5
қорытынды бақылау (Final Examination) – оқу пəнін оқып бітіргеннен
кейін өткізіледі, студенттің оқу жетістіктерін тексеруге бағытталған;
қосдипломдық білім – екі оқу жоспары бойынша бір уақытта екі тең
дəрежелі диплом алу (Double Major) немесе бірі басты, екіншісі қосымша
диплом (Major-Minor) алу;
мамандық – білім беру мекемелерінде білікті мамандар даярлайтын
ғылымның, техниканың, шеберліктің, өнердің белгілі бір саласы;
межелік аттестация – студенттің оқу жетістігінің жиынтық бағасы, ол
ағымдық, аралық жəне қорытынды бақылаудың қорытындысынан шығады;
міндетті компоненті (Core Subjects) – студенттер оқу бағдарламасына
сəйкес міндетті түрде оқитын пəндер;
оқу жоспары (Curriculum) – құжат, оқу пəндерінің тізімі мен көлемін,
сонымен қатар, оларды оқу тəртібі мен ретін анықтайды;
орташа (өтпелі) балл (GPА) – студенттің оқу үлгерімінің орташа
есептелген бағасы; студентті келесі курстарға көшіру үшін қолданылады; курс
өткен сайын ол да өсіп отырады;
пəн (Course) – қандай да бір ғылымның өзіндік саласы, студенттерге
нақты білім алуға, машықтануға, үйренуге көмектеседі;
пəн коды – оқу жоспарының əрбір пəніне əріптік жəне сандық тиісінше
белгілер беру;
пəннің (мамандықтың) оқу-əдістемелік кешені (ОƏК) – негізгі оқу-
əдістемелік құжаттар жиынтығы, пəнді табысты меңгеруге көмектеседі;
пəннің жұмыс бағдарламасы (Syllabus) – негізгі оқу-əдістемелік құжат,
құрамында: пəнге сипаттама, пəннің мақсаты мен міндеттері, қысқаша мазмұны
беріледі;
пререквизиттер, постреквизиттер (Prerequisite, Postrequisite) – пəнді
оқымай тұрып оқитын жəне оқығаннан кейінгі міндетті пəндер;
студенттердің қорытынды мемлекеттік аттестациясы (Qualification
Examination) – мемлекеттік жалпыға міндетті сəйкес білім стандартын меңгеру
деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін шара, оның қорытындысы негізінде
білімі туралы құжат (диплом) беріледі;
студенттің академиялық рейтингі (Rating) – қорытынды бақылаудың
нəтижесінде шығарылатын студенттің бағдарлама материалдарын игеру
деңгейі;
студенттің оқу жетістіктерін бақылау – студенттің нақты пəн
бойынша білім жетістіктерін бақылау;
студенттің оқу-əдістемелік кешені (ОƏК) – оқу-əдістемелік ақпарат пен
құжаттардың жиынтығы, оның құрамына: барлық оқу кезеңіне арналған
студенттің жеке оқу жоспары, пəн бағдарламалары (силлабус), өзіндік жұмысты
орындауға арналған əдістемелік нұсқаулар, тəжірибе бағдарламалары жəне т.б.
бар;
студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – оқытушының
жетекшілігімен студенттің аудиториядан тыс жұмысы;
студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – өзіндік жұмыстарға арналған
арнайы тақырыптар тізімімен жұмыс, олар оқу-əдістемелік əдебиеттермен жəне
6
нұсқаулармен қамтамасыз етіледі жəне жұмыстың нəтижесі тест, бақылау
жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма, есеп түрінде қабылданады.
таңдау бойынша компонент (Electives) – элективті оқу пəні, студенттің
кез-келген академиялық кезеңде оқуға болатын оқу пəндері;
типтік оқу жоспары – оқу жоспары, оқу пəндерінің кезеңдері мен
көлемін анықтайтын құжат;
тіркеуші кеңсесі (Office of Registrar) – студенттерді оқу пəндеріне
тіркеумен жəне барлық оқу кезеңінде оқу жетістіктерін тіркеумен айналысатын
қызмет;
эдвайзер (Advisеr) – бітіртетін кафедраның оқытушысы, студенттің сəйкес
мамандық бойынша академиялық тəлімгері қызметін атқарады;
элективті пəндер – таңдау бойынша пəндер тізімі, олардың санатынан
студент өзінің жеке жоспарын құрастырады;
элективті пəндер каталогы – студенттер өздері таңдаған пəндер тізімі.
2 Университет жайлы жалпы мəлімет
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехнкиалық университеті Солтүстік
жəне Орталық Қазақстан аумағындағы білім мен ғылымның жетекші
орталықтарының бірі. Лицензиясы № 0062189 (2008 ж.).
Есептік шоты: ИИК KZ446010111000037373; ұйымның СТТН:
620300249590; БИК: HSBKKZKX код 16; БИН: 070740004377; КНП: 859; Банк:
«Қазақстан Халық Банк» АҚ.
Есептік шоты: ИИК KZ637800G0102732001; ұйымның СТТН:
620300249590; БИК: JSRBKZKA код 16; БИН: 070740004377; КНП: 859; Банк:
«Темір Банк» АҚ.
Заңдық мекен-жайы: 010011, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 62, тел. 31-
75-47, факс 31-60-72, 31-75-97.
Электрондық поштасы: agun.katu@gmail.com. Интернеттегі мекен-жай:
htpp://www.portal.agun.kz htpp://www.kazatu.kz
Оқу ғимараттарының саны – 12, жатақханалар саны – 7. Университететте
10 мыңға жуық студент білім алуда. Ғылыми-педагогикалық жұмыспен 600-ден
астам оқытушы айналысады, оның ішінде 358-ге жуығы ғылым докторлары мен
кандидаттары. Оқу 8 факультетте қазақ жəне орыс тілдерінде жүргізіледі:
• агрономиялық (мамандықтары: агрономия, орман ресурстары жəне
орман шаруашылығы, экология, өсімдік қорғау жəне карантині,
топырақтану жəне агрохимия);
• сəулет өнері (мамандықтары: сəулет, дизайн);
• ветеринария жəне мал шаруашылығы технологиясы факультеті
(мамандықтары: биотехнология, азық-түлік тағамдары технологиясы,
мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, аңшылықтану жəне
аң шаруашылығы, балық шаруашылығы жəне өнеркəсіптік балық
аулау, ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария);
• жерге орналастыру (мамандықтары: жерге орналастыру, кадастр,
бағалау, геодезия жəне картография);