17. Орта Азиядағы ұлттық мемлекеттік межелеудің нәтижесінде қазақ жерлерін біртұтас кеңестік қазақ мемлекетіне біріктіру аяқталды [2, 103 б].
18. Ақмола округі бойынша жоспардағы 46 шаруашылықтың орнына 200-ден аса, Петропавл уезінде 34 шаруашылықтың орнына 102 шаруашылықтың малы тәркіленіп, иелері жер аударылды [2, 128 б].
19. ОГПУ-дің деректері бойынша қазақтар Батыс Сібір, Орта Поволжье, Қалмақстан, Тәжікстан, Солтүстік өлкеге және басқа аймақтарға қоныс аударған [2, 130 б].
20. Неғұрлым табанды әрі ұзаққа созылған көтеріліс Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтарының көлемді аумағын қамтыды [2, 139 б].
21. Қарақұмға Ә. Жангелдин бастаған үкімет комиссиясы келді. Сарбаздар жағынан келіссөздерді Ж. Бәйімбетов, Д. Қараев пен А. Әйменовтер жүргізді. Олар мынандай талаптар ұсынды: орташалардан заңсыз тәркіленген алды қайтару; ұждан бостандығы, мешіттерді қайтару және дінге сенушілердің істеріне өкіметтің араласпауы; тәркілеуге тыйым салатын декрет жариялау, оны өкімет орындарының мүлтіксіз орындауы; күштеп ұжымдастыруды тоқтату; ауылдағы «тап күресін» жасанды шиеленістіруді тоқтату; ауыл ішіндегі барлық мәселелерді «өкілетті өкілдер» емес, жалпы жиналыстың шешуі; салық мөлшерін малдың саңына қарай белгілеу; малшылардан астық салығын алу ісін тоқтату; көтерілісші ауылдардан Қарақұмға ерекше аудан құру [2, 140 б].
22. Соғыс қызып тұрған кезде республика қара металлургиясының «тұңғышы» - Ақтөбе ферроқорытпалар зауыты іске қосылды [2, 162 б].
23. Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында (толық емес деректер бойынша) 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ шайқасты [2, 167 б].
24. Смоленск облысындағы 15 партизан бригадалары мен отрядтарында 270 қазақстандық ұрыстарға қатысты [2, 167 б].
25. Белоруссияның әр түрлі аймақтарында әрекет еткен 65 партизан бригадалары мен отрядтарының құрамында әрекет еткен 1500-ден аса қазақстандық болды [2, 167 б].
26. Сталиншілдіктің ауыр қылмыстарының бірі – Қазақстан аумағында түзеу мекемелерінің тұтас жүйесін – Степлаг, Карлаг (Қарағанды лагері), АЛЖИР (Акмолинский лагерь жен изменников Родины) лагерьлерін салуы болды [2, 199 б].
27. Теміртауда салынып жатқан металлургиялық комбинат екпінді комсомол құрылысы деп жарияланды, 1958 жылдың соңына дейін облысқа 132 мың адам келді. Келесі жылы бұған тағы 70 мың адам қосылды. Жаңадан келгендерге арналып үйлер салынды, бірақ олар жетіспегендіктен жұмысшылар палаткаларға(шатырларға) орналастыруға тура келді. Ауа райына бейімделудегі қиындықтар, ауыз су жетіспеушілігі, нашар ұйымдастырылған тамақтандыру адамдардың заңды наразылығын туғызды.
Теміртаудағы толқулардың басталуы үшін сылтау 1 тамыздағы жастар тобының қоғамдық тамақтану нысандарына шабуыл жасауы болды. Алғашқы заңсыз әрекеттер біртіндеп тәртіпсіздіктерге ұласты. Өкінішке қарай жұмысшылардың наразылығын қылмыстық элементтер пайдаланып кетті. Тобыр дүкендерді, базарды, әмбебап дүкенді, асханаларды тонады, қалалық милиция бөлімін қоршады. Тәрітпсіздіктер үш күн жалғасты. Шектен шығудың алдын алу үшін әскер әкелініп, қару қолданылды. Тәртіпсіздікке қатысқандардың ішінде қаза тапқандар, әскери қызметшілер мен милицияның арасында жараланғандар болды. Тәртіпсіздікке мұрындық болғандар сотталды [2, 206 б].
Достарыңызбен бөлісу: |