Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



жүктеу 7,88 Mb.
бет5/126
Дата14.05.2018
өлшемі7,88 Mb.
#12931
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126

Бас конструктор



Лауазымдық міндеттері. Тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) ұйымды ғылыми-техникалық дамыту, бейінді бөлімшенің жұмысына бағыт сілтеу және үйлестіру бойынша қызметіне басшылықты жүзеге асырады, оның қызметінің нәтижесі үшін жауапты болады. өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, бірінші басшының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара байланыс жасау арқылы өзінің міндеттерін орындайды. Ұйымның ғылыми-техникалық дамуының мақсаттарын, міндеттерін, саясаты мен стратегиясын айқындайды. Технологиялық процестердің, техниканың (кешендердің, машиналардың, аппараттардың, жабдықтардың, механизмдердің), қолданыстағы өндірістің жоғары техникалық дәрежесін, бәсекеге қабілеттілігін, ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне, техникалық эстетика талаптарына және өндірістің неғұрлым үнемді технологияларына сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, өндірілетін өнімнің жаңа және жетілдірілген түрлерін құруды басқарады. Өндірісте перспективалық конструкторлық әзірлемелердің, жаңа материалдардың игерілуін жеделдету, ғылыми-техникалық жетістіктерді кеңінен енгізу бойынша шараларды жүзеге асырады. Объектілердің қайта құрылуына, өндірістің автоматтандырылуына және көп еңбекті қажет ететін процестердің механикалануына байланысты жаңа тәжірибелік және өнеркәсіптік құрылғылардың, стандарт емес жабдықтардың және құрылғылардың жобаларын даярлауды ұйымдастырады. Даярланатын құрастырушылық өнімдерді бірыңғайландыру, стандарттау және сертификаттау дәрежесін арттыру жұмыстарын жүргізеді. Жаңа және жетілдірілген конструкциялардың техникалық тапсырмаларға, стандарттарға, еңбекті тиімді ұйымдастыру және қорғау талаптарына, қауіпсіздік техникасының нормаларына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Жаңа конструкторлық әзірлемелердің техникалық-экономикалық негіздемелерін даярлауды, олардың тиімділігін, бұрын даярланған әзірлемелерден артықшылығын басқарады. Жаңа техниканы енгізу және игерудің перспективалық және ағымдағы жоспарларын даярлауды, өндірісті конструкторлық дайындауды, зерттеу және тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды ұйымдастырады, олардың орындалуын бақылайды. Автоматтандырылған жобалау жүйелерін енгізуді, конструкторлық бөлімшелер даярлайтын сызбалардың және басқа техникалық құжаттамалардың уақтылы жасалуын, келісілуін және бекітілуін қамтамасыз етеді. Тапсырыс берушілермен бірге жобалауға техникалық тапсырмаларды даярлауды жүзеге асырады, даярланған нобайлардың, техникалық және жұмыс жобаларының белгіленген тәртіпте сақталуын және келісілуін қамтамасыз етеді, жобалық шешімдерді бекітуге ұсынады. Қолданыстағы ережелерге сәйкес сызбаларды және басқа құрастырушылық құжаттамаларды сақтауды, көбейтуді және өндірісті олармен уақтылы қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Жобалаудың прогрессивті әдістерін, есептеуіш және телекоммуникациялық техниканы, техникалық құжаттаманы көбейтудің үздік әдістерін, жобаларда стандартталған және бірыңғайланаған бөлшектерді және құрастыру бірліктерін кең пайдалануды енгізу есебінен жаңа техниканы игеру мерзімін, өндірісті конструкторлық дайындау құнын және циклын азайту бойынша шараларды қабылдайды. Тәжірибелік өндіріс бөлімшелерінде өткізілетін зерттеу және эксперименттік жұмыстарды басқаруды жүзеге асырады. Өнім сапасы мен беріктігін, оның технологиялығын, экологиялық тазалығын үнемі жоғарлатуға, оның өзіндік құнын, көп еңбек мен көп материал қажет ететіндігін төмендетуге қол жеткізе отырып, тәжірибелік үлгілерді даярлауды, оларды эксперименталды тексеруді, алғашқы өнеркәсіптік сериялардың бастапқы партияларын жетілдіру және алғашқы өнеркәсіптік серияларын шығаруды ұйымдастырады. Өнімнің жаңа конструкцияларын орнатуға, сынауға, жөндеуге және іске қосуға қатысады. Бұйымдарды жасау және оның пайдалануына авторлық қадағалауды жүзеге асырады. Өндірісті конструкторлық даярлау жөніндегі техникалық құжаттамаға енгізілетін өзгерістерді бекітуге ұсынады. Өнімді сапа санаттарына аттестациялау бойынша, өндірісті қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру, қарқындылығын арттыру жөнінде ұсыныстарды даярлау, өндірістің тиімділігін жоғарылату бойынша жұмысқа қатысады, енгізуге қабылданған рационализаторлық ұсыныстардың және өнертапқыштықтардың конструкторлық даярлығын қамтамасыз етеді. Неғұрлым күрделі рационализаторлық ұсыныстарды, сондай-ақ кәсіпорынға өзге ұйымдардан келетін стандарттарды және басқа конструкторлық құжаттаманы қарастырады және сын-пікірлер мен қорытындылар береді. Өндірістің конструкторлық дайындығын жүзеге асыратын жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату бойынша жұмысты ұйымдастырады. Өзіне бағынышты бөлімшелердің қызметін басқарады және үйлестіреді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілер; өндірісті конструкторлық даярлау бойынша әдістемелік материалдар; ұйымның бейіні, мамандануы және ұйымдық-технологиялық құрылымы; экономикалық қызмет түрінің және кәсіпорынның техникалық дамуының перспективасы; ұйымның өнімін өндіру технологиясы; жобалаудың жүйесі және әдістері; экономикалық қызмет түрінде және ұйымда өндірістің конструкторлық даярлануын ұйымдастыру; ұйым жабдығының өндірістік қуаты, техникалық сипаттамасы, конструкциялық ерекшеліктері және жұмыс режимі, оны пайдалану ережелері; өндірістің конструкторлық дайындығын жоспарлау тәртібі мен әдістері, даярланатын құрылыстарға, оларды орнатуға және пайдалануға қойылатын техникалық талаптар; техникалық есептерді жүргізудің әдістері; техникалық эстетиканың, көркемдік құрылыстың және эргономиканың негіздерін; құрылыстық құжаттаманы дайындау және ресімдеу бойынша стандарттар, техникалық шарттар және басқа басшылық материалдар; патенттану, стандарттау және сертификаттау негіздері; автоматтандырылған жобалау жүйелері; құрастырушылық құжаттамалардың көшірмесін түсіру және көбейту құралдарын қоса, қазіргі кезге сай есептеу және телекоммуникациялық құралдар; жобалық-құрастырушылық дайындықтарға еңбекті тиімді ұйымдастыру талаптары; өндірістің тиісті саласындағы отандық және шетелдік ғылыми және техникалық жетістіктер; ұқсас өнімді құрастырудың отандық және шетелдік озат тәжірибе; экономика, өндірісті, еңбекті және басшылықты ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және экономикалық қызмет түрінде тиісті ұйым бейінінде құрастыру жұмысы бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.



жүктеу 7,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау