингтеу және басқару бойынша ресурстарды құру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу.

Орта білім беру мекемелерінің білім беру процесіне АКТ-ны енгізу мыналарды көздейді:

1) электрондық оқыту жүйесінің жұмыс істеуі үшін оқытушыларды және электрондық оқыту жүйесінің әкімшілерін даярлау және біліктілігін арттыру;

2) мүгедек балаларды жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз ету.

Жоғары оқу орындарының оқу процесіне АКТ-ны енгізу мыналарды көздейді:

1) ЖОО-лар жанында студенттердің өздерінің ғылыми жұмыстарын іске асыруы үшін қажетті құралдармен жабдықталған зертханалар құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

2) білім беру процестерін электрондық форматқа көшіру: материалдарды тарату, жаңалықтарды жариялау, студенттердің өзара араласуы, оқу орындарының бәрінде (мектепке дейінгі және жоғары) оқушылар мен оқытушылардың арасында жеке қарым-қатынас жасау;

3) білім беру процесіне мамандану бойынша нақты кәсіптік қызметке арналған жаңа бағдарламалық шешімдер мен қосымшаларды тәжірибелік пайдалану курстарын оқуды (мысалы, экономика факультеттерінің студенттеріне - экономика саласындағы қазіргі заманғы бағдарламалық шешімдер) енгізу.

 

 

2) Электрондық денсаулық сақтауды дамыту

 

АКТ-ны денсаулық сақтау саласына енгізу медициналық көмек көрсетудің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. АКТ дәрігерлік-санитарлық көмек көрсетуде және қамтамасыз етуде өмірлік маңызды рөлге ие болады. Электрондық денсаулық сақтау технологиялары емделушілерге қашықтықтан мониторинг жүргізуге, емделушілер арасында ақпарат таратуды жақсартуға, медициналық-санитарлық көмекке қолжетімділікті, әсіресе шалғайдағы аудандарда, мүгедектер мен егде жастағы адамдар үшін жақсартуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру саласында бірқатар жобалар іске асырылды. 2011 жылы Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесін (бұдан әрі - ДСБАЖ) құру шеңберінде ДСБАЖ пилоттық аймағын ұйымдастыру бойынша жұмыстар аяқталды. ДСБАЖ іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында «Ауруханаға жатқызу бюросы», «Бекітілген тұрғындардың тізілімі», «Есеп-тізілімдерді қалыптастыру» («Стационарлық емделушілердің электрондық тіркелімі»), «Дәрігерлік-санитарлық көмектің ынталандырушы қүраушысы» порталдары жұмыс істейді.

Алайда шектен тыс төрешілдік проблемасы сақталып отыр, бұл өз кезегінде емделушілерге қызмет көрсетудің сапасына әсер етеді. Жылдан жылға емделушілердің дәрігердің кабинетіне кезегінің артуы байқалады, емделушілердің дәрігерді таңдауы кезінде балама көп емес, сондай-ақ оған бару уақытын жедел жоспарлай алмайды. Денсаулық сақтау жүйесіндегі аталған проблемаларды АКТ-ны кеңінен енгізу, «электрондық денсаулық сақтауға» көшу арқылы жоюға болады, бұл медициналық қызметтердің халыққа қолжетімділігін арттыруға, емделушілерді диагностикалау және емдеудің жеделдігі мен дәлдігін қамтамасыз етуге, қағаздарды толтыруға кететін уақытты қысқартуға және тиісінше оны тікелей емделушіге қызмет көрсетуге жұмсауға мүмкіндік береді.

Міндеті: АКТ-ны барынша пайдалану арқылы халыққа медициналық қызметтерді көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.

Нысаналы индикаторлар:

1) бірыңғай денсаулық сақтау желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі 2017 жылы - 60 %, 2020 жылы - 100 %;

2) «Электрондық медициналық карталармен» қамтамасыз етілген тұрғындардың үлесі 2017 жылы - 60 %, 2020 жылы - 100 %;

3) денсаулық сақтау ұйымдарының ақпараттық жүйелерін бірыңғай ықпалдастық тұғырнамасымен ықпалдастыру 2017 жылы - 40 %, 2020 жылы - 100 %;

4) 100 медициналық қызметкерге есептегенде компьютерлер саны 2017 жылы - 60, 2020 жылы - 100.

Қол жеткізу жолдары

АКТ-ны денсаулық сақтау саласына енгізу арқылы халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мынадай іс-шараларды іске асыруды көздейді:

1) ақпарат алмасу және ақпаратқа қолжетімділігі үшін елдің барлық медициналық мекемелерін ДСБАЖ-ға қосу;

2) барлық бастапқы қағаз түріндегі медициналық құжаттаманы электрондық форматқа көшіру (бұл ретте барлық медициналық құжат үшін бірыңғай формат қамтамасыз етіледі);

3) қажет болған жағдайларда телекөпірлерді, консилиумдарды және саланың жетекші мамандарымен консультацияларды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін денсаулық сақтаудың қорғалған бірыңғай желісін құру;

4) мекемелердің қызметі, мамандар, науқастарды қабылдау кестесі туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын бірыңғай ықпалдастырылған тұғырнаманы әзірлеу, енгізу және оған медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдарының барлық ақпараттық жүйелерін және деректер қорын қосу, тұрғындардың Интернет желісі немесе ұтқыр телефония арқылы медициналық деректер қорына қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Интернет арқылы жедел қолжетімділік мүмкіндігімен дәрігерге бару, ауруханаға жату, диагностикалық зерттеулер, амбулаториялық және стационарлы емдеулер туралы ақпаратты қамтитын, емделушінің қорғалған электрондық (ұтқыр) картасы арқылы нақты уақыт режимінде деректерді емделушінің электрондық картасына және емдеуші дәрігеріне жіберетін емделушінің денсаулық жағдайын мониторингтеу құрылғыларын енгізу;

5) эпидемиялар мен ауру ошақтары, аурулар, олардың алдын алу және емдеу туралы мәліметтер, жарияланымдар, есептер, зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми және медициналық ақпараттың деректер қорын құру;

6) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік препараттардың және олардың дәріханалар желісінде болуының жалпыға қолжетімді бірыңғай деректер қорын құру;

7) емделушілердің тағайындау мұрағатына қолжетімділікті жедел алуға мүмкіндік беретін электрондық медициналық тағайындаулар мен рецептердің жүйесін құру;

8) егде тартқан және жалғызілікті азаматтардың (60 жастан асқан) денсаулық жағдайын мониторингтеудің телемедициналық білезігін енгізу;

9) жедел жәрдем қызметін автоматтандыру;

10) АКТ және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және даярлау жүйесін құру.

 

 

3) Электрондық коммерцияны дамыту

 

Электрондық коммерция - бұл біз үшін салыстырмалы түрде жаңа, ал Батыста және Оңтүстік Шығыс Азияда жақсы дамыған экономика сегменті, ол компьютерлік желілердің көмегімен барлық қаржылық және сауда транзакцияларын, осындай транзакцияларды жүргізуге байланысты бизнес-процестерді қамтиды. Электрондық коммерция нарығы біздің елімізде соңғы екі жылда неғұрлым қарқынды дами бастады, бұл интернет-пайдаланушылар санының артуымен, әлеуметтік желілер ықпалының артуымен, электрондық төлемдер саласындағы монополияның артуын жоюмен және жетекші веб-парақшалардың Web 1.0 технологиялық тұғырнамасынан Web 2.0 тұғырнамасына көшуімен түсіндіріледі.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Бүгінгі күні Қазақстан электрондық коммерцияны дамыту бойынша әлемнің индустриялық елдерінен айтарлықтай артта қалуда (электрондық сауда көлемі 2011 жылы 260 миллион АКШ доллар немесе тауарлар мен қызметтердің жалпы нарығының 0,4 % құрайды, бұл Ресеймен салыстырғанда он есе кем, олардың аталған көрсеткіші 4 %). Бұл Интернет желісінің қазақстандық сегментінде пайдаланушылардың шекті салмағының айтарлықтай кеш пайда болуымен түсіндіріледі. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, электрондық коммерция Интернет пайдаланушылардың саны халықтың жалпы санының 20 %-ынан артық болған кезде және онда кемінде 2-3 жыл болғанда (онлайн төлеу қорқынышы кедергісін жою үшін жеткілікті уақыт) индустрияға айналады.

Проблеманың екінші бөлігі - төлем карточкалары бойынша төлеу мәдениетінің жетіспеушілігі және e-commerce карточкалары бойынша төлеу кезінде бас тартудың аса жоғары деңгейі. Қазіргі кезде барлық транзакциялардың тек 21 %-ы - төлем карталарын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер, ал қалғаны банкомат арқылы төлем карточкасынан ақша алу (мысалы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылғы тамыздағы деректері бойынша елімізде 11 млн. төлем карточкасына қолма-қол ақшаны алу бойынша 12,5 млн. транзакция және картадан 3,4 млн. қолма-қол төлемсіз төлем транзакциялары) сәйкес келеді. Интернетте төлем карточкасы бойынша төлеу туралы айтатын болсақ, жағдай бас тартулардың көптігімен тереңдей түседі (нарықтың түрлі ойыншыларының төлем карточкалары бойынша төлеу кезінде бас тарту деңгейі 37-ден 48 %-ға дейін құрайды). интернет-транзакциялар үшін төлем карточкаларын жабу салдары, ал ол негізінен жасанды кедергі болып табылады.

Міндеті: электрондық коммерцияның отандық нарығының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Нысаналы индикаторлар:

1) тауарлар мен қызметтердің жалпы нарығындағы электрондық коммерция үлесі 2017 жылы - 7 %, 2020 жылы - 10 %;

2) электрондық түрде ақы төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 40 %.

Қол жеткізу жолдары

Электрондық коммерцияны дамыту үшін мынадай шаралар қабылданады:

1) салалық сауда алаңдарын құру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) Интернет-дүкендерде жасалатын транзакциялар (саны және көлемі) бойынша есептілікті қалыптастыру туралы мәселені қарау;

3) электрондық коммерция саласындағы заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру;

4) жалпы интернет-ортаны және негізінен интернет-бизнесті дамыту тақырыбына конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді қолдау және интернетте электрондық төлем құралдарын пайдалану бойынша ақпараттық-ойын-сауық жұмыстарын қолдану.

 

 

4) Электрондық экономиканы қалыптастыру


Өнеркәсіп саласындағы АКТ

 

Ақпараттық технологиялар өндірістің икемділігі мен шешім қабылдаудың жеделдігін арттырады, жаһандық нарықтарға шығу мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін негіз жасайды. Алайда отандық өнеркәсіпті ақпараттандырудың айтарлықтай төмен деңгейі жағдайында оларға деген сұраныс тұрақты және қарқынды өсуді көрсетпей отыр. Кәсіпорынның экономикалық базалары АКТ-ны қарқынды тұтынуға әлі дайын емес. Ал жоғары технологиялар кіріс қалыптастыруға қатыспайтын салалар бұл салаға біржолғы шығындарды ғана жұмсауды қалайды.

Қазіргі заманғы ақпараттық және жоғары технологиялық дәуірде отандық өнеркәсіптік кәсіпорындар өзінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АКТ-ны өндірістік және әкімшілік-шаруашылық қызметте пайдалануға қатысты өзінің көзқарасын қайта қарауы және барлық ішкі процестерді автоматтандыруға тиісті назар аударуы қажет.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік өндірісінің 2012 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы жалпы көлемі 10 687 879 млн. теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 0,7 %-ға артты.

Бүгінгі күні ірі және орташа өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістердің саны 1 848 құрайды.

Өнеркәсіп көрсеткіштерінің оң серпініне қарамастан, өнеркәсіп кәсіпорындарының өзінің өндірістік қызметінде жоғары технологияларды игеруінің деңгейі төмен екенін атап өту қажет.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АКТ-ны енгізу және өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерін АКТ саласындағы арнайы біліктілікке оқыту арқылы өндірістік процестерді тұрақты жетілдіру талап етіледі. Сол себепті кәсіпорындардың аталған аспектіге назар аударғаны және өндірістік қызметкерлер арасында инновациялық қызметті дамытуды ынталандыруы аса маңызды.

Міндеті: қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ететін өнеркәсіп кәсіпорындарында қазіргі заманғы жоғары технологиялық өндіріс құру үшін жағдай жасау.

Нысаналы индикаторлар:

1) компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыруға оқудан өткен өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің үлесі 2017 жылы - 70 %, 2020 жылы - 100 %;

2) өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірген өнімі көлемінде АКТ-ға жұмсалатын шығындардың ұлғаюы 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 50 % (2012 жылға қатысты);

3) кәсіпорынның үлестік АКТ-бюджетін арттыру 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы 50 % (2012 жылға қатысты);

4) инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі 2017 жылы - 15 %, 2020 жылы - 10 %;

5) өнеркәсіп кәсіпорындарының жөнелтілген өнім көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесі 2017 жылы — 10 %, 2020 жылы - 20 %.

Қол жеткізу жолдары

Қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ететін өнеркәсіп кәсіпорындарында қазіргі заманғы жоғары технологиялық өндірісті құру үшін міндетті іске асыруға жағдай жасау жөніндегі мынадай шараларды қабылдау арқылы жүзеге асырылады:

1) өнеркәсіптік кәсіпорындардың АКТ инфрақұрылымын дамыту;

2) адам өміріне және денсаулығына қауіп деңгейі жоғары өндірістік процестердің барлығын роботтандыру;

3) өнеркәсіп кәсіпорындарында технологиялық және ішкі процестерді басқару жүйелерін автоматтандыруды енгізу;

4) отандық ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен тығыз өзара іс-қимыл жасау арқылы өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық қызметін дамыту;

5) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен салық және жер заңнамасын жетілдіру шеңберінде қолдау құралдарын пайдалану арқылы өндірістік процесте энергия, ресурстарды үнемдеу, «жасыл» және АКТ-ны енгізуге өнеркәсіптік кәсіпорындарда ынталандыру;



6) жаңа өткізу нарығын ашу үшін өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік өнімдерін Интернет арқылы сатудың жаңа схемаларын дамыту және енгізу;

7) қойма қорларын есепке алу процесін оңтайландыру, радиожиілікті сәйкестендіру (RFID) технологияларын, геоақпараттық жүйелерді және ERP жүйелерін пайдалану арқылы жүктерді орналастыруды бақылау үшін өзінің логистикалық және қойма инфрақұрылымын дамыту;

8) өнеркәсіп кәсіпорындары нысандарының агрегаттары мен тораптарының жағдайын мониторингтеу үшін геоақпараттық жүйелерді және телеметрикалық тетіктерді пайдалану.

 

 

Көлік жүйесіндегі АКТ

 

Қазақстанның көлік саласының тиімділігі мен тартымдылығын арттыру міндетін шешудің негізгі құралы зияткерлік көлік жүйесін (бұдан әрі - ЗКЖ) - көліктің барлық түрлерінің (жеке, қоғамдық, жүк) жұмысын мониторингтеу және басқару, жол жүрісін басқару, өңірдің, елдің аумағында көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы азаматтар мен кәсіпорындарды ақпараттандыру міндеттерін шешетін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелер кешенін енгізу болуы тиіс. ЗКЖ үш негізгі мәселені шешуге бағытталады: қауіпсіздік, ұтқырлық, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау.

ЗКЖ-ны құрудың маңызды элементі жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйесі (бұдан әрі - НЖЖ) болып табылады. Аталған жүйенің негізіндегі шешімдер жер үстіндегі көлік кешені жұмысының тиімділігін арттырумен қатар, авиация, флот, теміржол саласында белсенді қолданылады, жіберу және тасымалдау желілерін синхрондау үшін қызмет етеді, деректерді жіберуді синхрондау үшін байланыста қолданылады және т.б.

ЗКЖ қалыптастыру және енгізу тасымалдауды басқарудың тиімділігін арттырады, жүктерді, жолаушыларды тасымалдауға жұмсалатын өндірістік емес шығындарды қысқартады, көлік-коммуникациялық құрылымды дамытуды жылдамдатады, қолданыстағы навигациялық спутниктік жүйелердің негізінде сервистерді енгізу үшін қолайлы жағдай жасалды.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Әлемдік сауда соңғы жиырма жылдың ішінде жоғары қарқынмен дамуда. Еуропа мен Азия арасындағы жыл сайынғы тауар айналымы қазіргі кезде шамамен 400 миллиард АҚШ долларды құрайды, 2015 жылға қарай 1 триллион АҚШ долларға жетуі мүмкін. Осыған байланысты Қазақстанның тиімді географиялық орналасуын Европа мен Азия арасындағы жүктер ағынын өткізу үшін пайдалану орынды болып табылады, бұл көлік компанияларының бюджеті мен Қазақстанның мемлекеттік бюджеті кірісінің артуына ықпалын тигізеді. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жүктер транзитінің көлемін 25 миллион тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр, ал транзиттен түсетін жалпы кіріс 1,5 миллиард АҚШ долларды құрайды.

Қазақстандағы көліктің негізгі кемшіліктерінің арасында тасымалдауды жеткіліксіз ұйымдастыруды, көлікте ескірген технологияларды пайдалану мен көлік қызметтері сервистерінің төмен деңгейін атап өтуге болады. Дамыған елдерде көлік ағындарын оңтайландыру, олардың оңтайлы өзара іс-қимылынан пайданың көп бөлігін қамтамасыз ететін логистика Қазақстанда дамудың бастапқы деңгейінде.

Бұл жағдайда Қазақстанның Шығыс пен Батыс арасында жүктердің транзитін қамтамасыз ететін қазіргі көлік инфрақұрылымын, сондай-ақ дамыған мемлекеттердің көліктік ықпалдастығына қатысу деңгейі үшін жауап беретін халықаралық және ішкі жолаушылар тасымалын қалыптастыруы қажет.

Міндеті: АКТ енгізу арқылы көлік қызметтерінің қолжетімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін дамыған көлік инфрақұрылымын құру.

Нысаналы индикаторлар:

1) көлік инфрақұрылымы кәсіпорындарында Интернетке КЖҚ қамту деңгейі 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 100 %;

2) НЖЖ-мен жарақтандырылған жолаушылар және жүк көлігінің үлесі 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 100 %;

3) билеттерді сату электрондық форматта жүзеге асырылатын маршруттардың (рейс, бағыт) үлесі 2017 жылы - 40 %, 2020 жылы - 100 %.

Қол жеткізу жолдары

Көлікті дамытудың негізгі бағыттары көлік инфрақұрылымының төрт негізгі құраушысының тиімділігі мен ықпалдастығын арттыру болады: теміржол, автомобиль, әуе және су.

Көлік инфрақұрылымын дамыту үшін мынадай шешімдерді іске асыру көзделеді:

1. Мыналарды қамтамасыз ететін НЖЖ енгізу:

1) көліктің әртүрлі түрлерін мониторингтеу және басқару;

2) азаматтар мен ұйымдарға өңірде көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөнінде нақты уақыт ауқымында ақпаратты ұсыну;

3) көлікте қылмыстық және төтенше жағдайлар орын алған жағдайда шұғыл әрекет ету қызметтеріне ақпаратты жедел түрде ұсыну.

2. Мынадай міндеттерді орындауға бағытталған ЗКЖ-ны енгізу:

1) көлік ағындарының параметрлерін мониторингтеу;

2) жол қозғалыстарын реттеу және ұйымдастырудың техникалық құралдарын басқару;

3) жол қозғалысы қағидаларын бұзушылықтарды фотобейне тіркеу;

4) арнайы көліктерді басқару (арнайы көліктің борт жүйелерін біріктіреді (маршруттандыру, ақпараттандыру, шешім қабылдауды қолдау және басқалары), төтенше жағдайларға тиімді жауап беру үшін арнайы көлікті байланыс құралдарымен, ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етеді, төтенше жағдайлар аумағында экипаждың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және басқалары);

5) шығарындыларды бақылау (олар туралы мәліметтерді жинайды және аталған мәліметтерді басқарады);

6) логистика және көлікті басқару (жүк тасымалдарын басқаруды қамтамасыз етеді);

7) ақпараттық порталдар мен БАҚ-пен ықпалдасуды қамтамасыз ету (жол жүрісіне қатысушыларды қажетті маршруттық және басқа да ақпаратпен қамтамасыз етеді), сондай-ақ Интернетте қажетті ақпараттық интерфейстерді ұсыну, борттық құрылғылармен өзара ықпалдастықты қамтамасыз ету;

8) тұрақтарды басқару (тегін және ақылы тұрақтарды басқару, тарифтерді дайындау, тұрақтар бойынша көлік құралдарын (бұдан әрі - КҚ) бөлу және бос орындардың болуы туралы хабарландыру);

9) көлікті маршруттандыру (ағымдағы және болжамды жағдайды ескере отырып);

10) КҚ басқару (транзиттік көлікті маршруттандыру, транзиттік көліктің қозғалысын жоспарлау (сервистің орнатылған деңгейін сақтау, мәселен, жолдағы уақыт), транзиттік көлікті басқару үшін қажетті борттық жабдықтарды біріктіру);

11) коммерциялық көлікті бақылау (шекарадан өту, жүктің салмағын бағалау, қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі экологиялық параметрлерді қосқанда, барлық маршрут бойынша көлік құралдарын сүйемелдеу);

12) коммерциялық көлікті басқару (жол-көлік апаттарын тіркеу, жүктің қауіпсіздігі, жүргізушіні сәйкестендіру және басқалары, коммерциялық КҚ борттық жүйелерін біріктіреді);

13) жүк және жолаушылардың автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін сақтауды бақылау;

14) т/ж, су және автомобиль көліктері саласындағы мәліметтерді бірыңғай деректер қорына шұғыл алу.

3. Мүмкіндіктері шектелген адамдардың қажеттілігін ескеретін және көліктің аялдамаға келіп тоқтайтын уақыты, тізбесі, маршруттары мен осы жолмен жүретін қоғамдық көлік түрлері, жол жүру кестелеріндегі өзгерістер, жол жүру маршруттарындағы өзгерістер, жол жүру төлемдері тарифтеріндегі өзгерістер, қылмыстық және төтенше жағдайлардың орын алуы туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ететін кешенді ақпараттық жүйесін енгізу.

4. Қоғамдық көлікте және аялдамаларда дабыл түймесін басу арқылы ахуалдық орталық және төтенше жағдайлар қызметінің диспетчерін шақыру мүмкіндігі бар бейнебақылау жүйелерін енгізу.

5. Ұтқыр құрылғылар арқылы билеттерді броньдау, жол ақысын төлеу жүйелерін енгізу.

 

 

Агроөнеркәсіп кешеніндегі АКТ

 

Агроөнеркәсіп кешені (бұдан әрі - АӨК) қоғам үшін өмірлік маңызы бар өнім өндіретін және аса үлкен экономикалық әлеует шоғырландырылған Қазақстан экономикасының құрамдас бөлігі болып табылады.

Аграрлық саласы дамыған жетекші елдердің тәжірибесі олардың барлығының «технологиялық төңкерістен» өткендігін көрсетеді. Классикалық экстенсивті егін шаруашылығын нақты (прецизионды) егін шаруашылығы ығыстырады. Геоақпараттық технологиялар, көп операциялы энергияны үнемдеуші ауыл шаруашылығы агрегаттары, өсімдіктердің мол түсімді сорттарының селекциясы және жануарлардың жоғары өнімді тұқымын шығару кеңінен пайдаланылады.

АКТ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ауа райы болжамы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы тәрізді пайдалы ақпаратпен қамтамасыз етуде, сондай-ақ оларды жаңа технологиялар жөнінде хабардар етуде аса маңызды рөлге ие.

Тиімді әрі бәсекеге қабілетті АӨК құру үшін дәстүрлі шығынды емес, инновациялық қорларды үнемдеуші АКТ-ны енгізуге, шаруашылықтың тиімділігін арттыруға, өндірілетін өнімдердің өзіндік құнын төмендетуге нысаналы құралдарды жұмсау қажет.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Ауыл шаруашылығының неғұрлым өткір проблемасы жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылық, салаға АКТ-ны әлсіз енгізу болып табылады, ал ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізудің әлемдік тәжірибесі қазіргі күннің өзінде АКТ-мен тікелей байланысты.

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығында мынадай ақпараттық жүйелер қолданылады: «Е-Agriculture» агроөнеркәсіп кешені салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі, аграрлық саладағы электрондық сауда жүйесі, Электрондық астық қолхаттарының жүйесі. Ағымдағы жылы 12 рұқсат беру қызметі мен 4 лицензияны беруді автоматтандыру жүргізіледі.

«Электрондық үкімет» порталы арқылы ауыл шаруашылығы саласында екі электрондық мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Жалпы, осы салада жыл сайын шамамен 700 рұқсат беру құжаты беріледі, 2011 жылы берілген құжаттар саны 6 миллионнан асты.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығында мониторингтеу және сәйкестендірудің бірыңғай жүйелері дамымаған. Кеңістіктік ақпаратқа (карта, жоспарлар, сызбалар) байланысты мемлекеттік қызметтердің көбі автоматтандырылмаған. Кеңістіктік ақпараттар бір аумаққа әртүрлі нақтылықпен, түрлі әдістермен, әртүрлі байланыстыру арқылы және әрқилы деректемелермен бірнеше мәрте жасалады. Кеңістіктік тіркеуді республикалық және жергілікті деңгейдегі түрлі мекемелер жүргізеді. Деректердің бір ғана түрі бойынша тіркеу жұмыстарын түрлі органдар жүргізеді, бұл мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімі мен сапасына кері әсерін тигізеді.

Міндеті: агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін қазіргі заманға сай, біріктірілген және тиімділігі жоғары ақпаратты ортаны ұйымдастыру.

Нысаналы индикаторлар:

1) интернет желісіне қолжетімділігі бар АӨК кәсіпорындарының үлесі 2017 жылы - 80 %, 2020 жылы - 100 %;

2) АӨК қызметкерлердің компьютерлік сауаттылық деңгейі 2017 жылда - 70 %, 2020 жылда - 100 %.

Қол жеткізу жолдары

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін қазіргі заманға сай, біріктірілген, тиімділігі жоғары ақпаратты ортаны ұйымдастыру мақсатында мынадай іс-шаралар іске асырылады:

1) прецизионды (нақты) егін шаруашылығын мониторингтеу және дамыту үшін әртүрлі мемлекеттік органдар пайдаланатын жер қоры туралы ақпаратты бір ізге салу мәселесін шешу бойынша ұсыныстарды қарастыру;

2) ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес-процестерді автоматтандыру жөніндегі ұсыныстарды қарастыру.

АӨК саласында агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін электрондық-ақпараттық ресурстардың, жүйелердің және ақпараттық-телекоммуникациялық желілердің бірыңғай ақпараттық кеңістігін (АӨК-тұғырнама) құру жобасын іске асыру жалғастырылуда, сонымен қатар:

1) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оның аумақтық комитеттері пайдаланушыларының барлық нысаналы топтарының ақпараттық ресурстарын ақпаратты алудың және пайдаланудың бірыңғай ұжымдық жүйесі ретінде біріктіру - 100 % қамту;

2) корпоративтік енгізудің барлық зияткерлік жүйелері шоғырландырылған супер-офис сыныбындағы автоматтандырылған жүйе құру - жүйелерді 100 % ықпалдастыру;

3) барлық деректерді тиісті басқаруды камтамасыз ету және апатты жағдайлар мен жұмыстағы басқа да ақаулар (көшу, жөндеу жұмыстары және т.б.) жағдайында операцияның жалғастырылуына кепілдік беру;

4) ақпараттық деректердің барлық үлгілерін жіберудің бірыңғай кәбілді жүйесімен 99,9 % қамту.

 

 

Энергия үнемдеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған зияткерлік жүйелер

 

Қазіргі уақытта энергия тұтынуды азайту және өмір сүру үшін қажетті барлық салалардың энергетикалық тиімділігін арттыру проблемасы бірінші кезекке шығуда. Қазіргі заманғы АТК-нің жоғары деңгейін және шетелдік тәжірибені ескере отырып, оларды халықтың тұрмыс-тіршілігінде тұрғын үй-коммуналдық жүйелердің жұмысында және энергиямен жабдықтауда қолдану тиімділігі зор екенін атап өткен жөн.

Қазіргі заманғы тиімді тұрғын үй-коммуналдық жүйесі мен энергиямен жабдықтау жүйесін құрудың басты бағыты коммуналдық ресурстарды тұтыну деректерінің өлшемі мен оларды берудің зияткерлік жүйесін құру болуы тиіс.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Қазіргі уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын (бұдан әрі - ТКШ) жаңғырту бағдарламасының шеңберінде күрделі қорды жаңғыртуға көп көңіл бөлінуде, алайда салада АТК қолдау мәселесі назардан тыс қалуда.

ТКШ объектілерінде объектілерді диспетчерлеу деңгейі барынша төмен, инженерлік жүйелер тиімді бақыланбайды және басқарылмайды, әртүрлі штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде шұғыл әрекет ету проблемасы кездеседі.

Коммуналдық төлемдерді жинаудың, өңдеу мен сақтаудың қазіргі жүйесі ашық емес, бұл өнім берушілерге деген сенімсіздікті тудырады және ең бастысы энергия және ресурс үнемдеуге ынталылық болмайды.

Еліміздегі өнеркәсіп және тұрғын үй секторы бүгінде энергия сыйымдылығы бойынша Еуропалық одақ елдеріндегі осыған ұқсас көрсеткіштен бес есе жоғары. Мемлекеттік мекемелердің көбі (мектептер, ауруханалар және т.б.), сондай-ақ тұрғын үйлер тиімсіз энергия жүйелерімен жарақтандырылған және жаңартуды талап етеді.

Міндеті: ТКШ саласында қызметтер көрсету сапасы мен АКТ енгізу есебінен энергия үнемдеу тиімділігін арттыру.

Нысаналы индикатор:

1) технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізген табиғи монополиялар субъектілерінің үлесі:

сумен жабдықтау және су бұру саласында 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 80 %;

жылумен жабдықтау саласында 2017 жылы - 20 %, 2020 жылы - 80 %;

газбен жабдықтау саласында 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 50 %;

2) электр қуатын коммерциялық тіркеуді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізген электр қуатымен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялардың үлесі 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 90 %.

Қол жеткізу жолдары

ТКШ саласында қызметтер көрсету сапасын және АТК есебінен энергия тиімділігін арттыру мақсатына қол жеткізу үшін мынадай шаралар іске асырылатын болады.

Мынадай міндеттерді шешу үшін сумен жабдықтау, су бұру, газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау және энергиямен жабдықтау жүйелерінде технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу:

1) суды бұру, су-, жылу-, газ-, электр қуатымен жабдықтаудың сенімділігін арттыру;

2) жабдықтау қызметінің мерзімін арттыру;

3) техникалық қызмет көрсету шығындарын төмендету;

4) энергияны тұтынуды төмендету;

5) коммуналдық шығындарды тұтыну және оларды төлеуге жұмсалатын шығындарды нақты уақыт режимінде пайдаланушылардың бақылауы;

6) сумен жабдықтау, суды бұру және жылумен жабдықтау желілеріне рұқсатсыз қосылуды болдырмау;

7) инженерлік желілердің жай-күйін мониторингтеу және нақты уақыт режимінде ағынды жерлерді анықтау.

Ғимаратты, құрылыстарды салу, инженерлік желілерді төсеу кезінде қазіргі заманғы энергия- және ресурс үнемдеуші шешімдерді міндетті қолдануды көздейтін нормативтік техникалық құжаттар әзірленеді (жаңартылады).

Қазіргі заманғы энергияны үнемдеуші технологияларды өндіріс процесіне енгізу бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарын ынталандыру шаралары іске асырылады.

Республиканың барлық қалаларында сыртқы жарықтандыруды басқарудың автоматты жүйесі енгізілетін болады.

 

 

Экологиядағы және гидрометеорологиядағы АКТ

 

Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланумен және қоршаған ортаны ластаумен қатар жүретін өнеркәсіпті дамыту қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайтуда барынша прогрессивті тетіктер қолдануды талап етеді. Қазіргі уақытта осындай тетіктердің бірі қоршаған ортаны электрондық қорғау сияқты ақпараттық технологияны енгізу болып табылады.

Экономиканың барлық саласы тікелей немесе жанама түрде ауа райының жағымсыз жағдайлары мен қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың ықпалына ұшырауда. Бұл ретте гидрометеорологиялық жағдайлардың әсер ету деңгейі нақты бір саладағы өндірістік қызмет пен технологиялық процестердің, сондай-ақ қолданылатын құралдар мен шаралардың сипатына қарай ерекшеленеді.

АКТ экология және гидрометеорология саласында да үш бағыт бойынша қолданылады: АКТ жабдықтарының технологиялық өндірісін жетілдіру жолымен АКТ секторының өзінде энергия тұтыну мен зиянды қалдықтарды қысқарту, өндірістік процестерді жедел басқарудың бағдарламалық-техникалық кешендерін енгізу және орнатылған компьютерлік жүйелер арқылы қалдықтарға және экономиканың басқа секторларында энергия тиімділігін бақылауды қамтамасыз ету және қоршаған орта мониторингінің АКТ жүйесін қолдану.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Қазіргі уақытта Қазақстанда атмосфераға уыттылығы жоғары газ тәрізді және қатты заттар көптеп шығарылуда. Әртүрлі стационарлық көздерден шыққан шығарындылардың санын салыстыратын болсақ, оның шамамен 50 %-ы жылу энергия көздері, ал 33 %-ы - тау-кен және түсті металлургия саласы шығарады, ауа бассейнін және қоршаған ортаның өзге де құрамдауыштарын ластайтындардың тағы бірі - автокөлік болып табылады. Ол шығаратын зиянды шығарындылар, әсіресе, қалаларда 25-тен 50 %-ға дейін жетеді.

Су да қарқынды ластану объектісіне жатады. Судың негізгі ластаушысы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы болып табылады. Антропогенді әсердің салдарынан елдегі барлық дерлік өзендер мен су қоймаларының гидрохимиялық, гидрологиялық және санитарлық режимі өзгеріске ұшырады.

Әрбір климаттық аймақ: орманды дала, далалық, жартылай дала, шөлді, сондай-ақ тау бөктері және таулы аймақтар үшін жүргізілген есептеулердің негізінде, Қазақстан Республикасы аумағының метеорологиялық әлсіздік көрсеткіші «біршама жоғары» деп анықталды.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды мониторингтеудің бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің болмауы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың арасындағы экологиялық ақпаратты жүйелі алмасуды іске асыруға жол бермейді.

Міндеті: Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа АТК енгізу есебінен қоршаған ортаның сапасын жақсарту.

Нысаналы индикаторлар:

1) республика аумағын Бірыңғай мемлекеттік мониторингтеу жүйесімен қамту 2017 жылы - 50 %, 2020 жылы - 70 %;

2) нақты уақыт режимінде (он-лайн) өндірістік экологиялық мониторинг туралы деректерді қашықтықтан жіберу орнатылған І-санатты өнеркәсіптік кәсіпорындардың үлесі 2017 жылы - 50 %, 2020 жылы - 70 %;

3) атмосфераға зиянды қалдықтардың шығарылуын қысқарту 2013 жылымен салыстырғанда 2017 жылы - 3 %, 2020 жылы - 5 %;

4) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көміп тастау және ағынды сулар мен өндіріс және тұтыну қалдықтарын жер астына жіберудің мемлекеттік кадастрын толтыру деңгейі 2017 жылы - 50 %, 2020 жылы - 70 %;

5) мына болжамдардың ақталуын арттыру:

агрометеорологиялық болжамдар 2017 жылы — 83 %, 2020 жылы - 85 %;

ұзақ мерзімді гидрологиялық болжамдар 2017 жылы - 83 %, 2020 жылы - 85 %;

ұзақ мерзімді метеорологиялық болжамдар 2017 жылы - 91 %, 2020 жылы - 94 %;

6) экология және гидрометеорология қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылық деңгейі 2017 жылда - 70 %, 2020 - жылда - 100 %.

Қол жеткізу жолдары

Жаңа АКТ енгізу есебінен Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаның сапасын арттыру және тұрақтандыру мақсатында мынадай іс-шаралар іске асырылады.

Қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қоршаған орта мен табиғи қорларды мониторингтеудің кешенді шешімінің мәселесі пысықталатын болады.

Каспий теңізінің қазақстандық секторын гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингтеу жобасының шеңберінде Каспий теңізінің қазақстандық секторының қоршаған ортасының жай-күйі және оған адамның өнеркәсіптік қызметімен байланысты жағымсыз факторларының әсері туралы жедел деректерді алуды қамтамасыз ету үшін АКТ кеңінен қолданылады.

Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көміп тастау және ағынды суларды және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жер астына жіберу процестерін басқару бойынша ұсыныстар әзірленеді.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен тиісті жылға бекіткен стандарттау жоспарының шеңберінде қалдықтармен айналысу саласында стандарттар әзірленеді.

Өндірістік экологиялық мониторинг және бақылау жүргізу үшін нақты уақыты режимінде (он-лайн) қадағалауды жүзеге асыратын қазіргі заманғы технологиялық шешімдерді пайдалану мүмкіндігі мәселелері пысықталатын болады.

 

 

Туризмдегі АКТ

 

АКТ саласындағы қазіргі заманғы жетістіктер туристік бизнеске жаңа мүмкіндіктер береді. Туризмге қажетті барлық кеңістік ақпараттық технологиялармен қамтылады (дестинация, орналастыру, көлік, пэкидж-турлар және қызметтер туралы ақпарат) және мұндай қызметтердің болуын белсенді бақылау жүзеге асырылады.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

2007 - 2010 жылдар бойы саланы дамыту Қазақстан Республикасында туристік саланы дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына негізделді.

Осы кезеңде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жұмысы жүргізілді. 2008 жылы кейбір заңнамалық актілерге туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді.

Туризм саласында тұрақты негізде шетелде Қазақстанның имиджін қалыптастыру, оның ішінде ақпараттық насихаттау бойынша жұмыс жүргізілгенін атап өткен жөн. Негізгі құралдар әлемнің жетекші телеарналарында жарнамалық бейнероликтерді жасау және жүргізу, ірі халықаралық туристік көрмелерге қатысу болып табылады.

2009 жылғы басты имиджді оқиға Астана қаласында 2009 жылғы қазан айында Дүниежүзілік туристік ұйымның (ЮНВТО) Бас ассамблеясының 18-сессиясын өткізу болды. Оның жұмысына 146 мемлекеттен 700-ден астам делегат, ЮНВТО ұйымының мүшелері, сондай-ақ әлемдік БАҚ құралдарының өкілдері қатысты.

Міндеті: АКТ енгізу арқылы туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігі мен Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын арттыру.

Нысаналы индикаторлар:

1) интернет желісіне қосылған туристік инфрақұрылым объектілерінің (қонақ үй, демалыс орындары және туристік фирмалар) үлесі 2017 жылы — 100%;

2) интернет-броньдаудың халықаралық жүйесіне ықпалдастырылған туристік инфрақұрылым объектілерінің (қонақ үй, демалыс орындары және туристік фирмалар) үлесі 2017 жылы - 65 %, 2020 жылы - 100 %;

3) меншікті интернет-порталы бар туристік инфрақұрылым объектілерінің үлесі 2017 жылы - 100 %;

4) ішкі бизнес-процестері автоматтандырылған туристік инфрақұрылым объектілерінің үлесі 2017 жылы - 100 %.

Қол жеткізу жолдары

АКТ енгізу арқылы туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын арттыру үшін мынадай іс-шаралар жүргізілетін болады:

1) Интернет арқылы Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымды имиджін ілгерілету, халықаралық көрмелер және спутниктік Kazakh TV (CaspioNet) телеарнасы бойынша іс-шараларды іске асыру;

2) интернет желісіне жедел қол жеткізе отырып, туристік инфрақұрылым объектілерін камтамасыз ету;

3) Қазақстанның туристік инфрақұрылым объектілерін (қонақ үйлер, демалыс базалары мен санаторийлер) интернет-броньдаудың танымал халықаралық жүйесіне ықпалдастыру;

4) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде туризм саласындағы сервистер мен қызметтерге қол жеткізу деңгейін арттыру үшін ұтқыр қосымшалар әзірлеу;

5) туризм объектілерінің ішкі басқару процестерін, есебін және әкімшілік-шаруашылық қызметін автоматтандыру;

6) туризм индустриясы объектілерін салған және жарақтандырған кезде «жасыл» энергия және ресурс үнемдеу технологиялары мен жабдықтарын қолдану;

7) туризм объектілерінің орналасқан жерлерін, тарихи және естелік жерлерді, санаторийлерді, курорттық аймақтар мен өзге де көрікті жерлерді көрсете отырып, геоақпараттық технологиялар базасында Қазақстан Республикасының бірыңғай цифрлық картасын жасау;

8) жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарын қоса алғанда, өңірлердегі туризм объектілері туралы БАҚ арқылы кеңінен жария ету;

9) Қазақстан Республикасындағы туризм объектілерінің тізілімін әзірлеу және өзектілендіру.

 

 

Дене тәрбиесі және спорт саласындағы АКТ

 

АТК пайдалану мынадай салаларда спорт саласын басқару процесін толығымен автоматтандыруға мүмкіндік береді: әкімшілік-шаруашылық, қаржы-экономикалық, заң шығарушылық, кадрлық және бақылау қызметі, спортшылар мен мамандарды даярлау жүйесінде оқу-жаттықтырушылық процестері, барлық деңгейдегі спорт жарыстарын және басқа да спорт іс-шараларын өткізу.

АКТ спорт саласын басқару тиімділігін арттыруға, әртүрлі спорт ұйымдарының, оның ішінде халықаралық ұйымдардың арасында өзара байланыс жасауға және үйлестіруге ықпал етеді.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі халықаралық стандарттардың талаптарына жақындау және елде бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және республика спортының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды.

Сондай-ақ саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Кейбір заңнамалық актілерге дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша түзетулер енгізілді. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленді және бекітілді.

Елде дене шынықтыру мен спортпен айналысатындар санының тұрақты өсу үрдісі байқалады: 2007 жылы жалпы халықтың ішіндегі спортпен айналысатындардың саны 2,3 млн. адамды құрады (15 %), 2008 жылы 2,35 млн. адам, 2009 жылы 2,4 млн. адам, 2010 жылы 2,8 млн. адам (17,7 %), 2011 жылы 3,3 млн. адам немесе 20 %.

Бүгінгі күні елімізде өткізіліп жатқан спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының саны артып келеді, 2011 жылы 18 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оларға 4,1 млн. астам адам қатысты.

Бүгінгі күні ұлттық спорт түрлері белсенді түрде дамуда, олармен 208,4 мыңнан астам адам айналысады (2010 жылы - 166 мың адам). Бұған жыл сайынғы чемпионаттарды, республикалық және халықаралық турнирлерді, оның ішінде «тоғыз құмалақ» бойынша бірінші әлем чемпионатын, бірінші Жастар ойындарын, «қазақ күресі» бойынша әлем және Азия чемпионаттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне халықтық спорт ойындарын өткізу, спорт мектептері мен клубтарда ұлттық спорт түрлері бойынша бөлімшелерді ашу ықпал етті.

Биылғы жылы Лондонда өткен 30-шы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медальді жеңіп алып, жалпы есепте 12-орынды иеленгенін ерекше атап өткен жөн.

Сонымен қатар, дамудың оң үрдістерімен қатар отандық спорттың дамуын тежеп отырған проблемалар да бар, атап айтқанда материалдық-техникалық база мен спорттық инфрақұрылым деңгейінің төмендігі, заманауи талаптарға сай келетін спорттың ғылыми базасының болмауы, білікті мамандардың тапшылығы.

Міндеті: жаттықтырушылар құрамын, спортшыларды және мамандарды даярлау жүйесінде оқу-жаттығу процестерін АКТ енгізу арқылы дене тәрбиесі мен спорт саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Нысаналы индикаторлар:

1) Интернет желісіне қосылған дене тәрбиесі және спорт саласындағы объектілерінің үлесі 2017 жылы - 100 %;

2) дене тәрбиесі және спорт саласындағы объектілердің оқу-жаттығу процестерін автоматтандыру және ақпараттандыру деңгейі 2017 жылы - 75 %, 2020 жылы - 100%;

3) жаттықтырушылар құрамы мен спортшылардың компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру 2017 жылы - 70 %, 2020 жылы - 100 %.

Қол жеткізу жолдары

АКТ-ны енгізу арқылы дене тәрбиесі және спорт саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мынадай шараларды жүзеге асыру көзделеді:

1) спортшылардың оқу-жаттығу процестері үшін спорттық жүйелер мен іс-шаралардың эмуляторларын, виртуалды спорт алаңдарын, командаларын құру (демеушілік қаражаттар есебінен) үшін виртуалды болмыс технологияларын қолдану;

2) халықтың спортпен айналысуының белсенділігін арттыру мақсатында жаттықтыру бейнероликтерін әзірлеу және Интернет желісінде орналастыру;

3) Интернет, телерадио хабарларын тарату, спорттық сипаттағы компьютерлік ойындар арқылы халық арасында салауатты өмір салтын ілгерілету және дәріптеу;

4) жаттықтырушылар құрамы мен спортшылар арасында компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру;

5) дене шынықтыру және спорт нысандарын басқару, есепке алу және әкімшілік-шаруашылық қызметінің ішкі процестерін автоматтандыру.

 

 

4. Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту



жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау