Анықтамалық-бағдаршамы



жүктеу 291,86 Kb.
Pdf просмотр
бет2/10
Дата14.12.2017
өлшемі291,86 Kb.
#4360
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

5

қорытынды  бақылау (Final Examination) – оқу  пəнін  оқып  бітіргеннен 

кейін өткізіледі, студенттің оқу жетістіктерін тексеруге бағытталған;  

қосдипломдық  білім – екі  оқу  жоспары  бойынша  бір  уақытта  екі  тең 

дəрежелі  диплом  алу (Double Major) немесе  бірі  басты,  екіншісі  қосымша 

диплом (Major-Minor) алу;  

мамандық – білім  беру  мекемелерінде  білікті  мамандар  даярлайтын 

ғылымның, техниканың, шеберліктің, өнердің белгілі бір саласы;  



межелік  аттестация – студенттің  оқу  жетістігінің  жиынтық  бағасы,  ол 

ағымдық, аралық жəне қорытынды бақылаудың қорытындысынан шығады;  



міндетті  компоненті    (Core Subjects) – студенттер  оқу  бағдарламасына 

сəйкес міндетті түрде оқитын пəндер;  



оқу  жоспары (Curriculum) – құжат,  оқу  пəндерінің  тізімі  мен  көлемін, 

сонымен қатар, оларды оқу тəртібі мен ретін анықтайды;  



орташа  (өтпелі)  балл (GPА) – студенттің  оқу  үлгерімінің  орташа 

есептелген  бағасы;  студентті  келесі  курстарға  көшіру  үшін  қолданылады;  курс 

өткен сайын ол да өсіп отырады;  

пəн (Course) – қандай  да  бір  ғылымның  өзіндік  саласы,  студенттерге 

нақты білім алуға, машықтануға, үйренуге көмектеседі;  



пəн  коды  –  оқу  жоспарының  əрбір  пəніне  əріптік  жəне  сандық  тиісінше 

белгілер беру;  



пəннің  (мамандықтың)  оқу-əдістемелік  кешені  (ОƏК) – негізгі  оқу-

əдістемелік құжаттар жиынтығы, пəнді табысты  меңгеруге көмектеседі;  



пəннің  жұмыс  бағдарламасы (Syllabus) – негізгі  оқу-əдістемелік  құжат, 

құрамында: пəнге сипаттама, пəннің мақсаты мен міндеттері, қысқаша мазмұны 

беріледі;  

пререквизиттер,  постреквизиттер (Prerequisite, Postrequisite) – пəнді 

оқымай тұрып оқитын жəне оқығаннан кейінгі міндетті пəндер;  



студенттердің  қорытынды  мемлекеттік  аттестациясы (Qualification 

Examination) – мемлекеттік жалпыға міндетті сəйкес білім стандартын меңгеру 

деңгейін  анықтау  мақсатында  өткізілетін  шара,  оның  қорытындысы  негізінде 

білімі туралы құжат (диплом) беріледі;  



студенттің  академиялық  рейтингі (Rating) – қорытынды  бақылаудың 

нəтижесінде  шығарылатын  студенттің  бағдарлама  материалдарын  игеру 

деңгейі;  

студенттің  оқу  жетістіктерін  бақылау – студенттің  нақты  пəн 

бойынша білім жетістіктерін бақылау;  



студенттің оқу-əдістемелік кешені (ОƏК) – оқу-əдістемелік ақпарат пен 

құжаттардың    жиынтығы,  оның  құрамына:  барлық  оқу  кезеңіне  арналған 

студенттің жеке оқу жоспары, пəн бағдарламалары (силлабус), өзіндік жұмысты 

орындауға арналған əдістемелік нұсқаулар, тəжірибе бағдарламалары жəне т.б. 

бар;  

студенттің  оқытушымен  өзіндік  жұмысы  (СОӨЖ) – оқытушының 

жетекшілігімен студенттің аудиториядан тыс жұмысы; 



студенттің  өзіндік  жұмысы  (СӨЖ) – өзіндік  жұмыстарға  арналған 

арнайы тақырыптар тізімімен жұмыс, олар оқу-əдістемелік əдебиеттермен жəне 




 

6

нұсқаулармен  қамтамасыз  етіледі  жəне  жұмыстың  нəтижесі  тест,  бақылау 



жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма, есеп түрінде қабылданады.  

таңдау  бойынша  компонент (Electives) – элективті  оқу  пəні,  студенттің 

кез-келген академиялық кезеңде оқуға болатын оқу пəндері;  



типтік  оқу  жоспары – оқу  жоспары,  оқу  пəндерінің  кезеңдері  мен 

көлемін анықтайтын құжат;  



тіркеуші  кеңсесі (Office of Registrar) – студенттерді  оқу  пəндеріне 

тіркеумен жəне барлық оқу кезеңінде  оқу жетістіктерін тіркеумен айналысатын 

қызмет;  

эдвайзер (Advisеr) – бітіртетін кафедраның оқытушысы, студенттің сəйкес 

мамандық бойынша академиялық тəлімгері қызметін атқарады;  



элективті  пəндер – таңдау  бойынша  пəндер  тізімі,  олардың  санатынан 

студент өзінің жеке жоспарын құрастырады;  



элективті пəндер каталогы – студенттер өздері таңдаған пəндер тізімі.  

 

2   Университет жайлы жалпы мəлімет 

 

С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехнкиалық  университеті  Солтүстік 



жəне  Орталық  Қазақстан  аумағындағы  білім  мен  ғылымның  жетекші 

орталықтарының бірі. Лицензиясы № 0062189 (2008 ж.). 

Есептік  шоты:  ИИК KZ446010111000037373;  ұйымның  СТТН: 

620300249590; БИК: HSBKKZKX код 16; БИН: 070740004377; КНП: 859; Банк: 

«Қазақстан Халық Банк» АҚ.  

Есептік  шоты:  ИИК KZ637800G0102732001; ұйымның  СТТН: 

620300249590; БИК: JSRBKZKA код 16; БИН: 070740004377; КНП: 859; Банк: 

«Темір Банк» АҚ.  

Заңдық мекен-жайы: 010011, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 62, тел. 31-

75-47, факс 31-60-72, 31-75-97.  

Электрондық  поштасы: agun.katu@gmail.com. Интернеттегі  мекен-жай: 

htpp://www.portal.agun.kz     htpp://www.kazatu.kz   

Оқу ғимараттарының саны – 12, жатақханалар саны – 7. Университететте 

10 мыңға жуық студент білім алуда. Ғылыми-педагогикалық жұмыспен 600-ден 

астам оқытушы айналысады, оның ішінде 358-ге жуығы ғылым докторлары мен 

кандидаттары. Оқу 8 факультетте қазақ жəне орыс тілдерінде жүргізіледі: 

•  агрономиялық  (мамандықтары:  агрономия,  орман  ресурстары  жəне 

орман  шаруашылығы,  экология,  өсімдік  қорғау  жəне  карантині, 

топырақтану жəне агрохимия);  

•  сəулет өнері (мамандықтары: сəулет, дизайн);  

•  ветеринария  жəне  мал  шаруашылығы  технологиясы  факультеті 

(мамандықтары:  биотехнология,  азық-түлік  тағамдары  технологиясы, 

мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, аңшылықтану жəне 

аң  шаруашылығы,  балық  шаруашылығы  жəне  өнеркəсіптік  балық 

аулау, ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария);  

•  жерге  орналастыру  (мамандықтары:  жерге  орналастыру,  кадастр, 

бағалау, геодезия жəне картография);  




жүктеу 291,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау