«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
46 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
басымдылығы – студентті тұлға ретінде тани білуі, оның сұранысы мен мүддесін есепке
алуы.
3.9.3 Кураторлық 1 – 4 курс топтарының студенттерінен құралған академиялық
топтарға бекітіледі.
3.9.4 Кураторлар кеңесімен келісім бойынша куратор терең білімді, эрудициялы,
мәдениетті және кәсіптік дайындықты жоғары деңгейде меңгерген маманды қалыптастыру
мақсатында тату, ұйымшыл, белсенді топты құру үшін топтың оқу қызметін, қоғамдық және
мәдени өмірін ұйымдастырады.
3.10 Академиялық ұтқырлық
3.10.1 Академиялық ұтқырлық – білім алушының белгілі академиялық кезеңде (оқу
немесе өндірістік практиканы қосқанда), әдетте, семестрде немесе оқу жылында басқа
жоғары оқу орынға (ел ішінде немесе шетелде) ауысуы. Білім алушы өз оқу орнында кредит
түрінде меңгерген білім беру бағдарламаларын белгіленген тәртіпте міндетті түрде қайта
тапсырып, оқу немесе зерттеу жүргізу мақсатында ауысады.
3.10.2 Білім алушыларды GPA және ағылшын тілін меңгеруіне (TOEFL немесе IELTS
сертификаттары міндетті түрде болуы керек) байланысты іріктейді. Академиялық ұтқырлық
бағдарламасы бойынша (шетелде немесе Республика ішінде) Университеттің қаражаты
есебінен оқуға кететін білім алушылардың GPA балы 3,67-ден төмен болмауы керек.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша өз қаражаты есебінен оқуға кететін білім
алушылардың GPA балы 3,0-ден кем болмауы тиіс.
3.10.3 Сұрақтар бойынша №615 (университеттің бас корпусы) кабинеттегі академиялық
ұтқырлық жөніндегі үйлестірушіге бара аласыз.
3.11 Халықаралық ынтымақтастық туралы
3.11.1 Университеттің әлемдік білім беру кеңістігіне кіруі оның алдына халықаралық
қызметті дамыту бойынша жаңа міндеттер қойды. Бұл міндеттер еліміздің халықаралық
белсенділігінің дамуымен, оның ішінде денсаулық сақтаумен байланысты.
3.11.2 Алға қойылған мақсаттарға жету үшін Университетте халықаралық
ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімі қызмет атқарады, оның мақсаты:
- халықаралық талаптарға сәйкес білім беру және ғылыми қызметті дамыта отырып
Қазақстан Республикасында да, шетелде де Университет беделін көтеру;
- халықаралық байланыс пен қызметтік серіктестікті дамыту және нығайту, сондай-ақ
Университет бәсекелестігін арттыру мақсатында халықаралық рейтингілерге қатысу;
3.11.3 «АстМУ» АҚ-та Қазақстан Республикасындағы шетел елшіліктерімен
серіктестікті дамыту бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Ұлыбритания
(Шотландия), Жапония, АҚШ, Италия, Австрия, Германия, Чехия, Литва, Польша, Болгария,
Ресей, Түркия, Египет, Сингапур және т.б. елдердің университеттерімен ынтымақтастық
туралы меморандум жасалды.
3.11.4 Меморандумдар негізінде келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:
- Оқудан, жазғы практикалардан және тағылымдамалардан өту үшін студенттер мен
оқытушылармен алмасу;
- Университетте дәрістер оқу үшін шетелден оқытушыларды шақыру;
- бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту;
- бірлескен ғылыми зерттеу жүргізу, жоба әзірлеу, жүзеге асырылып жатқан жобалар
шеңберінде ғылыми әдебиеттермен алмасу;
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
47 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
- халықаралық семинарлар мен мастер-кластар ұйымдастыру;
конференцияларға қатысу, тезистер мен баяндамалары және т.б. жариялау.
3.11.5 «Қазақстан Республикасындағы медициналық білім беруді модернизациялау
2016-2019 жылдарына арналған» жобасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық білім беруді басқару
саласына халықаралық стандарттарды енгізу бойынша Техникалық тапсырмасына сәйкес,
Астана медицина университеті мен Римнің Ла Сапиенца Университетінің Медициналық
Мектебі
арасында
стратегиялық
серіктестік
жүзеге
асуда,
ол
халықаралық
ынтымақтастықтың ықтимал формаларының кең ауқымын қарастырады:
– зерттеу салалары мен оқу бағдарламалары бойынша сапаның халықаралық
стандарттарына қолжеткізу;
«АстМУ» АҚ оқу жоспарларына сәйкес білім беру бағдарламалары
бойынша
әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің оқу жоспарымен үйлестіру (неврология,
анестезиология және реаниматология);
білім алушылардың ұтқырлығын, Болон процесінің ережелері мен
принциптерін ескере отырып қызметкерлердің халықаралық білім беру процесіне араласуын
және ұтқырлығын қамтамасыз ету;
білім беру қызметі нарығында «АстМУ» АҚ-тың бәсекелестігін арттырудың
маңызды құралы ретінде бірлескен диплом бағдарламаларын енгізу және жүзеге асыру;
университеттің халықаралық ғылыми қызметінің дамуы, ЖОО-ның
халықаралық ғылыми, ғылыми-практикалық және инновациялық
бағдарламалар мен
жобаларға қатысу ауқымын және сапасын арттыру;
«АстМУ» АҚ-тың халықаралық беделін көтеру, ол үздік халықаралық
агенттіктерде білім беру бағдарламаларының аккредитациясына және рейтінгісіне қатысу
арқылы жүзеге асырылады.
«АстМУ» АҚ-тың стратегиялық серіктестікті дамытудағы басты бағыты –
корпоративтік басқару, менеджмент және денсаулық сақтау ісінде көшбасшы болу (МВА,
МРН, МНА бағдарламалары), сондай-ақ неврология, анестезиология, реаниматология
бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру.
3.12 Студенттің өздік жұмысы
3.12.1 Жалпы ережелер
3.12.1.1 Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) – өз бетінше оқып-үйренуге бөлінген белгілі
бір тақырыптар бойынша жұмыс. СӨЖ тестілеу, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат,
шығарма, есеп түрінде тапсырылады.
3.12.1.2 Оқыту әдістері - әдебиетпен, электронды деректер базасымен және
компьютерлік
оқыту
бағдарламаларымен
жұмыс
жасау,
жағдайға
жағдаяттық
тапсырмаларды шешу, тесттік тапсырмаларды шешу, рефераттарды дайындау және қорғау,
анатомиялық залда жұмыс жасау, муляждармен жұмыс жасау, өз бетінше оқуға берілген
тақырыптар бойынша оқытушыдан консультация алу және т.б. әдістер.
3.12.1.3 СӨЖ тақырыптары мен оны өткізу формалары пәннің жұмыс бағдарламасы
бойынша СӨЖ тақырыптамалық жоспарына сәйкес құрастырылады.
3.12.1.4 СӨЖ тақырыптарының сұрақтары межелік бақылауға, сонымен бірге
қорытынды бақылау емтихан билеттеріне шығарылады.