Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



жүктеу 7,88 Mb.
бет25/126
Дата14.05.2018
өлшемі7,88 Mb.
#12931
түріАнықтамалық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   126

Жарнама менеджері

Лауазымдық міндеттері. Тұтынушыларды жарнамаланатын тауар немесе қызметтің сапасының артықшылығы және ерекше сипаттамалары туралы хабардар ете отырып, өндірілетін өнімді немесе көрсетілетін қызметтерді оларды өткізу нарығында өткізу мақсатында жарнамалау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жарнамалық кампанияларды өткізу бойынша жұмыстарды басқаруды, жоспарлауды және үйлестіруді жүзеге асырады. Тауардың (қызметтің) бір түрі немесе тобы бойынша жарнамалық шаралардың жоспарын даярлайды және оларды өткізу шығындарын белгілейді. Ұйымның алдағы дамуының, инновациялық және инвестициялық қызметінің перспективалық бағыттарына негізделген жарнамалық стратегияны қалыптастыруға қатысады. Жарнаманың бұқаралық ақпарат құралдарындағы нысандары мен тәсілдерін, олардың мәтіндік, түс және музыкалық ресімделуін таңдауды жүзеге асырады. Жарнаманың нақты орнын (газеттер, журналдар, жарнама роликтері және басқалары) және олардың тиімді үйлесуін белгілейді. Жарнаманы орналастырудың қолайлы уақыты мен орнын, жарнамалық кампанияларды өткізу көлемі мен уақытын, жарнаманы мамандығы, жас шамасы, сатып алушылық мүмкіндіктері, жынысы бойынша нысаналық топтарға бөле отырып, жарнама бағытталатын тұлғалар шеңберін белгілеу мақсатында өткізу нарығы мен сатып алушылардың сұранысын зерделейді. Жарнамалық мәтіндерді, плакаттарды, жобаларды, каталогтарды, буклеттерді даярлауды ұйымдастырады, олардың көрнекілігін және жалпыға қол жетерліктей болуын қамтамасыз ете отырып сапасын, қоғамдық мораль нормаларының сақталуын бақылайды. Өндірісті немесе қызметтерді жарнамалау бойынша шарттар мен келісімдерді даярлауды және жүзеге асыруына бақылауды жүзеге асырады. Өндірілетін өнімге немесе көрсетілетін қызметтерге деген сұранысты талдауды, сатып алушылардың сұранысын зерттеу және бағалау арқылы сату болжамы мен уәждемесін жүзеге асырады. Өндірілетін өнімге немесе көрсетілетін қызметке деген сұраныс уәждемесін талдайды, сатып алушылардың талаптарын зерделеуді ұйымдастырады және жарнама кампанияларын жүргізудің бағыттылығын белгілейді. Жарнама шараларын даярлау және өткізу барысында ұйымның құрылымдық бөлімшелерімен қажетті байланыстарды қолдауға, қойылған мәселелерді шешу үшін кеңесшілер мен сарапшыларды қатыстыруға, белгілі және кеңінен танымал тұлғаларды коммерциялық негізде шарттар жасай отырып, жарнамаға қатысуға шақырады. Қарамағындағы қызметкерлерді басқаруды жүзеге асырады.



Білуге тиіс: кәсіпкерлік, коммерциялық және жарнамалық қызметті реттейтін заңнама және нормативті құқықтық актілер; нарықтық экономика, кәсіпкерлікті және бизнесті жүргізу негіздерін; нарық конъюнктурасы; баға белгілеу және салық салу тәртібі; менеджменттің теориясы мен тәжірибесі; жарнама ісін ұйымдастыру; жарнама құралдары мен жеткізушілері; іскерлік әкімшіліктің, маркетинг негіздері; жарнамалық кампанияларды жүргізу нысандары мен тәсілдері; жарнамалық кампанияларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шарттар мен келісімдерді даярлау тәртібі; іскерлік қарым-қатынас этикасы; социалогия негіздері, жалпы және арнайы психология; өндіріс технологиясының негіздері, ұйымды басқару құрылымын, инновациялық және инвестициялық қызметтің перспективасы; іс жүргізуді ұйымдастыру негіздері; ақпаратты жинау және өңдеудің қазіргі кездегі құралдары; есептеу техникасы, коммуникациялар мен байланыс құралдары; персоналмен жұмыс істеу нысандары мен тәсілдерін, еңбек уәждемесі; еңбек туралы заңнаманың негіздері; жарнама ісін жүргізудің отандық және шетелдік тәжірибесі; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі мен менеджмент саласында арнайы дайындығы, тиісті мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы тиіс.

Инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер

Лауазымдық міндеттері. Инвесторлармен байланыс саласындағы ұйымның қызметіндегі бір бағытты басқаруды жүзеге асырады. Перспективалық және ағымдағы бағдарламаларды және жоспарларды, жекелеген іс-шаралар және/немесе іс-шаралар кешенін, олардың ақпараттық қамтамасыз ету, материалдық-қаржылық және ұйымдастырушылық қамамасыз ету үлгісін әзірлейді. Акционерлердің жылдық жиналысының дайындауға және өткізуге, ақпаратты ашу жүйесін жүзеге асыруға, ұйымның жалпы басымдығына және оның даму перспективасына сәйкес инвесторлармен байланыс саласында ұйым қызметінің жекелеген бағыттарының ақпараттық-жарнамалық стратегиясын қалыптастыруға қатысады. Инвесторлармен, ұйымдармен, бұқаралық ақпараттармен өзара байланысының әдістерін және формасын таңдауды жүзеге асырады. Ұйымнан шыққан ақпараттық хабарлардың құрамын, сипатын және тарату құралын айқындайды. Инвесторлармен және серіктестіктермен екіжақты байланысты қамтамасыз етеді. Рейтинг агенттіктерімен, инвестициялық компаниялардың сарапшыларымен, консалтинг компанияларымен, аудиторлық ұйымдармен, бағалаушы фирмалармен, мемлекеттік және муниципалдық басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпараттық құралдарымен, ақпараттық, жарнамалық агенттіктермен, басқа да ұйымдармен тұрақты байланысты ұйымдастырады және қолдайды. Ақпараттарды жинақтауды, талдау және өңдеуді оның ішінде әлеуметтік, маркетингтік зерттеулер қолдана отырып, ақпараттық дереккөздерінің үздіксіз мониторингін ұйымдастырады. Ақпараттық және инвестициялық нарықтың өзгеруін болжайды және жағдайын талдайды; ашықтық (транспаренттілік) саясатын түзету бойынша шаралар әзірлейді. Инвесторлармен байланыс саласында ұйым қызметінің жекелеген бағыттары бойынша іс-шаралар және бағдарламаларды жарнамалық, ақпараттық ұйымдастырушылық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шарттар мен келісімшарттардың дайындалуы мен орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Инвесторлармен байланыс саласында тәуелсіз сыртқы кеңесшілерді және сарапшыларды қойылған міндеттерді шешуге тартады. Контрагенттерге қызметтің құзыретіне жататын мәселелер бойынша консультация береді. Бірлескен қызмет кезінде ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің өзара байланысын қамтамасыз етеді; компанияның әлеуметтік жауапкершілік деңгейін және корпоративтік басқару сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды жоспарлауға қатысады. Бағынысты қызметкерлерге басшылықты жүзеге асырады.

Білуге тиіс: инвесторлармен байланысты реттеу мәселелеріне қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер; инвестициялық заңнама; бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама туралы заңнама; инвесторлармен байланыс саласындағы кәсіптік және этикалық қағидалар кодексі; корпоративтік басқару кодексі; экономика, кәсіпкерлік және инвестициялық менеджмент негіздері; ұйымның даму стратегиясы; инвестициялық және ақпараттық нарықтың конъюнктурасы, қаржы нарығының құрылымы; акция нарығының ағымдағы жағдайы; әлеуметтік және маркетингтік зерттеулерді жүргізу технологиясы; дағдарыс жағдайында жұмыс істеу әдістері; жарнамалық және ақпараттық кампанияларды жүргізуді жоспарлау мен ұйымдастыру әдістері; инвестициялық бағдарламалар мен іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету бойынша шарт құрастыру мен жасасу тәртібі; саясаттану, әлеуметтану, инвестициялық менеджмент және инвестициялық маркетинг негіздері; іскерлік қарым-қатынас этикасы; инвесторлармен байланыс саласындағы алдынғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибе; іс қағаздарын жүргізу негіздері; заманауи ақпарат құралдарын, аппараттық-техникалық құралдар мен компьютерлік технологияны қолдана отырып, ақпаратты жинау, өңдеу және талдау тәсілдері; еңбек заңнамасының негіздері; еңбекті қорғау туралы ереже.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және тиісті мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 2 жыл және/немесе инвесторлармен байланыс саласындағы қосымша дайындығы болуға тиіс.





жүктеу 7,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау