АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет25/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   274

А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



56

57

массасы). Адронның электронды ауыстыруы жүзеге асатын атомдық деңгейлер 



рентгендік сәуле шығару арқылы өтеді.

АДСОРБЦИЯ  (латынша  «ад  –  үстінде,  қасында»  +  «сорбере  –  жұту»)  – 

ерітіндіден немесе газдан сұйықтың немесе қатты дененің беттік қабаты арқылы 

зат жұтуы. Бетінде адсорбция жүзеге асатын дене 

адсорбент деп аталған. 

АЙНАЛДЫРУ МОМЕНТІ (латынша «моментум – қозғау»)  қозғалыстағы 

дененің бұрыштық жылдамдығын өзгертуші сыртқы әсердің өлшеуіші. Айналды-

ру моменті айналу осі бойында төңірегінде айналушы денеге әсер ететін барлық 

моменттердің алгебралық қосындысына тең болады. Айналдыру моменті (М

дененің бұрыштық үдеуімен (εМ εІ теңдігі арқылы байланысқан (мұндағы І – 

дененің айналу осімен салыстырылғандағы инерция моменті.



АЙНАЛМАЛЫ ҚОЗҒАЛЫС – денемен қатаң байланысқан екі нүктесі (ось- 

тің  төңірегінде  айналғанда)  немесе    бір  нүктесі  (нүктенің  төңірегінде  айнал- 

ғанда) қозғалмайтын қатты дененің қозғалысы. Осы қозғалыс кезінде дененің 

барлық  нүктелері  айналу  осіне  перпендикуляр  жазықтықтықтарда  және  ор- 

талығы айналу осінде жататын шеңберлер сызады. Осы қозғалыстағы дененің 

бір ғана еркіндік дәрежесі болады. 



АЙНАЛМАЛЫ МАЯТНИК  – тәжірибе жүзінде еркін түсу үдеуін (g) анық- 

тауға арналған аспап. Біреуі қозғалмайтын, екіншісі пластинадағы ойық бойын- 

ша жылжитын (қозғалатын) екі үшқырлы пышағы бар ауыр (мас- 

салы) пластина тәрізді дене болып табылады. Қозғалмайтын ті- 

рекке  алма-кезек  орналастырылатын  О

1

  және  О



2

  пышақтардың  

өткір қырлары айналмалы маятниктің тербеліс осьтері болады. 

Әрбір осьтің айналасында (төңірегінде)  айналмалы маятниктің 

тербелу периодтары теңелмегенше жылжымалы пышақ жоғары 

немесе төмен қарай қозғалтылады. Осьтер арасындағы О

1

О

2



 = l 

арақашықтық пластинадағы нониусты меже арқылы өлшенеді. Сон-

да физикалық маятниктің қасиеттері бойынша О

2

 нүктесі О



1

 нүкте 


үшін тербеліс орталығы, және керісінше айналмалы маятниктің 

тербелістерінің  периоды 

2 ( / )

T

l g

π

=



.  Т  және  l  мәндерін 

тәжірибеден анықтап, осы формула бойына g-ны (еркін түсу удеуін) 

анықтауға болады. Айналмалы маятник g-ны мәнін математикалық маятниктің 

анықтайтын мәнін едәуір жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік жасайды.



АЙНАЛЫҚ  СИММЕТРИЯ  (грекше  «сумметрия  –  өлшемділік»),  б  ө  л- 

ш е к т е р   ф и з и к а с ы н д а – кеңістіктік инверсияға қатысты симметрия. 




А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



58

59

Ядролық  әлсіз  өзараәсерлесу  үрдістерінде  (процестерінде)  бұзылады.  Басқа 



әсерлесулерде сақталады.

АЙНАЛЫҚ ШАҒЫЛЫСУ – жарық шағылуының негізгі заңы орындалатын 

жарық сәуленің тегіс жазық беттен бағытталып (немесе бірқалыпты) шағылуы. 

Егер шағылдырғыш беттің микротегістігінің (ойлы-қырлылығы) биіктігі (h) жарық 

толқынның ұзындығынан (λ) едәуір кем < 0,01λ болса ғана, айналық шағылу бола-

ды. Осы жағдайда бүкіл жарық (>99%) шағылады. Спектрдің көрінетін аймағында 

жарықты диффузиялы түрде шағылдыратын бет инфрақызыл аймақтағы едәуір 

ұзын толқынды айналық шағылдырады. Айналық шағылған  электрмагниттік 



толқындардың спектрлік құрамы, қарқындылығы мен фазасы жарықтау (жарықтың 

түсу бұрышына, шоқтың температурасына, т.б.) жағдайларына, заттың қасиеттеріне, 

шағылыстырушы беттің күйіне тәуелді болады. 

АЙНУ, к в а н т т ы қ   м е х а н и к а д а – берілген жүйені (атомдық, молеку- 

лалық, т.б.) сипаттайтын кейбір физикалық шаманың (L) жүйенің әрқилы күй- 

лері үшін бірдей мәндерінің болуы. Осындай әртүрлі күйлерге арналған физи- 

калық шамалардың (L-дің) саны берілген шаманың 



айну еселігі деп аталады. 

Кванттық механикада жүйе энергиясының белгілі бір ғана мәні бола тұра ол 

бірнеше әртүрлі күйлерде болуы жүйе күйінің айнуы деп аталады. Мысалы, еркін 

бөлшектер үшін шексіз еселік айну энергиясы болады: бөлшектердің энергиясы 

импульстің тек сан мәндерімен анықталады, импульс кез келген бағытта (яғни 

шексіз сан тәсілімен таңдала алынады) болады. Осы мысалдан айну мен жүйе- 

нің физикалық симмерия арасындағы байланыс анық байқалады; осы симметрия 

жазықтықтағы барлық бағыттардың теңдігін білдіреді.

Энергияның айну деңгейі бірнеше мәнге (деңгейлерге) [мысалы, электрлік 

(Штарк эффектісі) немесе магниттік (Зееман эффектісі) өрістер әсер еткен  

кезде] жіктеліп кетеді. Осы жағдайда әртүрлі күйлердің саны өзгермейді, бірақ 

олардағы энергияның  әртүрлі мәндері – кіші деңгейлерге бөлшектенеді. Осы 

құбылыс шамалардың айнудың ішінара немесе түгелдей тыйым салынуы деп 

аталған.


АЙНУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ – газ бөлшектерінің бірдей және тепе-тең болуы 

себепті оның кванттық қасиеттері біліне бастайтын төменгі температура. Бозе-газ 

үшін айну температурасы абсолют нөлге жақын осы температурада Бозе – Эйн-

штейн конденсациясы – бөлшектердің бірқатар үлесі нөлдік импульс күйіне ауысуы 

жүзеге аса бастайды. Ферми-газ үшін айну температурасы фазалық ауысумен бай-

ланысты емес, бұл температура бөлшектердің  фермилік энергиясының абсолюттік 

нөл температура кезіндегі максимал (ең жоғары) энергиясына тең.



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау