АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет41/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   274

А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



92

93

жұбын құрады. Жұптасқан электрондар жүйесінің энергиясы тек қана дискретті 



мәндерге ие бола алады. Осы дискреттіліктің нәтижесінде жүйенің негізгі және 

қ о з ғ а н  к ү й л е р і  арасында энергетикалық саңылау пайда болады. Электрон- 

дық жүйе мен кристалдық тордың жылулық тербелістері арасындағы әсерлесу 

электр  кедергісін  туғызады.  Бірақ  энергетикалық  саңылаудың  болуы  мұндай 

ауысуларға әрқашан жол бермейді. Баяу қозғалатын электрондық жүйе қозған 

жағдайға ауыса алмайды. Бұл жағдай өткізгіш кедергісінің жойылуына әкеліп 

соғады. Соңғы кезде асқынөткізгіштік кейбір аса үлкен дәлдікті қажет ететін 

физикалық аспаптарда, физика мен техниканың басқа да салаларында кеңінен 

қолданылады. Осы құбылыс негізінде аса сезгіш гальваниметр, балометр, моду-

лятор, түзеткіштер, т.б. аспаптар жасалған. Қазіргі кезде азоттық температурада 

асқынөткізгіштікке ауысатын қоспа заттар да жасалған.

Қарапайым  бөлшектердің  үдеткіштерінде  пайдаланылатын  асқынөткізгіш 

магниті (А) заттардың төменгі температуралы күйлерінде жасалған. Әдетте күшті 

магнит өрісінде асқынөткізгіштік жойылады, бірақ цирконилі ниобий қорытпа- 

сына ұқсас кристалдық торлары бұрмаланған құрылымы болатын материалдар 

магнит өрістерінде 100 мың гауссқа дейінгі магнит өрісінде асқынөткізгіш болып 

қала береді. 

Сұйық гелийді өте төменгі температураға дейін салқындату қиын болуымен 

қатар осы температурада өзін әдеттегіден тым өзгеше қасиетте көрсетеді. Будың 

қысымы төмендегенде, сұйық гелий тез қайнап кетеді, бірақ 2,18 К температура 

кезінде гелийдің ішінде қайнау тоқталмаса да көпіршіктердің пайда болуы ке-

неттен тоқталады. Лямда-нүкте деп аталатын нүктеден төменгі сұйық гелийден 

«асқынаққыштық» қасиет байқалады.

Өзге  заттар  да  абсолюттік  нөл  температура  маңайында  әдеттегідей  емес 

қасиетке ие болады. Мысалы, электр тогын тудырушы зарядтардың қозғалысы 

«мәңгі  қозғалыс»  секілді  сипатқа  ие  болады.  Металдарда  байқалатын  осы 

құбылыс а с қ ы н ө т к і з г і ш т і к  деп аталған. Температура төмендеген кез-

де (қорғасынның температурасы 7,2 К-ге дейін) металдың электрлік кедергісі 

толықтай жойылады. Егер осындай металдан жасалған сақинада электр тогы 

тудырылатын болса, ол ток әлсіремей ағатын болады. Осындай әлсіремейтін ток 

бірнеше жыл бойы сақталған!

Теория  жүзінде  осындай  әлсіремейтін  токты  электрондық  есептеуіш 

машиналардың жадқа ұстағыш құрылғыларында пайдалану мүмкін болар еді; 

асқынөткізгішке  бір  рет  салынған  ақпарат  өзгермей  ұзақ  уақыт  сақталар  еді. 

Жеткілікті күшті магнит өрісі асқынөткізгіштік күйді бүлдіре (қирата) алады, 




А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



92

93

осы  эффект  токты  өте  шапшаң  ажыратуға  қолдануға  болады.  Асқынөткізгіш 



материалдың нөлдік электр кедергісі болуы себепті, ол өткізгіш арқылы өте күшті 

токты өткізуге жарамақ. Сондықтан да электрмагниттердің асқынөткізгіш орам-

дары шекті күшті магнит өрістерін шығару үшін пайдаланылады.

АСҚЫНСАЛМАҚ  –  үдемелі  қозғалыс  кезінде 

адамның  денесіне  әсер  етуші  қысымның  қалыпты 

жағдайдағы қысымнан артуы. Жер бетіндегі кез кел-

ген денеге ауырлық күш және оған қарсы бағытталған 

тіректің (дене орналасқан бет, нүкте) реакциясы әсер 

етеді.  Осы  күштердің  әсерінен  адамның  денесі  мен 

тіректің  арасында  қысым  күші  пайда  болады.  Тірек 

реакциясы салдарынан адамның денесі тірекке қарай 

қысылады. Осы қысым күші адамға салмақ

 (Р) ретінде 

сезіледі. Еркін түсу үдеуінен (g) артық үдеумен (a = ng

мұндағы > 1 сан) қозғалған денеге (масалы, ғарыш 

кораблінде) тірек реакциясы тарапынан әсер ететін күш 



= (+ 1) mg = (n + 1) P салмақ күшінен (+ 1) есе артық 

болады. Осы күш әсерінен ғарышкерге әсер ететін қысым күші 



асқынсалмақ 

болады. 


АСПАН  МЕХАНИКАСЫ  –  аспан  денелерінің  қозғалыстары  туралы 

ғылым. Бұл гравитациялық өзараәсерлесу күштерінің, орталардың ықпалымен, 

электрмагниттік  күштердің,  жарық  қысымы  күштерінің  т.б.  әсерінен  табиғи 

және жасанды аспан денелерінің ілгерілемелі, айналмалы, деформацияланған 

қозғалыстарын зерттейді. Аспан механикасының мәселелері: 1) Күн жүйесінің 

үлкен планеталарының қозғалыс теориялары. Ұйытқу теориясының әдістері пла-

неталар қозғалыстарын жеткілікті дәлдікпен сипаттауға мүмкіндік жасайды. 1845 

ж. ағылшын астрономы Джон 



Адамс (1819 – 1892) пен француз астрономы Урбен 

Леверьенің (1811 – 1877) Нептун планетасын ашуы классикалық теорияның аса 

маңызды жетістігі болды. Қазіргі замандағы ғарыштық ұшырулар планеталар 

қозғалысының теорияларының дәлдігіне жоғары талап қоюда. 2) Кіші планеталар 

(астероидтар) қозғалысының теориясы. 3) Кометалар қозғалысының теориясын 

жасау. 4) Планеталардың табиғи серіктерінің қозғалысы тура мәселе. 5) Үш дене 

мәселесі  –  Күн  жүйесіндегі  Жер  –  Ай  жүйесіндегі  ғарыштық  аппараттардың 

қозғалысы. 6) Ай қозғалысының теориясы. 7) Күн жүйесінің орнықтылығының 

мәселесі.  8)  Аспан  механикасының  резонанстық  мәселелері.  9)  Табиғи  аспан 

денелерінің айналмалы қозғалысының мәселері т.б. 



А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



94

95

АСПАННЫҢ ТҮСІ, аспанның көгілдір түсі – күн сәулесінің атмосфера 

арқылы өтуі кезінде ауа молекулаларынан шашыратылуы нәтижесінде көгілдір 

түсті болып байқалуы. Қосымша Атмосфералық оптика мақаласын қараңыз.



АСТРОНОМИЯЛЫҚ  БІРЛІК  (а.б.)  –  Жерден  Күнге  дейінгі  орташа 

қашықтыққа  тең  ұзындық.  1  а.б.  =  1,49597870·10

11

  метр  =  149597870·10



8

  км 


ұзындықтың жүйеден тыс бірлігі. 

АСТРОФИЗИКА  (грекше  «астер  –  жұлдыз»  +  «физис  –  табиғат»)  – 

астрономияның аспан денелерінің физикалық қасиеттерін және оларда өтетін 

әрі ғарыштық кеңістіктегі үрдістерді зерттейтін саласы. Астрофизиканың негізгі 

бөлімдері: планеталардың және олардың серіктерінің физикасы, Күн физика-

сы, жұлдыздар атмосферасының физикасы, жұлдызаралық ортаның физикасы, 

жұлдыздардың ішкі құрылымының және олардың эволюциясының теориясы бо-

лып табылады. Жер жағдайында ашылған физикалық заңдар мен зерттеу әдістерін 

астрономияда пайдалану спектрлік талдаудан (анализден) басталды. Сәулелердің 

спектрлік талдау шалғайдағы ғарыштық нысандардың тығыздығын, температу-

расын, химиялық құрамын, сипаттамасын және ішкі қозғалыстарын және тіптен 

олардағы электр және магнит өрістерінің болатындығын анықтауға мүмкіндік 

ашты.


Осы жетістіктерге қарамастан классикалық астрофизиканың мүмкіндігі шектеулі 

болды.  Оптикалық  диапазондағы  сәуле  Жерге  келіп  жететін  электрмагниттік 

сәуленің өте аз бөлігін ғана құрайды. ХХ ғасырдың орта шеніне дейін осы зерт-

теулер басымдылық көрсетіп келді. Радиоастрономияның қарқынды дамытылуы, 

термоядролық талдау туралы түсінікті қалыптастырды. Бұған дейінгі кезеңде 

сәулелік талдау кезінде жұлдыздар энергиясының көзі термоядролық реакция 

екені анықталған болатын.

Радиосәулелердің спектрлерін зерттеулер ғарыштық мазерлерді – жұлдызаралық 

газ  молекулаларының  күшті 

когерентті  радиосәулелерін  ашты.  Ғаламнан 

электрондардың  үдетілуіне  байланысты  өте  жоғары,  ультрарелятивті  энергия 

анықталды. Осы электрондардың синхротрондық сәулесі радиодиапазондардан 

байқалды. Бөлшектердің үдетілу үрдісі жұлдыздардың асажаңа жұлдыздардың жа-

рылысына (қопарылысына) байланысты туындайды. Осыған ұқсас үрдістер өтеауыр 

галактикалардың ядроларында өтеді. Жұлдыздардағы энергияны тасымалдауда және 

жұлдыздық жарылыстар мен гравитациялық қирауда (коллапста) нейтриноның 

маңызы үлкен екені белгілі болады. Жалпы салыстырмалық теорияны есепке алу 

қажет болды (әсіресе нейтрондық жұлдыздар мен қара апандар үшін). 



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау