А
79
∑
АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА
110
111
сәуле шығаруын және жұтуын сипаттайтын спектрлер. Бұл спектрлер электр-
магниттік сәулелер жиілігімен (υ) сипатталып, жеке-дара спектрлік сызықтардан
құралған. Бұл сызықтардың әрқайсысы екі энергиялық деңгейдің (
ࣟ
і
және
ࣟ
к
)
аралығындағы белгілі бір кванттық ауысуларға сәйкес болады және электрмаг-
ниттік сәулені жұту және шығару (тарату) жиілігінің (υ) мәндерімен сипаттала-
ды, Нильс
Бордың жиілік шартына
hυ =
ࣟ
0
–
ࣟ
к
(мұндағы h – Планк тұрақтысы).
Спектрлік сызықтық жиілікке қоса толқын ұзындығы λ=с/υ, толқындық сан 1/λ=υ/с
(мұны спектроскопияда көбінесе υ арқылы белгілейді) және фотон энергиясымен
де (hυ) анықтауға болады. Атомдық спектрлер өздеріне тән ерекшеліктерімен
ажыратылады, бұлардың түрлері тек атомның құрылымымен ғана емес, сонымен
қатар сыртқы факторлар – температурамен, қысыммен, электрлік және магнит-
тік өрістермен т.б. анықталады.
Атомдық спектрлер көзге көрінетін сәулелермен, ультракүлгін сәулемен және
жақын инфрақызыл сәулелерден байқалады. Атомдық сәуле шығару спектрлері
(эмиссиялық атомдық спектрлер) атомдарды әртүрлі тәсілдермен қоздырған
(жарықпен, электрондық соққымен т.б.) кезде пайда болады. Атомдық жұту
спектрлері (абсорбциялық атомдық спектрлер) сәуленің үздіксіз спектрлерінің
газдар немесе бу атомдары арқылы өтуі кезінде туындайды. Бейтарап атомдардың
спектрлерін көбінесе
доғалық атомдық спектрлер деп атайды, себебі бейтарап
атомдар электр доғасымен оңай қозады; иондардың атомдық спектрлері сәйкес
түрде
ұшқындық спектрлер делінеді. Сыртқы электрлік және магниттік өрістердің
әсерлерінен атомдық спектрлер
спектрлік сызықтарға жіктелетін болады (
Зее-
ман эффектісі мен
Штарк эффектісі).
АТОМДЫҚ ФИЗИКА (грекше «физис – табиғат») – физиканың атомның
құрылысы мен қасиеттерін және атомдық деңгейдегі қарапайым үрдістерді
зерттейтін тарауы. Атомдық физикаға тән өзгешелік – арақашықтық ~10
–8
см
(яғни атомның өлшемі) және байланыс энергиясы мен бірнеше эВ (ядролық фи-
зика үшін сәйкес шамалар ~10
–13
см және бірнеше МэВ) шамасындағы қарапайым
үрдістер. Атомдық деңгейдегі заттардың құрылысы мен қарапайым үрдістері
электрмагниттік өзараәсерлесуге байланысты.
Атомдық физиканың теориялық
негізі – кванттық механика.
Атомдық физика атомның құрылысын, ядродан және электрондардан құ-
ралған атомның энергия деңгейлерін және олардың сипаттамаларын, атомдағы
сәуле шығаратын және сәуле шығармайтын кванттық ауысуларды, атомның
қозуы және атомдардың соқтығысуларын, сонымен қатар атомдардың электрлік
және магниттік қасиеттерін, бұлардың сыртқы өрістердегі тәртіптерін кванттық
А
79
∑
АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА
110
111
жүйе ретінде қарастырады. Атомдық физикада сан алуан ғылыми тәжірибелік
әдістер қарастырылады, бұлардың арасында ерекше маңыздысы спектрлік әдістер
(оптикалық спектроскопия, радиоспектроскопия әдістері).
Кейбір жағдайларда атомдық физика едәуір кең мағынада молекулалар фи-
зикасын және заттардың кванттық қасиеттерін атом-молекулалық деңгейде
қарастырады.
Атомның материяның бөлшектенбейтін бөлшегі ретіндегі түсінігі ежелгі за-
манда [
Демокрит (б.з.б. 460 – 371),
Эпикур (б.з.б. 341 – 270)] пайда болғанымен,
тек ХІХ ғасырдың басында негізгі химиялық заңдар мен идеал газ заңдарының
ашылуынан соң атомның химиялық элементтің ұсақ бөлшектері ретіндегі түсінік
[ағылшын химигі әрі физигі Джон
Дальтон (1766 – 1844), итальян ғалымы
Амедео
Авогадро (1776 – 1856), швед химигі Якоб
Берцелиус (1779 – 1848)]
қалыптасты. ХІХ ғасырдың орта шенінде
атом мен молекуланың арасындағы
шегі айқындалды. [итальян химигі Станислао
Канниццаро (1826 – 1910)]. 1869
ж. Дмитрий
Менделеев (1834 – 1907) ашқан элементтердің периодтық жүйесінің
маңызы зор болды. Атомның күрделі құрылымды екендігі мәлім болды.
Атомдық физиканың бастамасы ХІХ ғасырдың соңында 1895 ж. ашыл-
ған рентген сәулесінің, 1896 ж. француз физигі Анри
Беккерельдің
радиоактивтілікті, 1897 ж. ағылшын физигі Джозеф
Томсонның (1856 –
1940) электронды ашуы ұлы жаңалықтар болды. Радиоактивтілікті зерттеу
[Француз физиктері: Пьер (1859 – 1906) және Марья (1867 – 1934)
Кюрилердің]
нәтижелері атомның өзгермейтіндігі мен бөлшектенбейтіндігі туралы түсінікті
біржолата теріске шығарды. 1903 ж. ағылшын физиктері: Эрнест
Резерфорд
(1871 – 1937) пен Фредерик
Содди (1877 – 1956) радиоактивтілікті химиялық
элементтердің түрленуі ретінде түсіндірді. 1911 ж. Резерфорд ауыр элементтер
атомдарының α-бөлшектерді шашыратуын зерттеу негізінде атомның ауыр ядро-
дан және оны қоршаған электрондардан құралған планетарлық моделін ұсынған.
Осы модель бойынша атомның орнықтылығы кванттық түсініктер негізінде
және 1913 ж. дат физигі Нильс
Бор (1885 – 1962) тұжырымдаған атомдық тео-
рияда алғаш рет түсіндірілді. Атомдық физиканың әрі қарай дамытылуы квант-
тық теориямен тығыз байланыста өтті. ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейін атом-
дық физика атом ядросының құрылысына және қарапайым бөлшектердің
қасиеттеріне байланысты мәселелерді қамтыды; соңынан білімнің осы саласы
физиканың дербес бөліміне айналды.
АТОМ МОДЕЛЬДЕРІ – атом құрылымын түсіндіруге арналған болжал мо-
дельдер. 1897 ж. ағылшын физигі Джозеф Джон
Томсон (1856 – 1940)
солғын