А
79
∑
АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА
98
99
теориясы бойынша, жарықтың ортадан шашырауының қарқындылығы қоздырушы
жарық толқынының ұзындығының 4-дәрежесіне кері пропорционал өзгереді.
Әсіресе спектрдің көрінетін сәулелер бөлігіндегі
көк түстер көбірек шашырайды.
Аспанның
көгілдір түсті болуы осыған байланысты. Бұлтсыз ашық аспанда Күн
көкжиектен 45° биіктікте көтерілген кезде көк сәуленің 33%-ы, жасыл сәуленің
16%-ы және қызыл сәуленің 7%-ы шашырайды. Күн көкжиектен 5° биіктікте
болған кезде осы аталған шамалар сәйкес түрде 96%, 70% және 44% шамасында
болады (
қызыл сәуленің аз шашыруы себепті ертеңгілік Күн жаңадан көкжиектен
көтеріліп шыға бастағанда және Күн батардың алдында
Күн қызарып көрінеді).
Ауа еш уақытта таза болмайды, оның құрамында аэрозольді бөлшектер (шаң-
тозаң, теңіз тұзының кристалдары, су тамшылары және мұз кристалдары) болады.
Олардың мөлшерлері (10
–6
–10
–2
см) ауаның құрамындағы газ молекулаларының
мөлшерінен (10
–8
см) әлдеқайда ірі және жарық толқындарының ұзындығымен
шамалас немесе олардан артық болады. Сондықтан жарық толқындарының мұндай
бөлшектерден шашарауы
Рэлей заңына қарағанда әлдеқайда күрделі. Аэрозолдың
ірі бөлшектері күн сәулесін жан-жаққа біркелкі шашыратады.
Су тамшыларынан
түзілген (10
–3
–10
–2
см)
бұлттың түсі көгілдір болмай, ақ немесе сұр түсті болуы,
аспанның кейде
ақшыл түсті болуы да аэрозол бөлшектерінің осы қасиетіне байла-
нысты. Ауадағы су тамшыларының мөлшері температура мен ылғалдыққа тәуелді
болғандықтан аспанның түсі де температураға байланысты құбылмалы болады.
Мұны таңсәріде және күн батарда байқауға болады. Күн батардағы атмосфераның
жарық құбылыстарының ауа райымен тығыз байланысты болатыны ертеден белгілі
болған. Атмосфераның жарық шығаруының тағы бір түрі – поляр шұғыласы. Ол
күннен бөлініп шыққан бөлшектердің Жердің магнит өрісінде ауытқып, Жерге
таяу атмосфера қабатында полярлық аймақтарға қарай бұрылуының салдарынан
пайда болады. Жарық сәулесінің атмосферадағы сынуынан аспан денелерінің
орны «ауысқандай» болып көрінеді, осы жайт астрономиялық дәл өлшеуге кедергі
жасайды; ол жер бетінде сағым
, депрессия және көкжиектің кеңеюі сияқты
құбылыстарды тудырады. Жарықтың жаңбыр тамшыларынан сынуы, шағылысуы
және дифракциясы кемпірқосақ түрінде байқалады.
АТМОСФЕРАЛЫҚ РЕФРАКЦИЯ (латынша «рефрактио – сыну») – жер
бетіне жақындаған сайын ауа тығыздығы артатын болғандықтан, жарық
сәуленің бастапқы таралу бағытынан ауытқуы себепті аспан шырақтарының
(жұлдыздардың) және жер бетіндегі объектілердің көрінерлік қалпының
ауытқып өзгеріп байқалуы. Жарық сәуленің атмосфера қабатындағы сы-
ну құбылысы (рефракциясы) аспан шырақтарының көрінерлік қалпының
А
79
∑
АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА
98
99
«Ойыс» және «дөңес» су беті: а – алыс
көкжиек;
б –
жақын көкжиек
«бұзылып» ығысып көрінуін ту-
дырады, көрінерлік көкжиектің
биіктігінің аласарып (төмендеп),
қысыңқылы немесе көкжиектің
биіктеп жоғарылап байқалуына,
әртүрлі сағымның көрінуіне әкеп
соғады. Жарық сәуленің рефракция-
сы бұлардан өзге құбылыстарды –
жұлдыздардың жыпылықтауын,
кездейсоқ рефракция түрлерін, жарық
шоғының дақты (шұбарланған)
құрылымдарын тудырады. Көкжиекке жақындаған (шамамен 35° бұрышқа) көрініс
барынша үлкен өзгеріске ұшырайды. Атмосфералық рефракцияның салдарынан
аспан шырақтары көкжиектен біршама «көтеріліп» көрінетін болады. Күн мен
Айдың дискілері күн батар және шығар кездері
екі бүйірі томпайып шығып
жалпайып (созылыққы) болып байқалады.
АТМОСФЕРАЛЫҚ ЭЛЕКТР – атмосферада жүзеге асатын электр құбы-
лыстары мен үрдістердің: атмосфераны электр өрісінің ауаның иондалу және
электрөткізгіштігінің, бұлттардың және жауын-шашынның электр зарядтарының
атмосферадағы электр тогы мен разрядтарының жиынтығы. Тропосферадағы бүкіл
бұлттар және жауындар, тұмандар, шаң-тозаңдар әдетте электрмен зарядталған
болады. Жер бетіне жуықтау аймақта тұрақты, белгілі бір кернеулікті электр өрісі
болады. Бұл кернеулік (Е) орташа есеппен 130 В/м шамасындай болады (мұндағы
В – вольт, м – метр). Жер шамамен 3·10
5
Кл теріс зарядты болады (мұндағы
Кл – Кулон). Бүкіл атмосфера оң зарядты. Электр өрісінің кернеулігінің (Е) шамасы
орта ендікте үлкен болып Жер полюсі мен экваторға қарай кемиді. Е атмосфераға
кернеулік (Е) Жерден жоғары көтерілген сайын кемиді, шамамен 10 км биіктікте
бірнеше В/м шамасында ғана болады.
А т м о с ф е р а н ы ң э л е к т р ө р і с і. Тропосферадағы барлық бұлттар,
тұмандар, шаң-тозаңдар әдетте электр зарядты болады; тіптен таза атмосфераның
өзінде тұрақты түрде электр өрісі болады. Жер беті мен ионсфераның аралығындағы
потенциалдар айырымы 200–500 кВ шамасына тең.
А т м о с ф е р а н ы ң н е г і з г і и о н д а у ш ы л а р ы: 1) атмосфераның
бүкіл қалыңдығына әсер етуші ғарыштық сәулелер; 2) Жерде және ауада болатын
радиоактивті заттардың сәулелері; 3) 50–60 км биіктікте Күннің ультракүлгін және
корпускулалық сәулелері болып есептеледі.